Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі Болат Бақытбекұлы Байқас



бет4/4
Дата29.03.2020
өлшемі0,49 Mb.
#61001
1   2   3   4
Байланысты:
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы отбасы тәрбиесі


Қорытынды

Жаһандану жағдайындағы елімізде қоғамдық санамыз сілкініске түсті. Тұрмысымызға дендеп енген технологиялық жаңалықтар адами капиталды арттырудың уақыт талабы екенін көрсетті. Терең білім – жарқын болашақ кепілі саналатын заманда тәрбиенің де алатын орны ерекше. Әлімсақтан данагөй бабаларымыз тәрбие мен білімнің егіз екенін ұқтырып кеткен. Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы» дегені тасқа басқан таңбадай мазмұнын жоғалтқан емес.

Ұсынымдаманың алғашқы бөлімінде адам баласының бойына біткен құндылықтар және оның тарихы баяндалады. Антикалық заманнан бастау алатын құндылықтар тарихы ұлы ақын Абай мен ойшыл Шәкәріммен ширатыла түседі.

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей дүние жүзі халықтарының бала тәрбиесін тереңнен үңіліп зерделедік. Шетелдің отбасындағы бала тәрбиесін екшей отырып, әлемге ортақ құндылықтарды анықтадық.

Екінші бөлімде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар көрсетіледі. Олардан отбасылық құндылықтарға қатыстысын жеке топтастырады. Анықталған 21 отбасылық құндылықтардың қасиетіне қысқаша анықтама берілді. Ұлы Абайдың «толық адам» тұжырымын талқылап, оны қалыптастырушы құндылықтары жан-жақты ашып айтылады.

Үшінші бөлімде отбасы тәрбиесі, бала құқығы, ата-ана жауапкершілігі туралы ҚР заңдарының жекелеген баптарына тоқталады. Оқу бағдарламаларындағы пәндер бойынша отбасылық құқық, құндылықтар, бала тәрбиесін қамтыған тақырыптар көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес атқаратын қызметі отбасылық тәрбиені қамтитын қозғалыстар, бірлестіктер, одақтар, институт, ұйымдар тізімі беріліп, олардың қызметінен қысқаша мәліметтер берілген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің төртінші бағыты «Отбасы тәрбиесін» жүзеге асыру механизмдерін толық орындаудың жолдары қарастыралады.



«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай сөзі өз биігінде тұр. Қосымша бөлімінде білім беру ұйымдарында отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың тың әдіс-тәсілдері берілген.

Бұл әдістемелік ұсынымның ата-ана, мектеп және педагогтарға берері мол.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы. 12 сәуір, 2017жыл. http://www.akorda.kz/ru.

  2. Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы. 21 қараша 2018 жыл. http://www.akorda.kz/ru.

  3. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы. 9 қаңтар, 2020 жыл http://www.akorda.kz/ru.

  4. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілді.

  5. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтауы. 8 қыркүйек 2013 жыл. http://www.akorda.kz/ru.

  6. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілді.

  7. Личность. Ценности. Изменяющийся мир / Под ред. Ю. Н. Кулюткина. СПб.: ИОВ РАО, 1998.

  8. Ушинский К.Д. Избранные педагогические произведения. – М., Просвещение, 1968, с.371.

  9. Выготский Л.С.: Собрание сочинений. - М.: Педагогика, 1983

  10. Боярчук Ю.В. Воспитательная работа в японской школе //Педагогика, №8, 1999. С. 85.

  11. Крнета Н. Формы обращения в японской семье. Сайт Института стран Азии и Африки при МГУ [Электронный ресурс]// URL. http://www.komi.com/japanese/from_int/family.htm

  12. https://knigarazuma.ru/article/yaponskoe_vospitanie

  13. Ключарева О. Японская ячейка общества [Электронный ресурс]// URL. http://olga-asia.ucoz.ru/publ/71-1-0-57

  14. https://www.researchgate.net/publication/331116581_The_Character_Formation_of_Children_in_Japan_A_Study_of_Japanese_Children_Textbook_on_Moral_Education_Doutoku

  15. Куликова Т. А/ Семейная педагогика и домашнее воспитание:

Учебник для студ. сред. пед. учеб. заведений. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Издательский центр «Академия», 2000. - 232 с.

  1. . https://interesnoznat.com/kak/kak-vospityvayut-detej-v-ssha.html

  2. https://byharest.ru/chto-znachit-shvedskaya-semya-semya-v-shvecii

  3. Овчинникова С.В. Особенности обычаев и традиций в Великобритании // Молодежный научный форум: Гуманитарные науки: электр. сб. ст. по мат. XVIII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 11(17). URL: https://nauchforum.ru/archive/MNF_humanities/11(17)

  4. https://psibook.com/sociology/traditsii-semeynogo-vospitaniya-v-kitae.html

  5. http://voeto.ru/nuda/osobennosti-semejnogo-vospitaniya-vo-francii/main.html

  6. https://lektsii.org/14-35401.html

  7. https://www.molomo.ru/inquiry/family_canada.html

  8. https://cpm.kz/ru/portal/blogs/?page=post&blog=Alimov_Ashat&post_id=

  9. Әлем елдеріндегі бала тәрбиесі. https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/38693/

  10. Психолого-педагогические основы духовно-нравственного развития личности в этнокультурном пространстве. Науч.изд/под ред. Ж.О.Жилбаева.-Астана: Фолиант,2014,-252 стр.

  11. Ұлттық құндылығын сақтай алмаған елдің ертеңі не болмақ? https://adyrna.kz/post/25632

  12. «Ұлттық салт-дәстүрлер мен халықтың менталитетін ескере отырып, отбасылық тәрбие» республикалық әдістемесі. ҰБА. Нұр-Сұлтан, 2019 ж.

  13. https://alashainasy.kz/til_tas_jarady/bzden-bayagyi-darkandyik-kendk-ashyiktyik-degen-kasietter-ketkel-kashan-112812/

  14. http://bilimdiler.kz/oyin_sayk/kizikti/2597-zhaksy-korshi-tynysyn.html -

  15. http://www.ozin-ozi-tanu.kz/

  16. https://ruh.kz/kz/news/qursaq-shashu-toiynyn-mani-nede/

  17. Жеті атаңды білесің бе?. https://sputniknews.kz/multimedia/Zheti-ata.html

  18. Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген... http://tattialma.kz/post/view?

  19. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B8%D0%B5

  20. kazislam.kz https://kazislam.kz/eislam-175/?lang=ru

  21. 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім

беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. – 440 б.

  1. Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылы 8 қыркүйекте алғаш рет өткізілген «Отбасы күні» атты мерекесінде сөйленген сөзі. http://www.akorda.kz/ru.

  2. http://www.ekbgoo.gov.kz/index.php?site_id=55&mod_id=4&modact=view&item_id=7469

  3. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру түрлері. http://zkoipk.kz/ru/c3/449-conf.html

  4. Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік жұмыстардың негізгі бағыттарын атады. https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-volonterlik-zhumystardyn-negizgi-bagyttaryn-atady

  5. Жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары – ҰБА

  6. Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы-ҰБА

  7. https://infourok.ru/keler-keesini-is-sharalar-zhospari-651263.html

  8. https://zhastar.org/

Қосымша 1

Келісім шартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының ережелерін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне және мектеп жарғысының 9- бабының 1 тармағына сәйкес құрылады.

Ата-анамен келісімшарт

Орта мектебі мен __________ ______ата-ана арасында келісімшарт.

1. Келісімшарт тараулары

1.1 Келісімшарт мекеме директоры мен оқушылардың ата-анасы арасында жасалды.

1.2 Келісімшарттағы шарттарды орындауға екі жақ міндетті.

2. Оқушыларды қабылдау

2.1 Орта мектебіне оқушы ата-аналардың өтініші бойынша қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады /күні,айы,жылы/

2.2 Оқушы _________________________________________қабылданды.

(Аты-жөні, туған жылы, айы )

2.3 Сабақта болатын уақыты 08:00-ден 14:15 – ге дейін 13:30-ден 19:30- ға дейін

2.4 Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Ата-ананың құқықтары мен міндеттері

Оқушының ата-анасы құқықты:

- оқушы туралы кез келген мәлiметтi алуға, пән мұғалiмдерi мен психологтан жеке кеңес алуға;

- мұғалiм келiсiмiмен сабаққа қатысуға, сабақтың қорытындысын талдауға;

- мектептегi кез келген шараларға қатысуға;

- мектептегi өз баласының мүддесiн қорғауға;

- оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын талап етуге;

- бала денсаулығына келтiрiлген зияндықтардың орнын толтыруды талап етуге;

- жұмсалған шығындардың есебiн талап етуге. 



Оқушы ата-анасын

- мектеп пен ата-ана арасында жасалған келiсiм - шартты орындауға;

- мектептiң Жарғы талаптарын орындауға;

- мектептiң материалдық базасын кеңейту мен ұйымдастыруда өз мүмкiншіліктерінше қатысуға;

- мектеп басшыларының өтiнiшi бойынша мектептегi үлкен шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысуға;

Мектеп тарапынан ата-анаға қойылатын талаптар

1. Баланың ар-намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.

2. Баланың оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге, ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі түрде дайындалуға, класстан және мектептен тыс шараларға қатысуға жағдай жасау.

3. Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмау, баланың сабақ үлгерімін қадағалау.

4. Мінез-құлық ережелерін сақтау:

басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;

баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу.

6. Ата-ана тарапынан салауатты өмір салтын сақтау (темекі шекпеу, ішімдік пайдаланбау, нашақорлықпен күресу).

7. Оқушыны сабаққа уақытында таза және ұқыпты мектеп формасымен жіберу (балалардың шаш қойысын ескеру), сабақтан кейін қарсылап алу.

8. Сабаққа кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдар (ұялы телефон, аудио - видеоплеер) әкелуге тыйым салу.

9. Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысуға жағдай жасау.

10. Сабақтан тыс уақытта ата-аналар баланың тәртібіне жауап береді;

11. Баланың кешкі сағат 1000-ден кейін көшеде жүруіне тыйым салынады;

12. Баланы дүкенге темекі, алкогольді ішімдіктерге жұмсауға тыйым салынады;

14. Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлу;

15. Заман талабына сай өзінің діни білімін көтеріп, балаға дұрыс бағыт беру.

16. Егер бала тарапынан әдеттен тыс іс-әрекеттер байқалса, мектепке шұғыл хабарлау.

19. Бiрнеше рет мектеп Жарғысын бұзған, жасы 15-ке толған оқушы мектеп Кеңесiнiң шешiмiмен мектептен шығарылады..

Мектеп оқушыларының құқықтары мен міндеттері

Оқушының құқығы

- Жарғыда кепілдік берілген, мемлекетттік стандартқа сай деңгейде білім алу;

- оқу үрдісі барысында лаборатория, кабинет, аудитория,

кітапхана, есептеу техникасы,асхана, медициналық кабинет қызметтерін пайдалану;

- өздерінің класс бөлмелерін сақтау және оқу-тәрбие үрдісінің сапасына қатысты өз пікірін білдіру;

- мектеп бітірген соң білімін жоғарғы оқу орындарында жалғастыру;

- оқушыларды қоғамдық, қоғамдық-саяси ұйымдар, қозғалыстар мен партиялар лажсыз кіргізуге, сондай-ақ бұл ұйымдардың қызметіне қатысуға жол берілмейді. Мектеп білім беру саласында мемлекеттік саясат принциптерін сақтайды, діни және ақсүйектілік білімге бөлінбейді.

Оқушының міндеті

- Білім бағдарламалары мен жоспарларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындау;

- Өзінің мәдени деңгейін жүйелі көтеруге, мектеп формасын сақтауға;

- Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру;

- Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп директорының, мұғалімдердің, педагогикалық ұжымның нұсқаулары мен бұйрықтарына, сондай-ақ класс жетекшісінің нұсқаулары мен мектептің кадрларына бағыну.

- Мінез-құлық ережелерін сақтау:

үлкендерді құрметтеу;

басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;

өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу.

- Мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.

- Сабаққа кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдарды (ұялы телефон, аудио, видеоплеер) әкелуге тыйым салынады.

- Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау;

- Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысу;

- Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.



Мектеп тарапынан ішкі тәртіп ережелерін сақтауға қойылатын талаптар.

- Осы Жарғының талаптарын, оқушылар ережелері мен басқа да мектептің локальдық актілерін сақтау

- Заңға қарсы әрекеттер, Жарғыны өрескел, бірнеше қайтара бұзушылықты жасағаны үшін мектеп Кеңесінің шешімімен педагогикалық ықпал жасаудың ең соңғы шарасы – жасы он алтыға толмаған оқушыларды мектептен шығару қолданылады.

Қосымша 2
Білім беру ұйымдарында «Өркендеу» жобасын жүзеге асыру жұмысы
Білім беру ұйымдарындағы «Өркендеу» жобасының класс бойынша жоспары


Білім алушылардың класс бойынша жұмысы



Іс-шара атауы

Өтетін орны

Мерзімі

Жауапты

1

Руханият бағыты, Зерде бағыты

«Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер!» /шежіретану/












2

Отан бағыты,

Жеті жарғы бағыты

«Тура биде туған жоқ»











3

Салауат бағыты,

Еңбек бағыты, Экология бағыты

Интеллектуалды ойын: «Алтын сақа»











Ұлттық тәрбие мектептерінің класс бойынша жұмысы



Іс-шара атауы

Өтетін орны

Мерзімі

Жауапты

1

«Әже мектебі»

«Ана мектебі»

«Шебердің қолы ортақ» Ұлттық қолөнер байқауы











2

«Аға мектебі»

«Жеңге мектебі»

«Сіздей болсақ деп едік». Кездесу сабақ











3

«Ата мектебі»,

«Әке мектебі»

Дөңгелек үстел:

«Ұрпақ тазалығы мен қан тазалығын сақтау»















Класс жетекшілердің класс бойынша жұмысы



Іс-шара атауы

Өтетін орны

Мерзімі

Жауапты

1

«Мінсіз класс  моделі» /презентация/​










2

Класс сағаты: «Бозбала мен бойжеткен тәрбиесі”»










3

«Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге»











«Өркендеу» жобасының мектеп деңгейіндегі жоспары



Мектептер деңгейіндегі жұмыс



Іс-шара атауы

Өтетін орны

Мерзімі

Жауаптылар


1

Қалалық семинар: «Алтын ордаға – 750 жыл»










2

Рухани жаңғыруды жүзеге асырушы «Өркендеу» жобасының презентациясы










3

«Әже мектебі», «Ана мектебі»

Қалалық семинар: «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы»












4

«Ата мектебі», «Әке мектебі»

Қалалық семинар:

«Бабалар мұрасы – ұрпаққа өсиет»

Абай Құнанбайұлына – 175жыл












5

«Аға мектебі», « Жеңге мектебі»

Қалалық семинар: «Әке – отбасы тірегі»












6

Қорытындылау. Оқу- әдістемелік құрал шығару











«Өркендеу» пилоттық жобасы бойынша семинар жұмысы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орта мектептерінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұжырымдамалық мақала негізінде жасалған жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Өркендеу» жобасы аясында семинар өткізілді.



Семинар мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық, қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Семинар барысында аудан мектептерінің педагог-ұйымдастырушылары мен класс жетекшілері семинар коучинг, шеберлік сағаты, класс сағаты, тәрбие сағатын өткізді. Үздік деп танылған ұстаздар арнайы номинация иесі атанды. Ұрпаққа ұлттық құндылықты сіңіруде іс-шараның маңызы зор болды. Назарларыңызға семинар сабақтарын ұсынып отырмыз.

Мектептің химия және өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің «Әкешім – асқар тауым» тақырыбымен кіріктірілген сабағы.

Күні

«Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Нуркиясова Эльмира, Алимжанова Бану

Сабақтың тақырыбы:

«Әкешім – асқар тауым»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту.Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту.

Бағалау критерийі

- қоғамдағы әкенің рөлін білу;

- үлкендерді мұқият тыңдау, сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу;

- әкеге деген сүйіспеншілік сезімін нығайту;


Құндылықтарға баулу

Өзара бірін-бірі сыйлау;

Адамгершілікке баулу;



Пәнаралық байланыс

Әдебиет,тарих,өзін-өзі тану, музыка

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3-5 мин


Ұйымдастыру кезеңі.

Армысыздар, аяулы ұстаздар, қадірменді қонақтар, сүйікті шәкірттер! Ежелден қалыптасқан – «Әке-отбасының пірі», Әке-үй ішінің тірегі,баласының жүрегі деген дана халқымыз. Мұндағы әр айтылған сөздің мағынасы өте терең. Өйткені әр шаңырақта әкенің алатын орны ерекше. Ендеше, бүгінгі «Әкешім - асқар тауым» атты өнеге сабағымызда әке туралы ой қозғалады.



-Ендеше мына бейнероликке назар аударыңыздар?

І. «Әке деген кім?» бейнеролик көрсету.

  1. Осы ұғымға тағы қандай ой қосар едіңіздер?

Үлес-тірме қағаздар



Сабақтың ортасы

10 мин


І-топ: «Әке» кластер, әке сөзіне кластер құрады.



ІІ-топ: «Әкеге парыз» әке алдындағы міндеттері туралы айтады.

Әке алдындағы міндеттер: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп сақтау, парыздар:балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдырып, әкеңе көмекші, демеуші, сүйеуші болып, оны әрқашаг да қуанышқа бөлеп отыру; кәмелетке жеткен соң, әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында асыраушысы болу, әкенің әкелік еңбегін өтеу.



ІІІ-топ: «Әкеге хат»

Мысалы:«Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - сіз менің сүйікті әкешім. Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз. Мен сізден көп тәрбие алдым. Сіздің бақытты аман - сау болуыңызды тілеймін.



ІІ. Домбырашылардың орындауында әкелерге арнап, «Балбырауын» күйін орындалады.

Көрініс:

Еркін: Маған әкем ұялы телефон сатып әперді.

Саят: Кәне, көрсетші? Өте әдемі екен. Бірақ менің әкем ең алдымен сабақты жақсы оқы, білім ал. Өскен соң еңбек етіп, қымбат телефонды өзің аласың деген.

Еркін: Ой, сен де сабақ – сабақ дейсің де жүресің. Маған әкем ақшаң болса бәрін сатып алуға болады деген болатын.



«Ситуациялық сұрақтар»

Келесі бөліміміз ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа арналған жағдайларға беріледі. Ортаға оқушыларды шақырамыз. Ата-аналардың сол сәттегі әрекеті тыңдалады.

1-оқушы: Әкешім, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген өлеңді жаттаған жоқпын, текке «2» алып қалармын. Апайға телефон соғып «Аурып жатыр» деп айта салыңызшы.

2-оқушы: Әке, бүгін менің атымды линейкада атап ортаға шақырды, себебі сабаққа кешігіп келгенімді кезекшілер жазып алыпты.

3-оқушы: Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып мақтау қағазын алдым.

Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.
Қабыл алғын бала – жүрек тілегін...дей келе оқушылардың өлең шумақтарына кезек берейік!

Әке туралы Монолог (Фондық әуен «Күй»)

Әкедей тірек табылмас,

Әкесіз жүрек қағылмас.

Асқар тауың тұрмаса,

Жанымның шамы жағылмас.

Әкемен өмір мәндірек,

Әкемен жатар ән түлеп.

Әкеге деген сағыныш

Айтар ем, қалар мәңгі деп.

Перзентін сүйген әкелер,

Аялап мәңгі мәпелер.

Әке деген сұрасаң,

Аспаннан айды әперер.

Әкелер сенім тірегі,

Ананынң сүйген жүрегі.

Қосылса екі құдірет

Орындалған тілегі.



Әкемен күнің жарық қой,

Әкелер деген алып қой.

Дүниеге келіп қуантсаң,

Жасайды саған анық той.

Әкенің сөзі оқ деген,

Әкеден асқар жоқ деген.

Қарайып жүрсе касыңда,

Уайым қайғы жоқ деген.

Әкемен басың жоғары,

Әкемен орның толады.

Әкесі сүйген баласы,

Мәңгі бірге болады.

Аман болсын асқарың,

Өтер өмір қас қағым.

Тіршілік тілі әкелер,

Қадірлей біл жастарым.



Жүргізуші:

Әкелерім бақытымсың, барымсың

Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың

Жалғасындай әкелердің балалар,

Жақсы атымен бар әлемге танылсын – деген тілекпен кеішімізді аяқтай отырып, келіп ой бөліскен әкелерімізге алғысымызды айтамыз.

Оқушылардың орындауында хор «Менің әкем».






Сабақтың соңы

Рефлексия



«СИНКВЕЙН» әдісі бойынша әр топ «әке» сөзіне бес жолды өлең құрастырады.

Мысалы: әке

мейірімді, қатал

тәрбиелейді, үйретеді, сынайды

Әке – отбасы тірегі, қорғаны.

Асқар тау, бәйтерек



Орта мектептің мұғалімі Г.С. Ешмагамбетованың «Бізге үлгі тұлғалар» тақырыбындағы тәрбие сабағы.


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс: 7 «Б»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

«Бізге үлгі тұлғалар» аталар, әкелер мектебі

Сабақ мақсаты

Жанұядағы әке мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту

Отбасындағы әке орнын,рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу;

Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу.


Құндылықтар

- Әке мен бала арасындағы қатынасты орнату арқылы ынтымақтастық құндылық бағдарын нақтылау.

- Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу.

- Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты, отбасына деген құрметін, өзіне деген азаматтық жауапкершілігін арттырады.


Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Амандасу. Жағымды ахуал туғызу.

«Ата – сая болар бағың болса,

Әке-асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәттсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім,-дей отырып, сіздерге арналған «Бізге үлгі тұтар тұлғалар» атты аталар, әкелер мектебі тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Мұғалім: Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда отбасындағы бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі туралы пікірлеспекпіз.

Қонақтарымызбен таныстыра кетсек: шақырылған әкелермен таныстырамын.


Слайд 1


Сабақтың ортасы

15 минут

10 минут

5 минут


Бүгінгі тәрбие сағатымыз бірнеше бөлімдерден тұрады.

І кезең: «Жеті атасын білген ер» (әкеге сұрақ)

Ұлы ғалым, философ Әбу-Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Қазіргі кезде бала тәрбиесімен аналар айналысып жүр, әке мен бала арасындағы қарым- қатынас күрделеніп,баяулап қалған сияқты. Себебі, отбасын асырап жүрген әке бала тәрбиесімен жиі айналыса қоймайды.Ал сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай? Отбасында балаңыздың тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлесіз? Әкелерге сөз беріледі.

Оқушыларға сұрақ.

1. Сен әкеңді мақтан тұта аласың ба? Әлде ол жайлы ештеңе айта алмайсың ба?

2. Сабақтан келген соң қандай іспен шұғылданасың?

3. Жеті атаңды атай аласың ба?

2 кезең: «Халық тәлімі-тәрбие бастауы»

«Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады,сол ақ қағаздың үстіне шимайды қалай салсаң, солай түседі. Бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, солай тәрбиеленеді» деген екен, Жан-Жак Руссо. Балаңыз қалай тәрбиеленуде? Жалпы қазір ұлдарымыз ұсақталып, жасық болып бара жатқан секілді. Бұрынғы ат құлағында ойнаған, құралай көзді мергендеріміз бен алпамсадай азаматтарымыз қайда? Осы сұрақ төңірегінде ойларыңызды ортаға салсаңыздар.(әкелерге сөз беріледі)

ІІІ кезең. «Мені немін, мені тап...»

Ортаға бірнеше құрал-жабдықтар қойылады. Оқушылар сол құралдардың атын тауып, неге пайдаланатынын айтады.

Әкелерге сауалнама ауызша:



1. Балаңыздың туған күні, айы, жылы ?

2. Балаңыз нешінші класста және қай класста оқиды?

3. Балаңыздың сүйікті пәні қандай?

4. Балаңыздың класс жетекшісінің толық аты-жөні кім?

5. Балаңыздың аяқ киім өлшемі?

6. Балаңыздың парталас көршісі?

7. Кеше қандай пәндерден, қандай баға алды?

8. Балаңыздың  сүйікті асы қандай?

9. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

10. Балаңызға қандай еркелететін сөз айтасыз?

11. Балаңыздың ең жақын досы?

12. Балаңыз 1 классқа қай жылы барды.

Сұрақ: Бүгінгі ұл балалардың киімі мен шаш қою үлгісі көңілдеріңізден шыға ма?

Оқушылар әке туралы нақыл сөз, мақал-мәтел айтады.

Әке балаға сыншы.

Әкеден — ақыл, анадан — мейір.

Әкеден безген ұл болмас,Анадан безген қыз болмас.

Әке жүрегі таудан үлкен,Ана жүрегі теңізден терең.

Әкелі бала жаужүрек, Әкесіз бала сұмжүрек (Бұқар жырау).

«Әкем бар» деп мақтанба топқа түсері жоқ болса.»Балам бар» деп мақтанба жаман туған боқ болса. «Ағайыным бар» деп мақтанба дос-дұшпаның келгенде қарасуы жоқ болса (Төле би).

Микрофон әдісі

Микрофон әдісі


Сабақтың соңы

5 минут


IV кезең. «Аяқталмаған сөйлемдер» әкелеріне қойылады. Егер:

- Баланы үнемі сынай берсе, ол.(жек көруді) үйренеді.

- Бала ызақорлықта өмір сүрсе, ол.(агрессивті болуға) үйренеді.

- Баланы кемсіте берсе, ол.(кінәлі сезіммен өмір сүруге) үйренеді

- Баланы қолдап отырса, ол.(өзін бағалауға) үйренеді.

- Баланы келемеждей берсе, ол.(тұйық болуға) үйренеді.

- Баланы мақтай берсе, ол.(өзімшілдікке, өркөкіректікке) үйренеді.

V кезең. «Әкеге хат»

Оқушылар әкелеріне жасырын түрде хат жазады. Оны құрия жәшікке саламын.

Отқа түстің, суға түстің мен үшін,

Енді міне бағың берді жемісін.

Бала қыран шыңға шықса бұл күнде,

Бұның бәрі ӘКЕ сенің жемісің!

Анашымды отырғызып қасыңа,

Той берейін салып алақаныма.

Ей, адамдар, шүкіршілік етіңдер

Бұл өмірде әкелердің барына.

Тек, Әкелер, сендер ғана лайықсың

Хан сарайы, патша тағына!-деп отырып бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға уақыттарыңызды бөліп, бала деп келгендеріңізге көптен-көп алғыс айтамын.






Қосымша 3

Әкелер кеңесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1. Мектеп Әкелер кеңесінің ережесі ҚР «Білім беру» Заңы, ҚР «Бала құқығы» Заңы, ҚР «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» Заңдарын негізге ала отырып жасалды.

1.2. Әкелер кеңесі қызметі Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативті-құқықтық актілерімен іске асады.

1.3. Әкелер кеңесі мектептің ата-аналар жиналысының бөлімі болып табылады.



2. Мақсаты мен міндеттері

2.1. Әкелер кеңесін құрудың мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.

2.2. Өз қызметінде Әкелер кеңесі келесі міндеттерді шешеді:

2.2.1. Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету.

2.2.2. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау

2.2.3. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.



3. Әкелер кеңесінің құзіреті

3.1 Әкелер кеңесі құзіретіне кіреді:

- оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру;

- өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналармен, оқушылармен қоғамға жат әрекеттер мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсініктеме жүргізу;

-імдікке, темекі тартуға, қоғамға қарсы жат мінез құлықтар көрсетудің алдын алу шараларын ұйымдастыруда көмек көрсету;

кеңеске жергілікті басқару мекемесінен, қоғамдық ұйымдардан өкіл, жеке кәсіпкерлерді, бұқаралық ақпарат қызметкерлерін шақыру;

4. Әкелер кеңесінің құқығы мен жауапкершілігі

4.1. Әкелер кеңесінің құқығы:

- жасөспірімдердің қоғамға қарсы әрекеттерімен, қиын отбасылармен жұмыс істеуге, шешімдер шығаруға;

- жасөспірімдердің құқығы мен заңды қызығушылықтарын қорғауда өз көзқарастарын кіргізе алады;

- жасөспірімдерді қоғамға жат мінез құлық көрсетуге, құқық бұзуға тартатын ұйымдарды, жеке адамдарды жауапкершілікке тарту мақсатында мемлекеттік орындарға шағым жасауға;

- сұрақтарға жауап беру үшін әкелер кеңесі құқық қорғау қызметкерлері, қамқоршы және қорғаншы орындарынан сұрақтарға жауап беру үшін қызметкерлер шақыра алады;

- әкелер кеңесі қабылдаған шешіммен барлық қызығушы адамдар мен жергілікті өзін-өзі басқарушы мекемелер таныса алады.



5. Әкелер кеңесі мүшелері

5.1. Әкелер кеңесі мүшесі болып ата-аналар ұсынған (заңды өкілдері) әкелер бола алады.

5.2. Әкелер кеңесі шақыруымен әкелер кеңесі жұмыстарына жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері, полиция инспекторы, қамқоршылық бөлімінен қызметкерлер қатыса алады.

5.3. Әкелер кеңесінде дауысты тек әкелер кеңесі мүшелері, инспекторы, қамқоршылық бөлімі өкілі бере алады.

5.4. Отырысты бірінші жиналыста көп дауысқа ие болып сайланған төраға мен төрайым жүргізеді.

5.5. Хаттама жазу үшін кеңес мүшелері ішінен хатшы сайланады.



6. Әкелер кеңесі жұмысын ұйымдастыру және жүргізу

6.1 Әкелер кеңесі отырысы жылдық жоспар бойынша өткізіледі немесе кезектен тыс мәселелерді шешуде жылына 2-ден кем емес.

6.2 Әкелер кеңесі мүшелері мектеп бұйрығымен бекітіледі.

6.3 Әкелер кеңесі отырысы мүшелерінің 2/3 бөлігі жиналғанда өкілетті болып табылады.

6.4 Әкелер кеңесі шешімін мүшелерінің 50 пайызы дауыс берілгенде қабылданады.

6.5 Әкелер кеңесі хаттамамен рәсімделеді, онда уақыты, қанша адам жиналғаны және қаралған мәселелер көрсетіледі



6.6 Әкелер кеңесі отырысының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет