Жалпы зәр анализі. Қалыпты көрсеткіші Жалпы зәр анализінің қалыпты көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата29.04.2022
өлшемі0,52 Mb.
#141405
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жалпы зәр (несеп) анализі Қазақша медицина

Зәр қышқылдығы
Зәр қышқылдығы өзгеріске көп ұшырайтын көрсеткіштердің бірі. Бір күн
ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай үлкен көрсеткіштерге дейін өзгеруі
мүмкін. Мұның себебі қан қышқылдығын (PH) реттеуге бүйрек қатысып,
артық қышқылды заттарды зәрмен шығарып отырады.
Зәрдің қалыпты қышқылдығы
Зәр қышқылдығы pH 4-тен жоғары – 7-ден
төмен болуы керек. (4-7 арасында)
Зәр қышқылдығының төмендеу себебі (pH >7):
Зәрдің қышқылдығының жоғарылау себебі (pH<4)
Зәр айдаушы кейбір препараттар
Суды көп ішу
Қанның қышқыл –сілтілік балансының бұзылуы (тыныстық немесе
метаболикалық алкалоз)
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
Бүйректік каналшалық ацидоз
Қандағы калий деңгейінің жоғарылауы
Қалқанша маңы безінің гормонының жоғарылауы (паратгормон)
Өсімдік тектес тағамдармен ғана тамақтану
Ұзақ уақытқа созылған құсу
Несеп жыныс жүйесінің кейбір инфекциялары (уреаплазмоз)
Дәрілік заттарды қабылдау – никотинамид, адреналин
Бүйрек және қуық ісіктері
Қанның қышқыл –сілтілік балансының бұзылуы (тыныстық немесе
метаболикалық ацидоз)
Қандағы калий деңгейінің төмендеуі
Сусыздану (құсудан басқа себептер)
Аштық



Зәрдегі белок
Зәрде белок қалыпты көрсеткіші
Қалыпты жағдайда зәрде белок концентрациясы 0,033 г/
л аспауы тиіс
Зәрде белок (ақуыз) пайда болуы әрдайым бүйрек зақымдалуымен
байланысты бола бермейді. Зәрдегі белок (альбуминурия) несепағар,
қуық қабынуы, уретрит кезінде пайда болуы мүмкін. Кейде белок сау
адамдарда аса күшті физикалық жүктемеден кейін пайда болады.
Сонымен қатар зәрде белок 7-16 жас аралығындағы физикалық дамуы
нашар балалар мен жүкті әйелдерде көрінеді. Альбуминурия бүйректен
тыс түрі аллергиялық реакция, лейкоз, эпилепсия, жүрек жетіспеушілігі
кезінде болады. Бұлардың барлығы функционалды альбуминурия
Енді патологиялық альбуминурияны қарастырайық. Оның себебі
әрдайым бүйрекпен байланысты, сондықтан бүйрек ауруын көрсетеді 3-
5% аралығындағы альбуминурия жедел гломерулонефритке тән, 0,5-1% –
созылмалы пиелонефрит және гломерулонефритке тән көрініс. Нефроз
кезінде зәрде белок жоғары көрсеткішке жетеді (3% жоғары). Сондықтан
зәрдегі белок (ақуыз) анықтау аса маңызды диагностикалық тестердің
бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет