1-сурет. Республикалық «Отбасылық тәрбие» ғылыми-практикалық журналы
Журнал ата-аналар мен педагогикалық қоғамды ақпараттандыруды мақсат етеді. Бүгінде журнал мұғалімдердің, ата-аналардың қызығушылығын оятып, қоғамның да сұранысына ие болды.
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында «Асыл сөз» мектебі бар.
«Асыл сөз» мектебі – шешендік өнердің негіздеріне баулитын және қарым-қатынас шеберлігін шыңдайтын тиімді курстар мен коммуникативтік тренингтер;
«Тиімді тілдік орта» ойын алаңы – демалыспен ұштастырылған қазақ тілін оқыту алаңдары, ұлттық және спорттық ойындар, байқаулар өткізеді.
Еліміздегі кейбір білім беру ұйымдарында отбасылық тәрбиеге қатысты жобалар «Рухани жаңғыру» аясында эксперимент түрінде жүргізіліп келеді. Бұл жобалардың авторлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын өз бетімен жүзеге асыруға ынталы адамдар. Олар білім беру саласында ұзақ жылдар жұмыс жасаған білікті мамандар, ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздар. Ынталы жандар өз тәжірибелеріне сүйене отырып сұранысқа сай жобалар (8-кесте) әзірлеген.
8-кесте – Астаналық білім беру ұйымдарындағы авторлық жобалар
№
|
Жоба атауы
|
Мақсаты
|
Білім беру ұйымы
|
1
|
«Тау тұлға»
|
Ғұламалардың өмірі мен қызметін, шығармашылығын, танымал еңбектерін, сонымен бірге, сол қоғамның мәдени құндылықтарын, адамгершілік ұстанымдары мен дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына дарытып, рухани жан дүниесін жаңғырту
|
2, 8, 23, 42,
48, 56 мектептер
|
2
|
Музей ұлағаты
|
Ұлттық құндылықтарды және музей бағытын негізге ала отырып,е қала оқушыларының бойында патриотизмді қалыптастыру
|
40, 37,
52, 61 мектептер
|
3
|
«Сазды Сарыарқа»
|
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы, қазақ фольклоры мен музыкасының негізін сақтап қалу және жас ұрпаққа насихаттау
|
№17, 25, 66, 81, 83 мектептері
|
4
|
«Тарихы тасқа қашалған»
|
Өскелең ұрпаққа ескерткіштеріміздің пайда болу тарихын таныстыра отырып, рухани-мәдени құндылықтарды бойларына сақтау және арттыру
|
15, 18, 19, 21, 35 мектептері
|
5
|
«Қолөнер-өркениет керуені»
|
Заманауи технологиялар арқылы ескірген қолөнерімізді жаңғыртып, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау
|
4, 20, 26, 41, 58, 68, 70, 77, 82, 87 мектептері
|
6
|
Жерұйық
|
Оқушылар бойында өз елінің тарихи қасиетті жерлерін білуге, рухани қастерлі жерлеріміздің тарихын зерттеуге, құндылығын айқындауға бағыттау
|
69, 9, 47 мектептері
|
7
|
«ZEREK» дарынды балаларға арналған класс
|
Қазақ халқының ұлттық ұндылықтарымен тәрбиелей отырып, дарынды, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, мәдениеті жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру мақсатында класс ашу
|
53 мектеп
|
8
|
«Алмас қылыш» ұлттық ойындар
|
Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлерін насихаттау
|
Шығыс, 46, 32, 86, 44, 13 мектептері
|
9
|
«Астау
FEST: Ұмытылған
ұлттық тағамдар»
|
Жас ұрпақтың санасында қазіргі заманғы және ұмытылған қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы білімді қалыптастыру.
|
КОПИС
30, 55, 28 мектептері
|
10
|
«Отбасы тірегі»
|
Отбасы құндылықтары мен әкенің отбасындағы және қоғамдағы рөлін нығайту үшін мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға ықпал ету
|
М.Өтеміс-ұлы атындағы оқушылар сарайы
|
11
|
«Сыр сандық» жасөспірімдер киножурналы
|
Оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтарды, сұлулық пен үйлесім сезімін бекітетін әлеуметтік роликтерді, қысқаметражды фильмдерді жасау арқылы тәрбиелеу
|
84 мектеп, Оқушылар сарайы
|
12
|
«Қазақтың 100 фильмі
ұрпақтар жадында»
|
Қазақ киносы арқылы ұлт мұраты
мен елдік идеяны насихаттау
|
74 мектеп
|
13
|
«Master ART»
|
Балалардың бойына қазақ
халқының мәдениеті туралы танымдық қызығушылығын қалыптастыру
|
57, 64, 43, 38 мектептері
|
14
|
«Qazaq bıi – Rýhanı qazyna»
|
Қазақтың ұлттық биін жандандырып, Қазақ халқының
рухани өмірін ұлттық биді жандандыру арқылы қалыптастыру
|
60 мектеп
|
15
|
«Халық ауыз әдебиеті кейіпкер-лерінің заманауи келбеті»
|
Ертегі кейіпкерлері арқылы оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу
|
59, 33, 12 мектептері
|
16
|
«Wikipedia және мәдени мұра»
|
Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау мақсатында
«Wikipedia» клубын ашу
|
22, 5, 1, 50, 36 мектептері
|
17
|
«Сөз құдіреті»
|
Қазақстандық жазушылардың шығармаларын және халық ауыз әдебиетін сақтау және насихаттау
|
«Астана Дарыны» орталығы
|
18
|
«Салтың санаң, ғұрпың ғұмырың, дәстүрің дәулетің»
|
Өскелең жас ұрпаққа көнерген
салт-дәстүрімізді үйретіп, қолданысқа енгізу
|
54, 65, 34, 10, 80 мектептері
|
19
|
«TULPAR»
|
Этникалық киіз үй лагері
оқушыларға Қазақстан халқының әдет ғұрыптар мен салт дәстүрлерін, байырғы тұрмыс-тіршілігін қоршаған ортамен ұштастыра таныту
|
Жас саяхатшы-лар орталығы
|
20
|
«Күмбірлеген домбыра үні»
|
Қалалық домбыра байқауы
Өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық аспаттарды насихаттау
|
№1 Балалар музыка мектебі
|
21
|
«Туған жерім, қасиетті мекенім»
|
Оқушыларға көркемдік-шығармашылық ойын қалыптастыру, ұлттық мақтаныш сезімін ояту, эстетикалық талғамын ұштау
|
78 мектеп
|
22
|
«Ұлттық қолөнер- тәрбие көзі»
|
Тоқыма, сүйек өңдеуден шеберлік-класс ашу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу
|
78 мектеп
|
23
|
«Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер»
|
Ата-аналар арасында интеллектуалдық сайыс.
Мектеп - отбасы - бала қарым -қатынастың тиімді модельдерін іздестіру
|
78 мектеп
|
24
|
«Ұрпақтан ұрпаққа»
|
Даланың ұлы тарихи
тұлғаларының өмірі мен мұраларын зерттеу және насихаттау
|
«Астана Дарыны»
|
25
|
«Түркі әлемінің өнері»
|
Түркі мәдениетін, түркі тілдес елдердің мәдениетін зерделеу
|
78 мектеп
|
26
|
«Өркендеу»
|
Жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңдіре отырып, біліммен қаруландыру
|
40, 51, 52, 54, 56, 64,
67, 68, 79 мектептер
|
27
|
«Отаны бірдің - рухы бір»
|
Жастарды,әлеуметтік серіктестерді еріктілер ретінде қайырымдылық шараларға жұмылдыра отырып,азаматтық ұстанымдары мен әлеуметтік белсенділіктерін қалыптастыру
|
Техника-лық шығарма
шылық орталығы
|
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады», – деген сөзін басшылыққа ала отырып Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты, «Алдаспан» батырлар қорымен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп, жас ұрпақтың бойында адамгершілік, ұлттық дәстүрге негізделген ізгі қасиеттерді, имандылықты және патриотизмді қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүргізіп келеді. Осындай бірлескен жұмыстарының бірі – жас ұрпақтың бойында ұлттық, оның ішінде отбасы құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Өркендеу» пилоттық жобасы.
Бұл жоба Алматы қаласында Қ.А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында, М.Әуезов атындағы №128 ЖББМ, М.Базарбаев атындағы №138 мектеп-гимназиясында, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қ.Орымбетов атындағы орта мектебінде және Нұр-Сұлтан қаласындағы 9 мектепте жұмыс жүргізіп келеді.
«Өркендеу» жобасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көзделген «Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету» жөніндегі 1.6. - міндетін жүзеге асыру шеңберінде жүргізіледі.
«Өркендеу» жобасының мақсаты:
кемеңгер Абайдың «толық адам» тұлғасына сай ұлттық дүниетанымы жаңғырған, жаңарған, жаңа өмірге бейім ұрпақ тәрбиелеу;
– мектептерде класс жетекші, оқушы, ата-ананың үштік одағын құрып, білім алушылардың ұлттық отбасылық құндылықтарға оң бағдарын қалыптастыру.
Міндеттері:
– мектептерде білім алушылардың отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі тәрбие (ата, әже, әке, ана, аға, жеңге) мектептерін құру;
– класс бойынша «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын арнайы 7 тәрбие бағыты бойынша жүзеге асыру;
– мектептердің тәрбие жүйесін насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында оқу-әдістемелік құралдар шығару.
Класс жетекші, оқушы, ата-ананың үштік одағы – білім алушылардың ұлттық отбасылық құндылықтарын қалыптастырады.
Нәтижесі:
– салт-дәстүрге жүйрік, шежіреге жетік, туыстық атауларды білетін, бауырмал, инабатты, иманды, арлы, адал, ұлттық рухы биік ұрпақ тәрбиеленеді.
«Өркендеу» пилоттық жобасының әдістемелік нұсқаулығы
Білім берудегі тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, мектепұланбасы, тәлімгер, класс жетекшілер бірлестігінің жетекшісі «Өркендеу» жобасын жүзеге асыру бойынша әдістемелік нұсқаулықты зерделеп оқып, танысады.
Тәлімгер барлық кластағы топбасшыларға, кластағы оқушыларға түсіндіреді. Класс жетекшілері кластағы оқушылардың ата-аналарын хабардар етеді. Оқушы, ұстаз, ата-аналардың барлығы танысып болған соң, жұмысқа бір кісідей жұмылады.
Оқу жылы аяғына дейін жүргізілген жұмыстарды қорытындылап, нәтижелерін жинақтау, тәжірибе алмасу мақсатында оқу-әдістемелік құралдар шығару үшін «Өркендеу» жобасының жұмысшы тобы құрылды. «Өркендеу» жобасының жұмысшы тобы мүшелеріне 9 адам қабылданды.
Мектеп бойынша мектепұланбасы мен тәлімгер тоқсан сайын «Мектептің рухани жаңғыру жетістігі» қабырға газетін шығарып отырады.
Класс бойынша ата-ана, оқушы және класс жетекшісі үштік одағының жұмысы 3 бөлімді қамтиды:
1.«Өркендеу» ұлттық тәрбие мектептерінің (ата, әже, әке, ана, аға, жеңге) класс деңгейіндегі жұмысына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жауапты.
2.«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларының 7 бағытының класс деңгейіндегі жұмысына тәлімгер жауапты.
3.Класс жетекші жұмысына Жетекшілер бірлестігі жауапты.
1-БӨЛІМ. «Өркендеу» ұлттық тәрбие мектептерінің (ата,әже, әке, ана, аға, жеңге) класс деңгейіндегі жұмысы
Барлық класта оқушылар ата-аналармен бірлесіп «Өркендеу» ұлттық тәрбие мектептерін («Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі») ашады. Класта ата-аналардан «Өркендеу» мектебінің 6 жетекшілерін сайлайды. Олар бойға жиған тәжірибесін өзінің баласы, інісі, қайынсіңлісі, қайнысы, немерелері оқитын кластағы балаларға үйрететін қоғамға танылған ата-аналарды, үлгілі зейнеткер ата-әжелерді, кәсіпкер аға-жеңгелерді т.б. жобаны іске асыруға жұмылдырады.
Жүректен сөйлеген шын сөзімен адамның бойын жылытып, денесіне қан жүгіртіп, көңілдің кірбеңінен тазартатын, жүректегі иманын арттырып, рухани азық бере алатын адамдарға ұқсас, мектеп бойынша мұғалімдерден, ата-аналардан және оқушылардан сайланған «Әділ билер» кеңесі мүшелері мектептегі тәртіпке жауапты.
Жетекшілер бірлестігі берілген 6 тақырып бойынша бейнебаянның 6 сценарийі мен 6 тәрбие сағатының жазбаша нұсқасын жазады. Директор бекіткен соң, барлық кластардың класс жетекшілеріне таратып береді. Бейнебаян мен тәрбие сағатының тақырыбы ортақ. (Жас ерекшелігіне байланысты бастауышқа(1-4класс) ертегі т.б. жеңіл тақырыптарды Жетекшілер бірлестігі таңдайды.)
«Өркендеу» ұлттық тәрбие мектептері бойынша белгіленген 6 тақырып:
1.«Ұрпақ тазалығы мен қан тазалығын сақтау» («Ата мектебі»);
2.«Бабалар мұрасы – ұрпаққа аманат» («Әке мектебі);
3.«Әке – отбасы тірегі («Аға мектебі»);
4.«Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» («Әже мектебі»);
5.«Шебердің қолы ортақ» («Ана мектебі»);
6.«Қазіргі қазақ қыздары қандай болуы керек?» («Жеңге мектебі»)
1.«Ата мектебі»
Класс бойынша «Ата мектебі» жетекшісі мен «Ата мектебі» жұмысын жүргізуші оқушы жасұландықтардың «Руханият» бағытының көшбасшысына ақыл-кеңес береді. Жеті ата шежіресін үйретеді. Әр класта ата мен әкелерден сайланған «Әділ билер» кеңесінің мүшелері арқылы қоғамдағы озық салт-дәстүр мен имандылыққа жат әрекеттерге (жат ағымдардан сақтануға.) жаман әдеттерге(арақ ішуге, темекі тартуға т.б.) қатаң және шұғыл тыйым салады.
Класс жетекші әр балаға 7 атасын жаттауға, ата-бабаларының ішінен шыққан батырлардың ерлігі, шешендердің билігі туралы зерттеп, әңгіме дайындауға тапсырма береді. Оқушылар өз ата-бабаларының батырлары мен билері туралы әңгімелейді. Ашық тәрбие сағатына «Әділ билер» кеңесінің ата-аналардан сайланған мүшесі де қатысып, жаман әдеттерден сақтану жолдарын айтады.
1.«Ұрпақ тазалығы мен қан тазалығын сақтау»
Аталармен кездесу тәрбие сағатын фото мен бейнебаянға түсіру (сценарийді класс жетекші береді).
2.«Ұрпақ тазалығы мен қан тазалығын сақтау» тақырыбының жазбаша нұсқасы бойынша Ата мектебінің жетекшісі мен класс жетекшісі бірігіп тәрбие сағатын өткізеді.
2.«Әке мектебі»
Класс бойынша «Әке мектебі» жетекшісі мен «Әке мектебі» жұмысын жүргізуші оқушы «Зерде» бағытының көшбасшысына ақыл-кеңес береді. «Әке мектебі» бойынша балаларды ұл, қыз деп бөлмей көркем мінезді, білімді, жан-жақты ой-өрісі кең, елім, жерім дейтін отаншыл, иманы күшті адам етіп тәрбиелейді.
1.«Бабалар мұрасы – ұрпаққа аманат» фото және бейнебаянға түсіру, (Сценарийін класс жетекші береді).
2.«Бабалар мұрасы – ұрпаққа аманат» тақырыбында «Әке мектебінің» жетекшісі мен класс жетекшісі бірігіп тәрбие сағатын өткізеді.
3.«Аға мектебі»
Класс бойынша «Аға мектебі» жетекшісі мен «Аға мектебі» жұмысын жүргізуші «Зерде», «Салауат» бағыттарының көшбасшыларына ақыл-кеңес береді. Білім алушылардың отбасылық құндылықтарын қалыптастыру үшін отбасында атасы, әжесі, әкесі, шешесі, ағасы, жеңгесі барлығы бірге тұратын толық отбасы таңдалып алынады. Таңдалып алынған өнегелі отбасы мүшелері («Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі) бойынша отбасылық тәрбие көрсетіліп бейнебаянға түсіріледі, презентацияға ұсынылады. Класс жетекшімен бірге Тәрбие сағатын (слайд жасап) класта өткізеді. Бейнебаян пен тәрбие сағатының тақырыбы ортақ. «Аға мектебі» басшылығымен «Абай жолы» эпопеясын класта ата-ана, оқушы, класс жетекші болып жабыла оқиды. Мұхтар Әуезов бұл туындысында оқырманға қаймағы бұзыла қоймаған қазақ халқының өмір сүру салтын, діні мен ділін, қоғамның рухын ашық баяндайды. (Таңдалып алынған толық отбасында атасы: 7 атасын, олардың тарихын үйретеді; Әжесі: Абайдың Зере әжесіндей ертегі айтып береді, батырлар жырын жаттады; Әкесі: «Абай жолы» эпопеясын балаларына оқытып, Әке Құнанбайдың дана Абайды тәрбиелеудегі үлгісін басшылыққа алып, балаларды ұл, қыз деп бөлмей, отаншыл, күшті адам етіп тәрбиелейді; Шешесі: Абайды дәретпен емізген Ұлжан анадай, отбасының иесі, лидер етіп Әкені көрсетеді, отбасы мүшелері ӘКЕГЕ БАҒЫНАДЫ. Қызының ашық-шашық жүрмеуін қадағалайды; Жеңгесі: қайын сіңлісіне бір әулеттің келіні болатынын ұғындырады. Ағасы: Қыз балаларды көздің қарашығындай қорғауды мойнына алады.(Нағашы туыстары мен қайын жұртын қосуға болады).
Ұлттық озық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында үлгі ретінде қойылым «Өркендеу» қалалық семинарда (мәжіліс залында) және Наурыз мерекесінде халыққа көрсетіледі.
1.«Әке – отбасы тірегі», «Абай жолы» эпопеясындағы Әке рөлінің көрініс табуы»
Фото және бейнебаянға түсіру (Сценарийін класс жетекші береді).
2. «Абай жолы» эпопеясында Әке рөлінің көрініс табуы» тақырыбында
«Аға мектебінің» жетекшісі мен класс жетекшісі бірігіп. тәрбие сағатын өткізеді.
4.«Әже мектебі»
Класс бойынша «Әже мектебі» жетекшісі мен «Әже мектебі» жұмысын жүргізуші оқушы жасұландықтардың «Отан» бағыты көшбасшысына ақыл-кеңес береді. Аналарға отбасының ұйтқысы екендігін түсіндіріп, әулеттік тәрбие береді. «Ақ әже» кеңесі баланы ана тілі – мемлекеттік тілде оқыту насихатын жүргізіп, немерелеріне ертегілер оқытып, батырлар жырын жаттатады. Ертеңгі өмірдің баянды да бақытты болуын қалаған әрбір ата-ана ұстазға құрмет көрсетуді баласының құлағына құйып отырады.
1.«Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы»
Фото және бейнебаянға түсіру, (Сценарийін класс жетекші береді).
2.«Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында «Әже мектебінің» жетекшісі мен класс жетекшісі бірігіп тәрбие сағатын өткізеді.
5.«Ана мектебі»
Класс бойынша «Ана мектебі» жетекшісі мен «Ана мектебі» жұмысын жүргізуші оқушы «Еңбек» бағытының көшбасшысына ақыл-кеңес береді. Отбасының иесі Әкені баласына Алатаудай биік етіп көрсетеді. Қызына ашық-шашық жүрмеуді, кісіге тіке қарамауды, қыдырмауды, албаты күлмеуді жалықпай айтады. Ісмерлікті, кісі сыйлап қонақ күтуді, астың бабы, дастарханның мәзірін үйретеді.
1.«Шебердің қолы ортақ» (қойылым) Фото және бейнебаянға түсіру, (Сценарийін класс жетекші береді)
2.«Шебердің қолы ортақ» тақырыбында «Ана мектебінің» жетекшісі
мен класс жетекшісі бірігіп тәрбие сағатын өткізеді.
6.«Жеңге мектебі»
Класс бойынша «Жеңге мектебі» жетекшісі мен «Жеңге мектебі» жұмысын жүргізуші оқушы «Экология» бағытының көшбасшысына ақыл-кеңес береді. Жеңгесі қайын сіңлісін сырлас дос тұтып, болашақ өмірлік қосағын айқындауға, орнықты отбасын құруға пайдалы кеңестер береді. Келешекте бір әулеттің келіні болатынын ұғындырып, көркем мінезді болуға баулиды.
1.«Қазіргі қазақ қыздары қандай болуы керек?»
Фото және бейнебаянға түсіру (Сценарийін класс жетекші береді).
2.«Қазіргі қазақ қыздары қандай болуы керек? тақырыбында «Жеңге мектебінің» жетекшісі мен класс жетекшісі бірігіп тәрбие сағатын өткізеді.
ҚОРЫТЫНДЫ:
«Әділ билер» кеңесінің мүшелері әділ қазылық жүргізіп 1 – орын, 2 – орын, 3 – орынға лайықты үш жеңімпаз класты анықтайды.
Оқу жылы соңында 1 – орын, 2 – орын, 3 – орынға лайықты үш жеңімпаз кластағы «Өркендеу» ұлттық тәрбие мектептерінің 18 жетекшілері, 3класс жетекшісі, ата-аналарынан сайланған «Әділ билер» кеңесінің мүшелері, Алғыс хаттарымен және класс ұжымы «Жас Отан» Жастар қанатының 1,2,3 – дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
1 – орын имденген «Өркендеу» ұлттық тәрбие мектептерінің жетекшілері берілген 6 тақырып бойынша 6 бейнебаянды (сценарийімен) және 6 тәрбие сағатының жазбаша нұсқасын (слайдымен) қосып «Мектептегі рухани жаңғырудың жемісі» атты оқу-әдістемелік кітапшаға мектеп бойынша жауапты қазақ тілі мұғаліміне тапсырады. (25 мамырға дейін «Өркендеу» жобасы класс бойынша жүргізіле береді.)
2-БӨЛІМ. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларының 7 бағытының класс деңгейіндегі жұмысы
Оқушылардан сайланған көшбасшылардың класс деңгейіндегі жұмысына тәлімгер мен мектепұланбасы жауапты.
Мектеп бойынша оқушылардан сайланған 7 бағыт көшбасшылары барлық сыныптардағы «Руханият» бағыты, «Отан» бағыты, «Зерде» бағыты, «Жеті жарғы бағыты, «Еңбек» бағыты, «Салауат» бағыты, «Экоәлем» бағыты жұмыстарына басшылық жасайды. Оқушы көшбасшылардың класс деңгейіндегі жұмысы әр класста оқу жылы соңына дейін жүргізіліп, нәтижесі анықталады.
Жетекшілер бірлестігі жеті тақырып бойынша мақаланың жазбаша нұсқасы мен 7 бейнебаянның сценарийін жазады. Директор бекіткен соң, барлық класстардың топбасшыларына таратып береді.
Арнайы белгіленген 7 тақырып:
1.«Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер» – «Руханият» бағыты;
2.«Алпамыс батыр» жырын жаттау – «Отан» бағыты;
3.«Класс бойынша қазақ тілі, тарих, математика пәндерінен білім сайысын өткізу – «Зерде» бағыты;
4.«Тура биде туған жоқ» («Әділ билер» кеңесі арқылы дау-дамайды сотқа жеткізбей реттеу) – «Жеті жарғы» бағыты;
5.«Шебердің қолы ортақ» (Ұлттық қолөнер байқауы) – «Еңбек» бағыты;
6.Интеллектуалды ойын «Алтын сақа» – «Салауат» бағыты;
7.«Қоршаған ортаны қорғау, мектеп ауласын таза ұстау» – «Экоәлем» бағыты;
Топбасшы класта сценарий бойынша бейнебаянға түсіріп, презентацияға дайындалады. Топбасшы өз класында берілген тақырыпта өзін-өзі басқару бойынша класс сағатын (слайд жасап) өткізеді(Бейнебаян мен Тәрбие сағатының тақырыбы ортақ).
Мектепұланбасы барлық класстарда топбасшылардың Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде әзірленген «Өркендеу» жобасының жұмыстарына көмектеседі.
Класс бойынша оқушылардан сайланған «Әділ билер» кеңесі мүшелері класс тәртібіне жауапты.
Топбасшы тоқсан сайын «Кластағы рухани жаңғыру жетістігі» атты қабырға газетін шығарады.
1.«Руханият» бағыты
«Руханият» бағыты көшбасшысы «Жеті ата» шежіресін үйренеді, ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін батыр бабаларының, би-шешен аталарының тарихын зерттеп, «Алдаспан» журналында жариялайды (Индекс75617). Ата-аналармен бірлесіп «Өркендеу» жобасының жұмысын (кездесу, дөңгелек үстел т.б.) жүргізеді. Жоспарлы түрде имандылық сабақтарын (пікірталас, әңгіме т.б.) жүргізу арқылы өзін-өзі жетілдіріп, суицидтің алдын алады, өз-өздеріне мотивация мен рухани азық жинайды.
1.«Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер»
Фото және бейнебаянға түсіру, (Сценарийін топбасшысы береді).
2.«Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында
топбасшы дайындалып келген оқушылармен класс сағатын өткізеді.
2.«Отан» бағыты
«Отан» бағыты көшбасшысы «Батыр бабалардан өнеге» атты батырлар жырын жаттатудан жарыстар өткізеді. Ел қорғаған ұлт батырларының, халық каһармандарының, отаншыл қайраткерлердің, алаш арыстарының т. б. ерлігін өнеге етеді.
«Алпамыс батыр» жырын жаттау.
Бейнебаянға түсіріп, Инстаграм әлеуметтік желісінде #Жасұланұйымы, #Өркендеужобасы, #Батырларжыры хэштегтерімен жариялау.
«Туған өлке батырлары» тақырыбында жазылған үздік шығарма жұмысын «Отан» бағытының көшбасшысы «Алдаспан» журналына жариялауға жібереді.
3.«Зерде» бағыты
«Зерде» бағыты көшбасшысы «Шешендік өнер» және «Қазақша жыл қайыру» сайысын өткізеді.
Класта қазақ тілі, тарих, математика пәндерінен білім сайысын өткізуге және мектепішілік, қалалық, республикалық олимпиадаларға, білім фестиваліне қатысуға күнделікті дайындалады.
«Аға мектебі» жетекшісі жас түлектерді бейімділігіне қарай мамандық таңдауына және компьютерлік, цифрлық сауаттылықты игеруіне, дамытуына көмектеседі.
Студенттердің еріктілер тобы (волонтерлер) дарындыларды дүниежүзілік олимпиадаларға дайындайды. Үздік оқитын белсенді «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшесі үлгерімі төмен оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектеседі, бастауыш класс оқушыларына жан-жақты ағалық көмегін көрсетеді.
1. Класс бойынша қазақ тілі, тарих, математика пәндерінен білім сайысын өткізу,
Фото және бейнебаянға түсіру, (Сценарийін топбасшысы береді).
2. Класс бойынша өткізілген білім сайысының жазбаша нұсқасын «Зерде» бағытының көшбасшысы «Алдаспан» журналына жариялауға жібереді.
4.«Жеті жарғы» бағыты
«Жеті жарғы» бағыты көшбасшысы құқықтық сауаттылықты арттырады. «Әділ билер» кеңесі арқылы қарттар үйі мен балалар үйінің санын азайту. Қыз баланы ел намысындай қорғау. Республикалық ардагерлер кеңесі, Қамқоршылар кеңесі, Әйелдер-қыздар секторымен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін кездесулер өткізу, адам және оқушы құқықтарын білу. Кластағы оқушылардың тәртіп мен білімге жауапкершілігін талап ету, қадағалау. Ұстаздардың мәртебесін көтеріп, әлсізге әлімжеттік жасауға тыйым салу.
1.«Тура биде туған жоқ» («Әділ билер» кеңесі арқылы дау-дамайды сотқа жеткізбей реттеу»),
1. Фото және бейнебаянға түсіру, (Сценарийін топбасшысы береді).
2. «Тура биде туған жоқ» тақырыбында өткізілген класс сағатының жазбаша нұсқасын «Жеті Жарғы» бағытының көшбасшысы «Алдаспан» журналына жариялауға жібереді.
5. «Еңбек» бағыты
«Еңбек» бағыты көшбасшысы ұлттық қолөнерді, тағамды, киімді насихаттауды үлгі етеді.
Алаш баласы анасын айырықша ардақтаған. Бала үйде ата-анасына көмектесіп, жастайынан еңбекке, үй шаруасына бейімделіп, жауапкершілікті сезінген. Анасы баласына «жаман болады», «ұят болады», «обал болады» деген тыйым сөздердің мағынасын түсіндіреді.
1.«Шебердің қолы ортақ» (Ұлттық қолөнер байқауы ,
Фото және бейнебаянға түсіру, (Сценарийін топбасшысы береді).
2.«Шебердің қолы ортақ»(Ұлттық қолөнер байқауы тақырыбында өткізілген класс сағатының жазбаша нұсқасын «Еңбек» бағытының көшбасшысы «Алдаспан» журналына жариялауға жібереді (Индекс75617).
6. «Салауат» бағыты
«Салауат» бағыты көшбасшысы денсаулық сақтауды, дұрыс тамақтануды, ұлттық спортты дамытуды және этносаралық толеранттылықты нығайтуды жүзеге асырады.
1.Интеллектуалды ойын «Алтын сақа»
Фото және бейнебаянға түсіру, (Сценарийін топбасшысы береді).
2.Жазбаша нұсқасын «Алдаспан» журналына жариялауға жібереді.
7.«Экоәлем» бағыты»
«Экоәлем» бағыты көшбасшысы аулада ағаш отырғызуға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға, ауланы, мектепті, ауылды, қаланы таза ұстауға, жасылдандыруға аянбай үлес қосуға жетекшілік етеді. Туған өлке тарихын зерттеп, эссе жазады.
1.«Қоршаған ортаны қорғау, мектеп ауласын таза ұстау» сенбілік өткізу.
Фото және бейнебаянға түсіру, (Сценарийін топбасшысы береді).
2.Туған өлке экологиясы туралы жазылған үздік шығарма жұмысын
«Экоәлем» бағытының көшбасшысы «Алдаспан» журналына жариялауға жібереді(Индекс75617).
ҚОРЫТЫНДЫ:
Әр класс топбасшысы өз класында тәлімгер және мектепұланбасының ұйымдастыруымен «Өркендеу» презентациясын өткізеді.
«Әділ билер» кеңесінің мүшелері әділ қазылық жүргізіп 1 – орын, 2 – орын, 3 – орынға лайықты үш жеңімпаз классты анықтайды.
Оқу жылы соңында 1 – орын, 2 – орын, 3 – орынға лайықты үш жеңімпаз кластағы 3 топбасшыны, 3 класс жетекшілерін Алғыс хаттарымен және 3 класс ұжымын «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 1, 2, 3 – дәрежелі дипломдарымен марапаттайды.
1 – орын, иемденген көшбасшылар 7 бейнебаянды (сценарийімен) және 7 тәрбие сағатының жазбаша нұсқасын (слайдымен) қосып, сауалнама жүргізіп, талдау жасап, т.б. жұмыстарын біріктіріп қосады да «Мектептегі рухани жаңғырудың жемісі» атты шығатын оқу-әдістемелік кітапшаға мектеп бойынша жауапты қазақ тілі мұғалімі тапсырады.
3-БӨЛІМ. Класс жетекшінің класс деңгейіндегі жұмысы
Жетекшілер бірлестігі класс жетекшінің класс деңгейіндегі жұмысының дұрыс жүргізілуіне жауапты («Өркендеу» жобасының жұмысы әр класста оқу жылы аяғына дейін жүргізіліп, нәтижесі қорытындыланады).
Класс жетекшісі:
1.«Өркендеу» ұлттық тәрбие мектептерінің (ата, әже, әке, ана, аға, жеңге) класс деңгейіндегі жұмысына көмектеседі;
2. Оқушылардан сайланған көшбасшылардың класс деңгейіндегі жұмысына жетекшілік етеді;
3.«Мінсіз класс моделі» презентациясын өткізеді;
4.Класс жетекші тәрбие сағаттары мен ашық сабақта өткізілетін тақырыптарды класс жоспарына кіргізеді: «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге», «Сәлем – сөздің анасы», «Ата-ананы құрметтеу», «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет», « «Ибалы қыз», «Мейірімді әке», «Ата пейілі», «Ақ әже», т», «Ұстаз ұлағаты», «Отбасындағы әке беделі», «Туысқандық қарым-қатынас» т.б. Класс сағаты арқылы ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеледі.
Класс жетекшісі, оқушылары, ата-аналары үштік одақ болып, белсенділікпен «Өркендеу» жобасын жүзеге асырып, ағымдағы оқу жылы аяқталғанда жұмыс нәтижесі бойынша «Класстағы рухани жаңғырудың жемісі» атты оқу-әдістемелік кітапшаға енгізу үшін:
1-бөліміне ата-аналардан сайланған 6 ұлттық мектеп жетекшілері («Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі») жұмысын;
2-бөліміне оқушылардан сайланған көшбасшылардың класс деңгейіндегі жұмысын;
3-бөліміне класс жетекшісі жұмысын дайындап рухани жаңғыруды жүзеге асырудағы жұмыстарының жетістіктерін, сауалнама нәтижесін, шығармашылық еңбектерін, мақалаларын жинақтап, кітапшаға жауапты кластағы қазақ тілі мұғаліміне тапсырады.
ҚОРЫТЫНДЫ:
«Әділ билер» кеңесінің мүшелері әділ қазылық жүргізіп 1 – орын, 2 – орын, 3 – орынға лайықты үш жеңімпаз класс жетекшіні анықтайды.
Оқу жылы соңында 1 – орын, 2 – орын, 3 – орынға лайықты (барлық класс жетекшілері ішінен) үш жеңімпаз класстың 3 класс жетекшісі және мектеп басшысы мен 2 орынбасары, класс бірлестігі жетекшісі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі басшысы мен Білім басқармасы атынан Алғыс хаттарымен марапатталады.
1 – орын, иемденген класс жетекші жұмыстарын «Мектептегі рухани жаңғырудың жемісі» атты шығатын оқу-әдістемелік кітапшаға енгізу үшін, мектеп бойынша жауапты қазақ тілі мұғаліміне тапсырады.
Бұл жоба түрлі тренингтер, семинарлар, шеберлік сағаттары өткізіліп келеді. Жоба бойынша материалдар қосымшада берілген. (Қосымша 2).
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы аға тәлімгер мен класс жетекшінің бірлесіп сабақтан тыс жұмыстар арқылы отбасылық құндылықтарды қалыптастыра алады. Бұл әдіс ауысым алдында немесе салтанатты сап түзеу сәттерін де жүргізіледі. Ең бастысы мектеп жалпы қатысып, классаралық бәсеке туындауы тиіс. Бұл жұмысты аға тәлімгер, класстағы «Жас ұлан» ұйымының белсенділері, класс жетекшілері тартылады (9-кесте). Алдымен әрбір классқа құндылықтар беріледі.
Класс
|
Құндылықтар
|
Класс жетекші
|
Аға тәлімгер
|
1
|
Ынтымақтастық, достық, бауырмалдық
|
Ауысым алдында
|
Салтанатты сап түзеуде
|
2
|
Сүйіспеншілік. Отанға, адамдарға, отбасыға, табиғатқа, достарға, білімге
|
3
|
Отанға, ата-анаға, үлкендерге, өзіңе, табиғатқа, өзгелерге деген құрмет
|
4
|
Әдептілік. Үйде, мектепте, қонақта, қалада, асханада, көшеде.
|
5
|
Жомарттық, қайырымдылық, кішіпейілділік, қанағат, рақым, қамқорлық
|
6
|
Әділдік, шыншылдық, ақиқат
|
7
|
Адалдық. Қоғамға, досқа, мамандыққа
|
8
|
Денсаулық, тән, жан, табиғат, қоғам тазалығы
|
9
|
Еңбекқорлық, төзімділік, табандылық
|
10
|
Азаттық, Тәуелсіздік, бостандық
|
11
|
Батылдық, жаниқярлық, ерлік, Отан қорғау
|
9-кесте – Құндылықтармен мектепішілік жұмыс.
Әрбір класс осы құндылыққа сәйкес тақпақ таңдап оны белсенді оқушының көмегімен жаттайды (10-кесте).
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз.
|
1-сынып.
|
2-сынып
|
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем
|
Атам менің әманда
Бол дейтұғын тілалғыш.
Асыл сөзі санамда –
Алып жүрмін кіл алғыс.
Үлкеннің де кішінің
Айтқан тілін аламын.
Істеп бәрін ісінің,
Көңілдерін табамын.
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Жүрем әділ жолменен.
Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа
Тек шындықты көздеймін
|
Атам менің әманда
Бол дейтұғын бауырмал.
Мынау байтақ ғаламда
Қаншама дос, бауыр бар.
Ақ, сары деп, қара деп,
Бөлуіңді білмеймін.
Жаралған сол бала боп,
Барлығың да бір деймін.
|
5-сынып
|
6-сынып
|
Жасұланды ел танысын,
Көтеріңдер оң қолды! (оң қолдарын көтереді)
Мың алғысқа дайынсың сен,
Көтерейік сол қолды! (сол қолдарын көтереді)
Көрсін әлем, есті әлем,
Өскелең елдің Жасұланын! (шапалақ)
|
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар елі бар
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз еріміз
|
7 класс
|
8 класс
|
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің
Ұланымның туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің
|
Ж – жастық жігері жалындаған
А – айбынды армандары асқақтап
С – салауаттылықты саналарына серік етіп, самұрықтай самғаған
Ұ – ұлардай ұзаққа ұшуға ұмтылып,
Л – лағылдай лапылдап лаулаған
А – ар менен абыройды адал ақтап
Н – намысты, нар мінез нағыз –
жасұландармыз біз!
|
9-сынып
|
10-сынып
|
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.
|
Ұлы дала – ұлылардың даласы,
Өмір сүрген даналардың данасы.
Ағайынды алты Алаштың баласы – Алтай менен Атыраудың арасы
|
11-сынып
|
10-кесте – Класс бойынша берілетін тақпақтар үлгісі.
Бұл тақпақты білім алушылар сап түзеу сәтінде күнделікті жаппай жатқа айтып тұрады. Нәтижесінде санасында берік ұялайды. Бұл тақпақтар үлгі ретінде берілді, оны әр тоқсанда ауыстыруға болады. Осындай әдіспен, құндылықтарды әрбір тоқсанда өзгертіп отыруға болады. Бір класс оқу жылында 4 құндылықты жаттаған болса, 11 жылда кемінде 30 құндылықты санасына тоқып шығады.
Қоғамның негізін қалайтын отбасы болғандықтан, жастар мен балалар тәрбиесіне әкенің үлесін күшейтуді уақыт талап етіп отыр. Абыройлы міндетті атқаратын «Өркендеу» пилоттық жобасынан басқа да ұйымдар бар. Бұл ұйымдар мемелкеттік емес ұйымдар қатарында. Білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып отбасылық тәрбие мәселесін жүзеге асырады.
«Әкелер кеңесі». Жастар мен балалар тәрбиесіне әкенің үлесін күшейту мақсатындағы еліміздегі жалпы білім беретін орта мектептерде «Әкелер кеңесі» ұйымдастырлған. Әкелер кеңесі қызметі Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативті-құқықтық актілерімен іске асады [43]. (Қосымша 3).
«Ата-аналар мектебі». Елімізде «Әкелер мектебінен» бөлек «Ата-аналар мектебі» құрылған. Zhastar.KZ жобасы шеңберіндегі «Ата-аналар мектебі» мақсаты: ата-аналарды арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған мемлекет тарапынан болатын қолдау түрлері туралы ақпарат, баланы үй жағдайында дұрыс дамыту мәселелері, отбасындағы кризистік және материалдық мәселелердің шешімдері жайлы кеңес беру болып табылады.
Тәрбие жұмысына техникалық қызметкерлердің атсалысуы. Бұл жұмысқа мектеп әкімшілігі бастамашыл болуы тиіс. Оның алғашқы қадамы мектеп қабырғасына техникалық қызметкерлердің суреті қойылған стенд жасаймыз. Екіншісі, мектеп директоры мен тәрбие ісінің меңгерушісі әрбір қызметкерлерді класқа ертіп әкеліп білім алушылармен таныстырғаны зор ықпалы тигізеді. Таныстыруда мәтін мазмұны мынау; – Қымбатты балалар, бұл еден жуушы Ажар апай!. Мектебіміздің жарқырап тұрғаны осы апаның еңбегінің арқасы. Ол мектепке ерте келіп, біз келгенше жарқыратып жуып қояды. Сол үшін рахмет айтып, үнемі амандасып жүретін болайық! –деп балаларға құрмет көрсетудің себебін түсіндіреді. Барлық техникалық қызметкерлер осылай таныстырылуы керек.Оқу жылының басында жүргізілетін бұл шара мектепте балаларды жалпыадамзаттық құрмет құндылығын қалыптастыруға ықпалы зор.
Мемлекет басшысы биылғы жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялады. Осыған байланысты елімізде еріктілер қозғалысы кең қанат жайды. Әр түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Ата-ана мен баланың қатынасына, ынтымағына ықпал ететін шаралар ұйымдастырылуда. Осы мақсатта көптеген тәрбиенің тиімді тәсілдері жүзеге асырып келеді. Олардың қатарына жатады:
«Менің әкем – волонтер» еріктілер қозғалысын ұйымдастыру.
Мектептегі техникалық қызметкерлерді тәрбие жұмысына араластыру.
Қаңтар айында қардың қалың түсуі мен коммуналдық қызмет жұмысшы-ларына қолдау көрсетуге байланысты «Біз біргеміз» және «Менің әкем волонтер» қалалық челленджі бастау алды.
Аталмыш челленджге елордалық білім беру мекемелерінің ерікті әкелері мен балалары қатыса алады. Қазіргі таңда 40-тан астам білім мекемесі қайырымдылыққа бағытталған бұл челленджге қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл іс-шара ақпан мен сәуір айлары аралығында жүзеге асатын болады. Челленджге қатысушылар өздері жасаған бір қайырымды істі бейнекамераға түсіріп, инстаграмм ғаламтор желісіне ортақ хэштегпен салды. #Бізбіргеміз!, #МеніңӘкемВолонтер #ОтбасыТірегіӘке хэштегтерін белгілеу арқылы барлық челлендж қатысушылары белгілі болады. Бұл челленджге ел Президенті қолдау көрсетіп, алғысын айтты.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Махамбет Өтеміс атындағы оқушылар сарайына келуші оқушылардың әкелеріне «Әкем-Құтқарушы», «Әкем-батыр», «Папа-продюсер, «Әкем-Отан қорғаушы» номинациялары жыл сайын табысталып тұрады.Бұл баланың әкеге деген құрметін арттыра түсетіні рас.
«BILIM FOUNDATION» қоғамдық қоры [44].
Жоба мектептер мен колледждерде оқитын жастарда салауатты өмір салтын қалыптастыру мен әлеуметтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
– Бұл мақсатқа жетуде жоба оқушыларға арналған мультимедиялық материалдар ұсынады және ата-аналарға маңызды ұсынымдар мен кеңестер береді;
– Психолог, жалпы тәжірибе дәрігерлері мен психиатрия саласының дәрігерлерін оқытады;
– БАҚ және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірігіп қызмет жасайды.
Қоғамдық қордың интернет порталында білім алушыларға, ата-аналарға, ұстаздарға арналған мультимедиалық материалдар берілген.
Білім алушыларға. Порталда білім алушыларға мультимедиалық материалдар берілген. Бұл материалдар жастардың өзін еркін араласу, салауатты өмір салтын ұстану және қиын жағдайларда өзін қорғау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ, берілген материалдар мамандық таңдауда да жол сілтейтін көмекші құрал бола алады.
Порталдағы мультимедиалық материалдар тақырыптары:
Біз неге ашуланамыз?
Жасөспірімдердің ересектерге арналған мессенджі.
Өз көңіл күйінді қалай басқаруға болады?
Отбасы. Отбасыңды құруға дайынсың ба?
Ерте жүктіліктің жасырын жақтарын білесіз бе?
Ата-аналарға. Бұл жоба ата-аналарға балалармен жақсы қарым-қатынас орнату және балаларының бойында өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту үшін жаңа білім алуға көмектеседі.
Сұхбаттар, әкімшілік қолдауымен әзірленген әртүрлі тақырыптардағы бейнебаяндар орналастырылған.
«Сіздің балаңыз үшін мамандықты кім таңдайды?»;
«Өмір сақшылары»;
«Балаларымызды қорғайық!»;
«Мен бәрін жеңемін»;
«Ұялы телефонға тәуелділік»;
«Дабыл»;
«Балаңды қаншалықты жақсы білесің?;
«Перфекционизм»;
«Өзін-өзі бағалау»;
«Әлеуметтік үрей»;
«Сен агрессияны қалай жеңесін?»;
«Буллинг», «кибербуллинг», «ашу», «кәсіптік бағдар беру», «депрессия» т.б.
Сайт беттерінде бала тәрбиесі туралы материалдар орналастырылған.
Ұстаздарға. Бұл бөлімде ұстаздар білім алушылардағы эмоциялық өзгерістерді дер кезінде байқап, жағымсыз салдардың алдын алуға мүмкіндік беретін материалдармен таныса алады.
Бұл материалдар жастардың өзін еркін араласу, салауатты өмір салтын ұстану және қиын жағдайларда өзін қорғау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ, берілген материалдар мамандық таңдауда да жол сілтейтін көмекші құрал бола алады.
- «Жыл отбасы» конкурсы, «Үздік отбасылық альбом» шығармашылық жұмыстар фестивалі т.б.;
- «Ұл мен қыз – ұлт намысы» диспуттар, дебаттар, әңгімелер, лекциялар;
- «Болашаққа көзқарас» білім алушының болашаққа хат жазу акциясы;
- қылмыстың алдын алу үшін «Сенім» қоғамдық қабылдау ұйымдастыру.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарлдамасы бойынша республикалық «Отбасы әлемі» жобасы жолға қойылған. Нәтижесінде өңірлерде отбасылық аула клубтары ашылды. Аймақтарда «Жыл отбасы», «Тілге бай отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Спортшы және дені сау отбасы», «Сазды жанұя», «Интеллектуальды отбасы», «Оқымысты отбасы», «Саяхатшы отбасы» конкурстары өткізіліп жеңімпаздары анықталды. Бұл конкурстар отбасы мүшелерін ынтымақ, ауызбіршілікке тәрбиелеп, өнерін шындайды.
Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі, үлгілі, ақылды, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып өсуін ата-ана қадағалайды. «Тәрбие басы тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтылған дана сөздер текке айтылмаса керек. Баланы тәрбиелеуде ата-ананың бір-біріне деген қарым-қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған-туыспен, көрші-көлеммен қалай араласатындығы, келген қонақты қалай сыйлайтыны, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіні бұның барлығы балаға әсер етеді. Бала үлкенге қарап өседі.
Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата-аналар күнделікті өмірде балаларының мінез-құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата-ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |