Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің



бет6/8
Дата18.06.2017
өлшемі1,75 Mb.
#19427
1   2   3   4   5   6   7   8

8. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

10 сыныбына арналған базалық білім мазмұны
35. «Адам және дүние» (12 сағат):

«Адам және оның дүниетанымы» (5 сағат), адам өмірінің ерекшеліктері, гуманитарлық білімдегі адамның шығу тегі мәселесі, адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты, адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтары, адамның мүмкіндіктері мен қабілеттері, адамның құндылықтары мен мұраттары, құндылықтарды таңдау мәселесі, құндылықтар мен өмірлік бағыт бағдарлар, адам өмірі құндылық ретінде;

«Көзқарас ұғымы», көзқарастың құрылысы, көзқарастың негізгі элементтері, көзқарастың қоғамдық-тарихи және жекелік сипаты, өмірлік-практикалық және теориялық көзқарас, мифологиялық, діни, философиялық көзқарастардың ерекшеліктері, мифологиялық, діни, философиялық көзқарастардағы адам образы;

«Адам тұлға ретінде», индивид, индивидуалдылық, тұлға, қалай тұлға болуға болады, мінез құлықтың қалыптасуы, тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу, әлемдегі адамның орны, өмірдің мәні;

«Адамның әлемге деген танымдық қатынасы» (4 сағат), әлемнің танымдылығы мәселесі, адамның танымдық қызметі, сезімдік және рационалдық таным, ақиқат ұғымы, оның критериилері, әлеуметтік гуманитарлық білімнің ерекшелігі, ғылымның шығу тегі, ғылыми ойлаудың негізгі ерекшеліктері, әлеуметтік-гуманитарлық білімдер, ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігі;

«Білім және білім беру», білім беру туралы қазіргі заманғы түсінік, ақапарат, білім, даналық, білім және білімділік, өздігінен білім алу қажеттілігі, өмір бойы білім алу, білім берудің мәні мен құндылығы, адам мен қоғам дамуындағы білім берудің маңызы;

«Адам қызметіндегі еркіндік және қажеттілік» (2 сағат), еркіндік және қажеттілік, еркіндік ұғымы, еркіндік әлеуметтік және жеке құндылық ретінде, табиғи және әлеуметтік қажеттілік, еркіндік танылған қажеттілік ретінде;

«Еркіндік және жауапкершілік», адамның ішкі және сыртқы еркіндігі, еркіндік адамның тұлғалығының қалыптасу шарты ретінде, тұлғаның өз өміріне деген жауапкершілігі;

қайталау (1 сағат).

36. «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі адам» (18 часов):

«Қазіргі заманғы қоғам» (4 сағат), қоғамдық даму заңдылықтары, эволюция және революция әлеуметтік өзгеріс формасы ретінде, қоғамдық прогресс ұғымы, оның қарама-қайшылығы, дәстүрлі (аграрлық) қоғам, индустриалдық қоғам, постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам, әлеуметтік модернизация ұғымы;

«Қазіргі заманғы өркениеттің ерекшеліктері», қазіргі заманғы қоғам және өркениет, жаһандану үдерістері, антиглобализм, компьютерлік революция, ғаламдық мәселелердің әлеуметтік және гуманитарлық аспектілері, адам және қоғам ХХІ ғасырдың қаупі алдында, жаһандық мәселелерді шешудегі гуманитарлық ғылымдардың рөлі;

«Әлеуметтік қатынастар» (4 сағат), адамдардың тілдесу әлемі, тілдесу, тілдесудің мазмұны мен формалары, тұлғааралық тілдесу, тілдесу мәдениеті, тұлға және ұжым (коллективизм, индивидуализм, конформизм), адамдардың мінез-құлқындағы абырой (сыпайылық, әдептілік, ибалылық), сұхбат, дискуссия, өзара түсінісу, серіктестік, ынтымақтастық;

«Әлеуметтену үдерісі», күнделікті өмірді зерттеу, статус немесе әлеуметтік жағдайды айқындау, статустар мен рөлдердің жиынтығы, шындықтың әлеуметтік құрылысы, әлеуметтік қақтығыстар, олардың конструктивтік шешімі;

«Отбасы әлеуметтік топ ретінде», отбасының әлеуметтік рольдері, нормалары мен құндылықтары, отбасындағы тұлғааралық қатынастар, отбасылық қатынастар этикасы, отбасылық парыз, отбасы мүшелері туралы;

«Көп ұлтты қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттесуі», этникалық қауымдастықтар, ұлттық сана-сезім, қазіргі кезеңдегі әлемдегі ұлтаралық қатынастардың дамуы, ұлтаралық қақтығыстардың себебі мен оларды жеңудің жолдары, Қазақстанның жаңаруы мен әлеуметтік игілігінің негізі ретіндегі ұлтаралық келісім мен ұлттық бірлік;

«Нарықтық субьектілердің экономикалық сипаты» (3 сағат), тұтынушылардың экономикалық мәдениеті, нарықтық экономикадағы тұтынушылардың іс-әрекеттері, кіріс көздері, салымдар, тұтынушылардың шығындары, тұтынушылық бюджетті жоспарлау, тұтынушылық несие, тұтынушыларды қорғау, сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс факторлары;

«Өндірушілердің экономикалық мәдениеті», нарықтық экономикадағы өндірушілердің іс-әрекеттері, өндіріс және өндіріс факторлары, бизнесті ұйымдастырудың негізгі формалары (жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамдар), ұсыныс, ұсыныс заңдары, фирмадағы кідірістер мен кірістер;

«Нарықтық құрылымның типтері», жетілген бәсекелестік, монополистік бәсекелестік, олигополия, монополия, экономиканы монополияландырудың салдары, мемлекеттің монополияға қарсы саясаты;

«Саяси жүйе» (3 сағат), саясат және мемлекет, мемлекет ұғымы мен оның белгілері, мемлекеттің егемендігі, мемлекеттік билік, мемлекеттің формалары (басқару формалары, территориалық-мемлекеттік құрылысы), саяси режим, тоталитаризм, авторитаризм, демократия;

«Азаматтардың саяси өмірге қатысуы», демократиялық саясат негіздері, сайлаулар, референдум, жергілікті өзін-өзі басқару, саяси партиялар мен қозғалыстар, олардың қоғамдық өмірдегі рөлі, саяси партиялар мен Қазақстандағы қозғалыстар;

«Азаматтық қоғам», азаматтық қоғам ұғымы, азаматтық қоғамның пайда болуы, қоғамдық ұйымдар, адамның азаматтық ұстанымы, Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы;

«Рухани мәдениет» (3 сағат), қоғамның рухани құндылықтары, руханилық ұғымы, адамның рухани мәдениетінің негіздері, рухани құндылықтар, рухани мұра және оның қоғам үшін маңыздылығы, руханилық және гуманизм;

«Тұлғаның адамгершілік негіздері», руханилық және адамгершілік, тұлғаның адамгершілік ұстанымдары, қайырымдылық және зұлымдық, парыз және ар-ұждан, моральдық идеал, отансүйгіштік және азаматтылық, тәрбие мен білім берудегі адамгерішілік қызметтері;

«Діни толеранттылық», дін, діни ұйымдар мен бірлестіктер, олардың қазіргі қоғам өміріндегі алатын орны, ар-ұждан бастандығы мен дінге еріктілік, дін және еркін ойшылдық, діни және діни емес көзқарастар сұхбаты, діни экстремизмді алдын алу;

қайталау (1 сағат).

37. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу» (19 сағат):

«Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері» (8 сағат), құқық және заңнама, құқық ұғымы және оның белгілері, қоғам мен мемлекет өміріндегі құқықтың рөлі, құқықтың бастаулары, дәстүрлер, әдет ғұрыптар мен құқық, заңнама жүйесі, Қазақстандық құқықтың салалары, құқық пен заңнаманың ара қатынасы, заң ұғымы мен заңнан туындаған актілер, заңның ұлықтылығы;

«Құқықтық қатынастар», құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың формасы ретінде, құқықтық қатынас субъектілері, субъективтік құқықтар мен субъективтік міндеттер, құқықтық қабілеттілік, заңды жауапкершілік ұғымы және оның түрлері, құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілері, кәмелетке толмағандардың заңды жауапкершіліктерінің ерекшеліктері;

«Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері», негізгі заң, халық – билік көзі, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, конституцияның негізгі бөлімдері, адам құқығы ұғымы, азаматтылық ұғымы, адамдар мен азаматтардың құқықтары, адамдар мен азаматтардың міндеттері, Қазақстан Республикасындағы адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдемелері;

«Адам құқығы және оны қорғау», Қазақстандағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен жүзеге асыру механизмдері, адам құқықтарын халықаралық-құқықтық тұрғыдан қорғау, адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық актілер;

«Жеке құқықтың негізгі салалары» (4 сағат), азаматтық құқық негіздері, азаматтық құқық ұғымы мен негізгі бастаулары, азаматтық құқық принциптері, азаматтық құқық субъектілері, меншік құқығы, кәмелетке толмағандардың мүліктік қатынастарға қатысуы, азаматтық құқықтық келісімнің негізгі түрлері, тұтынушылардың құқықтары;

«Еңбек құқығының негіздері», еңбек құқығының негізгі бастаулары мен ұғымы, еңбектік қатынастар сферасындағы кепілдемелер, еңбек келісімі, еңбек келісімін жасау мен бұзу, кәмелетке толмағандардың еңбегінің ерекшеліктері, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, тәртіптік жауапкершілік;

«Отбасылық құқық негіздері», отбасылық құқық ұғымы және негізгі бастаулары, отбасылық құқықтағы негізгі ұғымдар, некелік-отбасылық құқықтың принциптері, неке тұжырымының шарттары, некені тоқтату, ерлі-зайыптылардың міндеттері, некелік келісім, бала құқықтары;

«Экологиялық құқық негіздері», экологиялық құқық ұғымы және негізгі бастаулары, экологиялық құқық ұстанымдары, экологиялық заңмен қорғалатын негізгі нысан, табиғатты пайдалану түсінігі мен түрлері, экологиялық құқықтағы азаматтардың құқығы мен міндеттері, экологиялық құқықбұзушылық және ол үшін жауаптылық;

«Көпшілік құқықтың негізгі салалары» (6 сағат), әкімшілік құқық негіздері, әкімшілік құқық ұғымы және негізгі бастаулары, негізгі және туынды нормативтік актілері, мемлекет қызметінің басқару жүйесіндегі негізгі бағыттары, мемлекеттік мекеме және кәсіпорындар, мемлекеттік қызмет ұғымы, әкімшілік құқықбұзушылық және әкімшілік жауапкершілік;

«Қылмыстық құқықтың негіздері», қылмыстық құқық ұғымы және негізгі бастаулары, қылмыстық заңнама құрылымы, қылмыстық құқықтың мақсаты мен ұстанымдары, қылмыс ұғымы және түрлері, қылмыс құрамы ұғымы, қажетті және аса қажетті қорғаныс, қылмыстық жаза ұғымы және түрлері;

«Іс-жүргізу құқығы негіздері», іс-жүргізу құқығы түсінігі, қылмыстық іс-жүргізу құқығы ұғымы және негізгі бастаулары, қылмыстық процестің мақсаты мен тәртібі, қылмыстық процестің негізгі принциптері, азаматтық іс-жүргізу құқығы ұғымы және негізгі бастаулары, азаматтық сот-ісінің принциптері, Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі;

қайталау (1 сағат).

38. Қорытынды қайталау (2 сағат).
9. Оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы

10-сыныбына арналған базалық білім мазмұны
39. «Адам және дүние» (12 сағат):

«Адам және оның көзқарасы» (5 сағат), адам өмірінің ерекшеліктері, жаратылыстану ғылыми білімдегі адамның шығу тегі мәселесі, адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты, адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтары, адамның мүмкіндіктері мен қабілеттері, адамның құндылықтары мен мұраттары, құндылықтарды таңдау мәселесі, құндылықтар мен өмірлік бағыт-бағдарлар, адам өмірі құндылық ретінде;

«Көзқарас ұғымы», көзқарастың құрылымы, көзқарастың негізгі элементтері, көзқарастың қоғамдық-тарихи және индивидаулдық сипаты, өмірлік-практикалық және теориялық көзқарас, мифологиялық, діни, философиялық көзқарастардың ерекшеліктері, мифологиялық, діни, философиялық көзқарастардағы адам бейнесі, әлемнің жаратылыстану ғылыми бейнесі;

«Адам тұлға ретінде», индивид, индивидуалдылық, тұлға, тұлға болу, мінез құлықтың қалыптасуы, тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу, әлемдегі адамның орны, өмірдің мәні;

«Адамның әлемге деген танымдық қатынасы» (4 сағат), әлемнің танымдылығы мәселесі, адамның танымдық қызметі, сезімдік және рационалдық таным, ақиқат ұғымы, оның критериилері, жаратылыстану ғылыми білімнің ерекшелігі, ғылымның шығуы, ғылыми ойлаудың негізгі ерекшеліктері, жаратылыстану ғылымдары мен оның мәдениеттегі мәні, ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігі;

«Білім және білім беру», білім беру туралы қазіргі түсінік, ақпарат, білім, даналық, білім және білімділік, өздігінен білім алу қажеттілігі, өмір бойы білім алу, білім берудің мәні мен құндылығы, адам мен қоғам дамуындағы білім берудің мазмұны;

«Адам қызметіндегі еркіндік және қажеттілік» (2 сағат), еркіндік және қажеттілік, еркіндік ұғымы, еркіндік әлеуметтік және жеке құндылық ретінде, табиғи және әлеуметтік қажеттілік, еркіндік танылған қажеттілік ретінде;

«Еркіндік және жауапкершілік», адамның ішкі және сыртқы еркіндігі, еркіндік адамның тұлғалығының қалыптасу шарты ретінде, тұлғаның өз өмірі үшін жауапкершілігі;

қайталау (1 сағат).

40. «Қоғамдық қатынас жүйесіндегі адам» (24 сағат):

«Қазіргі қоғам» (4 сағат), қоғамдық дамудың заңдылықтары, эволюция және революция сияқты әлеуметтік өзгерістің формалары, қоғамдық үдеріс ұғымы, оның қайшылығы, дәстүрлі (аграрлық) қоғам, индустриялы қоғам, постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам, әлеуметтік жаңарту ұғымы;

«Қазіргі өркениеттің ерекшеліктері», қазіргі қоғам және өркениет, жаһандану үдерісі, жаһандануға қарсылық, компьютерлік революция, қоғам және адам ХХІ ғасырдың қауіп-қатері алдында, ғаламдық мәселелерді шешудегі жаратылыстану ғылымдарының рөлі;

«Әлеуметтік қатынастар» (4 сағат), адамдардың тілдесу әлемі, тілдесу байлығы, тілдесудің мазмұны мен формалары, тұлғааралық тілдесу, тілдесу мәдениеті, тұлға және ұжым, коллективизм, индивидуализм, конформизм. Адамдардың мінез-құлқындағы абырой, сыпайылық, әдептілік, ибалылық, сұхбат, дискуссия, өзара түсінісу, серіктестік, ынтымақтастық;

«Әлеуметтену үдерісі», күнделікті өмірді зерттеу, статус немесе әлеуметтік жағдайды айқындау, статустар мен рольдердің жиынтығы, шындықтың әлеуметтік құрылысы, әлеуметтік қақтығыстар, олардың конструктивтік шешімі;

«Отбасы әлеуметтік топ ретінде», отбасының әлеуметтік рөлдері, нормалары мен құндылықтары, отбасындағы тұлғааралық қатынастар, отбасылық қатынастар этикасы, отбасылық парыз, отбасы мүшелері туралы;

«Көп ұлтты қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттесуі», этникалық қауымдастықтар, ұлттық сана-сезім, қазіргі заманғы әлемдегі ұлтаралық қатынастардың дамуы, ұлтаралық қақтығыстардың себебі мен оларды жеңудің жолдары, Қазақстанның жаңаруы мен әлеуметтік игілігінің негізі ретіндегі ұлт аралық келісім мен ұлттық бірлік;

«Нарықтық субьектілердің экономикалық тәртібі» (9 сағат), экономика дегеніміз не, қоғамның шаруашылық өмірінің негіздері, экономикалық ресурстардың шектелуі, қажеттіліктердің шексіздігі, экономикалық таңдау мәселесі, экономиканың басты мәселелері (неге, қалай және кім үшін өндіру керек), өндірістің экономикалық ресурстары мен факторлары, қоғамдық өндіріс нәтижелері, экономикалық игілік ұғымы;

«Экономика және меншік», меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны, меншіктің формалары, жеке меншіктің қазіргі заманғы түрлері, мемлекеттік меншік және оның экономикалық жүйелердің дамуындағы рөлі, экономикалық жүйелердің типтері, дәстүрлі экономикалық жүйе, командалық экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық жүйе, аралас экономикалық жүйе;

«Нарықтық экономика және ақша», ақшының мәні мен қызметтері, ақша формаларының эволюциясы, ақша айналымының заңы, ақша жүйесі және оның элементтері, ақша реформалары, нарықтың мәні мен қызметтері, нарықтың құрылысы мен инфрақұрылымы, нарықтық экономика және оның негізгі белгілері, нарықтық өзгерістердің Қазақстандық үлгісі;

«Тұтынушылардың экономикалық мәдениеті», нарықтық экономикадағы тұтынушылардың іс-әрекеттері, кіріс көздері, салымдар, тұтынушылардың шығындары, тұтынушылық бюджетті жоспарлау, тұтынушылық несие, тұтынушыларды қорғау, сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс факторлары;

«Өндірушілердің экономикалық мәдениеті», нарықтық экономикадағы өндіргіштердің іс-әрекеттері, өндіріс және өндіріс факторлары, бизнесті ұйымдастырудың негізгі формалары (жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамдар), ұсыныс, ұсыныс заңдары, фирмадағы кідірістер мен кірістер;

«Нарықтық құрылымның типтері», жетілген конкуренция, монополистік конкуренция, олигополия, монополия, экономиканы монополияландырудың салдары, мемлекеттің монополияға қарсы саясаты;

«Саяси жүйе» (3 сағат), саясат және мемлекет, мемлекет ұғымы мен оның белгілері, мемлекеттің егемендігі, мемлекеттік билік, мемлекеттің формалары (басқару формасы, әкімшілік-аумақтық құрылымы), саяси режим, тоталитаризм, авторитаризм, демократия;

«Азаматтың саяси өмірге қатысуы», демократиялық саясаттың негіздері, сайлаулар, референдум, жергілікті өзін-өзі басқару, саяси партиялар мен қозғалыстар, олардың қоғамдық өмірдегі рөлдері, Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар;

«Азаматтық қоғам», азаматтық қоғам ұғымы, азаматтық қоғамның шығу тегі, қоғамдық ұйымдар, адамның азаматтық ұстанымы, Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы;

«Рухани мәдениет» (3 сағат), қоғамның рухани құндылықтары, руханилық ұғымы, адамның рухани мәдениетінің негіздері, рухани құндылықтар, рухани мұра және оның қоғам үшін маңыздылығы, руханилық және гуманизм;

«Тұлғаның адамгершілік негіздері», руханилық және адамгершілік, тұлғаның адамгершілік принциптері, қайырымдылық және зұлымдық, парыз және ар-ұждан, моральдық идеал, патриотизм және азаматтылық, тәрбие мен білім берудегі адамгерішілік қызметтері;

«Діни толеранттылық», дін, діни ұйымдар мен бірлестіктер, қазіргі заманғы қоғамның өміріндегі олардың алатын орны, ар-ұждан бостандығы мен дінге еріктілік, дін және еркін ойшылдық, діни және діни емес көзқарастар сұхбаты, діни экстремизмді алдын алу;

қайталау (1 сағат).

41. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу» (13 сағат):

«Адам мен азаматтың құқығы және міндеттері» (4 сағат), құқық және заңнама, құқық ұғымы мен оның белгілері, қоғам мен мемлекет өміріндегі құқықтың рөлі, құқықтың бастаулары, дәстүрлер, әдет ғұрыптар мен құқық, заңнама жүйесі, Қазақстандық құқық салалары, құқық пен заңнаманың арақатынасы, заң ұғымы мен заңнан туындаған актілер, заңның ұлықтылығы;

«Құқықтық қатынастар», құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың формасы ретінде, құқықтық қатынас субъектілері, субъективтік құқықтар мен субъективтік міндеттер, құқықтық қабілеттілік пен қабілеттілік, заңды жауапкершілік ұғымы мен оның түрлері, құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілері, кәмелетке толмағандардың заңды жауапкершіліктерінің ерекшеліктері;



«Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері» , негізгі заң, халық – билік көзі, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, конституцияның негізгі бөлімдері, адам құқығы ұғымы, азаматтылық ұғымы, адамдар мен азаматтардың құқықтары, адамдар мен азаматтардың міндеттері, Қазақстан Республикасындағы адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдемелері;

«Адам құқығы және оны қорғау», Қазақстандағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен жүзеге асыру механизмдері, адам құқықтарын халықаралық-құқықтық тұрғыдан қорғау, адам құқықтарын қорғау сферасындағы негізгі халықаралық-құқықтық актілер;

«Жеке құқықтың негізгі салалары» (4 сағат), азаматтық құқық негіздері, азаматтық құқық ұғымы мен негізгі бастаулары, азаматтық құқық принциптері, азаматтық құқық субъектілері, меншік құқығы, кәмелетке толмағандардың мүліктік қатынастарға қатысуы, азаматтық құқықтық келісімнің негізгі түрлері, тұтынушылардың құқықтары;

«Еңбек құқығының негіздер», еңбек құқығының негізгі бастаулары мен ұғымы, еңбектік қатынастар сферасындағы кепілдемелер, еңбек келісімі, еңбек келісімін жасау мен бұзу, кәмелетке толмағандардың еңбек ету ерекшеліктері, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, тәртіптік жауапкершілік;

«Отбасылық құқық негіздері», отбасылық құқық ұғымы мен оның негізгі бастаулары, отбасылық құқықтың негізгі ұғымдары, некелік отбасылық заңнаманың принциптері, некеге тұру шарттары, некені бұзу, некедегі адамдардың құқықтары мен міндеттері, некелік келісім, баланың құқықтары;

«Экологиялық құқық негіздері», экологиялық құқық ұғымы мен оның негізгі бастаулары, экологиялық құқық принциптері, экологиялық құқықпен қорғалатын негізгі обьектілер, табиғатты пайдалану ұғымы мен оның түрлері, экологиялық құқықтағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері, экологиялық құқық бұзушылық пен оларды жасағандығы үшін жүктелетін жауапкершілік;

«Құқықтың негізгі салалары» (4 сағат), әкімшілік құқықтың негіздері, әкімшілік құқық ұғымы мен оның негізгі бастаулары, негізгі және туынды нормативтік актілер, басқару бойынша мемлекет қызметіндегі негізгі бағыттар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, мемлекеттік қызмет ұғымы, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік;

«Қылмыстық құқық негіздері», қылмыстық құқық ұғымы мен оның негізгі бастаулары, қылмыстық заңнама құрылысы, қылмыстық құқықтың міндеттері мен принциптері, қылмыс ұғымы мен оның түрлері, қылмыс құрамы ұғымы, қажетті қорғаныс пен аса қажеттілік, қылмыстық жаза ұғымы мен оның түрлері;

«Қаржылық және салық құқығының негіздері», қаржылық және салықтық құқық ұғымы мен оның негізгі бастаулары, салық салу принциптері, салық саясаты, салық төлеуші ұғымы, салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері, бюджет ұғымы мен оның түрлері;

қайталау (1 сағат).

42. Қорытынды қайталау (2 сағат).

10. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

11 сыныбына арналған базалық білім мазмұны
43. « Философия негіздері» (13 сағат):

«Философия дегеніміз не?» (4 сағат), философияның адам мен қоғам өміріндегі ролі, философия – даналыққа құштарлық ретінде, философия – саналы және игілікті өмір туралы ілім, философия – ақыл ой мәдениеті;

«Философия ой мектебі ретінде», философ дегеніміз кім, алғашқы философтар, олардың ілімдері, өзіңді өзің таны, философиялық сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктері;

«Философия антропологиясы» (4 сағат), адам философияның орталық мәселесі ретінде, адам философиялық мәселесінің мәні мен ерекшелігі, философиядағы адамның негізгі образдары, адам адам болуға ұмтылыс ретінде;

«Адам өмірінің мәні», өмірдің мәні жөніндегі философия, адамның бағыт-бағдары, қазіргі заманғы өркениет жағдайындағы адами фактор, адами капитал ұғымы және оның мәні;

«Әлеуметтік философия» (4 сағат), қоғам-философиялық көзқарас ретінде, күрделі ұйымдастырылған жүйе ретіндегі қоғам туралы түсінік, қоғамдық дамудың негізгі теориялары, қоғамдық дамудың қозғаушы күштері, тарих философиясы;

«Гуманиатарлық білімнің философиялық мәселелері», мәдениет философиясы, білім философиясы, саясат философиясы, құқық философиясы, дін философиясы;

қайталау (1 сағат).

44. «Әлеуметтану негіздері» (15 сағат):

«Әлеуметтану дегеніміз не?» (4 сағат), әлеуметтану ғылым ретінде, әлеуметтанудың пайда болуының әлеуметтік және теориялық алғышарттары, әлеуметтанудың негізгі мәселелері, әлеуметтанулық қабылдау бізге не береді?;

«Әлеуметтанулық білім», қоғамды әлеуметтанулық тұрғыдан тану тәсілдері, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер арасындағы әлеуметтанудың орны, әлеуметтанулық білімнің құрылымы, қазіргі заманғы қоғамды танудағы әлеуметтанулық тәсілдердің ролі;

«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде» (4 сағат), қоғам өзара әрекеттесулер жүйесі ретінде, әлеуметтік өзара әрекеттесулер түрі, әлеуметтік топтар мен олардың жіктелуі, әлеуметтік институттардың негізгі қызметтері, әлеуметтік тәртіп және қақтығыс, ауытқушы мінез-құлық және әлеуметтік бақылау;

«Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық», қазіргі заманғы қоғамдағы орта таптың ролі мен мазмұны, әлеуметтік мүдделер, әлеуметтік қақтығыстардың себептері, әлеуметтік қақтығыстың сипаттары, әлеуметтік қақтығысты реттеу, әлеуметтік қақтығыстарды шешу жолдары;

«Тұлға және қоғам» (6 сағат), тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлар, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік рөл, тұлғаның әлеуметтік бірегейлігі, жастардың субмәдениетінің ерекшелігі, жастардың кәсіби және әлеуметтік өзін өзі анықтауы, әлеуметтік-тұрмыстық мүдделері, тұрмыстық қатынастар мәдениеті;

«Қазіргі заманғы әлемнің этникалық алуан түрлілігі», этнос және ұлт, этномәдени құндылықтар мен дәстүрлер, этностың ментальдық ерекшеліктері, ұлтаралық серіктестік пен қақтығыстар, ұлтаралық қатынастарды реттеу мәселесі;

«Қазіргі заманғы діни ахуалдар», діни өмірдің әлеуметтік жағдайлары, дін әлеуметтануы, шіркеу қоғамдық институт ретінде, діни конфессиялар, конфессия аралық серіктестік;

қайталау (1 сағат).

45. «Саясаттану негіздері» (9 сағат):

«Саясаттану дегеніміз не?» (4 сағат), саясаттану ғылым ретінде, саясаттанудың пайда болуы, саясаттанудың негізгі мәселелері, негізгі саясаттанулық тұжырымдамалар;

«Саясаттанулық білім», әлеуметтік гуманитарлық білімдер жүйесіндегі саясаттанудың орны, саясаттанулық білімнің құрылымы, қоғамдық өмірді басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттанулық білімдердің маңызы;

«Саясат және мәдениет» (4 сағат), саяси мәдениет, қоғамдық қатынастарды саяси реттеудің ерекшеліктері, саяси жүйе, оның құрылымы мен қызметтері, саяси инститтутар, нормалар, байланыстар мен үдерістер туралы ұғым, билік және саясат, биліктің легитимділігі, демократия және парламентаризм;

«Тұлға және саясат», саяси элита, саяси көшбасшы ұғымы, көшбасшылық типологиясы, саяси көшбасшының имиджі, қоғамдық санада оны жасау және ұстап тұру;

қайталау (1 сағат).

46. «Экономикалық теорияға кіріспе» (5 сағат):

«Ресурстық нарық және нарықтық кірістерді қалыптастыру» (2 сағат), еңбек нарығы, еңбек нарығының ерекшеліктері (қызметтері, субьектілері, компоненттері), еңбекке деген сұраныс, еңбек ұсынысы, жалақы факторлық кіріс ретінде, номиналды және шынайы жалақы, жалақы ставкасының дифференциациясы, еңбек нарығындағы кәсіподақтардың рөлі, еңбек биржасы және оның қызметтері;

«Кәсіпкерлік қызмет негіздері», кәсіпкерлік өндірістің факторы ретінде, кәсіпкерліктің субъектілері мен обьектілері, оның дамуының мақсаттары мен факторлары, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

«Ұлттық экономика және оның динамикасы» (2 сағат), экономикалық дамудың негізгі принциптері, ұлттық экономиканың айналымы (ресурстар, өнімдер мен кірістер), ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері (ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім);

«Экономикалық өсімнің ерекшеліктері», экономикалық өсім (мәні, типтері, факторлары, көрсеткіштері, әлеуметтік-экономикалық салдары), макроэкономикалық тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдығы), инфляция және жұмыссыздық, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мәні, ұлттық экономиканың мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері;

қайталау (1 сағат).

47. «Заңға кіріспе» (7 сағат):

«Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет» (4 сағат), құқықтық мемлекет ұғымы мен оның белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, тәсіл және нәтиже ретінде, құқықтық мемлекет дамуының тарихи кезеңдері, құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам;

«Қазақстан республикасындағы мемлекеттік билік органдары», мемлекеттік билік ұғымы, Қазақстан Республикасының Президентінің құқықтық статусы, Парламенттің, Өкіметтің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің қызмет етуі мен қалыптасуының тәртібі, әділеттілік және сот билігі, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар;

«Құқық қорғау органдары», құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдасу негіздері, құқық қорғау органдарының түрлері, мемлекеттік қызмет принциптері, құқық қорғау қызметінің принциптері, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері;

«Азаматтардың құқықтық мәдениеті, құқықтық мінез құлық және заңды жауапкершілік» (2 сағат), құқықтық сана және құқықтық мәдениет, құқықтық сана және азаматтардың құқықтық мәдениеті, құқықтық сана ұғымы, оның деңгейінің түрлері, құқықтық идеология мен құқықтық психология, құқықтық мәдениеттің мазмұны мен деңгейлері;

«Құқықтық мінез құлық, құқық бұзушылық, заңды жауапкершілік», құқықтық мінез құлық (ұғымы, құрылымы, формалары), құқықтық мінез-құлық түрлері, құқық бұзушылық ұғымы мен оның құрамы, құқық бұзушылықтың түрлері, заңды жауапкершілік (ұғымы, белгілері мен оның негіздемелері), заңды жауапкершілік принциптері;

қайталау (1 сағат);

48. Қорытынды қайталау (2 сағат).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет