10. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
11 сыныбына арналған базалық білім мазмұны
43. « Философия негіздері» (13 сағат):
«Философия дегеніміз не?» (4 сағат), философияның адам мен қоғам өміріндегі ролі, философия – даналыққа құштарлық ретінде, философия – саналы және игілікті өмір туралы ілім, философия – ақыл ой мәдениеті;
«Философия ой мектебі ретінде», философ дегеніміз кім, алғашқы философтар, олардың ілімдері, өзіңді өзің таны, философиялық сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктері;
«Философия антропологиясы» (4 сағат), адам философияның орталық мәселесі ретінде, адам философиялық мәселесінің мәні мен ерекшелігі, философиядағы адамның негізгі образдары, адам адам болуға ұмтылыс ретінде;
«Адам өмірінің мәні», өмірдің мәні жөніндегі философия, адамның бағыт-бағдары, қазіргі заманғы өркениет жағдайындағы адами фактор, адами капитал ұғымы және оның мәні;
«Әлеуметтік философия» (4 сағат), қоғам-философиялық көзқарас ретінде, күрделі ұйымдастырылған жүйе ретіндегі қоғам туралы түсінік, қоғамдық дамудың негізгі теориялары, қоғамдық дамудың қозғаушы күштері, тарих философиясы;
«Гуманиатарлық білімнің философиялық мәселелері», мәдениет философиясы, білім философиясы, саясат философиясы, құқық философиясы, дін философиясы;
қайталау (1 сағат).
44. «Әлеуметтану негіздері» (15 сағат):
«Әлеуметтану дегеніміз не?» (4 сағат), әлеуметтану ғылым ретінде, әлеуметтанудың пайда болуының әлеуметтік және теориялық алғышарттары, әлеуметтанудың негізгі мәселелері, әлеуметтанулық қабылдау бізге не береді?;
«Әлеуметтанулық білім», қоғамды әлеуметтанулық тұрғыдан тану тәсілдері, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер арасындағы әлеуметтанудың орны, әлеуметтанулық білімнің құрылымы, қазіргі заманғы қоғамды танудағы әлеуметтанулық тәсілдердің ролі;
«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде» (4 сағат), қоғам өзара әрекеттесулер жүйесі ретінде, әлеуметтік өзара әрекеттесулер түрі, әлеуметтік топтар мен олардың жіктелуі, әлеуметтік институттардың негізгі қызметтері, әлеуметтік тәртіп және қақтығыс, ауытқушы мінез-құлық және әлеуметтік бақылау;
«Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық», қазіргі заманғы қоғамдағы орта таптың ролі мен мазмұны, әлеуметтік мүдделер, әлеуметтік қақтығыстардың себептері, әлеуметтік қақтығыстың сипаттары, әлеуметтік қақтығысты реттеу, әлеуметтік қақтығыстарды шешу жолдары;
«Тұлға және қоғам» (6 сағат), тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік рөл, тұлғаның әлеуметтік бірегейлігі, жастардың субмәдениетінің ерекшелігі, жастардың кәсіби және әлеуметтік өзін өзі анықтауы, әлеуметтік-тұрмыстық мүдделері, тұрмыстық қатынастар мәдениеті;
«Қазіргі заманғы әлемнің этникалық алуан түрлілігі», этнос және ұлт, этномәдени құндылықтар мен дәстүрлер, этностың ментальдық ерекшеліктері, ұлтаралық серіктестік пен қақтығыстар, ұлтаралық қатынастарды реттеу мәселесі;
«Қазіргі заманғы діни ахуалдар», діни өмірдің әлеуметтік жағдайлары, дін әлеуметтануы, шіркеу қоғамдық институт ретінде, діни конфессиялар, конфессия аралық серіктестік;
қайталау (1 сағат).
45. «Саясаттану негіздері» (9 сағат):
«Саясаттану дегеніміз не?» (4 сағат), саясаттану ғылым ретінде, саясаттанудың пайда болуы, саясаттанудың негізгі мәселелері, негізгі саясаттанулық тұжырымдамалар;
«Саясаттанулық білім», әлеуметтік гуманитарлық білімдер жүйесіндегі саясаттанудың орны, саясаттанулық білімнің құрылымы, қоғамдық өмірді басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттанулық білімдердің маңызы;
«Саясат және мәдениет» (4 сағат), саяси мәдениет, қоғамдық қатынастарды саяси реттеудің ерекшеліктері, саяси жүйе, оның құрылымы мен қызметтері, саяси инститтутар, нормалар, байланыстар мен үдерістер туралы ұғым, билік және саясат, биліктің легитимділігі, демократия және парламентаризм;
«Тұлға және саясат», саяси элита, саяси көшбасшы ұғымы, көшбасшылық типологиясы, саяси көшбасшының имиджі, қоғамдық санада оны жасау және ұстап тұру;
қайталау (1 сағат).
46. «Экономикалық теорияға кіріспе» (5 сағат):
«Ресурстық нарық және нарықтық кірістерді қалыптастыру» (2 сағат), еңбек нарығы, еңбек нарығының ерекшеліктері (қызметтері, субьектілері, компоненттері), еңбекке деген сұраныс, еңбек ұсынысы, жалақы факторлық кіріс ретінде, номиналды және шынайы жалақы, жалақы ставкасының дифференциациясы, еңбек нарығындағы кәсіподақтардың рөлі, еңбек биржасы және оның қызметтері;
«Кәсіпкерлік қызмет негіздері», кәсіпкерлік өндірістің факторы ретінде, кәсіпкерліктің субъектілері мен обьектілері, оның дамуының мақсаттары мен факторлары, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;
«Ұлттық экономика және оның динамикасы» (2 сағат), экономикалық дамудың негізгі принциптері, ұлттық экономиканың айналымы (ресурстар, өнімдер мен кірістер), ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері (ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім);
«Экономикалық өсімнің ерекшеліктері», экономикалық өсім (мәні, типтері, факторлары, көрсеткіштері, әлеуметтік-экономикалық салдары), макроэкономикалық тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдығы), инфляция және жұмыссыздық, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мәні, ұлттық экономиканың мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері;
қайталау (1 сағат).
47. «Заңға кіріспе» (7 сағат):
«Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет» (4 сағат), құқықтық мемлекет ұғымы мен оның белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, тәсіл және нәтиже ретінде, құқықтық мемлекет дамуының тарихи кезеңдері, құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам;
«Қазақстан республикасындағы мемлекеттік билік органдары», мемлекеттік билік ұғымы, Қазақстан Республикасының Президентінің құқықтық статусы, Парламенттің, Өкіметтің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің қызмет етуі мен қалыптасуының тәртібі, әділеттілік және сот билігі, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар;
«Құқық қорғау органдары», құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдасу негіздері, құқық қорғау органдарының түрлері, мемлекеттік қызмет принциптері, құқық қорғау қызметінің принциптері, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері;
«Азаматтардың құқықтық мәдениеті, құқықтық мінез құлық және заңды жауапкершілік» (2 сағат), құқықтық сана және құқықтық мәдениет, құқықтық сана және азаматтардың құқықтық мәдениеті, құқықтық сана ұғымы, оның деңгейінің түрлері, құқықтық идеология мен құқықтық психология, құқықтық мәдениеттің мазмұны мен деңгейлері;
«Құқықтық мінез құлық, құқық бұзушылық, заңды жауапкершілік», құқықтық мінез құлық (ұғымы, құрылымы, формалары), құқықтық мінез-құлық түрлері, құқық бұзушылық ұғымы мен оның құрамы, құқық бұзушылықтың түрлері, заңды жауапкершілік (ұғымы, белгілері мен оның негіздемелері), заңды жауапкершілік принциптері;
қайталау (1 сағат);
48. Қорытынды қайталау (2 сағат).
Достарыңызбен бөлісу: |