Жалпы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейін ашу туралы ойлар сонау ХХ ғасырдың 70-ші жылдары көтеріле бастаған болатын



Дата12.03.2022
өлшемі72,94 Kb.
#135342
Байланысты:
ссылка


Жалпы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейін ашу туралы ойлар сонау ХХ ғасырдың 70-ші жылдары көтеріле бастаған болатын. Рас алғашында республикалық деңгейде емес, жергілікті тұрғындардың белсенділігімен алғашқы музей жұмыс істеп бастаған болатын. Егер де Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 1979 жылдың 11 мамыр айында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлері Кеңесінің №219 шешіміне сай құрылды десек, музейдің негізі 1967 жылдың 17 мамыр айында қаланған болатын. Оның ұйымдастырушысы болған жергілікті жердің ұстазы, әрі өлкетанушы А. Әлімов болған еді. Алғашқы музей Темір бекетіндегі мектеп ішінен құрылған болатын. 1973-1975 жылдар аралығында бұл музейдің жұмысы аудандық негіздегі қоғамдық музей ретінде ұйымдастырылған болатын. Ал 1975-1976 жылдар аралығында облыстың өлкетану музейінің бөілмшесі ретінде жұмыс жасап тұрды. Тек 1976 жылы өз алдына аудан деңгейіндегі Отырар мемлекеттік тарихи-өлкетану музейі ретінде жұмысын жалғастырды. Осындай үлкен қалыптасу жолынан өткен қорық-музейдің іргетасы 1979 жылдың 9 қазан айында қаланған болатын. Әрине іргетасының қалануы қорық-музейдің жұмысының басталуына түрткі болып, ғылыми мамандар құрамын анықтау, музей алдында тұрған мақсаттарды айқындау мәселелері де өте өзекті болды. Дегенмен Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының Министрлері Кеңесінің 1979 жылдың 11 мамыр айындағы шешіміне сай сол музейдің негізінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі ашу туралы бастама көтерілді. Бұл қорық-музей ең алдымен ғылыми-зерттеу мекемесі болып қалыптасуы тиіс еді. Сонымен қатар қорық-музейдің басты қызметтері қатарында мәдени-ағарту ісінің де өз маңыздылығы болды. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейін ерекшелік иұрған бірегей белгілердің бірі – археологиялық ескерткіштерді қорғау мекемесі болуында еді. Нәтижесінде 1982 жылы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі толыққанды пайдалануға берілген болатын. Осы тарихи кезеңнен бастап, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіінің қалыптасу үдерісі басталды. Алғашқы күндерден бастап Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі алдына жоғары мақсаттар ұойылды. Ол мақсаттар негізінен мәдени-ағарту жұмыстарымен тығыз байланысты болды. Өйткені Қазақстанның осы өңірінде ғана емес, сонымен қатар республика аумағында алғаш рет мұндай қорық-музей жұмыс жасап бастаған еді. Өйткені осы күнге дейін археологиялық тарихи ескерткіштердің қорғалуын қамтамасыз ететін мекеме бірегей болып табылды. Рас өзіндік ерекшелікке ие Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі осы мақсат негізінде әлі күнге дейін сәтті жұмыс істеп келе жатқаны шындық.
Сөзсіз Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ашылуы республика деңгейіндегі айтулы оқиғалардың бірі саналды. Өйткені Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің жұмысымен танысу үшін 1982 жылдың 22 маусым айында сол жылдардағы Қазақстан Коммунисттік партиясының Орталық Комитеті біріншісі хатшысы болған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың өзі келген болатын. Осы ресми іс-сапарының жүзеге асуының өзі-ақ Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің республика аумағындағы ерекшелігін білдірсе керек. Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің археологиялық мен этнографиялық жәдігерлермен етене танысып, қорық-музейінің перспективалық жоспарымен танысқан болатын. Болашақта жүзеге асатын жобалармен танысып, өзінің ізгі тілегін қонақтарға арналған пікір кітабына жазып қалдырып, қолтаңбасын қойған еді. Рас Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ашылуы республика аумағындағы беделді ғалымдардың да келуімен ерекшеленді. Мысалы Отырар қаласынан шығып, әлемді білімпаздығымен мойындатқан әрі «әлемнің екінші ұстазы» атанған әл-Фарабиді зерттеп, еліміздегі «Фарабитанудың» негізін қалаған Ақжан әл-Машани да келген болатын. Отырардан шыққан әбу Насыр әл-Фарабидің осы жылдары 1150 жылдығы аталып өткен болатын. Осыған байланысты ұйымдастырылған шараларға қатысуға келген ол Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ашылуына шын ықыластық танытып, ізгі ниетпен қолтаңбасын қалдырған болатын. Отырар қаласының бұрынғы атауы Фараб қаласы екендігі белгілі. Міне осыны атап өткен Ақжан әл-Машани Отырар қаласы қазақ халқы үшін қайырлы мекен болғандығын атап өтеді. Рас әлемге қазақ жерін әйгілі еткен әбу Насыр әл-Фараби шыққан өлкеден Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ашылуы әрине қуантарлық жағдай еді. Өйткені бұл аймақ ежелден ірі мәдени және саяси-экономикалық, рухани мұраға бай. Қазақ халқының қалыптасуында да бұл қаланың ықпалы жоғары екендігі анық. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл қала тоғыз жолдың торабы сынды түрлі мәдени алмасулардың да орталығына айналды. Сөзсіз мұндай бай тарихи үдерістер өзінен кейін көптеген материалдық мәдениеттің озық үлгілерін қалдыра алды. Міне сол мұраны өшірмей, санадан жоғалтпай есте сақтап қалу үшін Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі сынды мекемелердің маңыздылығы артатыны түсінікті. Осы тұрғысынан келгенде музейдің тек ғылыми-зерттеу ғана емес, сонымен тәрбиелік және тәлімдік қызметі де өте жоғары деп бағалаймыз.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Кеңестік дәуірдің соңғы он жылдығында ашылғанымен, ел егемендігі жылдарында да сол бастапқы мақсаттар негізінде өз қызметтерін ұйымдастырады. Атап айтқанда қаланың даму тарихы мен кезеңдерінен мәліметтер беретін тарихи жәдігерлерді зерттеу ісі болып табылады. Бір атап өтетін жайттың бірі – тарихи жәдігерлерді зерттеу ісі тек қана Отырар аймағынан табылған ғана емес, сонымен қатар республика аумағынан табылған тарихи жәдігерлерді қамтиды. Сонымен қатар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қазба жұмыстарын жүргізу ісін де жоспарға сай ұйымдастырады. Қорық-музейдің қазіргі таңда атқарып отырған үлкен қызметтерінің бірі тарихи жәдігерлерді қайта қалпына келтіру (реставрация) мен тарихи жәдігерлерді ұзақ мерзімде сақтау (консервация) жұмыстарын да жүргізеді. Осылайша тарихи ескерткіштер мен тарихи жәдігерлердің сақталуын қадағалайды деп айтуға толық негіз бар.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің атқарып отырған маңызды қызметтерінің бірі қазақ халқының этнографиялық мұраларын да зерттеп, ғылыми айналымға қосу болып табылады. Халқымыздың рухани және мәдени мол мұрасын жинақтау ісі қазіргі таңда өте өзекті болып табылады. Жаһандану дәуірінде ұлттың ұлт болып сақталып қалуы үшін осындай этнографиялық мұраларға ерекше мән берудің қажеттілігі анық байқалады. Сол себепті де Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі бірнеше бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру аса маңызды деп ойлаймыз:

  • қор сақтау ғылыми-зерттеу бөлімі;

  • археологиялық зерттеулер мен ғылыми экспедиция жұмыстарын ұйымдастыру;

  • тарихи ескерткіштер мен тарихи жәдігерді қорғау;

  • этнография, халықтың мәдени мұрасын сақтау;

  • әдебиет саласы мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру;

  • реставрация мен консервация жұмыстары;

  • тарихи жәдігерлер экспозициясын ұйымдастыру;

  • тарихи экскурсия және қоғаммен байланыс жұмыстары.

Міне осындай маңызды жұмыстарды жүзеге асыру ісі біздің пікірімізше өте өзекті болып табылады.
Рас қорық-музей алғаш ашылған уақытта барлығы жұпыны және тарихи жәдігерлері өте аз еді. Бүгінде ондағы тарихи жәдігерлер саны едәуір өскен. Қорық-музей ретінде қайта құрылған жылдары қорық-музей қорында 2000 тарихи жәдігер сақталса, бүгінгі күні олардың саны 24000 асып отыр. Сөзсіз тарихи жәдігерлердің көбеюі алдымен халқымыздың жүріп өткен жолын түгендеп, тың тұжырымдар жасауға және көрермендер үшін насихат жұмыстарының да қарқынды болуына әсер етері сөзсіз [Айтбай С. Отырар қорық-музейі – ел тарихының айнасы // Электронды ресурс: http://kazmuseum.kz/aza-stan-muzejleri/item/1944-otyrar-koryk-muzeji-el-tarikhyny-ajnasy].
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алдында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне көркемдеу жұмыстары да жүргізілген болатын. Көркемдеу жұмыстарын «Қазмузейреставрация» мекемесі ұйымдастырған болатын. Сонымен қатар қорық-музейін күрделі қалпына келтіру өткізу ісіне Н. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училещесінің суретші мамандары тартылады. Сонымен қатар Т. Борықбаев, С. пожарский, Ф. Камалов, Б. Старков, Н. Көкешов сынды кәсіби мамандар қорық-музейіндегі қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырады. Бұл жұмыс тобының атқарған басты жұмыстарының бірі диорммалар жасау еді. Диораммалар белгілі бір оқиғаларды түрлі суреттерді пайдалана отырып, кейіпке енгізу болып табылады. Диораммалар жасау ісіне сол жылдардағы ҚазКСР Ғылым Академиясы қызметкері, ғылым докторы Карл Молдахметұлы Байпақов кеңестер жүргізген болатын. Диораммалар бұл жай ғана сурет емес. Бұл суреттерге жан бітіргендей кескіндер жасап, безендіру болып табылады. Сөзсіз Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің басты мақсаттарын анық сипаттайтын әрі Отырар өлкесімен байланысты тарихи оқиғаларды көрсететін кескіндердің болуы сөзсіз келушілерді қызығушылығын тудырады [Қожа М. Отырар тарихтың өзі, тағылымның көзі // Қазақстан музейлері. – Алматы: Ғылым, 2004. – 117 б. 32 б.]. Еліміз егемендік алудың қарсаңында музейде 60-тан астам ғылыми қызметкер еңбек етсе, музейдің жалпы қоры 7500-нан астам тарихи жәдігерлерден тұрған.
Еліміз егемендігін алғаннан кейін қорық-музей жұмысы өз қалпында жұмысын жалғастырса да, дамудағы қарқындылық жоғары бола қоймады. 1993 жылы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі үшін 110 тарихи ескерткіш бөлініп беріліп, музей қарамағындағы аумақ 11 мың гектарға ұлғайған болатын. Қазіргі таңда музей қарамағында 3 республикалық деңгейдегі және 73 жергілікті деңгейдегі тарихи-мәдени ескерткіштер алынған. Рас қазіргі таңдағы музей жұмысынан заманауилықты байқауға болады. Мысалы 2018 жылы соңғы заманауи технологияларды белсенді пайдаланатын экспозициялық зал ашылған болатын [Музейлер // Электронды ресурс: http://al-farabi.kaznu.kz/?page_id=617].
1998 жылдың 25 желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1335 қаулысына сай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі республикалық маңызы бар мекеме ретінде құрылған болатын. Ал 1999 жылдың 27 сәуір айында мемлекеттік заңды мекеме ретінде қайта тіркеуден өтеді.
2004 жылы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің басшылығына арнайы Мәдениет министрлігінің шақыртуымен Алдабергенов Нұртаза Орынханұлы тағайындалған болатын. Сөзсіз Нұртаза Орынханұлының тағайындалуы алдымен ғалым-ұстаздың сан жылдар көлеміндегі археология саласындағы жетістіктері мен мол тәжірибесі ескерілген болатын. Нқртаза Орынханұлының Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне басшылық қызметке тағайындалуы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге аса бастауымен қатар жүрді. Нәтижесінде 2005 жылы осы бағдарлама аясында музей залдарын жөндеп, оны заманауи технологиялармен жабдықтау мақсатында 10 миллион теңге бөлінген болатын. Нәтижесінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне заманауи әр беріліп, оның жұмысының жандануына үлкен түрткі болды. Бүгінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі үш қабатты ғимараттан тұратын еліміздегі бірегей музейлердің қатарына кіріп отыр. Ендігі кезекте оның құрылымына келетін болсақ. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіінің бірінші қабаты музей заттарын сақтауға арналған орындар болып табылады. Сонымен қатар әкімшілік қызметкерлер де осы бірінші қабатта орналасқан. Екінші қабат археология, ал үшінші қабат этнография саласына арналған. Осы екінші және үшінші қабатта топтастырылған тарихи жәдігерлер арқылы келушілер Арыстанбап кесенесімен қатан, ХҮ ғасырларға жататын Отырар қаласының шеберханалары, ХІҮ-ХҮІІ ғасырлар аралығындағы Отырар мешіттері, атақты Отырар моншасы, Отырар кітапханасы, қала орнының қалдықтары сынды тарихи жәдігерлермен таныса алады.
Археологиялық бөлімдегі тарихи жәдігерлер хронологиялық тәртіппен орналастырылған. Алдымен Отырар аймағының археологиялық ескерткіштер картасын байқауға болады. Одан кейін музей экспозициясы кең мәліметтермен толықтырылған. Мысалы біз жоғарыда атап өткеніміздей Отырардың даму хронологиясына сай тарихи жәдігерлер орналастырылған. Алдымен «тас дәуірдегі Отырар аймағы» деп аталатын бөлімде Оңтүстік Қазақстан аймағындағы алғашқы адамдар ерте палеолит дәуіріне жататындығын байқауға болады. Олар туралы мәліметтер қоныстар, шеберханалар, тас ең құралдары түрінде берілген. Олардың басым көпшілігі Қарату тауларынан табылғандығы айтылады. Мустье, мезолит, неолит дәуіріндегі тас құралдардың даму ерекшеліктері де табылған тарихи жәдігерлер арқылы көрсетілген. Бұл кезеңдер бойынша тарихи жәдігерлер Отырар ауданында орналасқан Маятас, Жаңашілік сынды тұрақтардан табылғандығы айтылады. Сонымен қатар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі археология бөлімінде Отырар аймағының қола дәуірдегі сипаты анықталады. Б.з.д ІІ мың жылдықта Қазақстан аумағында қоладан жасалған еңбек құралдар көптеп кездесе бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы, металлургия сынды шаруашылық түрлерінен мәліметтер беретін тарихи жәдігерлер сақталған. Археология бөлімінде ерекше жәдігерлер көпкерілген бөлім «Қаңлы мемлекеті тұсындағы Отырар аймағы» деп аталады. Біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырларда Сырдария өзенінің орта ағысындағы аудандарда көшпелі қаңлы тмемлекетінің ықпалы күшейе бастаған болатын. Осы үлкен бөліктегі иеліктің бір бөлігін солар алып жатты. Көшпелі қаңлы мемлекеті осыған дейінгі сақ-массагет тайпаларының ұрпақтары саналады. Қаңлылармен қатар Сырдария өзенінің аңғарында ғұндардың археологиялық ескерткіштері анықталғанды. Осы ғұн-қаңлы тайпа-мемлекеттірінің археологиялық ескерткіштері Отырар шұратындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан Шаншар-Асаршық пен Аққорған қалашықтарында кездеседі. Қалашықтарда түрлі мұнаралар, геометриялық құрылыстар, қыш ыдыстар көптеп табылған. Міне сол тарихи жәдігерлер осы аталған бөілмде сақтаулы.
Сонымен қатар Отырар аумағындағы тарихи ескеркіштерді «ҮІ-ХҮІІ ежелгі түркі қағанатындағы Отырар аумағы» деген бөлім де мол тарихи жәдігерлермен толыққан. Бұл бөлімде 552 жылы Орталық Азия жерінде атақты Түркі қағанатының құрылу тарихы ашылады. Қазіргі Алтай тауларының етегінде құрылып, өздері бағынып келген жужандарды талқандау арқылы Түрік қағанатын құра алған болатын. Түркі қағанаты құрылғаннан кейін аздаған уақыт өткен соң, оның территоиялық аумағы ұлғаяды. Осылайша Алтай тауларынан бастап, Исфиджаб пен Отырар, Тараз және Шаш сынды қалаларды өз қарамағана алады. Сондықтан қорық-музейінде осы тарихи кезеңді қамтитын тарихи жәдігерлер сақталған. Археологиялық зерттеулер мен нумизматикалық талдаулар арқылы Отырар қаласы ежелгі түркі жазбалардың ескерткіштерінде Қаңлы Тарбан деп аталған. Сонымен қатар Отырар қаласы аталған аймақтағы әскери-саяси орталық қызметін атқарған. Отырар қаласында Түркі қағанатының жоғарғы билеушісі қағанның жақтастары орналасқан. Осы жылдары Отырар қаласында өзіндік ақшасы да айналымға шыққан болатын. Тиында жергілікті түркі билеушінің бейнесі салынған. Жекелеген тиындарда арыстанның бейнесі салынған. Тиындардың ортақ белгісі реверс жағында айыр тәрізді белгілер бар. Бұл тиындар Отырар қорық-музейінің осы бөлімінде сақтаулы.
Отырар қорық-музейінде VIII ғасырдағы Отырар тарихына үлкен назар аударылған. Белгілі осы жылдары ислам дінін тарату мақсатында мұсылмандардың Орта Азия мен Қазақстан аумағына келе бастаған уақыты болып табылады. Отырар және Қазақстанның оңтүстік аудандарына араб қолбасшысы Кутейба келген болатын. Шамамен 712-713 жылдар аралығында болған тарихи оқиғалар барысында Исфиджаб қаласы араб иелігіне өтеді. Қолбасшы Абд ар-Рахым болса, Сүткент пен Зернұқ қалаларын өздеріне қаратады. Сүткент ауданы араб иелігіне өткен соң, араб әскерлері Отырарға да жетеді. Міне осы тарихи оқиғалар желісінің материалдық дәлелдері, тарихи жәдігерлер Отырар қорық-музейінің археология бөлімінде сақтаулы тұр.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде ерекше назар осы қаланың тумасы әл-Фарабиге арналған. әл-Фараби шығу тегі осы Фараб немесе Отырар қаласынан шыққан, тегі түрік болып табылады. Әлемге әйгілі болған ойшыл, логика мен математика, музыка және философия және өзге де ғылымдар бойынша тың жаңалықтар ашып, тарихи шығармаларын жазған данышпан. Көптеген зерттеушілердің пікірінше әл-Фарабидің білім деңгейіне көптеген мұсылман ойшылдары жете алмаған. Тіпті Ибн Сина атты күллі әлемге әйгілі болған данышпан, ғалымның өзі әл-Фараби еңбектері арқылы осы деңгейге жеткендігін айтады. әл-Фараби бүгінгі Отырар қаласын әлемге әйгілеген ғалым деп айтсақ та болады. Сондықтан аталған қорық-музейде ғалым жіне оның мұрасына үлкен мән берілген.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде Отырар қаласының мұсылман мемлекеттері құрамындағы тарихы түрлі жәдігерлер арқылы берілген. Мысалы музейде Х ғасырдағы Отырар қаласының саяси тарихы ашылған. Бұл уақытта қала Саманидтердің қолына өткен болатын. 922 жылы Саманилер билеушісі Насыр Фараб немесе Отырар қаласынан тиын, ақшалар шығара бастайды. Бүгінде археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылып, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінде тұрған тиындар қаланың Саманилер мемлекетінің құрамында болғандығын дәлелдейді. X ғасыр соңында Саманилер мемлекеті құлаған болатын. Осы ретте Отырар қаласы Орта Азия жерін бағындырған қарахан әулетінің иелігіне өткен болатын. Отырар қаласы Қарахан мемлекетіндегі маңызды қалалардың бірі болды. Қорық-музейде нумизмат ғалым Д. Кочневтің пікірі де келтіріледі. Оның пікірінше Отырар қаласын қарахан әулетінің соңғы билеушісі Шамс ад-Дүниа ад-Дин болған. Археологиялық зерттеулерге қарағанда қарахан әулетінің билігі жылдарында Отырар қаласы гүлдену шағында болған. Осы кезде Отырар қаласында 16 гектар жерді иеленіп жатқан цитадел мен шахристан және 200 гектар жерді алып жатқан рабадтар болғандығын археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Осы мәліметтер Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде сақтаулы. Демек қала осы қарастырып отырған уақытта ірі саяси және экономикалық орталыққа айналған болатын.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде ерекше көңіл аударылған жәдігерлер топтамасы – Алтын залға шоғырландырылған. Сонымен қатар осы жерлерден Отырар қаласы моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі тарихы жан-жақты ашылған. Мысалы қала осы жылдары Хорезм шах мемлекетінің иелігінде болған еді. Мұхаммед Хорезм шахтың шешесі Тұрхан шығу тегі қыпшақтық болғандықтан Хорезм шах мемлекетінің қыпшақтар көптеп тартылған. Солардың бірі даңқты Отырар қорғаушысы болған Қайырхан еді. Міне Шағатай бастаған моңғол әскеріне алты ай бойы алдырмаған Қайырханның ерлігін білуге болады.
Әрине Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде Отырардың түрлі даму кезеңдерінен мәлімет беретін тарихи жәдігерлер сақталған. Атап айтқанда қаланың оңтүстік-батыс қақпасы аймағында жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу қазба жұмыстары барысында мұнаралар мен қақпалардың және көпір тіректері болған құрылғылардың, қаланы күзеткен орындардың қалдықтары табылған болатын. Рас табылған тарихи жәдігерлерге қарамастан қаланың алдыңғы жақтағы қақпасының орналасқан жерін анықтау мүмкін емес болып тұр. Бұл алдағы уақыттағы археологиялық зерттеу жұмыстарының еншісінде. Археологиялық зерттеу жұмыстары күзет орындары мен мұнаралар өзара байланысып жатқандығын дәлелдеген. Осылайша барып шахристанның бекініс қабырғаларымен қосылады. Қала мұнаралары, қақпалар 27,5х6 сантиметр өлшеміндегі күйдірілген кірпіштерден қаланғандығын тарихи жәдігерлер айқындап отыр. Бұл жәдігерлер қорық-музейінде бар. Қаланың оңтүстік-батыс жағында орналасқан қақпа көп жұмыс істемегендіктен, аталған жерде бейіттер мен түрлі шеберханалар, қолөнер орындары да пайда болған.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің аумағында түрлі мешіт құрылыстарын да байқауға болады. Мысалы XIV ғасырға жататын Жұма мешіті туралы айтуға болады. Мешіт құрылысы мен оның әрленуіне қарап жалпы Орта Азия жеріндегі ортағасырлық сәулет құрылыс мәдіниетінің ортақ белгілерін байқауға болады. Жұма мешітінің өлшемі ұзындығы 72 метрді құраса, ені 22 метрді құраған. Мешіт мұнаралары кіреберістегі қақпаның қос жағында орналасқан. Музейдің тарихи жәдігерлері қатарында сол мешітті қазу барысында табылған мозаикалық керамикалық плиталар құрап отыр. Отырар қаласы аумағындағы мешіт өзінің кең аумақтағы ауласы бар құрылыс түріне жатады.
Отырар қорық-музейінде ерекше тарихи жәдігер ретінде сақталып отырған құрылыстардың бірі моншалар болған. Отырар жерінде IX-XV ғасырлар аралығында моншалар көптеп салына бастаған болатын. Отырар қаласының рабад бөліктерінде жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде екі монша құрылыс анықталған болатын. Оның біріншісі солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Шахристанға жақын орналасқан. Шахристанның бекініс қабырғасына жақын орналасқан. Екінші мешіттің құрылысы XIII-XV ғасырлар аралығындағы монша болып табылады. Қос моншаның да едендері жылтыраған кірпіш мен плиталар қолданылғанын байқауға болады. Монша құрылысына мән беретін болсақ, монша астынан өткен құбырларды байқау болады. Монша қабырғалары мен едендері жылу тарататын қасиетке ие. Мұржалары тік орналасқан және арнайы ауа температурасын қадағалау қызметіне ие екендігін байқаймыз.
Отырар қорық-музейіндегі сақталып, кеңінен таралған жәдігерлердің бірі қыш ыдыстар болып табылады. Отырар қаласындағы қазба жұмыстары барысында қаланың орталық бөліктерімен қатар, қала маңдарында да қыш жасау орталықтары болған. Қыштарды суару тәсілдері арқылы әртүрлі бояу түстерінде жасап отырған. Сонымен қатар қорық-музейден түрлі ою мен өрнектер салынған, және гүлді қыш ыдыстармен қатар, геометриялық сызықтары бар қыш ыдыстарды көруге болады. Отырар қорық-музейіндегі қыш ыдыстар стилі жағынан Орта Азиялық қыш ыдыстарына жақын ұқсас келеді. Отырар қаласының оңтүстік-шығысында 2 гектарға жуық қыш кенті табылған. Сонымен қатар қорық-музей аумағынан қыш шеберханаларын кездестіруге болады. Онда қышты жағатын пеш және өзге де қажетті құрылғылар кездеседі. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қорында он мыңнан астам қыштан жасалған жәдігерлер сақталған.
Отырар қаласының орналасу ерекшелігі оның сауда қатынастарын сәтті жүргізуге мүмкіндіктер береді. Тоғыз жолдың торабы саналатын қалада сауда істері жақсы дамыған. Оның үстіне қала Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан. Құрлықта да және су да да сауда қатынастарын жүргізуге мүмкіндіктер бар. Өйткені Отырар қаласы Сырдарияның оң жағалауында орналасқан, Арыс өзіненің құйылу аймағын жақын. Қаратау жоталары арқылы өтетін керуен жолдары да Отырар қаласының тұсында қиылысады. Міне осы сауда қатынастары нәтижесінде Отырар жерінде бірқатар тарихи жәдігерлер табылып, қорық-музейінде сақтаулы. Көкмардан қорымын қазу барысында ІІІ-V ғасырларға жататын моншақтар табылған. Бұл моншақтардың жасалу ерекшеліктері мен шығу тегі жағынан Балтық жағалауы елдерінен және де Карпат немесе Днепр аймағынан өндірілгені белгілі болып отыр. Сонымен қатар қытайлық тауарларды да кездестіруге болады. Отырар қаласынан табылған жәдігерлер ішінде парсы елдерінен келген тауарлар да аз емес. Орта Азия жеріндегі мемлекеттер мен Қытай, парсы елінің тиындарының табылуы Отырар жерінде осы елдермен сауда байланыстары болғандығын дәлелдейді. Аталған жәдігерлерді Отырар қорық-музейінің екінші қабатындағы археология бөлімінен көруге болады. Әрине Отырар жері өзінің ауыл шаруашылығымен ерекшеленеді. Сондықтан қорық-музейі жәдігерлері қатарында ауыл шаруашылығына қажетті еңбек-құралдарды кеңінен берілген. Сонымен қатар Отырар қаласы аумағында ортағасырлық суару жүйесін де байқаймыз. Әрине мұндай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің жәдігерлері қазақ жеріндегі үлкен өркениет ошағы болғандығын дәлелдейтін маңызды факторлар қатарына жатады деп санаймыз. Музейде тұрған жәдігерлер қатарында орақ пен соқа,күрек пен айыр, жер жыртуға арналған жер ағаштарды байқауға болады. Отырардан шыққан сазгер Ш. Қалдаяқовтың әкесі ұста болған адам. Сол кісінің қолынан шыққан бұйымдарды да байқадық. Музейде сақталған жәдігерлер негізінде біз Отырар тұрғындарының арасында мал шаруашылығының да кеңінен таралғанын көрдік. Қой, жылқы, ешкі, түйе сынды түліктерді асырағаны белгілі болып отыр. Өйткені музей жәдігерлері арасында түйе мінген адам басқару үшін арналған мұрындық, өгіздің үстіне салатын ыңыршық, қозыларды байлауға арналған көген деп аталатын ілмектерді кездестіреміз. Аңшылыққа арналған түрлі құрылғылар да бар. Мысалы қақпан, томаға, тұзақ, тор, балықаулау шанышқысы сынды құралдардың өзі саятшылықтың дамығандығын көрсетеді. Зергерлік өнерге қажетті көрік пен қысқаш, төс, балта мен балға сынды құрылғылар да Отырар тұрғындары арасында қолөнердің ерекше дамығандығын көрсетеді.
Үшінші қабаттағы этнография залы да түрлі жәдігерлерге толы. Әрине дәстүрлі қазақ қоғамына тән ерекшеліктердің бірі – киіз үй болып табылады. Отырар қорық-музейінің этнографиялық залында осы құнды жәдігерді байқауға болады. Оның уық, кереге мен шаңырақ, ши, сырмақ, алаша, кебеже, түсқап және тағы да басқа қажетті құралдарының барлығы дерлік көрсетілген. Сонымен қатар дәстүрлі қазақ қоғамында ерекше сұраныста болған құман, күбі, табақ, өлшеуіш сынды өзге де жәдігерлерді кездестіруге болады. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар оның өнімдерін де терең игере білген. Мысалы жүн иіруді айтсақ болады. Отырар қорық-музейінде жіп иіру станоктерін байқадық. Жоғарыда атап өткеніміздей, Отырар үлкен сауда қарым-қатынастары белсенді жүрген қала. Сондықтан музей жәдігерлері ішінде Ресей мен Орта Азиялық тауарларды да байқауға болады. Олардың қатарында таразы, қайшы, самаурын сияқты заттар бар. Отырар қорық-музейінің бірқатар бөлімшелері мен арнайы тарихи жәдігерлері де бар. Мысалы Арыстанбап кесенесі мен Отырар руханияты деп аталатын кітапхана жұмысымен де танысуға болады. Бұл біздің Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне жасалған іс-сапарымыз барысында байқағанымыз болып табылады.
Музей жұмысында ерекше бір қарқындылық пен серпінділікті байқауға болады. Тіпті музейдің тарихи жәдігерлерін орналастыруда да ерекше эстетикалық талғамның бар екендігі анық. Ең бастысы олардың орналасуында ғылыми ұстанымның қатаң ұсталғанын байқаймыз. Сөзсіз бұл істің ұйымдастырылуында Алдабергенов Нұртаза Орынханұлының қолтаңбасын байқауға болады.
https://stud.kz/referat/show/43042#&gid=1&pid=16
Бүгінгі күні Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының басты мақсаттарының бірі біз жоғарыда атап өткен қорғау, сақтаумен қатар, атқарылып жатқан жұмыстар мен тарихи жәдігерлердің ғылыми құндылығын шетелдіктерге насихаттау болып табылады. Рас Отырар алқабынан табылған тарихи жәдігерлердің халықаралық маңызы жоғары деп санаймыз. Бұл дегеніміз өлкедегі туризм саласының дамуына қосылатын үлкен үлес болып табылады. Сондықтан да музей қызметкерлерінің бастамасымен, қазіргі таңдағы электронды ресурстардың даму қарқындылығын ескере отырып, 2019 жылы «Сапар» орталығы ашылған болатын. Біз жоғарыда Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының алдында тұрған маңызды қызметтерді атаған болатынбыз. Ендігі кезекте осы аталған маңызды қызметтерді жүзеге асыратын бөлімдер жұмыс жасайды. Олардың қатарында:

  • археологиялық ғылыми-зерттеулер бөлімі;

  • тарихи ескерткіштерді ғылыми-зерттеу және қорғау бөлімі;

  • қайта қалпына келтіру (реставрация) мен тархи жәдігерлердің сақталуын қамтамасыз ету (консервация) бөлімі;

  • Қор сақтау бөлімі;

  • Этнография мен әдебиет саласы, бұқаралық мәдени шараларды ұйымдастыру бөлімі;

  • Қоғаммен байланыс, экскурсия бөлімдер бар.

Рас Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы қарамағындағы тарихи ескерткіштер тек ғалымдар ғана емес, қарапайым азаматтардың да үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Сондықтан да келушілер үшін Отырар қорық-музейімен қатар, біз жоғарыда атап өткен «Сапар» орталығы, Арыстанбап кесенесі мен археологиялық қазба жұмыстары арқылы аршылған Отырар қаласының орны, қазақи «Қоржын үй» деп аталатын этномәдени кешен жұмыс жасайды [Музей тарихы // Электронды ресурс: https://otrarmuseum.kz/about-us/].

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет