Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет2/22
Дата23.10.2016
өлшемі4,82 Mb.
#59
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы

Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда

(Библиографиялық көрсеткіші)


О - І

Алматы, 2013ж.




Құрастырушыдан

Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы «Қазақстан ақын -жазушылары ХХ ғасырда»» атты биобиблиографиялық көрсеткішті шығаруға кірісті. Жиналған материалдың ауқымдылығына байланысты, үшінші шығарылым Қазақстан ақын - жазушыларының аты- жөнінің алфавиті бойынша О әрпінен І әрпіне дейінгі аралықты қамтиды.

Анықтамалық оқушыларға, арнаулы орта және жоғары оқу орындары-

ның студенттеріне, мұғалімдерге, сонымен қатар жалпы оқырман қауымға арналады. Әдебиет қайраткерлерінің шығармашылығы туралы нақты әрі қысқа берілген ақпарат, жазушының әдеби бағыты және шығармаларының қысқаша мазмұнымен танысуға мүмкіндік береді. Ақын – жазушылардың шығармашылығымен толықтай танысу үшін, көрсеткіште автордың шығар-

маларының тізімдері мен ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген сыни материалдар беріліп отыр.

Ақын- жазушылар туралы материалдар аты- жөндерінің алфавиті бойынша топтастырылып, шығармаларының библиографиясы берілген.

Көрсеткіште кітаптар мен соңғы 5 жылда (2008- 2012) жарық көрген газет және журнал мақалалары қамтылған.

Әдебиеттерді жинақтау 2013 жылдың 30 қыркүйек аяқталды.

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы ұсынылған материалдары үшін С.Бегалин атындағы балалар кітапханасына алғысын білдіреді.

Омаров Сейітжан

(1907 - 1985)
Омаров Сейітжан 1907 жылдың 22 маусымында қазіргі Ақмола облысының Атбасар ауданындағы Керегетас ауылында туған. Атбасар қаласындағы жетіжылдық орыс мектебін (1927), арнаулы курсты (1930), Қостанайдағы мұғалімдер институтын бітірген. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған, аудандық газетте редактор, облыстық газетте жауапты хатшы болған, республикалық "Қазақ әдебиеті", "Жұлдыз" басылымдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген, "Жазушы" баспасында бас редактор қызметін атқарған. 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағындағы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің төрағасы болды.

Омаров Сейітжан баспасөзде өлең, әңгіме, очерктерімен 1934 жылдан көрінді. Алғашқы "Бақыт" атты әңгімелер жинағы 1938 жылы жарық көрді. Кейін жас жеткіншектерді отаншылдыққа, адамгершілік сезімге, шынайы достық пен биік парасаттылыққа тәрбиелейтін "Заман күші" (1948), "Әңгімелер" (1953), "Балзия" (1960), "Қайырлы жаз" (1961,1976), "Алтын алқап" (1963), " Күн шуақ" (1965), "Дала қызы" (1967), "Бақ жұлдызы" (1969), "Қиыр жол" (1974), "Қасиетті бұлақ" (1983" повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қызыл арай" (1970) раманы басылды.

Шығармалашылығының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Олардың біршамасы орыс тіліне аударылып, "Молодая гвардия", "Детская литература" баспаларынан шыққан. Сондай - ақ КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

Л.Толстойдың балаларға арналған әңгімелерін, В.Катаевтың "Жалғыз жалау жалтылдап", "Полк баласы" повестерін, С.Баруздиннің әңгімелерін, ағайынды Гриммдердің ертегілерін, башқұрт жазушысы С.Құдаштың повестерін, чех жазушысы Б.Немецованың "Алтын кітап", "Күміс кітап" ертегілерін тәржімалаған.

Омаров Сейітжан Ұлы Отан соғысының ардагері. Қызыл Жұлдыз, Халықтар Достығы, "Құрмет Белгісі" ордендерімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

Шығармалары:
Омаров С. Екі томдық таңдамалы шығармалар.- Алматы: Жазушы, 1990.- Т.2: Роман мен повестер.- 432 б.
Омаров С. Аққу күйі: Әңгіме, мысалдар.- Алматы: ҚМКӘБ, 1956.- 95 б.
Омаров С. Алтын алқап: Повесть.- Алматы: ҚМКӘБ, 1963.- 144 б.
Омаров С. Арман асуы: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1987.- 448 б.
Омаров С. Әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1952.- 67 б.
Омаров С. Әңгімелер мен очерктер: Таңдамалы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1957.- 183 б.
Омаров С. Бақ жұлдызы: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1969.- 162 б.
Омаров С. Бақыт шынары: Таңдамалы.- Алматы: Жалын, 1980.- 360 б.
Омаров С. , Сәлменов Е. Ғасыр ғаламаты.- Алматы: Қазақстан, 1973.- 112 б.
Омаров С. Дала қызы: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1967.- 272 б.
Омаров С. Жас дәурен: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1982.- 439 б.
Омаров С. Жүйрік көңіл: Повесть пен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1977.- 320 б.
Омаров С. Заман күші: Әңгімелер жинағы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1949.- 108 б.
Омаров С. Күншуақ: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1965.- 280 б.
Омаров С., Иманжанов М. Қайырлы жаз. Алғашқы айлар: Повестер.- Алматы: Жалын, 1989.- 496 б.
Омаров С. Қайырлы жаз: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1976.- 462 б.
Омаров С. Қиыр жол: Повестер.-Алматы:Жазушы,1974.- 238 б.
Омаров С. Қызыл арай: Таңдамалы.- Алматы: Жалын, 1981.- 416 б.
Омаров С., Байділдаев Н. Мазмұндама текстерінің жинағы. ІҮ - ҮІІІ кластар үшін. - Алматы: Мектеп, 1973.- 200 б.
Омаров С. Өмір асулары: Таңдамалы повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1972.- 263 б.
Омаров С. Тастағы жазу: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1965.- 108 б.

Омаров С. Алтын киіқ: Әңгімелер, аңыз- ертегілер, повесть.- Алматы: Санат, 2007.-280б.



Өмірі мен шығармашылығы:
"Балажан жазушы" /Құраст. Ж.Әділбекова.-Алматы,1997.-6 б.

Мәуленов С. Жылы жүрек //Мәуленов С. Сыр мен жыр.- Алматы, 1991.- Б. 252 - 260.


Омаров С. Өнер өзегі //Сөзстан.- Алматы, 1983.- 4 кітап.- Б. 39-45.
Омаров Сейітжан // "Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр": Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 239.
Омаров Сейітжан //Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 470.
Омаров Сейітжан //Казак әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы, 2005.- 408-409б.
Омаров Сейітжан //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.- Алматы.-7том.- 2005.- 125б.
***
Негимов С. Парасатты суреткер: [Жазушы Сейітжан Омаров] //Егемен Қазақстан.-2012.-9 казан.-9б.

Омаров Сейітжан //Жалын.- 2009.- №5.- 18-38б.


Оңғарсынова Фариза

(1939)
Өлең сөздің мұхиты Мұқағали ардақты ақын қызыымыздың асыл бейнесін осы бір жолға сиғызып кеткен тәрізді. Ақын - Фариза, алты алаштың аяулысы - Фаризажан, халық үшін мәңгілік Фариза қыз. Ақын жанының жұмбағы бәлкім осылай шешілер.

Туған елінің аяулы алақанында ақын өзін қандай бақытты сезінсе, Фаризадай маңдайына біткен жарық жұлдызы бар қазақ та сондай ырысты ел. Айналайын жаратылыстың адамзатқа берген үлкен сыйы ақындық десек, ақын мен Фариза есімі ел көкірегінде егіз ұғымға айналып кеткені қашан.

Фариза - кешегі Тұмар ханымнан бастап Әлия мен Мәншүкке дейінгі ұлтымыздың қаһарман қыздарының поэзиядағы қайталанбас көрінісі. Оның жасындай жарқыраған өр рухты өлеңдері жылағанды жұбатты, қамыққанды қуантты. Оның жырларынан Махамбеттің асқақ рухын, Мұрат ақынның түпсіз терең мұңын, Құрманғазының күйлерінен асып төгілген шалқар шабытын жазбай танисыз. Танисыз да осы әулиелердің табаны тиген топырақта туған оның поэзиясындағы тылсым күш, тәңірінің мың бір жұмбақ ісіне таңырқап таңдай қағасыз.

Ақын қашанда замана желінің өтінде ғұмыр кешеді. Фариза өз пешенесіне жазылған сол орнында тапжылмай тұрған ақын. Әйтпесе ол:

Билігі барды батыр ғып,

Ақшасы барды ақын ғып,

Жарамсақтарды жақын ғып,

Жаны жақынды жатын ғып,

Өтуде күндер… Жалықтым, - деп жырлар ма еді.

"Өмірде ақындардың бәрі жалғыз" дейді тағы да Мұқағали. Фариза талайымен емес, талантымен ғана жалғыз. Оның жанар таудың атқылаған жалынды жырынан жылу алған қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу барша жұрты өз ақынымен қашанда бірге.

Фариза туғанынан бері талмай тайталасып келе жатқан уыты мол, құдіреті зор ақын. Ол қазақ поэзиясының бақ қонған, қыдыр дарыған қасиетті қиясы.

Фариза ақын әрине, қай кезде де қызметті емес, өлеңді - өнерді бәрінен де биік қойды. Елін де, өзін де мұратына жеткізетін тек қана асқақ, өршіл өнер деп ұқты. Қызметтің де уақытша екендігін сезіне білді, халқының өзегіндегі дертті өнермен ғана емдеуге болатынын, рухани дүние ғана адастырмайтынын терең бағамдады. Ол бар қанағатты тек өнерден ғана тапты.

Сірә, өнер дегеніміз жалғыздық болар. Ендеше сол жалғыздықтың өзіне де, өзгеге де жылу, өмір беріп, биік мұратынан айнымаған да Фариза еді. Ол бар сырын, мұңын, шерін, мұратын өлеңмен айтып, өлеңмен ғана өсті, өнді. Өлең - өнер оның өміріне, перзентіне айналды. Сол поэзия - перзентін халқының алақаны аялады, сол алақанның жылуы оны өз биіктеріне әлі күнге сүріндірмей жетелеп келеді. Кешегі күні өмірдің бар саласынан тек қана жақсылықты көргісі келген, жалғыздықты, қасіретті басым жырлайтын өлеңшісін жақтыра бермейтін, өнерпазын ықтырып алғысы келсе де, өнердің киесінен қорыққан шенеуніктер де қазір өзін бақытты санайтын шығар. Ф.Оңғарсынованың өнердегі егіз стихиясы қуаныш пен қасірет болса, көбіне екінші жағына - қасіретке көп бейім болатыны да халқының көкірегіндегі шерді айтпасқа азаматтық арының жібермегендігі еді.

Халқы қасіретті болғанда, оның қасіретті болмауға хақы жоқ еді. Фариза бүгінгі жалаңаш "батырлар" шықпай жатқанда халқының мұңын елден бұрын айтқан ақынның бірі де бірегейі. Содан да болар, халқы оны екі мәрте мәжіліске депутат етіп сайлады. Мемлекеттік сыйлық берді.

Фариза ақын 1939 жылдың 25 желтоқсанында бұрынғы Гурьев облысының, Новобогат ауданының Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 - 66 ж. орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор, 1966 - 70 ж. облыстық "Коммунистік еқбек" газетінде әдеби қызметкер, "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстарындағы меншікті тілшісі, 1970 - 78 ж. "Қазақстан пионері" (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылдан жариялана бастады. Балықшылар, жалпы бүгінгі замандастар өмірін, достық пен адамгершілікті суреттеген тұңғыш өлеңдер жинағы - "Сандуғаш" 1966 ж. жарық көрді. Мұнайшылардың ерлік еңбегіне арналған "Маңғыстау маржандары" (1969), өзіндік қолтаңбасын, азаматтық бағыт - бағдарын, ақындық мұратын танытқан "Мазасыз шақ" (1972) жинақтары шықты. "Асау толқын" (1973), "Мен сенің жүрегіңдемін" (1975), "Сенің махаббатың" (1977), "Шілде" (1978), "Сұхбат" (1982), "Дауа" (1985) т.б. өлең кітаптарында замандастар бейнесін сомдап, жарасты тұрмыстағы жас ұрпақтың ой - арманын терең суреттейді. Күрескер ақын Махамбет Өтемісов туралы "Алмас қылыш", қазақтың өнерлі қыздары Майра, Сара жайлы "Тартады бозбаланы магнитім", "Сайраған Жетісудың бұлбұлымын", батыр қыздар Әлия мен Мәншүк жөнінде "Тыңдаңдар, тірі адамдар", Африка халықтарының азаттық күресін жырлайтын "Қарғыс", Ұлы Отан соғысындағы совет адамдарының ерлігіне арналған "Қасірет пен ерлік жыры" поэмалары, К.Дөненбаева жөнінде "Біздің Кәмшәт" (1976) атты деректі повесті жарияланды. "Үйім менің - Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен" өлең топтамалары үшін ҚазССР Мемлекеттік сыйлығын алды (1984). Ф.Оңғарсынова журналистика саласында жемісті еңбек етіп келеді. Еңбек адамдары туралы көркем очерктері "Биіктік" деген атпен 1976 ж. басылып шықты. Ә.Тәжібаевтың, чили ақыны Пабло Неруданың, М.Мақатаевтың творчествосы туралы бірқатар сын материалдар жазды. Көптеген шығармалары СССР халықтарының тілдеріне аударылған. П.Неруданың "Жүректің төрт мезгілі" поэтикалық кітабын, А.А.Блоктың "Нәпсі", "Куликов даласы", "Он екі жыл өткен соң", "Кармен", "Қарлы перде" өлең топтамаларын, сондай - ақ С.Б.Капутиянның, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл - Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Ақын Ф. Оңғарсынова Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», Парасат ордендерімен марапатталған. Республика мәдени – ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстанның Халық жазушысы.

Шығармалары:
Оңғарсынова Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалар.- Алматы: Жазушы, 1987.

Т.1. Өлеңдер.- 1987.- 352 б.

Т.2. Өлеңдер мен поэмалар.- 1987.- 368 б.
Оңғарсынова Ф. Асау толқын: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973.- 101 б.
Оңғарсынова Ф. Биіктік: Очерктер жинағы.- Алматы: Қазақстан, 1976.- 176 б.
Оңғарсынова Ф. Біздің Кәмшат: Деректі повесть.- Алматы: Жазушы, 1976.- 139 б.
Оңғарсынова Ф. Дауа: Өлеңдер.-Алматы: Жалын, 1985.- 224 б.
Оңғарсынова Ф. Көгершіндерім: Өлеңдер, тақпақтар.- Алматы: Жазушы, 1974.- 40 б.
Оңғарсынова Ф. Мазасыз шақ: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1972.- 103 б.
Оңғарсынова Ф. Маңғыстау монологтары: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1986.- 48 б.
Оңғарсынова Ф. Маңғыстау маржандары: Өлеңдер кітабы.- Алматы: Жазушы, 1970.- 94 б.
Оңғарсынова Ф. Мен саған ғашық емес ем.- Алматы: Білім, 1997.- 168 б.
Оңғарсынова Ф. Мен сенің жүрегіңдемін: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.- 118 б.
Оңғарсынова Ф. Сандуғаш: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1967.- 31 б.
Оңғарсынова Ф. Сенің махаббатың: Жыр кітабы.- Алматы: Жалын, 1979.- 159 б.
Оңғарсынова Ф. Сұхбат: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1983.- 184 б.
Оңғарсынова Ф. Шашы ағарған қыз: Мақала, эссе, повестер.- Алматы: Жазушы, 1990.- 337 б.
Оңғарсынова Ф. Шілде: Таңдамалы өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1978.- 319 б.
Арулар отты жылдары: Құраст. Ф.Оңғарсынова.- Алматы: Қазақстан, 1975.- 272 б.
Оңғарсынова Ф. Қыз баланың тағдыры-ай.. Олеңдер //Жұлдыз.-2009.-№3.- 34-36б.
Оңғарсынова Ф. Үш томдық шығармалар жинағы.-Астана: Елорда.-2004.
Оңғарсынова Ф. Дауа: Өлендер.-Алматы.-2002.-288б.
Оңғарсынова Ф. Мен саған ғашық емес ем.....: Өлендер.-Алматы: Жазушы.-2009.-248б.
Оңғарсынова Ф. Мұхаммед пайғамбар.-Астана: Аударма.-2004.-168б.
Оңғарсынова Ф. Қыз-ғұмыр: Өлендер мен эсселер.-Алматы: Жалын.-1996.-392б.

Өмірі мен шығармашылығы:
Бейсенова Ш. «Жыр – менің жалғыз тарланым»: [Ф.Оңғарсынованың «Мен саған ғашық емес ем» атты жыр жинағы туралы] //Бейсенова Ш. Тағлымды тағдырлар.- Астана, 2000.- Б. 192 – 196.
Оңғарсынова Фариза //Қазақ ССР: 4 томдық қысқаша энциклопедия.- Алматы, 1989.- Т. 4.- Б. 468.
Оңғарсынова Фариза //Советтік Қазақстан жазушылары: Био – библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 473-474.
Тоқбергенов Т. Жыр дүлей //Тоқбергенов Т. Ай мүйіз.- Алматы, 1990.- Б.133 – 144.
Оңғарсынова Фариза //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық аныктамалық.- Алматы.-2005.-414б.
Оңғарсынова Фариза //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: Аңықтамалық.- Алматы.-2004.-241б.
Оңғарсынова Фариза //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия.-Алматы.-7том.-2005.- 137б.
***
Мұқанова Р. Өлен- тағдыр: [Ақын Ф. Оңғарсынова туралы] //Егемен Қазақстан.-2008.-7наурыз.- 5б.

Кеңшіліқұлы А. Поэзия сәулесі: [Ақын Фариза Оңғарсынованың поэзиясы туралы бір үздік сыр] //Қазақ әдебиеті.-2008.-24 қазан.- 6-7б.


ӘбдікакімұлыТ. Сұлу да сұсты өлен-жыр..:[Ф.Оңғарсынованың шығармашылығы жайында] //Жұлдыз.-2008.- №8.- 179-192б.
Сыздықова Р. Фариза өлендерінің поэтикасы немесе өлең сөздің көркем кырлары //Қазақ әдебиеті.-2009.-19-25 маусым.- 1,7б.
Поэзия Шолпаны:[Ақын Ф Оңғарсынованың 75 жылдығына орай мақалалар] //Егемен Қазақстан.-2009.-1желтоксан.-5б.
Оңғарсынова Ф. Өз халқыңды сүю-көпірме сөз емес,оған деген жанашырлық екенін акберен ақын Фариза өзінін әр ісімен дәлелдеп жүр

//Егемен Қазақстан.-2009.-17 караша.- 5б.

Құрманғали Қ. Жыр жұлдызы:[Ф.Оңғарсынова туралы әнгіме]

//Ана тілі.-2009.- 24-30желтоқсан.- 8б.

Камарова Н. Акберен жырдың ақыны:[Фариза Оңғарсынова]

//Жұлдыз.-2009.-№10.- 128-136б.


Ақүрпекова Г. Ақын Фариза Оңғарсынованың табиғат лирикасы

//Атамекен-ай.-2009.- 28 шілде.- 6б.

Шәріп А. Фариза феномені:[Ф.Оңғарсынова] //Ана тілі.-2010.-21-27 қантар.- 6-7б.
Сомжүрек Ж. Ақиқаттың Ақын- таудағы айтысы: [Ақын Ф.Оңғарсынованың азаматтық поэзиясы хақында] //Түркістан.-2010.-22шілде.-10б.
Әдебиетке келуіме біздің үйдің қайғысы себеп болды / Ф.Оңғарсыно-

вамен әңгімелескен Ж. Қайлыбай // Жұлдыздар отбасы.-2010.-№5.- 9-12б.


Қирабаев С. Поэзия падишасы [Ф.Оңғарсынованың шығармашылығы] //Дала мен қала.-2011.-13маусым.-10б.
Тұнғатар Қ. Фариза қыз:[Ақын Ф.Оңғарсынова] //Жетісу.-2013.-20 сәуір.-8б.
Оралбайұлы Ө. Серпер сезім:[ақын Фариза Оңғарсынова] //Егемен Қазақстан.-2013.-14 наурыз.- 5б.

Нұрғожаев Ж. Мұқағали мен Фариза //Егемен Қазақстан.-2013.-24 қантар.-6б.



Оразалин Кәмен

(1920-2008)
Оразалин Кәмен 1920 жылдың 16 маусымында Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында туған. 1939 жылы орта мектепті тәмамдасымен, Қызыл Армия қатарына алынып, кіші командирлер мектебін бітіреді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиет факультетін 1947 жылы бітірген. Абай ауданындағы орта мектепте зейнетке шыққанға дейін мұғалім болып еңбек етеді. Абай ауданының құрметті азаматы.

Жазушының Ұлы Отан соғысының отты оқиғаларын бейнелеген алғашқы туындысы "Жексен" повесі 1950 жылы жарық көрді. Кейін тың игерушілердің еңбектегі ерлігін, достық күш - қуатын, рухани тұтастығын баяндаған "Ақ жазық" (1959, өңделіп, толықтырылған нұсқа - "Аттаныс". 1985), коллективтендіру кезіндегі қазақ ауылы, ұлы өзгерістер, ескі сана мен жаңа қоғамдық пікірдің күресі қамтылған "Көктем салқыны" (1964, толықтырылған нұсқасы - "Кең байтақ", 1980), М.Әуезовтің өскен ортасы, балалық шағы, жазушылық көзқарасы мен дүние танымын суреттеген "Абайдан соң" (1972, 1987) романдары, Абай ауылының қазіргі бейнесі, өзгерген келбеті, шаттық тұрмысын өрнектеген "Абай ауылына саяхат" атты очекртер жинағы (1976) басылды.

Кәмен Оразалин "Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі", Октябрь революциясы, ІІІ дәрежелі "Даңқ" ордендерінің, "Парасат" орденінің және көптеген медальдардың иегері. Төрт рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.


Шығармалары:

Оразалин К. Абай ауылына саяхат: Деректі әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1994.- 228 б.


Оразалин К. Абайдан соң: Роман.- Алматы: Ана тілі, 1995.- 584 б.
Оразалин К. Абайдан соңғы арыстар: Роман.- Астана: Елорда, 2002.- 464 б.
Оразалин К. Ақ жазық: Роман.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959.- 354 б.
Оразалин К. Жексен.- Алматы: ҚМКӘБ, 1950.- 218 б.
Оразалин К. Кеңбайтақ: Роман.- Алматы: Жалын, 1980.-232 б.
Оразалин К. Көктем салқыны. Абайдан соң: Романдар.- Алматы: Жазушы, 1980.- 480 б.


Өмірі мен шығармашылығы:
Оразалин Кәмен //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық.- Алматы, 2004.- Б. 243.
Оразалин Кәмен //Советтік Қазақстан жазушылары: Био - библиограф. анықтамалық.- Алматы, 1987.- Б. 476.
Оразалин Кәмен //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.-415б.
Оразалин Кәмен //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2004.-243б.

Оразбаев Иранбек (Иранғайып)

(1947)
Иранбек Әбітайұлы Оразбаев 1947 жылы 7 маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Абай атындағы совхозда туған.

1970 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының тау - кен факультетін, 1980 жылы Москвадағы М.Горький атындағы әлемдік әдебиет институты жанындағы жоғары әдебиет курсын бітірген.

Қызылорда облыстық "Білім" қоғамында референт, "Жазушы" баспасында редактор болып қызмет атқарды. "Қазақ әдебиеті" газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі.

1973 жылы Грузияда өткен Бүкілодақтық жастар фестивалі мен 1975 жылы Москвада өткен Жас жазушылар кеңесіне қатысқан.

Ақынның "Тыңнан туған Тың", "Тоғызыншы вал", "Хайуандық комедия" атты өлеңмен жазылған драмалық шығармалары республика театрларында қойылып жүр.

Іс дегенде Иранбектің поэзиясынан басқа несі бар. Басылымдарға, шаршы топқа, театр сахналарына да жұмсайтыны жалғыз сол ақындық өнері. Иранбек Оразбаевтың "Батқан кеменің бейбақтары" атты кітабы туралы азын - шағын пікірлер айтылып жатыр. Адамның өмірі мен өліміндей бағы мен соры да екіұдай бүтін.

Кітаптағы драмалық дастандардың бірі - "Мен ішпеген у бар ма?.." Енді соған келейік. Әке мен Бала - мәңгілік - адам бар жерде айтылып бітпейтін тақырып. Және өзі қанша жазылса да қайталанбайтын оқиғаның қайнар көзі. Демек, бұл өмір заңдылығы - философиялық категория - бекерге шығаруды бекерге шығару. Ұлы Мұхтар Әуезовтың "Абай жолынан" кейін бұл дастанның жазылуын да сол заңдылық деп түсіну керек.

Әркім өз ойына ие. Дастандағы Құнанбайдың аузымен Абайға:


"… Оңбайын деген екенсің,

Бар ағайыннан безініп!

Оңды іске аяқ баспайсың,

Қарына тартпай қасарған,

Тамырыңдағы Олжай бабаның,

Әлде…" -


дегені үшін Иранбекті жазғырған пікірімен өз басым келісе алмаймын. Әке баласын тергеуге алып, өз түбін өзі қазып, қанын қастерлемекті талап етсе, оның иесі айып?! Солай болып та жатыр ғой. Иранбектің бар жазығы осының осылай боларын күні бұрын көре - біліп, айтқандығы ма?.. Кешегі күшті қолмен малша маталған өтірік туыстар бүгін бөлек - бөлек өз табиғатына тартып кетіп жатқан жоқ па?.. Орысты - орыс, жөйтті - жөйт, өзбекті - өзбек, қазақты - қазақ дегеннен не бүлінді?.. Қайта дүние өзінің болмысына еніп келе жатқан жоқ па?.. Діліміз де, тіліміз де - өзіміздікі, жер де, көк те - солай… Және де Құнанбай Абай емес қой. Қала берді, рушылдыққа қарсы жаратылған Иранбек те емес! Ол өз заманының қажеттігінен, талабынан туындаған ру басыларының бірі тұрғай бірегейі. Осының бәрін өз алдына жинап қойғанда, "Түп тамырыңды шіртіп алма!" деген идеясы үшін Иранбектің Құнанбайы маған Шекспирдің Гамлетінше "Быть или не быть" деп тұрғандай әсер етеді.

Драмалық дастанның "Мен ішпеген у бар ма?.." деген Абай сөзімен аталуының өзінде "Сен ішпеген осындай да у бар!" деген жауап жатқандай. Оқып көріңіз: ақындық ойдың астыңғы, астарлы қабатынан долы қозғалатын асау ағынға ден қойғыш Иранбек Абайға тиген таяқты - тағдыр тәлкегін біздің тұсымыздағы поэзияның тәніне дарытады. Қашанда ақынға тиген таяқ - халық жүрегіне түскен жарақат. Оразбай мен Күнтудың бірі: "Өшіріңдер үнін!" десе, екіншісі: "Жағын айыр, қызыл - ала қан қылыңдар, бет - ауызын Ақынның!" дейді. "Қақ бастан сал!", "Бүйірден теп!", "Белден соқ!", "Енді мұндай ұл тумасын Анадан!", "Жын жайласын бесігін!" дейтіндері тағы бар. Рас - ау, зұлматтар қазақ әдебиеті классиктерінің бір тобын "Алашорда" деп, енді бір легін "Халық жауы" деп құртып жібергенде поэзиямыз айна - қатесіз тап осылай жәбірленген. Оның үстіне бүгінгі әл - күйіміз әлгідей. Осылардың салдарынан сөз патшасы қайыршы қалпына түсті, жыр алдында жығылып тағзым ететін жақыны жатқа айналып барады. Иранбек Абай тағдырын арқалана отырып осынау ауыр ахуалды аяусыз әшкерелейді. Бұл - зауалды ғасырдың зары. Бұған дейін бұл тақырыпта мұншалық мұңлық, әрі ызасы шулығып тұрған жан даусына жолыққан жерім жоққа тән. Сондықтан бұған ыстық ықылас, соны құрмет лайық. Сөйту айыбымыздан арылу үшін де керек.

"Батқан кеменің бейбақтары" атты драмалық дастанын Иранбек (Иран - Ғайып) Оразбаев 1979 жылы, Мәскеуде, М.Горький атындағы әдебиет институтының жоғары курсында оқып жүргенде жазған. Ол кезде біз Иранбектің не жазғанын түсіне тұрып түсінбеген болдық. Заман солай-ды. Енді түсінбеу - қиянат. Батқан кеме - социализм. Бейбақтар - біздер - республикалар… Кемеміз қирады. Қайықта келеміз. Ақын меңзеуіне сенсек, "Жұмбақ жағалауға" жететін, баспана тұрғызып, жерден дақыл, бақтан жеміс өндіретін секілдіміз… Кемені тескен егеуқұйрықты темір торымен көтеріп, бір залым пенде бұл араға да бізбен бірге келеді екен. Осы зұлматты Адам - Ата, һауа - Ананың көз алдында өлтірсек те, ол зорлаған бейкүнә әйелден перзент қалады екен. Абыройын төккен қорлыққа шыдамай өліп кеткен әз әйелдің нақ сүйері Бейкүмән атты Әділет. Әділет ұрығы - әлгі шарананың екі қолымен төбесінен оздыра көтереді… Оқырманға айтар мағлұматым осы. (Қайымұлы Ж.)

… Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып отырған "Батқан кеменің бейбақтары" атты көлемді кітап сирек ұшырасатын, жыр достары оқи отырып ойланатын, ойлана отырып оқитын үлкен еңбек…

Иран – Ғайып (Оразбаев Иранбек) 1998 жылдан Қазақтың мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының әдебиет бөлімін басқарады.

2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жыр – мүшәйрасының бас жүлдегері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет