«Қазақстан тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математикалық бағыттары)
Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;
оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;
тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;
жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;
еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;
қазақстандық діл (менталитет) негізінде тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ету.
Қазақстан тарихын оқыту барысында төмендегі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
«Дүние жүзі тарихымен», Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, біртұтас тарихи үдеріс ретіндегі адамзат тарихы туралы білу;
«Географиямен», қазіргі Қазақстан Республикасы территориясы мен шекарасының анықталуы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық реформалардың жүргізілуі, Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық дамуы.
«Қазақ әдебиетімен», Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларының тарихы, қазақстандық әдебиетшілер, ақындар және драматургтердің шығармалары, шығармашыл зиялы қауым өкілдері туралы білім.
5. Оқу жүктемесінің көлемі
қоғамдық-гуманитарлық бағыт
10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат
жаратылыстану-математикалық бағыт
10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |