ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тышқанбаев Б. Өлеңдер / Қытай тілінде.-Пекин,1958 .
Тышқанбаев Б. Халық күші : Пьеса.-Үрі мші.
Тышқанбаев Б.Аэамат:Повесть.-Алматы:Жазушы,1964.
Тышқанбаев Б.Ақша бұлт: Өлеңдер.-Алматы: Жалын,1978.
Тышқанбаев Б.Жыр бесі к:Өлеңдер.-Алматы:Жазушы,1979.
Тышқанбаев Б.Аманат:Әңгі мелер,повестер,елеңдер, пьесалар.-Алматы: Санат,1998.
Тышқанбаев Б.Касен-Жәмила:Шығармалар жинағы.-Астана:Елорда,2002.
* * *
Тышқанбаев Бұқара //Казақ әдебиеті:Әнциклопедия.-Алматы: Бі лі к,1999.-646 -б.
Тышқанбаев Бұқара //Советтік Казақстан жазушылары: Биобиблиографиялык; анықта- малық..-Алматы: Жазушы,1987.-639-637 б.
Тышқанбаев Бұқара // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-311-313б.
Тышқанбаев Бұқара //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 515б.
Хакімжанова Мәриям (1906-1995)
Қазақ әдебиетіндегі қыз-келіншектер шығармашылығының алғашқы шамшырағы болған Мәриям Хакі мжанованың поэзиясы -қазақ әйелі жүріп өткен тарихи шындық кезеңдердің айнасы тәрізді.Ол сонау дала қыздары Сара, Майра, Ұлбике, Шолпандар салған жыр соқпағын әрі жалғастырып, керуен көшіндей даңғыл жолға айналдырды. Өмір шындығының әр қилы кезеңдерін басынан кеші рген ол - әйел-ана ретінде де,әйел-ақын ретінде де өнер әлемінің аумалы-төкпелі ауа-райының қара жаңбырынан да, қарлы боранынан да, қоңыржай күзінен де өз болмысына тән қуатпен, қайсар тұлғасымен қайыспай өтті. Казақ даласының шағын ауылдарының бірінде (Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Кобыланды селосы)1906 жылы Хакімжан мен Төлеген ананың отауында дүниеге келген кішкене қыздың тағдырын да, талантын да, уақыттың жайлы өткелдерін кешкен са- йын, жан, мейірім дүниесі, пенделік балдыр-батпақты жуытпаған көңіл мөлдірлігі оны кішкене ауылдың шеңберінен халықтық ауқымға көтерді. Балқожа бидің тұқымы, бүкіл қазақ даласында оқу-білім шам-шырағын жақсам деп армандаған Ыбырай Алтынсаринге немере қарындас болып келетін Мәриямның жас басынан сөз өнерінің сиқырлы әлеміне таңырқауы , ән мен жырдың халық мейіріміндей таза сәулелерін жүрегіне, жанына сіңіріп өсуі тектен -тек емес. Мәриям Хәкімжанова Абай атындағы педагогика институты жанындағы рабфакты бітірген (1934) "Әйел теңдігі" журналында (1929-32) әдеби қызметкер, жауапты хатшы (1932-34), Орынбор облыоы, Адамовка аудандық "Екпінді" газетінде белім меңгерушісі болып жұмыс істеді . Тұңғыш елеңі "Женотделге" 1929 жылы " Әйелдер теңдігі " журналында жарияланды. Алғашқы жинағы "Жеңешем өлеңдері" 1935 жылы жарық көрді, жас ақын өлеңдері сыршылдығымен, шынайлығымен оқырман қауым назарын аударды. 1934 жылы отбасының жағдайымен Орынбор облысына көшіп барып, біраз жыл сондағы "Екпінді" газеті нде бөлі м меңгерушісі болып жүмыс істеген. Соғыс жылдары жазылып, Кеңес Одағының Батыры Маншүк Маметованың ерлігін шабытты жырға қосқан "Мәншүк" поэмасы акын шығармашылығында үлкен бір белес болды. --Жауға еңкейсем жау қолында қаламын,
Жазылмастай еліме дақ саламын.
Қазақ қызы деген атты қаралап,
Кайда барып ару атын аламын.
Жоқ, кенбеймі н, бас имеймін неміске,
Бас пулемет, кетпесін оқ теріске!
Тебірентпеймін ата-баба аруағын,
Я өлемін, я жетемін жеңіске.
Дәлдеп қүрып пулеметін түйілді,
Тауекелін сауыт қылыр киінді.
-Отан үшін, бақыт үшін, ар үшін,
Шыбын жаным шүберекке түйі лді. Ақынның "Мәншүк" позмасы -поззияның кең айдынында қанатқаққан сапарындағы сәтті туындысы, шырайлы шығармасы. Поэма ерліктің гимні секілді. Ақын қазақтың қаһарман қызына әдеби ескерткіш соғу үшін ондаған жылдар бойына ерінбей еңбек
етті. Мәншүктің соғысқан жерін аралады, қабіріне барып қаһарманқыздың рухына бас иді. Поэманың сәттілігі ақынның кейіпкерін жақсы білгендігінен де болар. М. Хакімжанова 1938- 44 жылдар аралығында Каазақстан Жазушылар одағының халық ақындары секциясын басқарды. Кейінгі жылдары Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер, Республикалық кітап палатасында аға редактор, "Жаңа өмір" журналында әдеби қызметкер , Казақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор міндеттерін атқарды. Мәриям Хакімжанова 1934 жылы өткен КСРО жазушылар одағының бірінші съезіне қатысты. Ақын ғұмыр бойы өз өлеңдерінің алтын арқауы – аналық сезімді жырлап өтті. "Ана махаббаты"(1953), "Ана жүрегі"(1958), "Бөбегімменің-өлеңім менің"(1959), "Ана мейірі- мі"(1961), "Ана көктемі"(1963) және басқа жинақтарында лирикалық кейіпкердің естен кетпес әсерлі бейнесі жасалған. Хакімжанова фольклор туындыларын жинау, жыршы, жыраулар шығармашылығын көпке таныту ісіне үлкен үлес қосты. Қайталанбас дарын иесі Мұрын жырауды ел ішінен тауып, Алматыға алдырып, жыраудың аузынан "Қырымның қырық батыры" циклының негізгі дастандарын жазып алып, халықтың игі лі гі не айналдырды. Ақын балалар жазушысы И.Диктің " Отты бүлақ" повесін, қырғыз ақындары А.Тоқомбаевтың , Т.Сатылғановтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Хакімжанованың өлеңдері шетел тілдеріне аударылған. Сонымен қатар, Хакімжанова - азаматтық парызын биік сезінген қаламгер. Көрнекті мемлекет, өнер қайраткерлерінің өмірінен жазылған естеліктерін қоспағанда, Шолпан, Зияштардың өлеңдерін жинап мұрасын зерттеуі, өзінің ізбасарлары Тұрсынхан-нан бастап Шырынның балауса жырларына дейін жанашырлықпен ынта қойып, олардың шығармашылық табысына әрдайым мерейі өсіп отыру-нағыз анаға тән мінез. Мариям Хәкі мжанованың шығармашылық өмір жолы әрі мазмұнды, әрі қызық. Әдебиеттегі жемісті еңбегі үшін кезінде Еңбек Қызыл Ту, екі рет "Құрмет белгісі" ордендерімен және медальдармен мадақталған. М .Хакімжанова халық арасында көп болып, көпшілікпен жиі дидарласқан қаламгер. Сондықтан да 6олар,оның кейіпкерлері қарапайым еңбек адамдары -диқандар қауымы, малшылар ауылы, мәдениет өкілдері мәңгілік өшпес еркенді өмірін тынымсыз жырлап келе жатқан ардақты Ана, қиық ақын Мәриям Хакімжанова жырлары ылғи да уақыт ағысымен бірге жасай бермек, өйткені ол-заңғар заман тудырған мезгі л жыршысы.
Шығармалары:
Хәкімжанова М.. Жеңешем:Өлеңдер.-Алматы :ҚБМБ,1935.
Хәкімжанова М.. Мәншүк:Поэма.-Алматы :ҚМКӘБ?1945.
Хәкімжанова М..Ана махаббаты:Өлеңдер.-Алматы :ҚМКӘБ,1953. ^
Хәкімжанова М . Ана кектемі:Өлеңдер.-Алматы:ҚМКӘБ,1963.
Хәкімжанова М..Намыс:Таңдамалы.-Алматы:Жазушы,1973.
Хәкімжанова М.. Өткелдер: Таңдамалы.-Алматы:Жазушы,1973.
* * *
Хәкімжанова М.. //Қазақ әдебиеті : Энциклопедия.-Алматы:Бі лі к,1999.-674 б.
Хәкімжанова М..//Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықта-
малық.-Алматы: Жазушы,1987.-659-6.
Мырзағалиева К. Хакімжанова және халық ауыз әдебиеті //Ақиқат.-2011.-№11.- 69-71б.
Хакімжанова М.. //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-260б.
Хакімжанова М. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-537-538б. Хакімжанова М. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 323-324б.
Хангелдин Айтбай
(1906-1981)
Қазақтың біртуар жазушысы Айтбай Хангелдин 1906 жылы 6 қарашада Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Абай совхозында дүниеге келген. 1926 жылы Ташкенттегі Халық ағарту институтын бітіріп, Орта Азия университетінің аспирантурасында оқып жүргенде, Қазақстан үкіметінің шақыруымен Алматыға келеді. Бұл 1931 жылы болатын.Ол кезде 25 жасар жігіт екі-үш кітаптың авторы, Өзбекстан Компартиясы Орталық комитетінің органы- "Еңбек"газетінің жауапты хатшысы, Ташкендегі қазақ балалар үйінің тәрбиеші-ұстазы.17 жасынан өлең жазып, 18 жасынан партия қатарына өтіп, сол кездің өзінде қоғамдық белсенділігімен, шығармашылық талғамымен өз құрбыларының арасында дараланып көзге іліне бастаған. Алматыға келгеннен кейін "Еңбекші қазақ" газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі болады. Кешікпей қазақ радиокомитетінің төрағасына орынбасар болып тағайындалды. Одан кейін Қазлитоның бастығы болады. 1936 жылдан Қарағанды облысында партия,кеңес қызметтерінде әртүрлі қызмет атқарады.
А.Хангелдин 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысып, 1945-50 жылдары Қазақстан КП Орталық комитеті аппаратында қызмет істеген. 1957-67 жылдар ішінде Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі, Бас редактор болған. Айтбай Хангелдин өзінің зерделілігімен өз дәуірінің тамырын тауып басып, оның әр тынысын дер кезінде терең толғаныспен үн қатып отырған. Әр шығармасында өз елінің өсіп-өркендеу тәсілдерін жіпке тізіп, сабақтай берді; өз ұлтының салт-дәстүрін, жол-жорамалын, үрдіс өнегесін қызғыштай қорып, насихаттай білді; ұлттық менталитеттің тұғырын таза, биік ұстауға ұмтылды. Оның қай шығармасын алсаңызда басты кейіпкері адал жанды, өз ісіне шын берілген қазақы мінезді қарапайым тұлға. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өткен ғасырдағы ер қадамы Айтбай Хангелдиннің шығармаларынан тайға таңба басқандай айқын көрініп отырады. Жазушы "Ленин қайтыс болғанда" деген алғашқы өлеңінен бастап,көзін жұмғанша қолынан қайратты қаламы түспеген қаламгер. Ол ұлттық әдебиетіміздің қорына он поэма, төрт роман
төрт повесть, төрт пьеса, бір операның либреттосын, отызға тарта
әңгіме, мақала, көптеген өлең, очерктер берген. Мұның сыртында оннан астам әлем жазушыларының таңдаулы шығармаларын ана тілімізге тәржімалаған. Айтбай Хангелдиннің өмір жолы қазақ тарихының қарбалас кезеңімен қабыса қалыптасты. Сондықтан да жазушы еңбектерінде негізінен сол заманның басты мәселелері: ауыл мен қаланың көркеюі, өндіріс пен ауыл шаруашылығын ұйымдастырудағы қайшылықтар мен қиындықтар, жүйкелеткен жеңілістер мен шұғылалы жеңістер өз көркемдік бейнесін дер кезінде дәл тауып отырды. Мысалы:"Сағындық","Маржан","Жаңа тұрған","Дауыл","Қыз жүрегі" поэмаларынан;"Толқын", "Көлдей" повестерін; "Біздің отарымыз","Табысқан тағдыр" романдарын, "Жайнақтың құпиясы", «Арқалық» пьесаларын, т.б. әңгіме-очерктерін алуға болады. Хангелдин қазақ халқының басынан кешкен құйқалы оқиғаларға ,тарихи тұлғалардың ұмытылмас бейнелерін сомдауға да үнемі ден қойып отырған жазушы."Ғанидың жұлдызы ","Караторғай" романдары, "Ақан сері" поэмасы мен "Дударай", "Керемет"пьесалары осының айғағы. Бұл шығармаларда автор ұлттың мерейін үстем еткен ұл-қыздары теңірегінде үлкен тебіреніспен
кең тынысты дүниелер жасап шыққан. Олар халықтың жадынан мәңгі
өшпес ән мен жырдың серкесі атанған ақын, сазгер Ақан Қорамсаұлы, өз әндерін тұңғыш грампластинкаға түсірген әйгілі әнші Шолпан Жанболатқызы, шығыс жастарының жалынды көсемі Ғани Мұратбаев, көршілес екі елдің ұлы достығының символына айналған Мариям Жагорқызы(Рекина). Айтбай Хангелдин "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін" медалдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Жазушы 1981 жылы дүниеден өтті.
Шығармалары :
Хангелдин А.Шеге: Өлеңдер.-Алматы:КБМБ,1931.
Хангелдин А.Құрылыс жолында: Поэма.-Ташкент,1931.
Хангелдин А.Серік:Әңгімелер жинағы.-Алматы:ҚБМБ ,1931.
Хангелдин А.Он жылда:Поэма.-Алматы:ҚБМБ,1932.
Хангелдин А.Еңбектен:Өлеңдер.-Ташкент,1933.
Хангелдин А. Жаңа тұрған Поэма.- Алматы:КБМБ, 1935.
Хангелдин А. Ақан сері : Поэма.—Аяматы:ҚБМБ,1948.
Хангелдин А. Алғыс: Әнгімелер жинағы: Алматы ҚМКӘБ, 1950.
Хангелдин А. Ерлік: Әңгімелер.-Алматы:КМКӘБ,1952.
Хангелдин А.Біздің оттарымыз: Роман.-Алматы: КМКӘБ,1954.
Хангелдин А.Таңдамалы:Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы:КМКӘБ,1956.
Хангелдин А.Кыз жүрегі : Өлеңдер мен поэма.-Алматы: ҚМКӘБ,1961.
Хангелдин А.Керемет: Повесть.-Алматы:ҚМКӨБр1962.
Хангелдин А.Табысқан тағдыр: Роман. -Алматы : Жазушы, 1965.
Хангелдин А.Өткен күндер:Әңгі мелер мен повестер.-Алматы:Жазушы;1967.
Хангелдин А.Караторғай:Роман.-Алматы:Жазушы,1970.
Хангелдин А.Ғанидың жұлдызы:Роман.-Алматы:Жазушы,1974.
Хангелдин А.Таңдамалы: Повестер мен әңгі мелер.- Алматы: Жазушы, 1977.
* * *
Хангелдин Айтбай. //Казақ әдебиеті: Энциклопедия.-Алматы: Білік,1999.-672 -б.
Хангелдин Айтбай. //Советтік Қазақстан жазушылары:Биобиблиографиялық анықтамалық.-Алматы:Жазушы,1987.-664-667 6.
Хангелдин Айтбай // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-325-326б. Хангелдин Айтбай // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 535б.
ЧЕРНОГОЛОВИНА ГАЛИНА ВАСИЛЬЕВНА
(1929)
Қазақстандық белгілі жазушы И.П. Шухов 1966 жылы СССР Жазушылар одағы мүшелігіне Галина Васильевна Черноголовинаны қабылдауды, оның әдебиеттегі болашағына үлкен сенім білдіріп, жылы ниет, зор ықыласпен ұсынған еді. Г.В.Черноголовина балаларға арналған тамаша кітаптардың авторы, ол сонымен қатар талантты публицист, тың өлкесінің адамдары жайлы бірнеше повесть, роман жазды. Бірқатар жыл «Простор» журналының бас редакторының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағы жанындағы орыс әдебиеті Кеңесінің төрайымы болды.
Қайта құру жылдары әдеби-қоғамдық «Апрель» атты қозғалысқа мүше болып, қоғамымызда демократия принциптерінің нығайып, оркендеуіне атсалысты.
Галина Васильевна Черноголовина 1929 жылы 15 наурызда Омбы облысының Знаменское селосында туды. Хабаровскінің педагогикалық институтын бітіріп, селолық мектепте мұғалім болды. Хабаровск, Краснояр өлкесінде аудандық радио, газеттерде істеді. 1963 жылы отбасымен Алматыға көшіп келді.Балаларға арналған тұңғыш шығармасы «Цветы голубики» 1960 жылы Хабаровск кітап баспасынан жарық көрді. Екі жыл өткеннен кейін балаларға арналған үш кітабы шықты: «Веселые странички о братце и сестричке», «Капельки амурские», «Мальчик-Мазайчик». Кейінгі шығармалары: «Ванька-Встанька-Новосел» (1965), «Робот на час» (1965), «Лодка в протоке» (1966), «Свеча за красным стеклом» (1968), «Теплая краюшка (1972), «Июнь без дождей» (1973), «Хрустальный лес» (1975), «Два дня до весны» (1977), т.б. көптеген кітаптары Алматыда басылып шықты. Алғашқы шығармаларымен-ақ жазушы балалар жүрегіне жететін, оларды адами қасиетке, шындыққа, еңбек сүюге, мейірімділікке тәрбиелеуге, балалармен еркін әңгімелесуге бейімділігін көрсетті. Отан сүю тақырыбы Қиыр Шығыс немесе Қазақстан болсын жазушы шығармаларының негізгі желісі. Табиғатқа деген көзқарасы тек қана оны сүйе білу емес, аялап, қорғай да білу керектігін жазушы үнемі еске салып отырады. Табиғатты қорғау тақырыбына арналған «Вершина кедров», «Хрустальный лес» әңгімелері мен «Лодка в протоке», «Теплая краюшка», «Летели над городом гуси» повестері бар. Г.В.Черноголовина «Свеча за красным стеклом» повесі тек жасөспірімдер емес, ересек оқырмандарға да арналған, бір жағынан жазушының соғыс жылдардағы балалық шағын баяндайды. Өз басынан өткен өмірінің бір кезеңін баяндай отырып, ол сол жылдардың тауқыметін суреттеп берген. Тың өлкенің адамдарына арналған бірнеше шығармалары: «Я к вам вернусь», «Руки творца», «Поле на вечерней заре», «Златые горы» т.б. кезінде оқырман қауымға кеңінен танымал болды. Замандастар өмірі жайлы очерктері өз алдына бір төбе. Бүгінгі уақыт тынысы, деректі материалдар негізінде сомдалған образдар, тың өлке еңбеккерлерінің портреттері шынайы түрде беріліп, жазушы қаламының очерк, публицистика саласында ежептәуір ұшталғанын айқын көрсетеді. Галина Черноголовинаның соңғы туындысы «Мертвое колесо» кітабы 1993 жылы шықты. Жазушы өзі айтқандай үстемшіл шенеуніктің өлі дөңгелегінде тиін сияқты жьлдар бойы айналып жүргенімізді, өз ойымызды бүкпесіз айта алмай жүрген кездерімізді еске салады. Жазушы-публицист Г.В.Черноголовина 1960-80 жылдардағы қоғамдық, әдеби өміріміздің көптеген деректеріне жаңаша қарап, таразылайды. Жазушы 90-шы жылдардың ортасынан бері Ресейде тұрады. Шығармалар тізімін орыс тілінде берілген мәліметтен қараңыз.
* * *
Черноголовина Галина. //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиалық. Анықтамалық.- Алматы, 1987.-673-674 б.
Черноголовина Галина // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-325-329б. Черноголовина Галина // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 539б.
ЧИРВА ФЕДОР ЕРМОЛАЕВИЧ
( 1918-1985)
Оқырманға кең танымал жазушы Федор Ермолаевич Чирва Украннаның Черннгов қаласында 1918 жылы туды. Жастық шағы Краснояр өлкесінде өтті. Еңбек жолын өлкеліқ драма театрының суретшісі ретінде бастады. 1938 жылы Ф.Е. Чирва Шымкентке көшш келіп, Оңтүстік өлкенің тұрақты тұрғыны болды. Соғыс жылдары майданға қатысып, Қызыл Жүлдыз, басқа әскери медалдармен марапатталған.
1944 жылы комсомолдың Орталық комитетінің қолдауымен Севастопольға қызметке жіберіледі. Шымкентке оралғаннан кеін бірнеше мамандықты игереді, облыстық радиохабары комитетінде редактор, «Южный Казахстан» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді, осы жылдары СССР Жазушылар одагы мен журналнстер одагына мүше болады. Ф.Е.Чирваның шығармашылық жолы Отан соғысы жылдарынан басталады, оның алғашқы әңгімелері мандан газеттері беттерінде жарияланады. Соғыстан кейінгі жылдары Оңгүстіқ Қазақстанды аралап, облыста болып жатқан өзгерістерді көзбен көріп, шығармаларының тақырыбына арқау етті. 1959 жылы Ф.Е. Чнрваның «Совесть» атты тұңғыш кітабы жарық көрсе, осы жылы Бетпақдалада болып жатқан өзгерістер жайлы «Земля золотых плодов» атты очерктер жинағы Мәскеуден басылып шығады. Шымкент цемент зауыты құрылысшыларына арнап «Путъ к победе» повесі, кейінгі жылдары шыққан «Будущее создается руками», «Зори над степью» (1962) деректі шығармалары ауыл еңбекшілерінің өмірінен сыр шертеді. 1964 жылы «Земля над станом» қітабы басылып шықты. Осы жылдары және кейінірек жазушы деректі негізде жазылган «Время рассудит»,
«Черный идол» (1967), «Поезда туда не идут» (1978) т. б. романдар жазды. Соңғы романында өндірістік тақырыпты негізгі арқау ете отырып жазушы адамгершлік мәселесімен жақсы уйлестіреді. «Хорошая погода на завтра» (1983) фосфор зауыты құрылысшыларының өмірі мен ерен еңбегі жайлы сыр шертеді.
Тарихи тақырыпқа арналған шығармалары: «Черный идол»,«Листъя белой осени», «Конец авантюры» Қазақстандағы азамат соғысы жылдарына арналған. Балаларға арнап Федор Ермолаевич Чирва «Почему лекарства горькие» (1972), «Необычные каникулы» кітаптарын жазды.
Өмірдің өзінен алып жазған жазушының шығармалары окырман қауымның көңілінен шығып, зор ықыласпен оқылатын. Жазушы жастар аудиториясында өзінің мазмұнды да, тартымды әңгімелерімен үлкен өмір тәжірибесі жайлы, көрғен-түйгендері туралы әңгімелеп беру арқылы өзінің парасаттылығын, жоғары мәдениетін үнемі танытып отыратын.
Федор Ермолаевич Чирва 1985 жылы қайтыс болды. Шығармаларын орые тілінде берілген мәліметтен қараңыз.
* * *
Чирва Федор //Советік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық
анықтамалық.- Алматы, 1987.- С. 674 - 675
Чирва Федор // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-325-329б. Чирва Федор // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-
2005.- 539б.
Достарыңызбен бөлісу: |