6. Оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
26. Оқушылардың дайындық деңгейлері үш аспектімен: пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер, жүйелі-іс әрекеттік нәтижелермен бағаланады.
27. Пәндік нәтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар:
дүниетанымның негізгі элементтері мен құрылысын;
тарихи дүниетанымның түрлерін – мифологиялық, діни, философиялық;
әлемді тану мәселесін, ғылымның пайда болуын;
білімнің қазіргі заманғы мәнін;
адам өміріндегі құндылықтарды және құндылықтарды таңдау мәселесін;
жеке және әлеуметтік жетістік үшін адамның жауапкершілігін;
қоғамдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын;
қоғамдағы нарықтық экономиканың ролін, экономиканың нарықтық субьектілер мінез құлқымен өзара байланысын;
ұсыныс пен сұраныс заңдарын, кіріс көздерін, өндірістің факторларын, мемлекеттің монополияға қарсы саясатын;
демократиялық саясат негіздерін – сайлау, референдум, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық және саяси ұйымдарды;
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үдерісі мен жеке және көпшілік құқықтың негізгі салаларын;
қоғамдағы құқықтық қатынастар, еркіндік, құқық, міндеттерді;
қоғамның дамуындағы негізгі заңдылықтардың қазіргі заманғы түсініктерін;
тұлғаның әлеуметтік статусын, қоғамның әлеуметтік құрылысын;
нарықтық экономика ерекшеліктерін, тұтынушылар мен өндірушілердің іс-әрекетін;
қоғамның саяси жүйесін, мемлекеттің формалары мен белгілерін, саяси режимдер, демократиялық саясаттың негіздерін;
адамның рухани мәдениетінің негіздерін, қоғамның рухани құндылықтары, тұлғаның адамгершілік негіздері, тәрбие мен білім беру міндеттерін;
қазіргі заманғы қоғам өміріндегі діннің ролін;
адам мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін;
Қазақстандағы адам еркіндігі мен құқығын қорғау механизмдерін және адам құқығын халықаралық-құқықтық тұрғыдан қорғауды;
жеке және көпшілік құқықтың негізгі салаларын білуі тиіс.
28. 11 сыныптың соңында оқушылар:
ақыл-ой мектебі мен саналы және игілікті өмір мектебі ретінде философия негізін;
жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардағы философиялық мәселелерді;
әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі мәселелерін;
нарықтық экономика туралы (еңбек нарығы, капитал, табиғи ресурстарды);
ұлттық экономиканның негізгі көрсеткіштері мен экономикалық өсімнің ерекшеліктерін;
қоғамның әлеуметтік құрылысы, оның элементтері, әлеуметтік іс-әрекет және әлеуметтік рольдерді;
қоғамның саяси жүйесін, Парламент, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, әділет органдары, жергілікті өкілетті, атқарушы және құқық қорғау органдарының қалыптасуы мен қызмет ету тәртібін;
азаматтық, этномәдени, конфессиялық бірлестік ретіндегі Қазақстан қоғамының ерекшеліктерін;
философия, әлеуметтану, саясаттану, экономикалық теория, заң білімі сияқты ғылымдардың мәні мен ерекшелігін;
адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, өмірдің мәні мен бағдарын;
қоғамдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын;
қоғамдағы экономиканың ролін, еңбек нарығын, капитал, табиғи ресурстарды;
құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерін, конституциялық кепілдемелерді;
мәдени жетістіктерді, адамның рухани әлемін сипаттауды;
қарым-қатынас, мораль және адамгершілік нормаларын білуі тиіс, мемлекет саясатының мәнін түсіндіруді;
29. 10 және 11сыныптың соңында оқушылар:
1) мемлекет саясатының мәнін түсіндіре;
2) табиғатқа, адам мен қоғамға деген философиялық көзқарасты түсіндіре;
3) оқытылып отырған тақырып бойынша материалдарды дербес талдай білу және жалпылау, әлеуметтанудағы, саясаттанудағы, экономика мен заң ғылымдарындағы бастыларын анықтай білуді;
4) қоғам өмірінің оң және теріс құбылыстарына дербес баға беруді;
5) экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер бойынша жеке көзқарасын білдіруді және оны дәлелдеуді;
6) ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі (мәтін, карта, кесте, схема, аудиовизуальды) ақпараттарды талдау жасауды;
7) құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды орната білуді;
8) құқықтық және өзекті қоғамдық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу, алынған ақпараттарды дәлелдеу үшін талқыланатын мәселелер бойынша дербес көзқарасын білдіруді;
9) қазіргі заманның құбылыстарына қатысты өз ұстанымын анықтау, өзінің және маңайындағылардың іс-әрекеттерін қазіргі әлеуметтік тәртіпке негіздеуді;
10) әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік нормалардың дамуындағы себеп-салдарлық байланыстарды және заңдылықтарды айқындауды;
11) экономиканың, қоғамның саяси жүйесінің, алуан түрлі мәдениеттің дамуы туралы түрлі ақпарат көздеріндегі қажетті ақпараттарды таба білуді;
12) моральдық, этикалық, адамгершілік және құқықтық нормаларды талдау және жалпылауды;
13) материалдық өндіріске сипаттама беру және оны бағлау, қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметін бағлай білуді меңгеруі тиіс.
30. Тұлғалық нәтижелер психологиялық-педагогикалық мониторинг формасында зерттеліп, оқушының тәрбиелілік, әлеуметтік және рухани-адамгершілік, шығармашылық-дене дамуының деңгейі түрінде оның портфолиосында көрсетіледі. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;
азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;
мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;
туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік көрсетуден;
салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
этикалық нормаларды сақтау мен адамзат тілдесуінің жоғарғы мәдениетін көрсетуінен;
өз бетімен білім алу және өзін-өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;
үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;
әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.
31. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер оқушының пән олимпиадасында, таңдау курстарында, шығармашылық жұмыстарда, сонымен бірге басқа да ізденіс жұмыстарында анықталып, оның нәтижелері портфолиосында жинақталады. Оқушылардың жүйелі-іс әрекеттік нәтижелері:
адамзат қоғамының дамуы үшін ғылым негіздері және қолданылу саласы бойынша ғылыми жетістіктердің білім жүйесін меңгеру;
ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуы, тірек конспект, сызбанұсқалар, кестелер құрастыру рефераттар, пікірлер жаза білу;
жаңа материалмен, өздігінен жұмыс істей білу, зерттеу жұмыстарымен айналысу;
танымдық, жобалау, құрастыру, іздену, шығармашылық әдістерін қолдану;
қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды білу;
жоғары коммуникативтік қабілеттілік, көптілді мәдениеттілікті қолдана білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |