Жалтыр №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет апталығының есебі



бет5/8
Дата23.02.2020
өлшемі5,66 Mb.
#58904
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақ тілі мен әдебиет апталығы есебі

17 ақпан күні 2 сыныпта Иргебаева А.С «Мен не үйрендім?» атты ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлінді. Оқушылар сабақта топпен, жұппен және жеке жұмыс жасады. Сабақта мұғалім тыңдалым, оқылым, айтылым тапсырмаларын дайындаған. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: «Кім тез?», «Сыртқы, ішкі шеңбер», «Құпия сайлау». Оқушылардың сөздік қоры бай, сұрақтарға жауап бере алады, түстерді ажырата алады, киімдерді дұрыс атай алады. Оқушылар бір-бірінің жазба жұмыстарын өзара тексере алды. Қорытындылай келе оқушылар сабақтың мақсатына жетті.


17 ақпанда пән апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қыстаубаева Гүлжан Нұрсағитқызы "Абай-дана, Абай-дара қазақта" атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Сыныптан тыс іс-шара тақырыбына енгізу үшін "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің аудиожазбасын тыңдаудан басталды. Бейне материалдарды көру кезінде оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен танысты.

Дудкин Александр, Ярмош Ангелина және Ермолаев Николай ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы презентациялар дайындады.

Лушкина Валерия, Ахметжанова Гүлзия және Кипень Родимир Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Чердакова Ира мен Казакевич Альбина оқушыларға сұрақтар қойып, викторина түрінде өткізді.

Коломоец Никита фотоматериалдарды қолданып, дана Абайдың шығармашылық жолы туралы коллаж дайындады.



Шара соңында оқушылар "Көзімнің қарасы"әнін тыңдады.

14 ақпан күні Жалтыр №4 орта мектебінде Абайдың 175 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты іс шараға біздің мектептен 7 сынып оқушысы Бондаренко Анастасия және 5 сынып оқушысы Осипов Антон қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет