Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары


ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері (17 сағат)



бет12/28
Дата05.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#22954
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
5. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны


28. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері (17 сағат):

Ұлыбритания (2 сағат), Ұлыбритания ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында. Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. К. Эттли үкіметі­нің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Консервативтік үкіметтердің ішкі және сыртқы саясаты. Англияның Еуропалық Эконо­микалық Қауымдастыққа қосылуы туралы мәселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Г. Вильсон үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың шиеленісуі. Әлеуметтік-экономикалық реформалар. Британдық ұлттар ынтымақтастығының даму мәселелері;
Ұлыбритания XX ғ. 80-жылдары – ХХI ғ. басында. М. Тэтчер үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Сыртқы саясат. Аргентинамен соғыс. Ольстер мәселесі. Т. Блэр үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм. Дж. Г. Браун үкіметі. 2010 ж. парламенттік сайлау. Д. Камеронның коалициялық үкіметі;
Франция (2 сағат), Франция ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында. Уақытша режим. Экономиканы қалпына келтіру. Алжирдегі соғыс.IV республиканың дағдарысы және құлауы. 1958 ж. Конституция және Бесінші республиканың құрылуы. Президент Ш. де Голль кезіндегі Францияның ішкі және сыртқы саясаты. ҒТР және экономикадағы құрылымдық өзгерістер. В. Жискар дُ Эстеннің сыртқы саясаты;
Франция ХХ ғ. 80-жылдары – ХХІ басында. Солшыл күштердің 1981 ж. президенттік және парламенттік сайлаулардағы жеңісі. «Миттеран дәуірі». 80- жылдардың ортасындағы миттеранизм эволюциясы. Сыртқы саясат.1995 ж. президенттік сайлаудағы Ж. Ширактың жеңісі. Л. Жоспен кабинетінің қызметі. 2007ж. президенттік сайлау және Н.Саркозидің жеңісі. 2008 ж. Конституциялық реформа. 2012 ж. Сайлау;
Германия (2 сағат), Германия Федеративтік Республикасы ХХ ғ. 50-70-жылдарда. Германиядағы оккупациялық режим. Экономи­каны қалпына келтіру мәселесі. Батыс белдеулердегі ақша реформасы. Берлин дағдарысы. Екі герман мемлекетінің пайда болуы: ГФР және ГДР. Германия Федеративтік Республикасының Конституциясы. К. Аденауэр үкіме­ті­нің экономикалық саясаты. Неміс «экономикалық ғажайыбы». 60-шы жылдардағы Германия Федеративтік Республикасының экономикалық және саяси дамуы. ГФР сыртқы саясаты. В. Брандт үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. 70-жылдардың ортасындағы дағдарыс және оның зардаптары;
ГФР ХХ ғ. 80-жылдары – XXI ғ. басында. Г.Коль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Неоконсерватизмнің германдық нұсқасы. Берлин қабырғасының құлатылуы. Германияның бірігуі. ГФР біріккеннен кейінгі дамуы. Шығыс жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе. ГФР ХХ – XXI ғғ тоғысында. Г. Шредер және А. Меркель үкіметтерінің ішкі және сыртқы саясаты;
Италия (1 сағат), Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-жылдарында. Экономиканы қалпына келтіре бастау. Республиканың жариялануы. Аграрлық реформа. 60-шы жылдардағы елдің экономикалық дамуы. 70-ші жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс және оның зардаптары. А. Мороның өлтірілуі. Италиядағы саяси тұрақсыздықтың себептері. Коррупциямен күрес. Италия ХХ ғ. 90-жылдары – XXI ғ. басында» Италиядағы екінші республика. 2001 ж. парламенттік сайлау. М. Монти үкіметінің құрылуы;
Испания (1 сағат), франко диктатурасы кезіндегі елдің дамуы. Тоталитарлық режимнің ішкі саясаты. 60-жылдардағы экономикалық саясаттағы өзгерістер. Диктатурадан демократияға өту. Саяси реформалар. Партиялардың қызметінің жандануы. Жаңа конституцияның қабылдануы. Демократиялық құрылыстың нығаюы және дамуы. Испания XX-XXI ғғ. тоғысында. Испанияның сыртқы саясаты;
КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері (3 сағат):
КСРО 1945-1964 жж. Соғыстың зардаптары. Экономиканы қалпына келтіру мәселесі. Карточкалық жүйені жою. Жазалаулардың жаңа толқыны. Н.С. Хрущев. «Жеке басқа табынушылықтың» зардаптарын жоюға бағыт алу. Елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы жаңа нышандар. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты. Тың жерлерді игеру бағдарламасы. 50-ші жылдардың соңындағы экономикалық қайта құрулар. Экономикалық саясатты қалыптастырудағы шиеленістер. Экономикалық авантюризмнің зардаптары. Халықтың тұрмысының нашарлауы;
Л.И. Брежнев пен М.С.Горбачев билігі кезіндегі КСРО. А.Н.Косыгиннің экономикалық реформасы. Кеңес экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің себептері. 1977 ж. Конституция. Кеңестік жүйенің дағдарысы. Корруп­цияның күшеюі. 80-ші жылдардағы КСРО-да басшылықтың ауысуы. М.С. Горбачев және қайта құру бағдарламасы. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО-ның ыдырауы.
ХХ ғ. екінші жартысындағы КСРО-ның сыртқы саясаты. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің кеңестік үлгісін қалыптастыру. Халықаралық сахнадағы кеңес-американ бәсекелестігі. Дамушы елдердің ішкі істеріне араласуы. Ауғанстан мәселесі. Кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері ХХ ғ. аяғы – ХХI ғ. басында. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі егеменді мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары;
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (2 сағат), Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-жылдарында. «Халықтық демократия» кезеңі. Кеңестік социалистік үлгіні қабылдауға мәжбүр болу. ЮКП-мен қақтығыс. Аймақ елдерінде кеңестік үлгі бойынша социализм орнату. Экономи­каны түбірінен қайта құру. Аграрлық қайта құрулар. Жедел индустрияландыру. Аймақтағы кеңестік социализм үлгісінің алғашқы дағдарыстары. Герман Демократиялық Республикасындағы 1953 ж. оқиғалар. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Имре Надь. Кеңес әскерлерін Будапештке енгізу. Чехословакиядағы 1968-1969 жж. Дағдарыс. Чехословакияға ВШҰ әскерлерін енгізу. 1968ж., 1970 ж. және 1980-1981жж. Польшадағы дағдарыс. Ереуілдер және «Ынтымақ» ұйымының құрылуы. Польшада әскери жағдайдың енгізілуі. «Ынтымақ» қызметіне тыйым салу;
Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері XX ғ. аяғы – XXI ғ. басында. КСРО-дағы қайта құру саясаты және Шығыс Еуропа елдері. Шығыс Еуропа елдерінің тоталитаризмді жою жолына түсуі. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси ахуал. Чехословакиядағы «мақпал революция». Румыниядағы Чаушес­ку режимінің күйреуі. Шығыс Германиядағы саяси өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы және Балканда қарулы қақтығыстың басталуы. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің еуропалық қауымдастыққа қатысуы. Аймақтағы елдер және НАТО;
Америка Құрама Штаттары (2 сағат), АҚШ ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында. Елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Г. Труменнің «Әділетті бағыты». Реконверсия. Тафт-Хартли заңы. Демократиялық және республикандық әкімшіліктердің 40-50-жылдардағы ішкі саясатына «қырғи-қабақ соғыстың» әсері. Маккартизм. Афро-американдарды кемсіту мәселесі. Американ қоғамы ҒТР жағдайында. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб дағдарысы. Азаматтық құқықтар туралы заң. Вьетнамда соғыс бастау. Республикандық әкімшіліктердің ішкі және сыртқы саясаты. Уотергейт ісі;
АҚШ ХХ ғ. 80-жылдары – XXI ғ. басында. Р. Рейган және «рейганомика». Неоконсер­ватизм. АҚШ-тың ХХ ғ. соңғы онжылдығы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты. Кіші-Джордж Буштың республикандық әкімшілігі. 2008 ж. сайлау және демократтардың билікке келуі. Б. Обама. 2012 ж. сайлау:
Латын Америкасы елдері (1 сағат), Латын Америкасы елдерінің ХХ ғ. екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. Ұлтшыл-реформизм. Кубадағы 1960-шы жж. революциялық диктатура режимі. Биліктің Ф. Кастро қолына шоғырлануы. Куба экономикасының ХХ ғ. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы қиыншы­лықтары. Мемлекет­тік-бюрократиялық социализмнің дағдарысы. Латын Америкасы елдерінің 70-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Чилидегі демократиялық қайта құрулар үдерісі. Мемлекеттік төңкеріс. Билік басына А. Пиночет бастаған әскери хунтаның келуі. Саяси жазалаулар. Пиночет режиміне қарсы күрес. ХХ-ХХІ ғғ. тоғысында Латын Америкасы елдері дамуының басты мәселелері. Сыртқы қарыздың өсуі. Коррупция. Солшыл лаңкестік;
қайталау (1 сағат).
29. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Азия және Африка елдері (11 сағат):
Жапония (1 сағат). Американ оккупациясы және Жапонияны демилитарландыру мен демократияландыру шаралары. Жаңа конституцияның қабылдануы. Партиялар. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына келтірілуі. Сан-Франциско бітім шарты және қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-жылдардағы жапон «экономикалық ғажайыбы». Ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы мен экономикасына әсері. 80-жылдардағы экономиканы қайта құрудың негізгі кезеңдері. 1990-жылдардағы экономикалық депрессия және оның себептері. Жапония әлемдік экономиканың басты орталығы ретінде. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясаты;
Түркия (1 сағат), соғыстан кейінгі кезеңде елдің дамуының тұжырымдамасын қайта қарау. Демократиялық партияның билікке келуі. Елдің нарықтық экономикаға өту үдерісі. Партиялар арасындағы күрес. 1960 ж. әскери төңкеріс. Екінші республика (1960-1980 жж.). Азаматтық басқаруды қалпына келтіру. Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың басталуы және әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары. Үшінші республика кезеңіндегі елдің дамуы. Жаңа конституция қабылдау. Т. Озал. Ауқымды либералды реформалардың пайда болуы. Түркияның заманауи индустриялы елге айналуы. ХХ ғасырдың соңғы он жылы – ХХІ ғасырдың басындағы елдің дамуы;
Ауғанстан. Иран (1 сағат), Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда. Ауғанстанның ХХ ғ. 60-жылдарындағы әлеуметтік-саяси дамуы. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери төңкеріс және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы азамат соғысы. Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Мосаддык үкіметі және мұнай мәселесі. 60-жылдардың басында шах билігінің күшеюі. 1978-1979 жж. ислам революциясы. Хомейни билігі кезіндегі Иран. 1980-1988 жж. иран-ирак соғысы. Иран ХХ-ХХI ғғ. Тоғысында;
Қытай. Моңғолия (1 сағат), 1946–1949 жж. азамат соғысы. ҚХР құрылуы. Қытай коммунистерінің әлеуметтік-экономикалық эксперименттері. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық. Қытайда социализм құру ісін жылдамдату әрекеті. Ұлы секіріс. Халықтық коммуналар. Мәдени революция. Дэн Сяопин және «төрт модернизация» реформасы. Қытай реформасының ерекшелігі. 1989 ж. Тяньаньмэньдегі жағдай. Моңғолияның капиталистік емес даму жолының қайшылықтары. Жедел индустрияландыру мен ұжымдастырудың зардаптары. ХХғ. 80-жылдар­дағы экономикалық және саяси дағдарыс. Моңғолия ХХ ғ. аяғы –XXI ғ. басында.
Корея. Үндіқытай елдері (2 сағат), КХДР мен Корея Республикасының құрылуы» (1950-1953 жж. соғыс және оның зардаптары. Елдің Оңтүстігі мен Солтүстігіндегі экономикалық және саяси өзгерістердің ерекшеліктері. Ким Ир Сен және «социализмнің корейлік нұсқасы». «Чучхе» идеологиясы. Корея Республикасының ХХ ғ. екінші жартысындағы дамуы. Оңтүстіккореялық авторитаризм. Экономикалық өрлеудің себептері. Халықтың тұрмыс тіршілігінің жоғарылауы. 1987 ж. Конституция. ХХ ғ. соңы – XXI ғ. басындағы Корея Республикасы. 2007 ж. сайлау. Ли Мён Бак. Екі корей мемлекеті арасындағы өзара қарым-қатынас;
Үндіқытайдағы француз отарлары халықтарының азаттық жолындағы күресі. ВДР жариялануы. 1954 ж. Женева келісімі. Елдің бірігуі және Вьетнам Социалистік Республикасының құрылуы. Лаос пен Камбоджада ұлттық мемлекеттердің қалыптасуының ерекше­ліктері. Үндіқытай елдерінің өзара қарым-қатынастары және олардың халықаралық аренадағы орны;
Үндістан. Пакистан (1 сағат), Британдық Үндістанның бөлінісі және екі доминионның – Үндістан Одағы мен Пакистанның құрылуы. Үндістанның республика болып жариялануы және жаңа конституция қабылдау. Дж. Неру. И. Ганди және оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. 1980-1990-жж. экономикалық бағыттағы өзгерістер. Жекешелендіру бағыттары және нарықтық экономиканың дамуы. Кашмир мәселесі. Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. 2004 ж. және 2009 ж. сайлаулар. М. Сингх. Пакистан республикасының жариялануы. Азаматтық үкіметтердің тұрақсыздығы және әскери биліктің орнауы. Партиялық-саяси өмірдегі ислам факторы. Шығыс Пакистандағы бенгалдықтардың ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік үшін күресі. 1973 ж. Конституция және парламенттік түрдегі басқару. З.А. Бхуттоның реформалары. Пакистан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында;
Азияның араб елдері (1 сағат), араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары. Шығыс-жерортатеңізі және араб елдері. Сирия, Ирак, Ливан, Иордания. Араб елдерінде тәуелсіздіктің жариялануы. Арабтық социалистік өркендеу партиясы (Баас). Ирактағы Саддам Хусейннің диктаторлық режимі. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» 2010-2011 жж.;
Африканың араб елдері (1 сағат), Египеттегі 1952 ж. революция және оның араб әлемі үшін маңызы, Суэц каналын национализациялау. Г.А. Насердің бағыты. Магриб елдеріндегі (Алжир, Тунис, Ливия, Марокко) ұлт-азаттық күрес. Алжирдегі соғыс және оның француз отарлық империясының тағдырына әсері. Африканың араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» (2010-2011 жж.). Араб-израиль қарсыластығы және Палестина мәселесі. Кэмп-Дэвид келісімі және Таяу Шығыста бейбіт үдерістің басталуы. ПАҰ дағдарысы және дағдарыстан шығу мәселесі. Қазіргі кездегі Палестина мәселесі;
Оңтүстік және Тропикалық Африка елдері (1 сағат), Африканың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі капиталистік дүние экономикасындағы рөлі. Бесінші панафрикандық конгресс және саяси тәуелсіздік ұранының көтерілуі. Тропикалық Африканың отарлық бұғаудан азат етілуі. Гана мен Гвинеяның тәуелсіздігін жариялау. «Африка жылы» (1960 ж.). Шығыс Африка елдерінің тәуелсіздік алуы. Апартеид доктринасы және Оңтүстік Африканың азаттық жолындағы күресі. Африкалық бірлік ұйымы және мемлекетаралық саяси одақтар;
қайталау (1 сағат).
30. Халықаралық қатынастар (3 сағат):
екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы халықаралық қатынастар. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы. «Қырғи-қабақ соғыс», оның бастаулары және негізгі кезеңдері. НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса қарулану. Жаппай қыру қарулары. Халықаралық қатынастардың екіполюсті жүйесінің қалыптасуы. Кореядағы халықаралық жанжал;

ХХ ғ. 60-80-жылдардағы халықаралық қатынастар. 1961 ж. дағдарыс және Берлин қабырғасының тұрғызылуы. Кариб дағдарысы және оның халықаралық қатынастардың сипатының өзгеруіне әсері. Индонезия және Үндіқытайдағы отарлық соғыстар. Вьетнамдағы соғыс. Алжирдағы ұлт азаттық соғыстар. Таяу Шығыс дағдарысы;


ХХ ғ. екінші жартысындағы халықаралық шиеленістің бәсеңдеу және өрлеу кезеңдері. Халықаралық қатынастардағы Ауғанстан мәселесі. Парсы шығанағындағы соғыс және Ирак мәселесі. ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар. Көпполюсті әлемнің қалыптасуы. Халықаралық қатынастар жүйесінде БҰҰ-ның алатын орны. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Халықаралық лаңкестік мәселесі;
31. ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (2 сағат), ғылым мен техниканың дамуы. Ғылыми-техникалық револю­цияның басталуы. Атом энергиясының ашылуы және бейбіт мақсатта қолданылуы. Ғарышты меңгеру. Жаңа технологиялардың пайда болуы. Ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуы. Қоғамдық ғылымдардың дамуы. ҒТР қайшылықты сипаты. Ақпараттық революция. Интернет. ҒТР және қазіргі заманның ғаламдық мәселелері. ҒТР әлеуметтік зардаптары).
ХХ ғ. екінші жартысы – XXI ғ. басындағы мәдениеттің дамуы. Әлем халықтарының әдебиеті. Сыни және «социалистік» реализм. Бұқаралық мәдениет. Өнердегі жаңа бағыт. ХХ ғ. соңғы онжылдықтарындағы көркем өнердің дамуы. Мәдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы.
32. Қорытынды қайталау (1 сағат).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет