!Емханада профилактикалық тексеруде кезінде лауазымды контингент жұмысшысы (босандыру бөлімінің медицина бикесі) флюорографиямен тексерілген, өкпеде өзгерістер жоқ деп қортынды берілді. 8 айдан кейін біртіндеп жағдайы нашарлау кезінде (интоксикациялық және кеуделік синдромдар белгісі білінді), сол емхананың дәрігеріне барды және флюорографиялық қайта тексеру кезінде: өкпеде сол жағында жоғарғы артқы сегментінде айқын емес ошақты-фиброзды өзгерістер, жанында сақина тәрізді тұйық 3 см дейін қараю байқалды, туберкулезге күдіктенді. Науқастың диагнозын дәлелдеуге фтизиатр-дәрігердің ең тиімді іс-әрекетін көрсетіңіз: