Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары



бет21/28
Дата05.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#22954
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
8. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10 сыныбына арналған базалық білім мазмұны

35. «Адам және дүние» (12 сағат):


«Адам және оның дүниетанымы» (5 сағат), адам өмірінің ерекшеліктері, гуманитарлық білімдегі адамның шығу тегі мәселесі, адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты, адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтары, адамның мүмкіндіктері мен қабілеттері, адамның құндылықтары мен мұраттары, құндылықтарды таңдау мәселесі, құндылықтар мен өмірлік бағыт бағдарлар, адам өмірі құндылық ретінде;
«Көзқарас ұғымы», көзқарастың құрылысы, көзқарастың негізгі элементтері, көзқарастың қоғамдық-тарихи және жекелік сипаты, өмірлік-практикалық және теориялық көзқарас, мифологиялық, діни, философиялық көзқарастардың ерекшеліктері, мифологиялық, діни, философиялық көзқарастардағы адам образы;
«Адам тұлға ретінде», индивид, индивидуалдылық, тұлға, қалай тұлға болуға болады, мінез құлықтың қалыптасуы, тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу, әлемдегі адамның орны, өмірдің мәні;
«Адамның әлемге деген танымдық қатынасы» (4 сағат), әлемнің танымдылығы мәселесі, адамның танымдық қызметі, сезімдік және рационалдық таным, ақиқат ұғымы, оның критериилері, әлеуметтік гуманитарлық білімнің ерекшелігі, ғылымның шығу тегі, ғылыми ойлаудың негізгі ерекшеліктері, әлеуметтік-гуманитарлық білімдер, ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігі;
«Білім және білім беру», білім беру туралы қазіргі заманғы түсінік, ақапарат, білім, даналық, білім және білімділік, өздігінен білім алу қажеттілігі, өмір бойы білім алу, білім берудің мәні мен құндылығы, адам мен қоғам дамуындағы білім берудің маңызы;
«Адам қызметіндегі еркіндік және қажеттілік» (2 сағат), еркіндік және қажеттілік, еркіндік ұғымы, еркіндік әлеуметтік және жеке құндылық ретінде, табиғи және әлеуметтік қажеттілік, еркіндік танылған қажеттілік ретінде;
«Еркіндік және жауапкершілік», адамның ішкі және сыртқы еркіндігі, еркіндік адамның тұлғалығының қалыптасу шарты ретінде, тұлғаның өз өміріне деген жауапкершілігі;
қайталау (1 сағат).
36. «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі адам» (18 часов):
«Қазіргі заманғы қоғам» (4 сағат), қоғамдық даму заңдылықтары, эволюция және революция әлеуметтік өзгеріс формасы ретінде, қоғамдық прогресс ұғымы, оның қарама-қайшылығы, дәстүрлі (аграрлық) қоғам, индустриалдық қоғам, постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам, әлеуметтік модернизация ұғымы;
«Қазіргі заманғы өркениеттің ерекшеліктері», қазіргі заманғы қоғам және өркениет, жаһандану үдерістері, антиглобализм, компьютерлік революция, ғаламдық мәселелердің әлеуметтік және гуманитарлық аспектілері, адам және қоғам ХХІ ғасырдың қаупі алдында, жаһандық мәселелерді шешудегі гуманитарлық ғылымдардың рөлі;
«Әлеуметтік қатынастар» (4 сағат), адамдардың тілдесу әлемі, тілдесу, тілдесудің мазмұны мен формалары, тұлғааралық тілдесу, тілдесу мәдениеті, тұлға және ұжым (коллективизм, индивидуализм, конформизм), адамдардың мінез-құлқындағы абырой (сыпайылық, әдептілік, ибалылық), сұхбат, дискуссия, өзара түсінісу, серіктестік, ынтымақтастық;
«Әлеуметтену үдерісі», күнделікті өмірді зерттеу, статус немесе әлеуметтік жағдайды айқындау, статустар мен рөлдердің жиынтығы, шындықтың әлеуметтік құрылысы, әлеуметтік қақтығыстар, олардың конструктивтік шешімі;
«Отбасы әлеуметтік топ ретінде», отбасының әлеуметтік рольдері, нормалары мен құндылықтары, отбасындағы тұлғааралық қатынастар, отбасылық қатынастар этикасы, отбасылық парыз, отбасы мүшелері туралы;
«Көп ұлтты қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттесуі», этникалық қауымдастықтар, ұлттық сана-сезім, қазіргі кезеңдегі әлемдегі ұлтаралық қатынастардың дамуы, ұлтаралық қақтығыстардың себебі мен оларды жеңудің жолдары, Қазақстанның жаңаруы мен әлеуметтік игілігінің негізі ретіндегі ұлтаралық келісім мен ұлттық бірлік;
«Нарықтық субьектілердің экономикалық сипаты» (3 сағат), тұтынушылардың экономикалық мәдениеті, нарықтық экономикадағы тұтынушылардың іс-әрекеттері, кіріс көздері, салымдар, тұтынушылардың шығындары, тұтынушылық бюджетті жоспарлау, тұтынушылық несие, тұтынушыларды қорғау, сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс факторлары;
«Өндірушілердің экономикалық мәдениеті», нарықтық экономикадағы өндірушілердің іс-әрекеттері, өндіріс және өндіріс факторлары, бизнесті ұйымдастырудың негізгі формалары (жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамдар), ұсыныс, ұсыныс заңдары, фирмадағы кідірістер мен кірістер;
«Нарықтық құрылымның типтері», жетілген бәсекелестік, монополистік бәсекелестік, олигополия, монополия, экономиканы монополияландырудың салдары, мемлекеттің монополияға қарсы саясаты;
«Саяси жүйе» (3 сағат), саясат және мемлекет, мемлекет ұғымы мен оның белгілері, мемлекеттің егемендігі, мемлекеттік билік, мемлекеттің формалары (басқару формалары, территориалық-мемлекеттік құрылысы), саяси режим, тоталитаризм, авторитаризм, демократия;
«Азаматтардың саяси өмірге қатысуы», демократиялық саясат негіздері, сайлаулар, референдум, жергілікті өзін-өзі басқару, саяси партиялар мен қозғалыстар, олардың қоғамдық өмірдегі рөлі, саяси партиялар мен Қазақстандағы қозғалыстар;
«Азаматтық қоғам», азаматтық қоғам ұғымы, азаматтық қоғамның пайда болуы, қоғамдық ұйымдар, адамның азаматтық ұстанымы, Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы;
«Рухани мәдениет» (3 сағат), қоғамның рухани құндылықтары, руханилық ұғымы, адамның рухани мәдениетінің негіздері, рухани құндылықтар, рухани мұра және оның қоғам үшін маңыздылығы, руханилық және гуманизм;
«Тұлғаның адамгершілік негіздері», руханилық және адамгершілік, тұлғаның адамгершілік ұстанымдары, қайырымдылық және зұлымдық, парыз және ар-ұждан, моральдық идеал, отансүйгіштік және азаматтылық, тәрбие мен білім берудегі адамгерішілік қызметтері;
«Діни толеранттылық», дін, діни ұйымдар мен бірлестіктер, олардың қазіргі қоғам өміріндегі алатын орны, ар-ұждан бастандығы мен дінге еріктілік, дін және еркін ойшылдық, діни және діни емес көзқарастар сұхбаты, діни экстремизмді алдын алу;
қайталау (1 сағат).
37. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу» (19 сағат):
«Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері» (8 сағат), құқық және заңнама, құқық ұғымы және оның белгілері, қоғам мен мемлекет өміріндегі құқықтың рөлі, құқықтың бастаулары, дәстүрлер, әдет ғұрыптар мен құқық, заңнама жүйесі, Қазақстандық құқықтың салалары, құқық пен заңнаманың ара қатынасы, заң ұғымы мен заңнан туындаған актілер, заңның ұлықтылығы;
«Құқықтық қатынастар», құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың формасы ретінде, құқықтық қатынас субъектілері, субъективтік құқықтар мен субъективтік міндеттер, құқықтық қабілеттілік, заңды жауапкершілік ұғымы және оның түрлері, құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілері, кәмелетке толмағандардың заңды жауапкершіліктерінің ерекшеліктері;
«Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері», негізгі заң, халық – билік көзі, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, конституцияның негізгі бөлімдері, адам құқығы ұғымы, азаматтылық ұғымы, адамдар мен азаматтардың құқықтары, адамдар мен азаматтардың міндеттері, Қазақстан Республикасындағы адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдемелері;
«Адам құқығы және оны қорғау», Қазақстандағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен жүзеге асыру механизмдері, адам құқықтарын халықаралық-құқықтық тұрғыдан қорғау, адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық актілер;
«Жеке құқықтың негізгі салалары» (4 сағат), азаматтық құқық негіздері, азаматтық құқық ұғымы мен негізгі бастаулары, азаматтық құқық принциптері, азаматтық құқық субъектілері, меншік құқығы, кәмелетке толмағандардың мүліктік қатынастарға қатысуы, азаматтық құқықтық келісімнің негізгі түрлері, тұтынушылардың құқықтары;
«Еңбек құқығының негіздері», еңбек құқығының негізгі бастаулары мен ұғымы, еңбектік қатынастар сферасындағы кепілдемелер, еңбек келісімі, еңбек келісімін жасау мен бұзу, кәмелетке толмағандардың еңбегінің ерекшеліктері, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, тәртіптік жауапкершілік;
«Отбасылық құқық негіздері», отбасылық құқық ұғымы және негізгі бастаулары, отбасылық құқықтағы негізгі ұғымдар, некелік-отбасылық құқықтың принциптері, неке тұжырымының шарттары, некені тоқтату, ерлі-зайыптылардың міндеттері, некелік келісім, бала құқықтары;
«Экологиялық құқық негіздері», экологиялық құқық ұғымы және негізгі бастаулары, экологиялық құқық ұстанымдары, экологиялық заңмен қорғалатын негізгі нысан, табиғатты пайдалану түсінігі мен түрлері, экологиялық құқықтағы азаматтардың құқығы мен міндеттері, экологиялық құқықбұзушылық және ол үшін жауаптылық;
«Көпшілік құқықтың негізгі салалары» (6 сағат), әкімшілік құқық негіздері, әкімшілік құқық ұғымы және негізгі бастаулары, негізгі және туынды нормативтік актілері, мемлекет қызметінің басқару жүйесіндегі негізгі бағыттары, мемлекеттік мекеме және кәсіпорындар, мемлекеттік қызмет ұғымы, әкімшілік құқықбұзушылық және әкімшілік жауапкершілік;
«Қылмыстық құқықтың негіздері», қылмыстық құқық ұғымы және негізгі бастаулары, қылмыстық заңнама құрылымы, қылмыстық құқықтың мақсаты мен ұстанымдары, қылмыс ұғымы және түрлері, қылмыс құрамы ұғымы, қажетті және аса қажетті қорғаныс, қылмыстық жаза ұғымы және түрлері;
«Іс-жүргізу құқығы негіздері», іс-жүргізу құқығы түсінігі, қылмыстық іс-жүргізу құқығы ұғымы және негізгі бастаулары, қылмыстық процестің мақсаты мен тәртібі, қылмыстық процестің негізгі принциптері, азаматтық іс-жүргізу құқығы ұғымы және негізгі бастаулары, азаматтық сот-ісінің принциптері, Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі;
қайталау (1 сағат).
38. Қорытынды қайталау (2 сағат).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет