4. Оқу пәнінің 10- сыныптағы базалық мазмұны
20. Кіріспе (1 сағат), қазіргі заманның тарихи кезең ретіндегі сипаттамасы. Қазіргі заман тарихының мерзімдік шектері. Қазіргі заман тарихының мазмұны. Индустриалдық қоғамның рухани дамуындағы дағдарыс. Постиндустриалдық қоғамға өту.
21. ХХ ғ. басындағы дүниежүзі (5 сағат):
Еуропа мен Солтүстік Американың алдыңғы қатарлы елдерінің ХХ ғ. басындағы дамуының негізгі бағыттары (2 сағат), ХХ ғ. басындағы дүниежүзінің саяси картасы» (Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ. Монополистік капитализм, оның Батыстың басты елдеріндегі ерекшеліктері. Прогрессизм. Неолиберализм. Әлеуметтік реформизм. Д. Ллойд Джордж. Т. Рузвельт. В. Вильсон. Ж. Клемансо;
ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар (1 сағат), әлемді территориялық жағынан бөліске салудың аяқталуы және оны қайта бөлісу жолындағы күрестің басталуы. ХХ ғ. басындағы қарулы қақтығыстар. Әскери одақтардың құрылуы. «Үштік одақ», құрылу кезеңдері, қатысушылардың мақсаты, ішкі қайшылықтары. Антанта, құрылу кезеңдері, қатысушылардың мақсаты. ХХ ғ. басында Балқан мәселесінің шиеленісуі;
Бірінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат), шілде дағдарысы және дүниежүзілік соғыстың басталуы. 1914-1918 жж. соғыс қимылдарының негізгі кезеңдері. Марна өзеніндегі, Верден түбіндегі және Соммадағы шайқастар. Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Қарулардың жаңа түрлерін қолдану. Соғысушы елдердің экономикасын қайта құру. Батыс және Шығыс майдандағы соғыс қимылдары. 1917 жылғы соғыс қимылдары. Ресейдің соғыстан шығуы. Соғысқа АҚШ кірісуі. Соғысушы елдерде әлеуметтік-экономикалық және саяси қайшылықтардың шиеленісуі. Соғыстың соңғы кезеңі. Үштік одақтың жеңілуі. Компьен уақытша бітімі. Соғыстың зардаптары;
22. 1918-1945 жж. Еуропа және Америка елдері (13 сағат):
соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудағы Версаль-Вашингтон жүйесі (1 сағат), Париж бітім конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе. Бітім шарттарының Версальдық жүйесі. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі: мәні және қайшылықтары;
батыс елдерінің дүниежүзілік соғыстар аралығындағы дамуының негізгі бағыттары (1 сағат), батыстың басты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортақ сипаты. Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Әлеуметтік даму. Шикізат көздері мен тауар өткізу аймақтарын қайта бөлісу. Батыс демократиясы және реформизм. Фашизмнің шығуы. Фашизм және демократия. Тоталитаризм. Еуропадағы Халықтық майдандар;
Германия (1 сағат), соғыстың соңғы жылдарындағы Германияның экономикалық және саяси жағдайы. 1918-1919 жж. революция. Веймар конституциясы. Веймар республикасының құрылуы. Веймар республикасының ішкі және сыртқы саясаты. НСДАП құрылуы. Фашистік бүлік және оның іске аспауы. 1923 ж. саяси дағдарыс. Гамбругтегі көтеріліс. Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшелігі. Нацистердің өкімет басына келуі. Тоталитарлық режим орнату. Германиядағы нацистік диктатураның ішкі және сыртқы саясаты. Жаппай жазалаулар. Нацистік диктатураның әлеуметтік-эк)ономикалық саясаты. Фашистердің нәсілдік саясаты;
Италия (1 сағат), әлеуметтік-экономикалық және саяси даму. Жұмысшы және шаруалар көтерілісі. Фашистік ұйымның пайда болуы. Б. Муссолини. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты;
Испания (1 сағат), Испанияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және экономикалық жағдайы. 1930-1931 жж. саяси дағдарыс. Революцияның басталуы. Республиканың жариялануы. Халықтың майданның құрылуы және сайлаудағы жеңісі. 1936 ж. бүлік және азамат соғысының басталуы. Интернационалды бригадалар. Республиканың жеңілуі. Ф. Франконың авторитарлық диктатурасының орнауы;
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (1 сағат), Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада көп ұлттық империялардың ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Аймақтағы елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Австрия және Венгриядағы революция. Австрияда республиканың жариялануы. Венгрияда кеңестік республиканың орнауы. Венгерлік Кеңестік Республиканы талқандау және М. Хортидің авторитарлық үкіметінің орнауы. Чехословакия республикасының дамуы. Польяк мемлекетін қалпына келтіру. Екінші Речь Посполитая. Югославияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Болгария. Румыния. Албания;
Ұлыбритания (1 сағат), Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Бірінші лейбористік үкімет. Ағылшын экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. 1926 жылғы жаппай ереуіл. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Ұлыбританияның дамуына әсері. Р. Макдональд. Ұлттық үкіметтің реформалары. Н.Чемберлен үкіметтің ішкі және сыртқы саясаты. У.Черчиль және сыртқы саяси бағыттағы өзгерістер;
Франция (1 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның дамуы. «Солшыл одақ» үкіметі. Э. Эррио. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары. Фашистік қозғалыс. Халықтық майдан және оның сайлау қарсаңындағы бағдарламасы. Халықтық майдан үкіметінің парламенттік сайлаудағы жеңісі. Халықтық майдан үкіметінің реформалары. Халықтық майданның ыдырауы;
Ресей және КСРО (2 сағат), Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Патша өкіметін құлату және республиканың құрылғанын жариялау. Уақытша үкіметтің құрылуы. Билік үшін күрес. Большевиктердің өкімет басына келуі. Билік, жер және бітім туралы Декреттер. Құрылтай жиналысын қуып тарату. Ресейдің соғыстан шығуы. Брест бітімі. Ресей халықтары құқықтарының декларациясы. Азамат соғысы және интервенция. «Әскери коммунизм» саясаты және ЖЭС. КСРО-ның құрылуы. 1924 ж. Конституция. Әміршілдік-әкімшілдік жүйенің орнауы және И.В. Сталиннің жеке билігінің күшеюі. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. 30-жылдардағы аштық. Жоспарлы экономиканың құрылуы. Жаппай жазалаулар. ГУЛАГ. 1936 ж. Конституция. Кеңес өкіметінің сыртқы саясаты;
АҚШ (1 сағат), АҚШ соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда. Республикандардың билік басына келуі. «Просперити» кезеңі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Америка Құрама Штаттарына әсері. Г. Гувер әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы. 1932 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты». Соғысаралық жылдардағы АҚШ-тың сыртқы саясаты;
Латын Америкасы елдері (1 сағат), Латын Америкасы елдеріне жалпы сипаттама. 1910-1917 жж. Мексикандық революция. 1917 ж. Конституция. Соғыстан кейінгі Латын Америкасы елдері. Латын Америкасы елдері дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезеңінде. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың ерекшеліктері. Латын Америкасы елдері екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде;
қайталау (1 сағат).
23. 1918-1945жж. Азия және Африка елдері (8 сағат):
Жапония (1сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1918 жылғы «Күріш бүлігі». Танака үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және тоталитарлық-милитаристік тенденцияның күшеюі. 1932 және 1936 жылдардағы бүліктер және «Жас офицерлер». «Антикоминтерндік пакт» пен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық әрекеті;
Түркия (1 сағат), Осман империясының ыдырауы және оның жерін Антанта мемлекеттерінің басып алуы. Сұлтандық режимнің дағдарысы және шетел интервенттеріне қарсы партизандық күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік. Революцияның жеңісі және республиканың жариялануы. Түркия Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. 1924 жылғы Конституция. Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру. Түркия Республикасының 30-40-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы;
Қытай және Монғолия (1 сағат), азаттық қозғалысының өрістеуі. Шаньдун мәселесі. 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысы». Азамат соғысы. Чан Кайши. Гоминьданның билік үшін күресте жеңуі және Қытайды біріктіру. Гоминьданның реформалары. Екінші азамат соғысы. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық әрекеттері және біртұтас майдан мәселесі. Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921 жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құрылуы. Елді кеңестік үлгі бойынша модернизациялау әрекеті. Х. Чойбалсан және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары;
Ауғанстан және Иран (1 сағат), жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялау. Ағылшын-ауған қақтығысы. Ауғанстанның Аманолла билігі кезіндегі дамуы. 1923 ж. Конституция. Реформалар. 20-жылдың соңы 30- жылдың басындағы жағдай. 1931 ж. Конституция. Мұхаммед Захир-шах режимінің орнауы. Иранда саяси күрестің шиеленісуі. Ирандағы саяси күреске Кеңес үкіметінің араласуы. Мемлекеттік төңкеріс. Каджарлар династиясының биліктен кетуі. Реза-шаха Пехлевидің әкімшілік, экономикалық және мәдени реформалары;
Үндістан (1 сағат), Британ билеушілерінің Үндістандағы отарлық саясаты. Үндістан халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз қарсылық идеясы. Сатьяграх науқаны. Елде бұқаралық қозғалыстың өрістеуі және жаңа саяси бірлестіктердің қызметі. Жаңа саяси бірлестіктің қызметі және жаппай толқудың өршуі. Мұсылмандар Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы идея;
Азияның араб елдері (1 сағат), Осман империясы ыдырағаннан кейін Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Ирак, Сирия, Ливанның ХХ ғ. бірінші жартысындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері. Аравиядағы араб мемлекеттері. Азиядағы араб елдерінің азаттық күресі;
Африка елдері (1 сағат), Солтүстік Африканың саяси картасы. Африкадағы араб елдері. Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар аралығында. Египеттегі ұлт-азаттық күрес. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Судан және Ливия. Тропикалық және Оңтүстік Африка елдері. Басқару жүйесі және экономикалық дамуы. Африка халықтарының азаттық күресі. Италия-Абисиния соғысы;
қайталау (1 сағат).
24. Халықаралық қатынастар (2 сағат), ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастардың тұрақтануы. Генуя конференциясы. Дауэс жоспары. Локарно конференциясы. Бриан – Келлог пактісі. 1930-1939жж. халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында халықаралық қатынастардың шиеленісуі. Еуропа мен Қиыр Шығыста соғыс ошақтарының пайда болуы. Басқыншы мемлекеттер одағының құрылуы. Соғысты болдырмау мүмкіндіктері. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру идеясы;
1938-1939 жж. халықаралық саяси дағдарыс. Австрияны қосып алу (аншлюс). Судет мәселесі. Мюнхен келісімі. Германияның Чехословакияны басып алуы. Ағылшын – француз – кеңес келіссөздері. Өзара шабуыл жасамау туралы кеңес-герман келісімі. Шығыс Еуропаны ықпал аймағына бөлісу мәселесі.
25. Екінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат), екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік Германияның Польшаға шабуылы және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. «Оғаш соғыс». Кеңес Одағы әскерлерінің Польша жеріне енгізілуі. Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс. Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Францияның жеңілуі. «Англия үшін шайқас». Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Қорғаныс ұрыстары. Москва түбіндегі шайқас. «Қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Тынық мұхиттағы соғыс қимылдары. Антигитлерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп». Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы;
екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыс. Сталинград және Курск шайқастары. Еуропада екінші майданның ашылуы. Италияның тізе бүгуі. Ялта конференциясы. Германия мен Жапонияның талқандалуы. Кеңес Одағының фашизмді жеңуге қосқан үлесі. Соғыстың қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы. БҰҰ құрылуы.
26. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (2 сағат), ғылым мен техниканың дамуы. Жаратылыстану ғылымдары. Физика, химия, биология, медицина және басқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы жаңалықтар. Адамның дүниетанымындағы өзгерістер. Техниканың дамуы (автокөлік жасау, авиация, радиотехника. Қоғамдық ғылымдар. Тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасының дамуы;
мәдениет. Мәдениеттің дамуындағы негізгі тенденциялар. Авангардизм. Әдебиет пен өнердегі жаңа ағымдар. Дадаизм. Сюрреализм. Реализм. Бұқаралық мәдениет. Кеңес Одағындағы ғылым мен мәдениет. Ғылым мен мәдениет саласындағы қайта құрулар. Сауатсыздықты жою. Ескі салттар мен дәстүрлерді жою. Халық мәдениетінің үлгілері мен ескерткіштерді қирату. Кеңес ғылымының жетістіктері. Әдебиет және өнер. Қоғамдық ғылымдарды, әдебиет пен өнерді коммунистік идеология мүдделеріне бағындыру. Тоталитаризм және мәдениет. Сталиннің жеке басына табынушылық және оның зардаптары.
27. Қорытынды қайталау (1 сағат).
Достарыңызбен бөлісу: |