Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



Дата15.09.2022
өлшемі89,35 Kb.
#149597
Байланысты:
Стандарт


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 604 бұйрығына
4-қосымша



ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ

1-тарау. Жалпы ережелер


1. Осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы, 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және білім берудің мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген критерийлер негізінде салыстыру процесі;
2) бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
4) білім берудегі құндылықтар – білім алушының тұлғасын қалыптастырудағы жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырудағы бағдарлар;
5) ерекше білім беру қажеттіліктері – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;
6) жалпы орта білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті жалпы орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
7) жиынтық бағалау – анықталған оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
8) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділік үшін жағдайлар жасау;
9) оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарында типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, барлық білім алушылардың оқып білуі үшін міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;
10) оқу жүктемесінің вариативті компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымдары айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;
11) оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғаннан кейін білім алушының білуін, түсінуін, көрсетуін сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы;
12) сабақтан тыс іс-әрекет – біртұтас оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны;
13) үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің тізбесін реттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
14) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
3. Стандартты қолдану:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген жалпы орта білім беру мақсаттарының жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
2) қазақ, орыс және шетел тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;
3) қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін жалпы орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
4) білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;
5) білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидатын іске асыруға;
6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, білім алушылардың ерекше білімге деген қажеттіліктерін, сондай-ақ қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
7) орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында жалпы орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
8) білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуға;
9) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына қойылатын талаптар
1-параграф. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып жалпы орта білімнің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар
4. Жалпы орта білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
5. Жалпы орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар ретінде:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу айқындалған.
6. Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушылардың бойында:
1) Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығын;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары мен заңдарын құрметтеуді және сақтауды;
3) әлеуметтік жауапкершілікті және шешім қабылдау білігін;
4) мемлекеттік тілді меңгеруге ынталануды;
5) Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдениеттілік алуан түрлілігін құрметтеуді;
6) рухани келісім және толеранттылық идеяларына бейімділікті;
7) қоршаған ортаға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға оң қарым-қатынасының болуын;
8) шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды;
9) коммуникативтік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білуді;
10) өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге ынталануды дамыту қажет.
7. Жалпы орта білім берудің мақсаты:
кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану;
6) топта және жеке жұмыс жасау білігі;
7) мәселелерді шешуі және шешім қабылдау.
8. Жалпы орта білім беру деңгейінің нәтижесі ретіндегі кең ауқымды дағдылар білім алушыларға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзіне үйлесімді үйлестіруге, кез келген өмірлік жағдайларда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге, сондай-ақ оқу және қолданбалы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
9. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері:
1) міндетті оқу пәндері мен таңдау бойынша бейіндік оқу пәндерін үйлестіру негізінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытуды жүзеге асыру;
2) оқу пәндерін оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерін үйлестіру негізінде жоғары оқу орындарына түсуге білім алушылардың академиялық дайындығын қамтамасыз ету;
3) рухани-адамгершілік қасиеттерін, коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік дағдыларын және проблемаларды сын тұрғысынан және шығармашылықпен ойлау негізінде шешу біліктігін мақсатты дамыту;
4) бітірушілерге олардың мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу;
5) бітірушілерге өмір бойы білім алуын жалғастыруға оң көзқарасының, өмірде мансаптық өсуі мен танымдық процесін реттеуге даярлығының қалыптасуына көмектесу болып табылады.
10. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны білім алушыларды жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу мен дербестігін мақсатты дамыту үшін білім алушылардың академиялық дайындығын кіріктіру негізінде айқындалады.
11. Білім алушылардың академиялық дайындығы әлемді танудың ғылыми әдістерін меңгеруге бағытталған білімнің іргелілігін күшейтумен қамтамасыз етіледі.
12. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны оқу нәтижелеріне бағдарланады және мынадай аспектілерді ескере отырып айқындалады:
1) қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына және ғылымның даму деңгейлеріне сәйкес болу;
2) сын тұрғысынан, шығармашылықпен және позитивті ойлауды дамыту;
3) пәнаралық және пәнішілік байланыстар негізінде оқу пәндері мазмұнының кіріктірілуін күшейту;
4) негізгі орта білім беру және жалпы орта білім беру деңгейлері арасындағы білім мазмұнының үздіксіздігі және сабақтастығы қағидатын сақтау;
5) білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы теңгерімді сақтау;
6) оқытудың, тәрбиелеумен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
13. Міндетті оқу пәндерін оқумен қатар білім алушылардың оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерінде бейіндік оқу пәндерін таңдауы қарастырылған.
14. Бейінді оқыту білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты оқытудың екі деңгейінде оқу пәндерін таңдаудың икемді жүйесі ұсынылады. Білім алушы қалауынша өздеріне маңызды оқытудың тереңдетілген және стандарттық деңгейлеріндегі оқу пәндерін таңдайды. Стандарттық деңгейдегі оқу пәндеріне қарағанда, бейінді оқытудың тереңдетілген деңгейдегі оқу пәндеріне сағат саны көп бөлінеді. Стандарттық деңгейде бейіндік емес оқу пәндері оқытылады.
15. Жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиелеу бірлігі қағидатына бағдарланған. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқушылардың жетекші қызметі ретінде оқуға басым рөл беріледі. Оқу оқушылардың ізденуге, мәселелерді талқылауда белсенділік танытуға, көзқарасын дәлелдеуге, сындарлы шешім қабылдауға деген ынтасын таныту арқылы тәжірибені игеруін ұйымдастыруға негізделген интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды қарастырады.
16. Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбиелеу мәселесі шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа білімді субъективті тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
17. Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асуын қамтамасыз етеді.
18. Білім алушылардың жобалық және зерттеу іс-әрекеттерін дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады.
19. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін көптілді тұлға – Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
20. Үштілді білім беру іс жүзінде:
1) қазақ, орыс және шетел тілдерін деңгейлік меңгеру;
2) оқыту тіліне қарамастан жекелеген пәндерді қазақ, орыс және шетел тілдерінде оқытуды ұйымдастыру;
3) білім алушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін және әртүрлі тәрбие жұмыстарын қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
21. Жалпы орта білім берудің практикалық бағыттылығы оқыту процесі мен тәрбие жұмысы кезінде оқу, коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік дағдыларын дамыту арқылы іске асырылады.
22. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша анықталған оқытудан күтілетін нәтижелерге сәйкес әзірленетін оқу бағдарламаларымен нақтыланады.
23. Бейінді оқытудың барлық бағыттары үшін міндетті оқу пәндері бойынша мазмұны.
1) Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ Орыс тілі, Орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ Ана тілі, Әдебиет (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін).
Пән мазмұны түрлі салалар мен қарым-қатынас жасау барысында тілді еркін меңгеруін қамтамасыз ету үшін коммуникативтік дағдыларын дамытуға; сыни ойлауы мен ауызекі сөйлеуін дамытуға; ақпаратты іздей алу біліктілігін дамытуды жүзеге асыруға; қажетті ақпаратты алу, өңдей алуға бағытталады. Тілді оқу процесінде алған білімін өмірдің түрлі жағдайында қолдана білу және ақпаратты бағалау, жинақтау, талдау, салыстыру сияқты ойлаудың жоғары деңгейіндегі дағдылары қалыптасады.
Пәннің мазмұны образдық және талдамалық ойлауды дамытуға, шығармашылық қиялдауға, оқырман мәдениеті және автор ұстанымын түсінуге; білім алушылардың ауызша, жазбаша сөйлесімін дамытуға; әдебиет теориясының түсініктерін және негізгі тарихи-әдеби мәліметтерді, көркем шығарма мәтінінің мазмұны мен түрін бірлікте түсінуге бағытталады. Әдебиет тарихына қажетті мәліметтерді және әдебиеттану түсініктерін қатыстыра отырып пәнді оқыту процесі барысында көркем шығармаға терең талдау жасау.
Оқу пәндерін оқыту сөздік қорын байыту мен қолданылатын грамматикалық құралдардың аумағын кеңейтуді, стилистикалық ресурстарды, сөйлеу этикеті мен әдеби тілдің негізгі талаптарын, тілдің қызметі мен қолданылуын түрлі қарым-қатынас аялары мен жағдайларында білім спектрін кеңейтуді қарастырады. Білім алушылардың тілді оқу процесінде алынған дағдыларды тиімді пайдалану тілдік бірліктер талаптарына, қарым-қатынас жағдайына сәйкестігі деңгейін бағалау.
Тұлғаны рухани жағынан тәрбиелеуді дамыту, гуманистік дүниетанымын, азаматтық сана-сезімін, патриоттық сезімін, әдебиетке және отандық құндылықтарға, отандық және әлемдік мәдениетке деген сүйіспеншілігі мен сыйласымдылығын қалыптастыру пән мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады;
2) Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)/ Орыс тілі мен әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін).
Пәннің мазмұны қазақ тілі шартты түрде мемлекеттік тіл мәртебесінде қолданылады және орыс тілі мәртебесі ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылатын ұлтаралық қарым-қатынас тілі мақсатын көздейді.
Аталған оқу пәндерін оқыту тілді оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік жасауды, білім алушылардың Қазақстан халықтарының мәдениетімен араласуы олардың ұлтаралық қарым-қатынасқа дайын болуын қамтамасыз етеді.
Оқу пәндері мазмұнының негізі тәжірибе мен қызығушылыққа сәйкес қарым-қатынастың кез келген саласы мен жағдайындағы сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін және ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетінің негіздерін, тілді қолдануда білік пен дағдыны меңгеруге бағытталған.
Тіл мен әдебиетті оқыту процесінде білім алушылар тіл туралы тілдің таңбалық жүйесі және қоғамның құбылысы ретінде, оның құрылысы, дамуы мен қызметі туралы білім алады.
Тіл мен әдебиетті оқыту әдеби тіл нормаларын меңгеру деңгейін жетілдіре түсуге, білім алушылардың сөздік қорын молайтуға және сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын байытуға, тілдік құбылыстар мен фактілерді және әдеби шығармаларды талдау және оларға баға беру қабілеттерін дамытуға бағытталған;
3) Шетел тілі.
"Шетел тілі" оқу пәнінің мазмұны көптілді, көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға; түрлі стильде жазылған тең түпнұсқалы мәтіндердің мазмұны арқылы сөздік қорын молайтуға, коммуникативтік біліктілігін жетілдіруге, шеттілді коммуникативтік біліктілікті дамыту процесінде дүниетанымы мен әлемді қабылдауын әлеуметтік мәдени жағынан байытуды жүзеге асыруға; зерттеу жұмыстары мен түрлі оқу міндеттерін шығармашылық жағдайында шешуге мүмкіндік беруге бағытталуы тиіс.
"Шетел тілі" оқу пәнінің мазмұны талдау икемділіктерін дамытуға, тәжірибені таратуға, маңызды ақпаратты кәсіби тұрғыдан саралауға, тілді ғылыми және кәсіби іс-әрекеттегі қарым-қатынас үшін тиімді пайдалануға, сонымен қатар жеке, іскерлік хаттарды жазу, түйіндеме құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу, шетел тілін оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
"Шетел тілі" оқу пәнінің кіріктірілген мазмұнын басқа пәндермен қатар білім алушыларға пәнаралық байланыс арқылы икемділіктерін қалыптастыру үшін дәлел аралық байланыстың себеп-салдарын, шет тіліндегі дереккөздерден негізгі және фрагментті алып, ақпаратпен жұмыс жасау үшін, орналастырып іске асыруға мүмкіндік беріледі.
"Шетел тілі" оқу пәнінің құралы ретінде рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуды, өз Отанына деген патриоттық сезімін тәрбиелеуді, өз халқына және басқа мәдениеттің өкілдеріне төзімділікпен қарау қарым-қатынасын, отбасында тұлғааралық қарым-қатынас әдебін тәрбиелеу, мектепте құрбы-құрдастарымен, мұғалімдерімен, тіл үйретушілермен қарым-қатынас барысында әлеуметтік мәдениет материалдарын қолдану икемділіктерін дамыту жүзеге асырылады;
4) Алгебра және анализ бастамалары, Геометрия.
"Алгебра және анализ бастамалары" және "Геометрия" оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың келесі білім алу деңгейінде табысты оқуы, сондай-ақ практикалық есептерді шешуі үшін қажетті математикалық білім жүйелері мен біліктерін және математикалық мәдениетті дамытуға бағытталуы қажет. Математика курсы адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудағы математиканың рөлін түсінумен қатар, функционалдық сауаттылығын, кеңістіктегі қиялын, абстрактілі, логикалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы түсініктерін жүйелеу және дамытуға, олардың математикалық құралдар мен әдістер тәжірибеде барлық білім салаларында құбылыстар мен процестерді сипаттау және зерттеуде қолданылатынын жете түсінулеріне бағытталған.
Оқу пәні мазмұнында жалпы зияткерлік және танымдық, оқу біліктерін одан әрі дамыту көзделген. Математикалық заңдылықтарды түсіну барысында гипотезаны тексеру және ұсыну проблемаларын тұжырымдау үшін салыстыру, саралау, тарату, талдау, жинақтау, дерексіздендіру, нақтылау сияқты біліктер қолданылады.
Оқу пәнінің мазмұны мектептегі математика курсының тақырыптарын қамтитын математиканың негізгі бөлімдерінен тұрады: "Сан", "Алгебра", "Статистика және ықтималдық теориясы", "Математикалық модельдеу және анализ", "Геометрия";
5) Информатика.
"Информатика" курсының мазмұны ақпаратты іздеу, талдау, сын тұрғысынан бағалау, таңдау, ұйымдастыру, беру және өңдеу, объектілер мен процестерді модельдеу ептіліктерін дамытуға; есептерді шешу және ақпараттық технологиялардың құралдары мен әдістерін меңгеруге бағытталған.
Курстың оқу бағдарламасымен нақты объектілер мен процестердің ақпараттық модельдерін қолдану, талдау және түрлендіру дағдыларын дамыту; алгоритмдік және есептік ойлау; компьютерлік модель құралдарымен зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделеді.
Оқу пәнінің мазмұны компьютерлік технологиялар арқылы ақпараттық процестерді іске асыруды, компьютерлік жүйелер және модельдермен жұмыс атқаруды, ақпаратты сақтау әдістерін зерделеуді, интерактивті компьютерлік модельдерді пайдалана отырып модельдеу, визуализациялау және формализациялау үшін тәсілдерді қарастыруды болжайды.
Курс мынадай мазмұндық бағыттарды қамтиды: "Компьютерлік жүйелер", "Ақпарат және ақпараттық процестер", "Алгоритмдеу және бағдарламалау" және "Денсаулық және қауіпсіздік";
6) Қазақстан тарихы:
"Қазақстан тарихы" оқу курсының мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
Берілген курс түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
"Қазақстан тарихы" пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі патриотизмді қалыптастырумен, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсету қасиетін дағдыландырумен жасалады;
7) Өзін-өзі тану.
"Өзін-өзі тану" оқу пәнінің мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамның рухани-адамгершілік әлеуетін ашуға, өзін-өзі тануға және өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасын дамытуға; отбасындағы, ұжымдағы, қоғамдағы өзінің рөлін түсінетін жоғары адамгершілік сапасын дамытудың қажеттілігін, қоғамға қызмет жасау дағдыларын; физикалық және рухани денсаулықтың байланысын түсінетін, еліміздің, қаланың, ауылдың, мектептің, отбасының өміріне өзінің қатыстылығын сезінетін және өз ойлары мен сөзіне, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға бағытталған.
"Өзін-өзі тану" оқу пәнін оқыту адамзаттың рухани мәдениеті, тән және жан денсаулығының өзара байланысы туралы білімін кеңейтуді; рефлексия дағдыларын меңгеруді, өз іс-әрекетіне сыни қарау дағдыларын дамытуды; өзін-өзі тәрбиелеуді, өзіндік білімін көтеру дағдыларымен түрлі өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдай алуды, адамгершілік талаптарға сай өз мақсаттарын қоя білуді және оған жету жолдарын көрсете алуды, отбасында, ұжымда, қоғамда рухани-адамгершілік негізінде қарым-қатынас жасай білуді қарастырады;
8) Дене шынықтыру:
"Дене шынықтыру" оқу пәнінің мазмұны: қимыл-қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары, спорттық дайындық, дене тәрбиесімен шұғылданудың болашақ еңбек жолындағы маңызы, әскер қатарында қызмет етуге дайындау туралы білім көлемін кеңейтуді; білім алушының жасына және жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес ағзаның қызмет ету қабілеттерін жоғарылатуды; спорттың негізгі түрлері бойынша техникалық және тактикалық әрекеттер мен тәсілдерді жетілдіруді; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеттерінің дербес және ұжымдық түрлерінің құзыреттілігін дамыту, белсенді демалыс және спорттық жарыстарды ұйымдастырудың шығармашылық дағдыларын дамытуды; жеке тұлғаның өзін шынайы бағалауын, адамгершілік сананы, өмірлік көзқарасты, ұжымшылдықты қалыптастыру, мақсаткерлік, батылдық, ұстамдылық, табандылықты дамытуды; спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервті дамытуға және қалыптастыруға жағдай жасауды қамтамасыз етуі тиіс.
"Дене шынықтыру" оқу пәні білім алушыларға пән бойынша алған білім, біліктілік және дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға; қимыл-қозғалыс құзыреттілігі мен дене дамуларын жақсарту қажеттілігін бағалауға; адамгершілік қасиеттерін дамытуға және әділ ойын мен үздіксіз өздік дамуды сезінуге; жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; адамның денелік және энергетикалық жүйесіне дене жаттығуларының әсер ету дәрежесін, өздік дене дамуы және қимыл-қозғалыс дайындығы деңгейі, ағзаның қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін бағалауға;, қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді;
9) Алғашқы әскери және технологиялық дайындық:
"Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың бойында әскери іс, робототехника және IT-технология негіздері туралы көзқарасты қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет ету және әскери іс негіздері, әскери ант және әскери жарғылар мазмұнына қойылатын талаптар бойынша білім туралы түсінікті қалыптастыруды; өмірлік маңызы бар дағдылары мен қасиеттерін дамытуға ықпал етуді; теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын нық игерулері арқылы оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындауды; бойында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінікті қалыптастыруды; жастардың бойында азаматтық көзқарас, Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау қажеттілігіне деген сенімділікті, әскери қызметке деген жауапкершілікке саналы тұрғыдан дайын болуды қалыптастыруды; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, оның дәстүрлері, әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктері, жалпы әскери мамандыққа деген қызығушылықты дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
Оқу пәні білім алушыларды әскери-патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу, олардың сана-сезімі мен танымдық қызығушылықтарын, қарым-қатынас орната білу қабілеттерін, жігер сапаларын, әскери іс, робототехника, автомобиль жүргізу бойынша теориялық негіздерін, білік және дағдының, сандық фото және бейне жабдықтарды пайдаланудың алғышарттарын дамытудың жалпы жүйесінде маңызды орынға ие.
Оқу пәні қазақстан әскерінің даму тарихымен танысу және оның бүгінгі жай-күйін оқу арқылы әскери тұрғыдан жігерлі, батыл, денсаулығы мықты, білімді тұлғаны дамытуға бағытталған.
24. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
1) Биология.
"Биология" оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың тірі организмдердің көп түрлілігі, қоршаған орта эволюциясы, табиғи құбылыстардың заңдылығы мен заңдары туралы білімдерін тереңдетуге; объектілер мен ақпараттарды бақылау, саралау, жүйелеу, салыстыру, қатар қою, талдау, затты және ақпаратты бағалаудың практикалық дағдыларын дамытуға, себеп-салдарлық байланысты анықтауға бағытталған.
"Биология" оқу пәнінің тереңдетілген курсы мазмұны табиғи биологиялық көріністер мен процестердің болмысын, білім алушылардың тереңірек түсінуін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде адамның іс-әрекетінің алатын орнының мәнін ұғынуды, сондай-ақ адам денсаулығына қатысын қарастырады. Тірі табиғаттың ерекшелігін, эволюциялық процестердің мәнісін ұғыну білім алушылардың экологиялық жағдайларды бағалауына және тірі әлемді қастерлеудің қажеттігін түсінуіне жағдай жасайды.
"Биология" оқу пәнінің негізгі құрылымдық мазмұнын мынадай жетекші жүйелі идеялар құрайды: тірі ағзалардың құрылысы мен қызметі, көптүрлілігі; көбеюі, тұқым қуалаушылық және эволюциялық дамуы; қоршаған орта және ағза; қолданбалы кіріктірілген ғылымдар;
2) Химия.
Химия курсының мазмұны білімді тереңдетуге, химиялық заттардың көптүрлілігінің маңыздылығы және олардың басқа затқа айналуы туралы, табиғи ресурстарды ұқыппен қолдануын дамытуға; оқытылатын процеске шығармашылық және сыни ойлауды қолдануға, практикалық және эксперименттік біліктерін кең ауқымда дамытуға; табиғи құбылыс ретінде химия туралы білімдерін тереңдету негізінде білім алушылардың түсінігін кеңейтуге бағытталған.
Оқу пәні жаңа заттарды ашуға мүмкіндік береді, бар деректерге сүйеніп, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалауға баулиды және өмірмен тығыз байланысын қалыптастырады.
Тереңдетілген курстың мазмұны білім алушылардың химиялық құбылыстар мен процестердің айналасында орын алып жатқан өзгерістерді түсінуге және олардың салауатты өмір сүруіне түрткі болады; күнделікті өмірлік іс-әрекетінің сапасын жетілдіру үшін, күнделікті практикада сапалы өнімдер мен құралдарды таңдау үшін химиялық білімін қолдануға мүмкіндік береді.
"Химия" оқу пәні бойынша жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: "Бөлшектер және олардың құрылысы", "Химиялық реакциялардың заңдылықтары", "Химиядағы энергетика", "Біздің айналамыздағы химия", "Химия және өмір";
3) Физика.
Физиканың тереңдетілген курсы білім алушылардың табиғат туралы ғылым ретіндегі физика туралы, ғылыми танымның әдістері мен әдіснамасы, таным процесіндегі теория мен эксперименттің рөлі және өзара байланысы туралы түсініктерін дамытуға бағытталған.
Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың табиғаттың жалпы заңдары ретіндегі механиканың, жылу физикасының, электр және магнетизмнің, оптиканың және атомдық физиканың заңдары туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Танымның ғылыми әдістері негізінде білім алушылардың әлемнің физикалық бейнесі туралы түсініктері кеңейеді және ғылыми көзқарастары қалыптасады.
Физика курсы табиғи құбылыстарға бақылау жүргізе алу, нәтижелерді сипаттай және қорытындылай алу, физикалық құбылыстарды зерделей алу үшін өлшеу құралдарын пайдалана алу дағдысын дамытуды көздейді.
Тереңдетілген курстың мазмұнында эксперимент нәтижелерін жинау мен талдау негізінде эмпирикалық байланысты айқындауға бағытталған экспериментті жоспарлау және жүргізу мүмкіндігі туғызылады.
Физикадан тереңдетілген жалпы білім беруге дайындық білім алушылардың игерген білімдерін әртүрлі табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, маңызды техникалық қондырғылардың жұмыс жасау қағидаттарын түсіндіруге, модельдер құруға және болжам жасауға қолдануларын ұйғарады;
4) География.
Географияның тереңдетілген курсы білім алушылардың табиғаттың даму заңдылықтары туралы білімдерін кеңейтуге, тұрғындар, экономика және геосаясат, әлем туралы білімдерін жан-жақты қалыптастыруға, табиғат ерекшеліктерін объективті бағалауға, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді тануға бағытталған.
Оқу пәнінің мазмұны география тұрғысынан ойлануды дамытуға, адамзаттың және қоршаған ортаның қазіргі және болашақтағы жағдайына жеке жауапкершілікті сезінуге, осының барлығы білім алушылардың құндылықтарды бағалауын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Оқу пәнінің географиялық мазмұны заманауи әлемнің кеңістіктегі көптүрлілігін, оның жалпы және өңірлік ерекшеліктері мен серпіні туралы түсінігін қалыптастыру; кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының және қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын, себеп-салдарлық байланысын түсінуге дағдылану, кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының географиялық құбылыстар мен процестердің аралығын; географиялық білімдерін түсіндіру және түрлі табиғи құбылыстарды бағалау үшін, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстар мен процестерді, түрлендіру мен географиялық ақпараттарды күнделікті өмірде қолдануды қалыптастыру және дамытуға бағытталған.
25. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
1) Графика және жобалау.
"Графика және жобалау" пәні графикалық бейнелеу және геометриялық-графикалық модельдеу теориясы негіздерін оқытуға, білім алушылардың жобалау бойынша шығармашылықтарын дамытуға, олардың графикалық мәдениеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту пәнінің мазмұнының жиынтығы мынадай білім беру желісімен анықталады: "Ақпаратты визуализациялаудың әдістері мен тәсілдері", "Кескіндердің негізгі түрлері және оларды құрастыру. Кескіндерді түрлендіру", "Пішінді қалыптастыру және құрастыру. Пішінді қайта түрлендіру", "Техникалық, архитектуралық-құрылыстық және ақпараттық графика элементтері", "Жобалау. Жобалау графикасы. Шығармашылық тапсырмалар";
2) Дүниежүзі тарихы.
"Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұны адамзаттық өркениеттің этногенез, политогенез, культурогенез негізгі мәселелері бойынша білімді қалыптастыруға бағытталған.
Осы курс білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін тереңдетіп түсінуге бағдарланған.
"Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды қарастырады.
Аталған оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға тартумен жасалады;
3) Құқық негіздері.
"Құқық негіздері" оқу пәнінің мазмұны құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуге бағытталған.
Пән мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
"Құқық негіздері" құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі құқықтық сауаттылықты, құқықтық сана-сезім құндылықтарын қалыптастыруға негізделген.
26. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
1) Дүниежүзі тарихы.
"Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұны адамзаттық өркениеттің этногенез, политогенез, культурогенез негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
Осы курс білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін тереңдетіп түсінуге бағдарланған.
"Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды қарастырады.
Аталған оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға тартумен жасалады;
2) География.
"География" оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың әлемнің географиялық көрінісі жайында түсініктерінің қалыптасуына, географиялық іргелі заңдар мен заңдылықтар жүйесінің динамикалық дамуы туралы түсініктерінің қалыптасуына бағытталған.
Пәннің оқу бағдарламасы елтану туралы түсініктерін қалыптастыру тұрғысынан құрылып, бүгінгі күнгі географиялық ерекшеліктерін танытуға және өңірлердің сипаттамасын беруге құрылған.
География курсы білім алушылардың ғылыми көзқарасын қоғамның табиғатпен бірлікте болатынын түсіндіру негізін қалыптастыруға, географияның адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынастағы рөлін танытуға бағытталған.
Аталған курс қоғамдағы заманауи адамзаттық және ғаламдық мәселелерді зерделеу негізінде қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын және оларда туындаған мәселелерді шешу жолдарын түсінуді дамытады; әлемде және Қазақстан көлемінде географиялық мәселелер бойынша тұрақты дамуды, табиғатты тиімді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге арналған;
"География" оқу пәнінің мазмұны кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының және географиялық нысандардың қызмет ерекшеліктері мен қызметін, процестер мен құбылыстарын, географиялық білімдерін түсіндіру және түрлі табиғи құбылыстарды бағалау үшін, әлеуметтік-экономикалық және геосаяси құбылыстар мен процестерді қалыптастыру және дамытуға бағытталған;
3) Құқық негіздері.
"Құқық негіздері" оқу пәнінің мазмұны құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуге бағытталған.
Пән мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
"Құқық негіздері" стандарттық деңгейде құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі құқықтық сауаттылықтылығын құқықтық сана-сезім құндылықтарын қалыптастыруға негізделген;
4) Шетел тілі.
"Шетел тілі" оқу пәні сөйлеу әрекетінің төрт түрі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша білім алушының тілдік дағдысын дамытуға бағытталған. Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы Шетел тілін меңгерудің Жалпыеуропалық құзыретіне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес В1(орташа-В1.2) тілдік деңгейін меңгеруі тиіс.
Аталған курс білім алушылардың өмірдің түрлі жағдаяттарымен араласу барысында өздеріне сенімдерін күшейтеді, Қазақстанда ғана емес шетелде жоғары білім алуға мүмкіндік береді, әдеби шығармалардың аутенттік мәтінін түпнұсқа тілінде оқуға мүмкіндігін кеңейтеді.
Бұл оқу пәні мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті, басқа тілге және мәдениетке позитивті көзқараспен қарауға, жалпы мәдениетін көтеруге, көзқарасын және оқылып отырған тілдің елі туралы білімін кеңейтуге, тілдік қабілеттілік пен тілдік болжамын, сөйлеу мәдениетін дамытуға, шетел тілін оқуға қызығулышылығы бар,негізгі екінші тілдік сипатты тұлғалық қасиеттері бар, өз бетімен шетел тілдерін оқуға қабілетті және дайын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
27. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
1) Физика.
Физиканың тереңдетілген курсы білім алушылардың табиғат туралы, ғылым ретіндегі физика туралы, ғылыми танымның әдістері мен әдіснамасы, таным процесіндегі теория мен эксперименттің рөлі және өзара байланысы туралы түсініктерін дамытуға бағытталған.
Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың әлемнің физикалық бейнесі туралы түсініктерін кеңейтуге және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған.
Физика курсы табиғи құбылыстарға бақылау жүргізе алу, нәтижелерді сипаттай алу және қорытындылай алу, физикалық құбылыстарды зерделей алу үшін өлшеу құралдарын пайдалана алу дағдысын дамытуды көздейді.
Физикадан тереңдетілген жалпы білім беруге дайындық білім алушылардың игерген білімдерін әртүрлі табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, маңызды техникалық қондырғылардың жұмыс жасау қағидаттарын түсіндіруге, модельдер құруға және болжам жасауға қолдануларын ұйғарады;
2) Химия.
Химия курсының мазмұны тереңдетілген білімге бағытталған, химиялық заттардың көптүрлілігінің маңыздылығы туралы және олардың басқа затқа айналуын, табиғи ресурстарды ұқыппен қолдануын дамыту, оқытылатын процеске шығармашылық және сыни ойлауды қолдану, практикалық және эксперименттік біліктерін кең ауқымда дамыту; табиғи құбылысы ретінде химия туралы тереңдетілген білімдерін негізге ала отырып, білім алушылардың түсінігін кеңейту.
Оқу пәні жаңа заттарды ашуға мүмкіндік береді, бар деректерге сүйеніп, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалауға баулиды және өмірмен тығыз байланысын қалыптастырады.
Тереңдетілген курстың мазмұны білім алушылардың химиялық құбылыстар мен процестердің айналасында орын алып жатқан өзгерістерді түсінуге және олардың салауатты өмір сүруіне түрткі болады; күнделікті өмірлік іс-әрекетінің сапасын жетілдіру үшін, күнделікті практикада сапалы өнімдер мен құралдарды таңдау үшін химиялық білімін қолдануға мүмкіндік береді;
3) Биология.
"Биология" оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың тірі организмдердің көп түрлілігі, қоршаған орта эволюциясы, табиғи құбылыстардың заңдылығы мен заңдары, бақылау, саралау, жүйелеу, салыстыру, қатар қою, талдау, затты бағалау және ақпарат, себеп-салдарлық байланысын анықтауға бағытталған.
"Биология" оқу пәнінің тереңдетілген курсының мазмұны табиғи биологиялық көріністер мен процестердің болмысын, білім алушылардың тереңірек түсінуін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде адамның іс-әрекетінің алатын орнының мәнін ұғынуды, сондай-ақ адам денсаулығына қатысын қарастырады. Тірі табиғаттың ерекшелігін, эволюциялық процестердің мәнісін ұғыну білім алушылардың экологиялық жағдайларды бағалауына және жанды әлемді қастерлеудің қажеттігін түсінуіне жағдай жасайды.
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі "Биология" оқу пәнінің негізгі құрылымдық мазмұнын мынадай жетекші жүйелі идеялар құрайды: тірі ағзалардың құрылысы мен қызметі, көптүрлілігі; көбеюі, тұқым қуалаушылық және эволюциялық дамуы; қоршаған орта және ағза; қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
28. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
1) Кәсіпкерлік және бизнес негіздері.
"Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні қазақстандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, кәсіпкерлік саласындағы негізгі түсініктер мен заңдарды зерделеуге бағытталған, кәсіпкерлік ойлау мен оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытудың практикаға бағытталған үлгісі енгізілген.
Бұл пән Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауына сәйкес ұсынылған басымдықтардың бірі – Өніммен қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру арқылы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту контекстінде Қазақстан Республикасы мектептері үшін әзірленді.
Оқу пәнінің мазмұндық желісі коучингтік және тренингтік элементтерді пайдалана отырып Бизнес, Кәсіпкерлік бойынша кіріктірілген материалды, мүлде жаңа курсты ұсынады.
Пән оқушылардың бизнестік ойлауын және кәсіпкерлік, бизнес және экономика негіздері туралы базалық білімді қалыптастыруға; өз таңдауы бойынша жауапкершілікке баулу және кәсіпкерлік ойлауын, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға; қазіргі нарықтық жағдайда болашақ өзіндік қызметі үшін практикалық дағдылар базасын құруға бағытталған.
29. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
2-параграф. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-параграф 01.09.2020 дейін қолданыста болды – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 604 бұйрығымен.
3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
48. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі әр сыныпта аптасына 39 сағаттан аспайды.
49. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі ҮОЖ-да белгіленеді.
50. Апталық оқу жүктемесі ҮОЖ-мен (инвариантты және вариативті компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығын ескере отырып, міндетті түзету компоненті қарастырылған. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзету және вариативті компоненттер ерекше оқытуды қажет ететін білім алушыларды ескерумен белгіленеді.
51. Сыныпты екі топқа бөлуге қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті;
3) шетел тілі;
4) информатика;
5) дене шынықтыру сабақтарын жүргізу кезінде болады.

Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.




51-1. Сыныптарды топтарға бөлу 51-тармақта көрсетілген пәндерден басқа инвариантты компонент пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі.

Ескерту. 51-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


2-параграф. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар


ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-параграф 01.09.2020 дейін қолданыста болды – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 604 бұйрығымен.

4-тарау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


1-параграф. Жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
66. Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
67. Білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың дайындық деңгейі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады.
68. Міндетті оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын анықтау үшін негіз болып табылады.
69. Міндетті оқу пәндері қатарына "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), "Орыс тілі" және "Орыс әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), "Ана тілі" мен "Әдебиет" (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), "Қазақ тілі мен әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), "Орыс тілі мен әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), "Шетел тілі", "Алгебра және анализ бастамалары", "Геометрия", "Информатика", "Қазақстан тарихы", "Өзін-өзі тану", "Дене шынықтыру", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" пәндері енеді.
70. Әр бағыттағы бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер тиісінше оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлері бойынша көрсетілген және олар оқыту бейінінің ерекшелігін ескеріп оқу пәндерінің мазмұнын анықтауға негіз болады.
71. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына "Биология", "Химия", "Физика", "География" пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына "Дүниежүзі тарихы", "Құқық негіздері", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау" пәндері енеді.
72. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына "Шетел тілі", "Дүниежүзі тарихы", "География", "Құқық негіздері" пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына "Физика", "Химия", "Биология", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәндері енеді.
73. Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларында оқытудан күтілетін нәтижелер әрбір оқу пәнінің бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарымен нақтыланады.
74. Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке-дара даму траекторияларын қалыптастыруға және оларды орта білім беру ұйымын аяқтағандағы оқытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына кезең-кезеңмен жетуге жағдай жасайды.
75. Міндетті оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда оқытудан күтілетін нәтижелер.
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/орыс тілі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін).
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып, шешу жолдарын ұсынады, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық нормаларды сақтайды.
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/Орыс әдебиеті (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдауы бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;
2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
3) көркем-бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін, белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөйлеуде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін құрауда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
4) әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;
5) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың мәселелер бойынша дәлелді пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан толықтыру туралы дәлелді пікірді жинақтайды;
6) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді; өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.
Ана тілі, Әдебиет (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдына қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып және оның шешу жолдарын ұсынады, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық нормаларды сақтайды;
4) әдебиет дамуындағы негізгі үрдістерді, оның қоғам дамуымен байланысын; әдебиет саласындағы көрнекті қайраткерлердің биографиялық деректерін; әлемдік әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әдебиет теориясы туралы негізгі түсініктерді; толық және шолып оқу бағытында олардың нақты мазмұнын айту үшін, (басты кейіпкерлерді, негізгі сюжеттік желісі мен оқиғаларды) шығарманың мазмұнын біледі;
5) тарихи-мәдени және әдеби процестегі шығармалардың орны мен рөлін; көркем әдебиетте көрсетілген ұлттық құндылықтарды, оның тарихи дамуында әдебиеттің қалыптасу процесін; шығармалардың идеясын және оны жеткізе білудегі автордың шеберлігін, қолданған әдістерін; шығармадағы құрылымдық элементтердің мағынасын (сюжет және композиция, көпқырлы көркем детальдар мен оның мәтінде берілген проблемамен астарласуы, көркем сөзді бейнелеуіш құрал ретінде тиімді пайдалануы); автордың негізгі ойын, жазушының өз шығармасындағы кейіпкерлері мен оқиғаларға көзқарасын, авторлық ұстанымды; шығарма арқылы берілетін көңіл-күйді түсінеді;
6) әдеби тақырыпқа ауызша немесе жазбаша пікір дайындау барысында, өзінің талдамалы сипаттағы мәтінін құруда, зерттелген мәтінді түсіндіруде; өзі үшін оқуға белгілеген идеялық-тақырыптық тұрғыдан алуан түрлі өнер туындыларын және көркем шығармаларды бағалауда; пікірталастарда, жұрт алдында сөз сөйлеуде белсенді азаматтық ұстанымы мен рухани-адамгершілік қасиеттерін білдіруде, көркем әдеби шығарманы өзіндік талдауда жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады;
7) әдеби шығарманы оның мазмұнын тұжырымдай отырып, әңгімелеу арқылы; әртүрлі жанрдағы шығармаларды талдай отырып, шығарма желісінде оқиға болған уақытты, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінікті, нақты тарихи және өзекті мәселелерді; автордың шығарма негізіне алған идеясы бойынша ой қозғайды, талдайды;
8) аннотация, пікір жазу үшін оқыған шығарманың мазмұнын; түрлі ақпарат көздерінен, оның ішінде Интернет желісінен алынған ақпараттарды шығармашылық жұмыстарға негізге алу үшін, өзінің жеке көзқарасы мен алынған ақпаратты; қазақтың және өзге ұлттардың құндылықтарымен байланыстырудағы әдістерді; көркем шығарманың жанрлық шығу тегіне сәйкес талдаудың әдістерін жинақтайды;
9) көркем шығармалардың құндылығын; ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін және оның әлем мәдениетінің контексіндегі алатын орнын; көркем шығарманың мазмұны жағынан өзектілігін және оның адамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы мәнін; шығарманың композициялық және стильдік тұрғыдан үйлесімін, тілінің байлығын, қойылған коммуникативтік міндеттерге жетудегі тиімділігін ауызша және жазбаша жеткізуді; басқа да көркем шығарма құралдары арқылы көркем мәтінді әңгімелеуді бағалайды.
"Қазақ тілі мен әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)/"Орыс тілі мен әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін):
1) тыңдалым:
білім алушы қарым-қатынастың әртүрлі аяларындағы мәтіндердің мазмұнын, коммуникативтік ниетін, сонымен қатар, сөйлеушінің әлеуметтік және эмоционалды-экспрессивті сөйлесім ерекшеліктерін толық түсінеді; ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну деңгейінде қабылдайды; тыңдалған мәтінді айқындылығы мен бейнелілігі жағынан бағалайды;
2) айтылым:
дәлелді монологтік немесе диалогтік сөз дайындай отырып, коммуникативтік мақсатқа сәйкес түрлі тіл құралдарын тиімді қолданады; көркем шығармалардың тақырыбы бойынша пайымдайды, шығарма кейіпкерлеріне және олардың әрекеттеріне деген өзінің қатынасын білдіреді; әртүрлі айтылған сөздерді сыни тұрғыдан бағалайды; тіл нормаларын, сөйлеу тәртібі мен әдеп нормаларын сақтайды; проблеманың себептері мен салдарларын болжайды; мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-рухани, патриоттық, тарихи-мәдени дамуымен байланысты идеяларды жинақтайды;
3) оқылым:
жасырын мағынасын таба отырып, тұтас және тұтас емес мәтіндердің мазмұнын толық түсінеді; мәнмәтіннен таныс емес сөздердің мәнін анықтайды; оқытылатын тақырыптар шеңберінде академиялық мәтіндердің ерекшеліктерін айқындайды; түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды іріктейді; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың өнегелік идеалы туралы түсінігін талдай отырып, әдебиет туындыларын өнердің басқа түрлеріндегі бейнесімен салыстырады; қойылған міндеттерге байланысты оқылымның әртүрлі стратегияларын қолданады;
4) жазылым:
тақырып, мақсат, мәселелер және тілдесу жағдаятына сәйкес орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып, түрлі типтегі және стильдегі мәтіндерді құрастырады; алынған ақпаратты зерттеу және жинақтау негізінде түрлі тақырыпта тұтас немесе тұтас емес мәтіндер құрайды; мәтіндерге әртүрлі жоспарлар құрастырады; мәдениет пен тілдің көпқырлылығы, патриотизм және тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы мәселелерін қарастыра отырып, көркем әдебиет шығармалары бойынша шығармашылық жұмыстар жазады; ойы мен сезімін анағұрлым дәлме-дәл жеткізу үшін көркемдеу құралдарын – троптар мен стилистикалық тәсілдерді қолданады.
Шетел тілі:
1) тыңдалым:
білім алушы әртүрлі жанрлардағы түпнұсқалық мәтіндердің негізгі мазмұнын, таныс және жартылай таныс тақырып бойынша диалогтерді түсінеді; формалар, кестелер, сызбаларды толтыру үшін анағұрлым функционалдық маңызды мағыналық, оның ішінде толық және ерекше ақпаратты іріктейді; әртүрлі білім беру салаларының, сонымен қатар тілдесудің өзге де салаларының мәтіндерінде кездесетін терминдер мен негізгі бірліктерінің мәнін түсінеді; дерек пен пікірді ажырата алады; оқыған және жалпы тақырыптар шеңберінде әртүрлі жанр мен стильдегі орта көлемдегі мәтін ішінен сәйкессіздіктерді тауып алады және өзара салыстыра алады, мәнмәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсінеді;
2) айтылым:
білім алушы ресми және бейресми күнделікті тілдесу жағдаяттарында диалог жүргізеді; тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын қолдана отырып, өзінің сөздерін дұрыс ресімдейді; алдын ала ұсынылған тілдік байланыстағы тактиканы іске асыра отырып, қоршаған шынайы ортаға деген эмоционалды тұрғыдан бағалаудағы көзқарасын білдіре алады; өзінің көзқарасын дәлелдей отырып, мәтіндерді талдайды және салыстырады; оқиғаларға, пікірлерге және мәселелерге баға бере отырып, пайымдайды; қорытынды жасайды және берілген мәселе бойынша өзінің шешу жолдарын ұсынады;
3) оқылым:
білім алушы белгілі бір күрделіліктегі публицистикалық, ғылыми танымал, көркем мәтіндердегі негізгі мазмұнды түсінеді; оқудың әртүрлі стратегияларын пайдаланады; оқиғалар мен құбылыстардың уақытша және себеп-салдарлық өзара байланысын анықтайды; кітаптар және электронды ресурстарды пайдалана отырып, сөздердің мағынасын талдайды және салыстырады; түрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің мазмұнын сын тұрғысынан бағалайды.
4) жазылым:
білім алушы жазбаша хабарлама тезистерін жасайды, жоспар құрады, түрлі жанрлар мен стильдердегі мәтіндерді редакциялайды және түзетеді; орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; медиа-ақпарат негізінде дәлелге сүйенген мәтін жазады; өзінің мәселеге қатысты көзқарасын білдіре отырып, проблемалық сипатта мәтіндерді жазады; іс туралы хаттар мен құжаттарды дайындайды; әртүрлі тақырыптарда эссе жазады (150-200 сөз).
Алгебра және анализ бастамалары, Геометрия:
1) көрсеткішті, логарифмдік функциялардың анықтамаларын, олардың қасиеттерін және графиктерін; күрделі функция ұғымын; кері функция ұғымын; кері тригонометриялық функциялардың анықтамаларын; тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерін; рационал және иррационал теңдеулерді шешу әдістерін; рационал теңсіздіктерді шешу тәсілдерін; көпжақтар мен айналу денелерінің түрлерін және олардың жазбаларын; көпжақтар және айналу денелерінің аудандары мен көлемдерінің формулаларын; стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын; кеңістіктегі вектор ұғымын; сфераның теңдеуін; статистиканың негізгі ұғымдарын; дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар ұғымдарын; фунцияның нүктедегі және шексіздіктегі функция шегінің анықтамаларын; нүктедегі және жиындағы функция үзіліссіздігінің анықтамаларын; функцияның туындысының анықтамасын; функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін; алғашқы функцияның, анықталмаған және анықталған интегралдың алғашқы функцияларының анықтамаларын; анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табу формулаларын біледі.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша иррационал теңсіздіктерді шешу әдістерін; ықтималдықтарды қосу және көбейту формулаларын; Бернулли формуласын; дискретті кездейсоқ шамалардың таралу түрлерін; кеңістіктегі түзудің және жазықтықтың теңдеулерін; функцияның дифференциалының анықтамасын біледі;
2) бір айнымалысы бар көпмүшенің стандарт түрде жазылуын; "бас жиынтық", "таңдама", "дисперсия", "стандартты ауытқу" терминдерін; туындының геометриялық және физикалық мағыналарын; интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде; стереометрияның аксиомалар жүйесін және аксиомадан шығатын салдарды, геометриялық есептердің дәлелдеу тәсілдерін және шешімдерін түсінеді.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша координаталар әдісінің мәнін; алмастырулар саны, теру, қайталанбалы орналастыру формулаларының мәнін түсінеді;
3) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; иррационал теңдеулерді шешу алгоритмін; қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын; есептерді шығаруда түзулердің параллель, айқас және перпендикуляр болуының, жазықтықтардың параллель және перпендикуляр болуының белгілері мен қасиеттерін; геометриялық денелердің беттерінің аудандары мен көлемдерін табу формулаларын; геометриялық есептерді шешуде векторларға қолданылатын амалдар ережелерін; векторлардың коллинеарлық және компланарлық шарттарын; функцияның күдікті нүктелері мен экстремум нүктелерін, кему және өсу аралықтарын табу тәсілдерін; туындыны табуда дифференциалдау техникасы мен туындылар кестесін; анықталған интегралды табуда интегралдар кестесі мен Ньютон-Лейбниц формуласын қолданады.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын; Бернулли формуласын; функция графигінің асимптоталарын табу тәсілдерін қолданады;
4) кеңістіктегі түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың, жазықтық пен айналу денелерінің өзара орналасуын; айналу денелерінің жазықтықпен қимасын; графигі бойынша функцияның қасиеттерін талдайды; геометриялық және физикалық мазмұндағы есептерді талдайды және ол есептерді туындының және/немесе интегралдың көмегімен шығарады; кездейсоқ шамалардың типтерінің өзгешеліктерін талдайды және дискретті кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын есептейді.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: көпжақтардың (текше, тікбұрышты параллелепипед, пирамида) жазықтықпен қимасын талдайды;
5) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің түрлі әдістерін; иррационал теңдеулерді шешудің әдістерін; көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларының модельдерін; нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін жинақтайды.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша оқиға ықтималдығын табуға арналған комбинаторика формулаларын; иррационал теңсіздіктерді шешудің түрлі тәсілдерін; кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары және өзара кері функциялардың қасиеттері негізінде кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін жинақтайды;
6) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешімдерін; иррационал теңдеулердің шешімдерін; статистикалық мәліметтердің вариацияларының көрсеткіштері мәндерін бағалайды.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша иррационал теңсіздіктердің шешімдерін бағалайды.
Информатика:
1) жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеті мен негізгі функцияларын; деректер қорын басқару жүйелерімен жұмыс істеу негіздерін; программалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін өмірлік циклдің модельдерін; веб-бағдарламалау негіздерін, сондай-ақ веб-сайттарды жасау үшін деректер қоры теориясын; желілік хаттамаларды және Интернет жұмысының қағидаттарын; деректер мен компьютерлік жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленген қауіпсіздік шараларын біледі;
2) реляциялық деректер қорын ұйымдастыру принциптерін; желілік технологияның қызмет етуінің негізгі принциптерін; дыбыстық және бейнеақпараттарды өңдеу принциптерін, ақпараттық технологияларды дамытудың негізгі үдерістерін түсінеді;
3) ақпараттық объектілерді жасау және өзінің жұмыс нәтижелерін ресімдеу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды; деректер қорында сұраныс құрастыру ережелерін; құжаттарды редакциялау мен сақтау барысында бұлтты технологияларды; web-сайттарды және мобильдік қосымшаларды жасау барысында бағдарламалау элементтерін; желіде жеке қауіпсіздік және желі этикеті ережелерін; дыбысты және бейнені өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданады;
4) ақпаратты іздеу үшін бірнеше белгілер мен қатынас операторларын қолдану арқылы сұранысты; есепті модельдеу, алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы шешудің тиісті әдістері мен тәсілдемелерін анықтау үшін есепті; компьютерде өңдеу мен есептеудің қойылған міндетке сәйкестігінің нәтижелерін; анағұрлым тиімдісін анықтау үшін әртүрлі тәсілдермен есептерді шешу жолдарын талдайды;
5) өзінің идеялары мен ойларын білдіру үшін әртүрлі түрлерде ақпаратты; басқару формалары мен элементтері көмегімен деректер қорын; қолданушы міндеттерін шешу үшін веб-сайттарды жинақтайды;
6) жобаны модельдеу мен әзірлеу барысында қойылған мақсаттарға сәйкес өз қызметінің нәтижелерін (нақтылық, өлшемділік, қолжетімділік, шынайылық, қатыстылық); бағдарламалау құралдарын қоса алғанда қолданыстағы бағдарламалық қамсыздандырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды.
Қазақстан тарихы:
1) Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарын және олардың орналасқан жерлерін; көшпенділіктің тарихи түрлерін; еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын; әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін; қазақ халқының этникалық тарихын; дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымын; Қазақстан полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихын; Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерін; Қазақстандағы саяси ойдың дамуына едәуір үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; түрлі тарихи кезеңдердегі ұлттық мәдениет пен ғылымның маңызды жетістіктерін; Қазақстан тарихы бойынша негізгі тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді біледі;
2) Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарын, негізгі оқиғалардың мәнін; ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің түрлері мен формасын, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін; әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан халқының өмір сүру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына географиялық фактордың ықпалын; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін; Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тарихи тұлғалардың қосқан үлесін; ұлттық бірегейлікті сақтаудағы қазақтардың мәдени мұрасының маңызын; қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу қажеттілігін түсінеді;
3) Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде; Орталық Азия көшпенділері мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде; Қазақстанның дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтауда; Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады;
4) Қазақстанның тарихи дамуын әлемдік тарих контексінде, ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; Қазақстан тарихы бойынша ғалымдардың еңбектері мен деректерді; Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; бүгінгі Қазақстанның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды;
5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; Қазақстан мен әлемнің басқа аймақтарындағы тарихи дамудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларды; Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; отан тарихына ықпалы контексінде тарихи тұлғалардың қызметін; Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін; тарихи мәліметтердің шынайылығын; Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
Өзін-өзі тану:
1) адамның рухани өмірінің негізі ретінде жалпыадамзаттық құндылықтарды; қоғамдағы адамның адамгершілік мінез-құлқы нормаларын; күнделікті өмірде позитивті ойлаудың рөлі туралы; шынайы рухани табиғат туралы; адамның өмірде алатын орны туралы; күнделікті өмірде риясыз сүйіспеншіліктің маңыздылығы, ар-ұжданға көңіл бөлу жайлы біледі;
2) адамның қалыптасуы үшін рухани-адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын; рухани тұрғыдан өзін-өзі жетілдірудің қажеттілігін және өзінің отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы атқаратын рөлін; қоғамдағы жоғары адамгершілік қасиеттерді, дағдыларды, қызметті дамыту қажеттілігін, дене және рухани саулықтың өзара үйлесімінің алатын орнын; өзінің ел, қала, ауыл, мектеп және отбасы өміріне қатысын, өзінің мақсаты, міндеттері, сөздері және іс-әрекеттеріне жауапкершілікті түсінеді;
3) күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімін, моральдық тұрғыдан таңдау қабілетін және ой, сөз, әрекеттерінің өзіне сай өзара бірлікте өмір сүру дайындығын, қоғамға қызмет ету дағдыларын; жасампаз қызметіндегі өмірлік ұстанымын, салауатты өмір сүру дағдыларын, өз ойын еркін жеткізе білуді; адамгершілік мінез-құлқының жеке тәжірибесін; қоғамға қызмет көрсету тәжірибесін қолданады;
4) рухани-адамгершілік құндылықтар тұрғысынан өзінің іс-әрекеттерін; адамгершіліктен бастау алатын қарым-қатынас; әртүрлі көздерден келіп түсетін ақпаратты ар-ождан тұрғысынан талдайды; өмірде туындайтын жағдаяттардан қалыптасқан ар-ожданға қатысты сабақтарды; отбасында, ұжымда, қоғамдағы рухани-адамгершілік нормаларына сәйкес өз мүмкіндіктері мен өз армандарын, мақсаттары мен оған жету жолдары өлшемдерін; адамгершілік тұрғысынан таңдау негізінде мәселені шешу жолын талдайды; өзінің рухани-адамгершілік, тұлғалық және кәсіби өсуі; отбасында, ұжымда, қоғамда тілектестік және өзара түсіністік ахуал; өзімен өзі және қоршаған әлеммен зорлық жасамау қағидалары негізінде үйлесімді қатынас орнату үшін жағдай жасайды;
5) отбасылық, тұлғааралық және қоғамдық салаларда өзара қатынасты жетілдіру, рухани-адамгершілік жетілу жолдарын іздестіру үшін рухани-адамгершілік білім жинақтайды;
6) жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өз әрекетін, өзінің эмоциялық күйін, адамның және табиғаттың өзара әрекеттесу тәсілдерін бағалайды.
Дене шынықтыру:
1) дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін; әртүрлі бағыттылығы бар дене жаттығулары сабақтарының кешенін, қозғалыс қимылдарын орындаудағы ереже мен техниканы; дене жаттығуларының биодинамикалық ерекшеліктері мен мазмұнын, денені дамыту және денсаулықты нығайту міндеттерін шешуде оларды қолдану негіздерін; дене жүктемелері кезінде өз ағзасының қызмет етудегі физиологиялық негіздерін, дене шынықтыру арқылы оларды дамыту мен жетілдіру мүмкіндіктерін біледі;
2) өз ағзасының психикалық-функционалдық ерекшеліктерін; дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану арқылы жеке тұлғаның дербес қалыптасу мүмкіндігі мен қасиеттерін; салауатты өмір салтын ұстануға қажеттілікті; атқарылатын қозғалыс әрекеттерінің ауырлық деңгейін; физикалық дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде түрлі физикалық жүктеменің талап етілген қарқындылығына жету қажеттілігін түсінеді;
3) салауатты өмір салтын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыру, өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын; ойын кезінде немесе арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау кезінде қажетті негізгі техникалық-тактикалық әрекеттерді; ағзаның бейімделу қасиеттерін дамытуды қадағалау және денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын жоғарылатудың дербес жолдарын; функционалдық қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларын өз бетімен ұйымдастыру тәсілдерін, спорт жабдықтары мен құралдарын қолдану ережелерін; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде жарақаттанудың алдын алу және дәрігер алды көмек көрсету білімін қолданады;
4) сауықтыру және дене шымырлығы мен ширақтығын жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын орындау кезінде өз ағзасының функционалды қызмет ету жағдайын талдайды;
5) қалыптасқан дағдыларды дене шынықтыру сабағымен қатар күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдаяттарда қолдану жүйесін; салауатты және қауіпсіз өмір сүруді қалыптастырудағы дағдыларды; адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің ережелерін меңгеруін жинақтайды;
6) жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын; өз бетінше жетілу және қимыл-қозғалыс дайындығының деңгейін; дене жаттығуларымен шұғылдану тиімділігін, ағзаның функционалды қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін; дене жүктемелерін және дене жаттығуларының әсер ету бағытын мөлшерлеуді бағалайды.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық:
1) әскери іс, белгілеу, ұйымдастыру құрылымы, штаттық қаруландыру және техника негіздерін, төменгі тактикалық буын бөлімшесінің мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, робототехника және IT-технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, лаңкестік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау барысында әрекет ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды; штаттық қаруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін, құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялау және жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; алғашқы медициналық көмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін біледі;
2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) қарулардың және басқа да адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдардың әсер ету ерекшеліктерін, оларды қолданудағы шаруашылық нысандарына, қоршаған ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдары мен залал келтіруі мүмкін экономикалық және экологиялық шығынын түсінеді;
3) орын алған әртүрлі жағдаятта соғыс алаңында солдаттың рөлінде, радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы ретінде әрекет етуді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік шалғанда, күн өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы медициналық көмек көрсетуді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің түрлі бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетуді; интернет байланысты, аудио-визуалды технологияларды пайдаланады, автомобиль көлігін жүргізудің теориялық негіздерін, робототехника дағдыларын меңгереді, сандық фото және бейне жабдықтарды қолданады;
4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайды; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын талдайды;
5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритімін жинақтайды;
6) қабылданған шешімнің салдарын бағалайды.
76. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Физика:
1) механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты және айнымалы ток, электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың физикалық шамалары мен ұғымдарын; ғалам дамуының негізгі кезеңдерін; ақпаратты тарату мен қабылдау тәсілдерін, негізгі радиотехникалық қондырғылар мен жүйелерді құру қағидаттарын; нанотехнологияның негізгі қағидаттарын және шығу тарихын;
2) механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын, қағидаттары мен постулаттарын; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың негізгі заңдары мен қағидаттарын; наноматериалдар мен наножүйені зерттеу әдістерін; әлемнiң заманауи ғылыми бейнесіндегі физика ғылымының орнын; ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық есептерді шешудегі физиканың рөлін түсінеді;
3) физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын; физика ғылымының символикалары мен терминологияларын; физикада қолданылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін; ғаламтор желісі мен компьютердің дерекқорларындағы физиканың ақпараттарын іздеу және өңдеу үшін жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін; эксперименттер мен өлшеу нәтижелерін өңдеу, физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді анықтау тәсілдерін қолданады;
4) дәрежелік функциялар түрінде берілген тәуелділіктерді; екі айнымалы арасындағы қатынасты; ғаламдағы құбылыстарға, нысандар мен денелерге әртүрлі физикалық күштердің әрекетін, физикалық процестердің тәуелдiлiгі мен айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін; құрылғылар мен аспаптардың сипаттамалары мен жұмыс істеу қағидаттарын, ғылыми жаңалықтарды қолданылу салаларын; нанотехнологияның қолдану салаларын, адамның өндірістік қызметі мен қоршаған орта жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ғалам күйін сипаттайтын параметрлерді және оның дамуының мүмкін жолдарын талдайды;
5) жиналған және өңделген мәліметтердің, ақпараттың кесте, график, хабарлама баяндама, презентация түрінде қарастырылуы үшiн; ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді болжамдар, дәлелдеулер, түсiндiрмелер ұсыну үшiн; эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын жинақтайды;
6) заңдар мен олардың қолданысын білуін, жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін; нақты жағдайлардағы ғылыми таным әдiстерінің қолданысын; экологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның өндiрiстiк және тұрмыстық қызметінің салдарын бағалайды.
Химия:
1) негізгі химиялық ұғымдарды; атомистикалық теорияны; органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын; түрлі белгілері бойынша заттарды жіктеуді; органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасын, құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін; полимерлі материалдардың, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстарының кейбір салаларда қолданылуы және ерекше қасиеттерін; нанотехнологияның кейбір салаларда қолданылуын біледі;
2) түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін; химиялық реакциялардағы энергиялардың өзгерулерін; химиялық айналымдардың негізгі механизмдерін; кинетикалық теорияның, гомогенді және гетерогенді катализдің, электрохимияның негіздерін; ауыспалы металдардың ерекше қасиеттерін; құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін; талдаудың инструментальды әдісі арқылы қосылыстарды зерттеу қағидаттарын; ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын түсінеді;
3) табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін, әртүрлі жағдайларда химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктерін анықтау және олардың салдарларын бағалау үшін білімдері мен біліктерін; заттарды сапалық және сандық талдау әдістерін; қоршаған ортада экологиялық сауатты болу ережесін; қоршаған ортаның химиялық ластануының тірі ағзаларға әсер етуін бағалау әдістерін; химиялық эксперименттер нәтижелерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; жанғыш, улы заттарды, зертханалық құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
4) заттардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланыстылығын; заттардың құрылымы мен қасиеттерін анықтауға арналған олардың қарапайым спектрлерін; химиялық реакцияның жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдіктің түрлі факторларға байланыстылығын; Периодтық жүйеде элементтердің қасиеттерінің өзгеру үрдісін; қышқылдар мен негіздердің түрлі теорияларын, ерітінділердегі иондық тепе-теңдіктерді талдайды;
5) органикалық және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арасындағы генетикалық байланыстарды; заттардың химиялық байланыс және құрылыс теориясының көмегімен химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы дәлелді пайымдауларды жинақтайды;
6) әртүрлі материалдардың қасиеттерін; химиялық реакциялардың жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсерін; химиялық тепе-теңдікке сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпалын; қоршаған орта мен адам денсаулығына химиялық өндірістің әсер ету зардаптарын; радиоактивті ыдырауының әсерлерін; түрлі дереккөздер ақпараттарының дұрыстығын бағалайды.
Биология:
1) ақуыздардың, майлардың, көмірсутектердің, нуклейн қышқылдарының құрылымын, құрамын және міндеттерін; антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмдерін; адамның хромосомалық ауруларының тұқымқуалаушылық теориясының негізгі күйлерін; тірі ағзалардың қоректенулері мен метаболизмінің түрлерінің/типтерінің өзгергіштігін; түрдің пайда болуы әдістерін; генетика негіздері және гендік инженерияның мүмкіндіктерін; Жер бетінде өмірдің қалыптасуы кезеңдері мен схемаларын; антропогенезді; ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемаларды және табиғат ресурстарын қорғау қағидаттарын біледі;
2) фотосинтездің қараңғы және жарық фазасы кезінде өту процестерін; заттардың тасымалы, транслокация, хромосомалық, гендік мутациялардың пайда болу механизмін; гендік-инженерлік манипуляциялардың мәнін; энергетикалық алмасу кезеңдерін; тұқым қуалау құбылмалылығы мен эволюция арасындағы өзара байланыс; тұқым қуалау заңдылықтарын; эволюциялық процестердің механизмін; экологиялық пирамиданың ережесін; қоршаған ортаға антропогендік әсер етулердің зардаптарын түсінеді;
3) молекулалық биология және генетика есептерін шешудің схемалары мен әдістерін; экожүйені, тұқым қуалау белгілерін және түрлендірілген құбылмалылықты талдауға арналған статистикалық әдістерін; заттарды сапалық және сандық талдау әдісін; тәжірибелерді әзірлеу, жүргізу, бақылау, нәтижелерін жазу мен талдауға арналған ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; дәрі-дәрмектер, улы заттар, зертханалық жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
4) фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін; эволюция процесіне әсер ететін факторларды; ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысын; ДНҚ-ның репликациясы мен рекомбинациясын, мутация мен репарация процестерін, ДНҚ құрылымы мен оның атқаратын қызметі арасындағы байланысты; сперматогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты; экожүйе түрінің әртүрлілігін және тұрақтылығын; әлемдегі және Қазақстандағы экологиялық жағдайларды талдайды;
5) адамның гаметогенез схемасын; экожүйелердегі тағамдар тізбегінің схемасын; кесте, график, хабарлама, баяндама, презентациялар түрінде ұсыну үшін жинақталған және өңделген мәліметтерді, ақпараттарды; болжамдар, айғақтар және түсіндірмелерді ұсыну үшін ғылыми үлгілер мен дәлелдемелерді; зерттеушілік, оқу және шығармашылық жобаларды; Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешудің мүмкін нұсқаларын жинақтайды;
6) ферменттердің белсенділігіне әсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың құрылымын, фотосинтездің нәтижесін; моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, модификациялық құбылмалылық заңдылықтарын; мутагенездің себептерін; өз аймағының экожүйесін; биотехнологияда зерттелетін генетикалық түрі өзгертілген және трансгенді ағзаларды қолдануға байланысты этикалық сұрақтарды бағалайды.
География:
1) географияның, геоинформатиканың, геоэкологияның, табиғатты пайдаланудың, геосаясаттың, геоэкономиканың негізгі категорияларын; геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және саяси карталардың ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи проблемаларын; геосфераларға антропогендік әсердің көздерін, факторларын және себептерін; табиғатты қорғау шараларының жүйесін және негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың заманауи жіктеуінің түрлерін мен типтерін және табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы қағидаттарын; халықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының айырмашылықтарын; жекелеген аймақтар мен елдер шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымының географиялық ерекшеліктерін; жекелеген аймақтар мен елдердің географиялық өзгешеліктерін, олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі мамандануы бойынша айырмашылықтарын; дүниежүзінің заманауи саяси картасының мазмұнын; дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін; мемлекеттік аумақтың құрылымын және мемлекеттік түрлерін; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; Қазақстан Республикасының заманауи геосаяси және геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін; Қазақстанның аймақтық, халықаралық саяси процестерге, халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, қатысын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін біледі;
2) дүниежүзінің заманауи экономикалық-географиялық және саяси-географиялық көрінісін; географияның басқа ғылымдармен интеграциялану қажеттілігін; геоэкологиялық, әлеуметтік, геоэкономикалық және геосаяси процестердің ерекшеліктері мен серпінін; "табиғат - халық (қоғам) - шаруашылық (экономика)" географиялық жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын; табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің рөлін; адамның ғаламдықтан жергілікті деңгейге дейінгі географиялық (қоршаған) ортасын қалыптастыратын және өзгертетін табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды; өмір сүру сапасының қоршаған табиғи орта сапасынан тәуелділігін; ғаламдану жағдайында ірі аймақтар мен елдердің географиялық ерекшеліктерін; заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің маңыздылығы мен мәнін; геосаяси субъектілердің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттесу сипатын, дүние жүзінің геосаяси аудандастырылуын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының себептері мен оларды шешу жолдарын түсінеді;
3) географиялық зерттеудің заманауи әдістерін және олардың комбинациясын; географиялық деректердің түрлі көздерін; тақырыптық карталардың қосымша сипаттау элементтерін; геокеңістіктік дереккөздерін; географиялық ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті мәнмәтінде өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін; қажетті мәнмәтінде есептеулер жүргізу үшін түрлі формаларды қолданады;
4) географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарын; табиғат пен қоғамның өзара байланыстары мен олардың кеңістіктік ерекшеліктерін; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыс және басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; заманауи дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; сандық және сапалық геокеңістіктік деректерді; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; дүниежүзі елдерінің рейтингтері мен индекстерін талдайды;
5) модельдерді, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды жинақтайды;
6) географиялық дереккөздердің шынайылық дәрежесін; геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; жекелеген аумақтардың табиғи, антропогендік және техногендік өзгерістердің дәрежесін және олардың салдарын; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғатты пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің рейтингтер мен индекстердегі көрсеткіштері мен орнын; кез келген дәрежедегі аумақтың географиялық және геосаяси жағдайын; негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша дүниежүзі елдерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін бағалайды.
77. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Дүниежүзі тарихы:
1) өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын; мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін; әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды; әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді; қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттердің негізгі ғылыми теорияларын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі;
2) мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін; мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін; мемлекеттік-құқықтық институттардың маңызын; әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын; тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын; әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын; түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын; жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді;
3) әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттерінің құрылуын уақыт пен кеңістікте анықтауда; мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін; түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін; әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін; өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады;
4) әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын; түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; тарихи деректерді; жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды;
5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; әлем тарихының ықпалы контексінде тарихи тұлғалар қызметін; әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін; тарихи деректердің шынайылығын; әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
Графика және жобалау:
1) көрнекі ақпаратты бекітудің негізгі құралдарын, әдістерін және тәсілдерін; графикалық бейнелердің негізгі түрлерін; графика құралдары мен жобалаудың негізгі әдістерін; геометриялық денелердің сырт пішінінің құрылу (қалыптасу) заңдылықтарын; машина жасау, сәулет – құрылыс сызбалары туралы жалпы түсініктерді; топографикалық сызбалар элементтерін; бұйымды жасау және жобалау кезеңдерін; көрнекі ақпаратты қол және компьютерлік графика құралдары арқылы бейнелеу әдістері мен тәсілдерін біледі;
2) құбылыстар, процестер және заттық әлем туралы ақпаратты ұсыну және визуализациялау кезінде графикалық бейнелер рөлінің маңыздылығын; графикалық модельдеу әдістері заңдылықтарын; зат формасын көрсетудегі графикалық бейнелердің түрлері арасындағы айырмашылықты, олардың кеңістік және метрикалық сипаттамасын; тәжірибелік іс-әрекеттегі қолмен жасалған және компьютерлік графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін; макет жасау және модельдеу ерекшеліктерін түсінеді;
3) графикалық жұмысқа арналған материалдар мен құралдарды; проекциялау әдісін; заттың геометриялық (конструктивтік) формасын құрастыру тәсілдерін; геометриялық денелер бетінің жаймасының сызбасын құрастыру әдістерін; бейненің көрінісі мен құрамын өзгерту әдістерін; жобалық және конструктивтік шешім қабылдау үшін анықтамалық құжаттарды; графикалық модельдеу, макеттеу және жобалау бойынша әртүрлі есептерді (мәселелерді) шешу барысында қол және компьютерлік графика құралдарын қолданады;
4) көрнекі ақпаратты ұсынудың әртүрлі тәсілдерін және бейненің қасиеттерін; заттардың бейнесін жасағанда олардың геометриялық формалары мен конструкцияларын; заттың формасын анықтау үшін бейненің түрлі көрінісін пайдалану мүмкіндігін; бейненің графикалық құрамын және заттың формасын анықтау үшін кешенді сызбаны талдайды;
5) зат формасын қайта құру үшін контурлы бейнені; түрі және құрамы бойынша жүйелеу үшін бастапқы бейнедегі графикалық ақпаратты; қажетті графикалық ақпаратты толық және жеткілікті көрсету үшін түрлі бейне көріністерін; шығармашылық ойды іске асыру үшін графиканың әртүрлі құралдарын жинақтайды;
6) көрнекі ақпаратты бекітудің әдістерін; әртүрлі объектілердің графикалық бейнелерін; бейнені қайта құрудың түрлі тәсілдерін; жобалау іс-әрекеті процесінде қолданылатын графика құралдары мен жобалау әдістерін; заттардың геометриялық және конструктивтік сипаттамасын; шығармашылық іс-әрекет барысын және нәтижесін бағалайды.
Құқық негіздері:
1) Конституциялық құқық көздерін, нормаларын, жүйелерін; конституциялық саяси құқықтарын; әкімшілік құқық жүйесі, нормасын, субъектілерін; еңбек құқығы, оның мәнін, әкімшілік еңбек тәртібін ұйымдастырудағы міндеттер, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық; азаматтық құқық көздерін, қатынастарын, меншік құқығы формаларын, тұтынушы құқығының қолданылу аясын; отбасылық қатынастар, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін; қылмыстық құқық ұғымы, белгілерін, қылмыстық жауаптылық, оның түрлерін, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен қатар оны жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін біледі;
2) қоғамның мәдени элементі және маңызды әлеуметтік реттеушісі ретінде құқықтың мәні мен рөлін, қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық ұстанымдарды, құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен заңдық жауаптылық, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеу, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметті түсінеді;
3) нормативтік актілерді қолдана отырып нақты құқықтық жағдайларда жеке ұстанымдарының дәлелдемелерін, Қазақстан Республикасының заңнамаларына нақты құқықтық нормалардың сәйкестігін бағалау үшін құқықтық білімін; күнделікті өмірде, өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысуда құқық ережелерін, құқықтық ақпараттарды өзіндік іздену дағдыларын қолданады;
4) құқықтық нормаларды, түрлі деректерден алынған, құқық салаларына қатысты ақпараттарды талдайды;
5) адамгершілік және құқықтық нормаларымен қабылданған өз мінез-құлықтары мен басқалардың әрекеттерін байланыстыру үшін алынған ақпаратты; жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қарсы келмейтін шешім қабылдау, өз қарым-қатынасын білдіру, жағдаяттарды бағалау үшін, берілген контекстегі ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік дағдыларды жинақтайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамаларын нақты мәселелерді шешу барысында қолдану ерекшеліктерін өздігінше бағалайды.
78. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Шетел тілі
1) тыңдалым: белгілі тақырыптарға әдеби тіл нормасы шегінде нақты айтылған сөздің негізгі мағынасын түсінеді, оқумен және болашақ кәсіби қызметімен байланысты күнделікті сұрақтар мен тақырыптар туралы қарапайым ақпараттық хабарламаларды түсінеді; ұзақ пікірталастағы негізгі ойды жалпы ұғына алады, сөйленетін сөздің тақырыбы таныс, ал сөйленетін сөз қарапайым тілде және нақты құрылған жағдайда оқу және кәсіби тақырыптар бойынша дәрісті немесе әңгімені ұғады, техникалық сипаттағы егжей-тегжейлі нұсқауларды түсінеді; өзін қызықтыратын тақырыптар бойынша нақты әрі баяу айтылған телевизиялық бағдарламалардың көпшілік бөлігін, мысалы, сұхбаттарды, қысқаша дәрістерді, репортаждарды түсінеді;
2) айтылым: қандай да болмасын жағдайды суреттей алады немесе бір-бірімен байланысты пікірлер түрінде әңгімелеп бере алады; кітаптың немесе фильмнің сюжетін және өзінің одан алған әсерін айтып береді; оқу іс-әрекеті аясында тақырып бойынша алдын ала дайындалған қысқаша хабарландыру жасайды; өзіне таныс тақырып бойынша түсінікті болғаны сонша, айтылған ой мен негізгі ережелерді нақты жеткізе отырып, ондағы айтылған барлық ойға ілесе алу мүмкін болатындай баяндама жасайды, баяндама бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, дегенмен кей кездері сұрақты қайталап айтуын өтінуі мүмкін; күрделі байланысқан мәтін арқылы өз сезімі мен әсерін жеткізе отырып, өз тәжірибесін суреттеп айтып береді;
3) оқылым: қызықтыратын тақырып бойынша нақты ақпаратты, оқиғалардың сипаттамасын, жеке хаттардағы сезімдер мен тілектерді қамтитын қарапайым мәтіндерді толық түсінеді; таныс емес жалпы және оқу тақырыптары кездесетін көркем және оқу әдебиеттерінің көлемді мәтіндерін оқиды; газет мақалаларының түрлі типтерінің негізгі ойларын анықтайды, таныс емес қағаз және цифрлық ресурстарды мағынасын тексеру және түсінігін кеңейту үшін қолданады;
4) жазылым: көпшілікке таныс және қызықтыратын сұрақтар бойынша жекелеген қысқа элементтерді бірге байланыстырып қарапайым мәтін жазады, іс-әрекет аясында болатын күнделікті таныс және әлеуметтік мәселелер бойынша нақты жиналған ақпараттарға қатысты өз пікірін еркін жинақтайды және хабарлайды; абстрактілі тақырыптар және мәдениетке: музыкаға, фильмдерге байланысты тақырыптар бойынша жаңалықтарды және өзінің ойларын айтып хат жазады; қарапайым дәріс уақытында егер тақырып таныс болған жағдайда, тақырыбы таныс, сөз қарапайым және нормативті диалектіде нақты айтылған болса, негізгі түйінді сәттерді көрсетіп жазбалар жазады; оқиғаны жазбаша баяндап жазады.
Дүниежүзі тарихы:
1) өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын; мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін; әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды; әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді; қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттерінің негізгі ғылыми теорияларын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі;
2) мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін; мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін; мемлекеттік-құқықтық институттарының маңызын; әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын; тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын; әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын; түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын; жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді;
3) әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттерінің құрылуын уақыт пен кеңістікте анықтауда; мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін; түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін; әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін; өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады;
4) әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын; түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; тарихи деректерді; этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды;
5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын; әлемдік тарихи-мәдени процесс туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; әлем тарихының ықпалы контексінде тарихи тұлғалар қызметін; әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін; тарихи деректердің шынайылығын; әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
География:
1) география ғылымдар жүйесінде геоэкологияның, геоинформатиканың, геосаясаттың, геоэкономиканың, елтанудың орны мен рөлін; табиғатты пайдалану саласындағы, экономикалық, әлеуметтік, саяси география мен геосаясаттың негізгі ғылыми түсініктерін; геосфераларға тиетін антропогендік әсердің факторларын, көздерін және салдарын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың белгілерін; аумақтардың экологиялық жіктелуін; табиғатты қорғау шараларының жүйесі мен негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың негізгі әкімшілік, экономикалық және құқықтық механизмдерін; заманауи экологиялық саясаттың бағыттарын; қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін; өмір сүру сапасының көрсеткіштерін; экономикалық жүйелер модельдерін; дүниежүзілік шаруашылық және дүниежүзі елдері дамуының басты көрсеткіштерін; дүниежүзі елдерінің арасындағы халықаралық қатынастардың жиынтығын; ғаламдану процесін; Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысуын; адамзаттың заманауи ғаламдық проблемалары және олардың жергілікті, аймақтық деңгейлердегі көрінісін; ұлттық мүдделер тұрғысынан Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігінің бағыттарын; дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтарын біледі;
2) заманауи әлемнің кеңістіктік алуан түрлілігін, оның жалпы және аймақтық ерекшеліктерін; табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу проблемаларын; табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестердің ерекшеліктерін; қоршаған ортаның жағдайы үшін жеке жауапкершілігін; ғаламдық және жергілікті табиғи және әлеуметтік-экономикалық, экологиялық процестердің серпінін; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуін оңтайландыру, табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің ролін; аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының географиялық факторлардан тәуелділік дәрежесін; өмір сүру сапасының қоршаған орта сапасына тәуелділігін; заманауи әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалардың және оларды шешу жолдарын; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттестігінің сипатын түсінеді;
3) геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси зерттеу әдістері мен олардың комбинациясын; геокеңістіктік дереккөздерін; геокеңістіктік деректерді іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті контексте деректерді өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін қолданады;
4) сандық және сапалық геокеңістік деректерді; географиялық нысандарды, процестерді және құбылыстарды жіктеу белгілерін; географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыстары мен басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; адам өмірі мен тіршілігіне географиялық факторлардың ықпалын; қоғамдық өндірістің табиғи және әлеуметтік-экономикалық негіздерін; жоспарланған шаруашылық әрекеттің қоршаған ортаның жағдайы мен адамдардың денсаулығына тигізетін әсерін; экологиялық дағдарыстың белгілерін; қоршаған табиғи ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын;
геоэкологиялық, геосаяси және экономикалық процестерді; халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және басқа да байланыстар мен қатынастарын; аумақтық-саяси жүйелерді; мемлекеттік аумақтың құрылымын; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; елдің ұлттық мүдделері жүйесін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін; дүниежүзілік геосаяси кеңістікті; Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, дүниежүзіндегі орны мен рөлін талдайды;
5) модельдер, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерттеп жатқан географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу және саралау мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды жинақтайды;
6) геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; геосфераға тиетін антропогендік жүктемені және олардың салдарын; кез келген дәрежедегі аумақтардың географиялық және геосаяси жағдайын, табиғи-ресурстық әлеуетін; табиғи ортаның сапасын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың дәрежесін; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің халықаралық салыстырулардағы көрсеткіштері мен орнын; дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі даму модельдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін; ғаламданудың дүниежүзі елдеріне тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігінің тиімділігін; халықаралық ұйымдардың қызмет ету нәтижелерін бағалайды.
Құқық негіздері:
1) Конституциялық құқық көздерін, нормаларын, жүйелерін; конституциялық саяси құқықтарын; әкімшілік құқық жүйесі, нормасын, субъектілерін; еңбек құқығы, оның мәнін, әкімшілік еңбек тәртібін ұйымдастырудағы міндеттер, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық; азаматтық құқық көздерін, қатынастарын, меншік құқығы формаларын, тұтынушы құқығының қолданылу аясын; отбасылық қатынастар, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін; қылмыстық құқық ұғымы, белгілерін, қылмыстық жауаптылық, оның түрлерін, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен қатар оны жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін біледі;
2) қоғамның мәдени элементі және маңызды әлеуметтік реттеушісі ретінде құқықтың мәні мен рөлін, қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық ұстанымдарды, құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен заңдық жауаптылық, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеу, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметті түсінеді;
3) нормативтік актілерді қолдана отырып нақты құқықтық жағдайларда жеке ұстанымдарының дәлелдемелерін, Қазақстан Республикасының заңнамаларына нақты құқықтық нормалардың сәйкестігін бағалау үшін құқықтық білімін; күнделікті өмірде, өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде құқық ережелерін, құқықтық ақпараттарды өзіндік іздену дағдыларын қолданады;
4) құқықтық нормаларды, заңнаманың барлық салаларында құқықтық қатынас процесінде пайда болған даулы мәселелер тууы аясында берілген ақпараттарды, түрлі деректерден алынған, құқық салаларына қатысты ақпараттарды талдайды;
5) адамгершілік және құқықтық нормалармен қабылданған өз мінез-құлықтары мен басқалардың әрекеттерін байланыстыру үшін алынған ақпаратты; жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қарсы келмейтін шешім қабылдау, өз қарым-қатынасын білдіру, жағдаяттарды бағалау үшін, берілген контекстегі ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік дағдыларды жинақтайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамаларын нақты мәселелерді шешу барысында қолдану ерекшеліктерін өздігінше бағалайды.
79. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Физика:
1) механиканың (кинематика, динамика, статика, гидроаэростатика, гидроаэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың физикалық шамалары мен ұғымдарын; Ғалам дамуының негізгі кезеңдерін; ақпаратты тарату мен қабылдау тәсілдерін, нанотехнологияның шығу тарихын және негізгі қағидаттарын біледі;
2) молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық) заңдары мен қағидаттарын; наноматериалдар мен наножүйені зерттеу әдістерін; әлемнiң заманауи ғылыми бейнесіндегі физика ғылымының орнын; ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық есептерді шешудегі физиканың рөлін түсінеді;
3) физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын; физика ғылымының терминологиясы мен символикасын; физикада пайдаланылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін; физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді айқындау тәсілдерін қолданады;
4) дәрежелік функциялар түрінде берілген тәуелділіктерді; Ғаламдағы құбылыстарға, денелер мен нысандарға әртүрлі физикалық күштердің әсерін, екі айнымалы арасындағы қатынасты; физикалық процестердің тәуелдiлiгі мен айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін; адамның өндірістік қызметі мен қоршаған орта жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды, нанотехнологияның қолдану салаларын; Ғаламның жай-күйін сипаттайтын параметрлерді және оны дамытудың ықтимал жолдарын талдайды;
5) кесте, графика, хабарлама, баяндама, презентация түрінде беру үшiн жиналған және өңделген деректерді, ақпаратты; болжамдар, айғақтар және түсiндiрмелер ұсыну үшiн ғылыми модельдер мен дәлелдемелерді; эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын жинақтайды;
6) заңдар мен олардың қолданысын білуін, жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін; нақты жағдайлардағы ғылыми таным әдiстерінің қолданысын; экологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның өндiрiстiк және тұрмыстық қызметінің салдарын бағалайды.
Химия:
1) негізгі химиялық ұғымдарды; атомистикалық теорияны; органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын; түрлі белгілері бойынша заттарды жіктеуді; органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасын, құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін; полимерлі материалдардың, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстарының кейбір салаларда қолданылуы және ерекше қасиеттерін біледі;
2) түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін; кинетикалық теорияның, гомогенді және гетерогенді катализдің негіздерін; құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін; ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын түсінеді;
3) табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін; заттарды сапалық талдау әдістерін; қоршаған ортада экологиялық сауатты болу ережесін; қоршаған ортаның химиялық ластануының тірі ағзаларға әсер етуін бағалау әдістерін; химиялық эксперименттер нәтижелерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; жанғыш, улы заттарды, зертханалық құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
4) заттардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланысты екенін; химиялық реакцияның жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдік түрлі факторларға байланысты екенін; периодтық жүйеде элементтердің қасиеттерінің өзгеру үрдісін талдайды;
5) органикалық және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арасындағы генетикалық байланыстарды; заттардың химиялық байланыс және құрылыс теориясының көмегімен химиялық айналымдардың болып өту мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы дәлелді пайымдауларды жинақтайды;
6) әртүрлі материалдардың қасиеттерін; химиялық реакциялардың жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсер етуін; химиялық тепе-теңдікке сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпал етуін; қоршаған орта мен адам денсаулығына химиялық өндірістің әсер ету зардаптарын; түрлі дереккөздердің ақпараттарының дұрыстығын бағалайды.
Биология:
1) ақуыздардың, майлардың, көмірсутектердің, нуклейн қышқылдардың құрылымын, құрамын және міндеттерін; антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмдерін; адамның хромосомалық ауруларының тұқымқуалаушылық теориясының негізгі күйлерін; тірі ағзалардың қоректенулері мен метаболизмінің түрлерінің/типтерінің өзгергіштігін; генетика негіздері және гендік инженерияның мүмкіндіктерін; Жер бетінде өмірдің қалыптасуы кезеңдері мен схемаларын, антропогенезді; жаһандық және аймақтық экологиялық проблемаларды және табиғат ресурстарын қорғау қағидаттарын біледі;
2) фотосинтездің қараңғы және жарық фазасы кезінде өту процестерін; заттардың тасымалы, транслокация, хромосомалық, гендік мутациялардың пайда болу механизмін; энергетикалық алмасу кезеңдерін; тұқым қуалау құбылмалылығы мен эволюция арасындағы өзара байланыс; тұқым қуалау заңдылықтарын; эволюциялық процестердің механизмін; қоршаған ортаға антропогендік әсер етулердің зардаптарын түсінеді;
3) молекулалық биология және генетика есептерін шешудің схемалары мен әдістерін; экожүйені, тұқым қуалау белгілерін және түрлендірілген құбылмалылықты талдауға арналған статистикалық әдістерін; тәжірибелерді әзірлеу, жүргізу, бақылау, нәтижелерін жазу мен талдауға арналған ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; дәрі-дәрмектер, улы заттар, зертханалық жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
4) фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін; эволюция процесіне әсер ететін факторларды; ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысын; ДНҚ-ның репликациясы мен рекомбинациясын, мутация мен репарация процестерін, ДНҚ құрылымы мен оның атқаратын қызметі арасындағы байланысты; сперматогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты; экожүйе түрінің әртүрлілігін және тұрақтылығын; әлемдегі және Қазақстандағы экологиялық жағдайларды талдайды;
5) адамның гаметогенез схемасын; экожүйелердегі тағамдар тізбегінің схемасын; кесте, график, хабарлама, баяндама, презентациялар түрінде ұсыну үшін жинақталған және өңделген мәліметтерді, ақпараттарды; болжамдар, айғақтар және түсіндірмелерді ұсыну үшін ғылыми үлгілер мен дәлелдемелерді; зерттеушілік, оқу және шығармашылық жобаларды; Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешудің мүмкін нұсқаларын жинақтайды;
6) ферменттердің белсенділігіне әсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың құрылымын, фотосинтездің нәтижесін; моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, модификациялық құбылмалылық заңдылықтарын; мутагенездің себептерін; өз аймағының экожүйесін; биотехнологияда зерттелетін генетикалық түрі өзгертілген және трансгенді ағзаларды қолдануға байланысты этикалық сұрақтарды бағалайды.
80. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарының стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері:
1) кәсіпкерлікті экономикалық құбылыс ретінде түсінеді және оның рөлін сипаттайды; кәсіпкерлік пен бизнес арасындағы айырмашылықты сипаттайды; кәсіпкерлікті өзін-өзі іске асыру және жеке уәждеме түрі ретінде түсінеді; кәсіпкерлер құзыретін талдайды; кәсіпкерлік призмасы арқылы өз мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін бағалайды; кәсіпкер әлеуетіне қатысты өзінің даму деңгейін бағалайды; кәсіпкерліктің заманауи оның ішінде Қазақстандағы үдерістерін танып біледі;
2) экономика және маркетинг контекстіндегі нарықтың не екенін біледі; кәсіпкерлік идеясының мәнін түсінеді; "бизнес бизнеске" және "бизнес тұтынушыға" сегменті арасындағы айырмашылықты анықтайды; идеяларды жасау құралдарын қолданады; идея дизайны жоспарын ұсынады; идеяны іске асыру қажеттілігін команда құрамына қойылатын талаптарға айналдарады; команда құру құралдарын қолданады; бизнес-үлгі құралдарын қолданады; бизнес-үлгінің құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты анықтайды; мәліметтерді өзгертудегі болжамды себеп-салдарды сипаттайды; бизнес үлгі құру құралдарын қолданады; кәсіпкерлік жағдайында Lean Start up (Леан стартап) (Үнемшіл өндіріс) түсінігі мен принципін қолданады.
3) маркетинг ұғымы мен қызметін түсіндіреді; бәсекелестік ұғымын анықтайды; түрлі күштердің бәсекелестікке ықпал жасау формаларын талдайды; өзтұтынушысының бейінін сипаттайды; өткізу каналдарының мәнін түсінеді және олардың жіктеуішін ажыратады; өз өнімінің/қызметінің құндылығын соңғы тұтынушыға дейін жеткізудің жоспарын ұсынады; тұтынушының әр сигментімен өзара қарым-қатынасты сипаттайды;
4) экономикадағы ақшаның мәнін түсінеді; кіріс пен шығыстың мәнін түсінеді; активтер мен пассивтер арасындағы айырмашылықты түсінеді; артықшылық пен жетіспеушілік ұғымының мәнін түсінеді, баға белгілеу процесіндегі олардың әсерін бағалайды; "баға", "құн", "баға белгілеу құрылымы" ұғымдарын ажыратады; баға белгілеу процесіндегі тұрақты және құбылмалы шығындардың маңызын түсінеді; кірістің жаңа каналдарын қалыптастырудағы креативті және инновациялық тәсілдердің мүмкіндігін бағадайды; AB-тестілеу (өнімнің тиімді нұсқасын бағалау әдісі)құралын қолданады;
5) бизнестегі ресурстардың мәні мен маңызын түсінеді; бизнес ресурстарды біршама тиімді қолданудың жоспарын ұсынады; бизнес ресурстардың құнын бағалайды; бизнес ресурстардың тапшылық принциптерін біледі; тапшылық жағдайында ресурстарды тиімді қолдану мысалдарын келтіреді; бизнестегі зияткерлік ресурстардың мәнін түсінеді; өндіріс ресурстарын толықтыру стратегиясын әзірлейді;
6) серіктестік және оның түрлерінің мәнін түсінеді; бизнеске арналған аутсорсингтің пайдасын бағалайды; тұтқалы қызмет түрлерін сипаттайды; адами, материалдық және зияткерлік ресурстарды басқару арасындағы айырмашылықты анықтайды; сатылымның басқару ережелерін түсіндіреді; оның жобасы мен сипаттамасын сипаттайды; жобадағы уақытты басқару ережелерін қолданады; жоба жоспарын ұсынады; жобада ақпараттық құралдарды қолданады;
7) бизнестің мемлекет алдындағы негізгі міндеттерін түсінеді; салықтық тәртіп пен бизнестің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы арасындағы өзара байланысты анықтайды; өзінің бизнес-идеясы бойынша кірістің жалпы жоспарын құрады; түсім мен шығын туралы есеп құрудың сызбасын түсіндіреді; ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп құрудың сызбасын түсіндіреді; жобаның табыстылығы мен тұрақты және құбылмалы шығындар арасындағы өзара байланыстарды анықтайды;
8) нарықтың даму болжамын сипаттайды; бизнес дамуының экстенсивті және интенсивті тәсілдерінің айырмашылығын анықтайды; бизнесті масштабтаудың әр түрінің тиімділігін бағалайды; сапаны басқару құралдарын түсінеді; стратегиялық жоспарлаудың мәнін түсінеді; өзінің болашақ компаниясының миссиясы мен жоспарын құрады; бизнестің стратегиялық және қаржылық мақсаттары арасындағы айырмашылықты анықтайды; кәсіпкердің құқықтық жауапкершілік құрамын түсінеді.
81. "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" оқу курсының мазмұны "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі.
82. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімін бағалау критерийлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін өлшеу үшін қолданылады.
83. Бағалау критерийлері әрбір оқу бағдарламасындағы оқыту мақсаттарына сәйкес әзірленеді.
84. Оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау формасында жүзеге асырылады.
85. Білім алушылардың білімін бағалау критерийлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
86. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін олардың білім алуына, даму бұзушылықтарын түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасалады.
2-параграф. Білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-параграф 01.09.2020 дейін қолданыста болды – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 604 бұйрығымен.
5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар
99. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.
100. 10-11-сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы 34 оқу аптасын құрайды.
101. Оқу жылында 10-11-сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді құрайды.
Оқу жылы ішінде үш рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім саласының уәкілетті органы белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет