Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
33. Пәндік нәтижелер екі аспектіде көрсетілген.
34. 10-сыныптың соңында оқушылар:
қазіргі замандағы шетелдер тарихының негізгі оқиғалары мен құбылыстарын;
ХХ ғасырдағы адамзаттың мәдениет пен құндылықтар жүйесіндегі маңызды жетістіктерін;
XX ғ. дүниежүзінің саяси картасындағы өзгерістерді;
XX ғасырдың бірінші жартысындағы азаттық, әлеуметтік және ұлттық қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын;
XX ғасырдың бірінші жартысындағы дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін;
жалпы құбылыстар мен жекелеген фактілердің арақатынасын;
тарихи үдерістер мен құбылыстардың пайда болуы мен дамуындағы жүйелілікті және тарихи оқиғалардың себеп-салдарлық байланысын білуі тиіс.
35. 11-сыныптың соңында оқушылар:
қазіргі замандағы дүниежүзі тарихының екінші кезеңіндегі негізгі оқиғалар мен құбылыстарды;
ақпараттық қоғамға өту үдерісінің динамикасын анықтайтын негізгі факторларды;
XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы дүниежүзінің саяси картасындағы өзгерістерді;
XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы маңызды әлеуметтік және ұлттық қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын және саяси партиялар мен күштердің әлеуметтік негіздерін;
XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы әлемнің негізгі аймақтары мен елдер топтарының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы маңызды бағыттарды;
дүниежүзінің әртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін;
дүниежүзінің ірі елдерінің экономикалық дамуының ортақ белгілерін және жеке елдердің даму ерекшеліктерін;
XX ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы халықаралық қатынастардың дамуының негізгі бағыттарын білуі тиіс.
36. 11-сыныптың соңында оқушылар:
түрлі тарихи деректермен: оқу, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, тарихи құжаттармен, мерзімді басылымдармен жұмыс істей білуді;
шет елдердің қазіргі заман тарихындағы маңызды оқиғалардың жүйлілігін анықтауды;
тарихи құбылыстардың ерекше белгісін айқындап, тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстыруды және жүйелей білуді;
ғылыми баяндамалар, рефераттар мен жобаларды әзірлеуді, қажетті әдебиеттер мен деректерді саралай білуді;
мемлекетаралық, дипломатиялық, әскери-саяси және экономикалық қатынастарға объективті талдау жасай білуді;
әзірлеген баяндама және рефераттары бойынша пікірталастарға қатысуды, басқа оқушылардың баяндамаларына пікір білдіруді меңгеруі тиіс.
37. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
Отандық және әлемдік тарих пен дәстүрлерге, адам құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптеріне құрметпен қарауынан;
өз халқының және әлемнің басқа халықтардың тарихын, рухани мұрасын құрметтеу, қоғамның мәдени және саяси өміріне белсенді түрде араласуға дайын болуынан;
жеке тұлғаның құқығын құрметтеу, демократиялық құқықтар мен бостандықтарды дұрыс пайдалана білу, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуінен;
қайырымдылық, әділеттілік, ар-намыс, борыш пен толеранттылыққа негізделген құндылықтар мен нормаларды білуінен;
көпмәдениетті мен көпконфессиялы ортада басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білуі, басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тұлғааралық қатынастағы тіл табысушылықты көрсетуінен;
оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының мәселелеріне сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді түрде бейімделу қабілетін көрсетуінен көрініс табуы тиіс.
тұлғалық нәтижелер психологиялық-педагогикалық мониторинг формасында зерттеліп, оқушының тәрбиелілік, әлеуметтік және рухани-адамгершілік, шығармашылық-дене дамуының деңгейі түрінде оның портфолиосында көрсетіледі.
38. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер оқушылар:
оқытылған кезеңдегі адамдардың өмірі мен әлеуметтік жағдайындағы өзгерістерге талдау жасауда;
тарихи деректерді саралау және талдау, өз бетінше тарихи құбылыстарға баға беру, өз пікірін білдіруде;
қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, жаңа ақпараттар ала білуінде;
қазіргі заман тарихының негізгі мәселелері бойынша тарихи материалды шектес пәндерден алған білімін қолдана отырып баяндауда;
ұлттық және діни өзгешеліктері бар өзге мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасағанда халықтардың салт-дәстүрлері мен тарихы жайлы білімдерін;
көпмәдениетті, көпэтникалық және көпконфессиялы қоғамда тарихи тұрғыда қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен өмірлік құндылықтар жүйелері туралы білімдерін қолдануы тиіс.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен оқу бағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |