Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары



бет14/28
Дата05.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#22954
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
(қоғамдық-гуманитарлық және
жаратылыстану-математикалық бағыттары)


1. Түсінік хат



  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Пәнді оқытудың мақсаты – дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі ролі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білім қалыптастыру. Азаматтық ұстаным, өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметпен қарауын тәрбиелеу.

  3. Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. оқушылардың қоғамдық даму заңдылығы мен ұғымын қалыптастыру;

  2. ақыл-ой мәдениеті ретінде философия түсінігін, философиялық сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктерін түсіндіру;

  3. әлемді сезімдік және рационалдық тану арасындағы байланыстарды, діни және ғылыми таным мен философия, антропология арасындағы байланыстарды анықтау;

  4. адам құндылығы, құқығы мен бостандығы туралы білім беру, оларға баға бере білуге үйрету;

  5. жоғарғы моралдық сапаларды, белсенді азаматтық ұстанымдар мен патриоттық сезімді, адам мен табиғатқа деген философиялық көзқарасты қалыптастыру;

  6. этникалық және тұлғааралық қатынастарда төзімділікті сақтауға тәрбиелеу;

  7. қоғамдық дамудың заңдарын білу негізінде құқықтық және саяси мәдениетке тәрбиелеу;

  8. заң ілімдері, экономикалық теория, саясаттану, әлеуметтану негіздері, жеке және көпшілік құқықтың заңнамалық нормалары туралы білім беру;

  9. ғылыми және құқықтық терминологияны қолдана білуге үйрету;

  10. оқушылардың сыни тұрғыда ойлай білуін дамыту;

  11. зерттеу әдістерінің көмегімен барлық мәселелерді шеше білу қабілетін қалыптастыру.

  1. Пәнаралық байланыс:

  1. «Қазақ тілі және әдебиет»:

адамға, адам өмірінің мәні мен мақсатына арналған көркем туындылар оқушылардың бойындағы ар-ұят, абырой сияқты асыл қасиеттердің ашылуына септігін тигізеді;

  1. «Дүниежүзі тарихы»:

алғашқы қауымдық қоғам туралы, ертедегі мемлекеттер, сөйлеу құралы ретіндегі тіл мен сөздің, адамның, рудың, тайпалардың пайда болуы туралы білу; діни түсініктер мен әлемдік діндердің пайда болуы, ұлттардың, ұлттық мемлекеттердің, азаматтық қоғамның қалыптасуы туралы білім;

  1. «Қазақстан тарихы»:

қазақ халқының көшпенді өркениеті, шаруашылығы, діні мен дәстүрі, ислам дінінің мәдениеттің дамуына әсері туралы білім беруде, қазақтардың дәстүрлі құқығы, «Жеті жарғы»;

  1. «Физика»:

жер құрылысы, уақыт, кеңестік пен материя туралы білім беруде, физикалық үдерістердің адам мен қоғамға әсері туралы білім;

  1. «Биология»:

адам мен адамзат қоғамының пайда болуы, табиғат пен адамның өзара байланысы туралы білім беруде;
6) «География»:
табиғи қор және оларды тиімді пайдалану, Қазақстан Республикасының Қазақстан табиғатын қорғауға бағытталған заңдары, халықаралық дәрежеде табиғатты қорғау бойынша шаралар туралы білім беру.

  1. Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

  1. 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат

жаратылыстану-математикалық бағыт

  1. 10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет