Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет19/22
Дата23.10.2016
өлшемі4,82 Mb.
#59
түріАнықтамалық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Өмірі мен шығармашылығы:
Ахметов К. Мезгіл қоңыраулары: (Ақын Мұхтар Шаханов туралы): Кітапта: Жасыл белес.-Алматы,1984 -211-224 б;

Нұршайықов Ә. Жол іздеймін әлі ешкім баспаған (Ақын М. Шахановтың өмірі мен творчествосы жайлы): Кітапта: Сөзстан - Алматы, 1984.-190-211 б;

Шаханов М. Танакөз: Поэма //Октябрь нұры: Публицистика.-Алматы,1988.-98-124 б;

Қапқызы Е. Мұхтар Шахановтың төрт ерлігі //Түркістан.-2010.-20 мамыр.-2б.

Шаханов М. Менүшін қорқыныштысы-мағнасыз ғұмыр кешу // Айқын.-2012.-21желтоқсан.-3б.

Әбсаттарұлы Ф. «Ереуіл атқа ер салмай» //Жас қазақ.-2012.-22маусым.-10б.

Азамат ақын, ұлт жанашыры Мұхтар Шаханов // Аңыз адам.-2012.-№12.-5-50б.

***
Шаханов М. //Қазақ ССР 4 томдық қысқашаэнцнклопедня / Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев., т.б - Алматы: Қаз. Сов. Энциклопедия. Бас ред., 1989. т.4. Тіл, әдебиет, фольклор, өнер, архнтектура.-720б;

Шаханов М. //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиотрафиялық анықтамалық. құраст. С. Ахметов, Д. Еркшіев - Алматы: Жазушы, 1987.-736 6.



Шаханов М. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.-Алматы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан даму ннституты, 1999.-750 6.

Шаханов М. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-335-336б. Шаханов М. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 547б.

Шаханов М. //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-461б.


ШАХАНҰЛЫ БЕРІК

(1941)
Шаханұлы Берік 1941 жылы 5 қарашада Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма аылында туған. 1959 жылы орта мектепті бітірген соң екі жыл шопан болып жұмыс істеген. 1966 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін (қазіргі Әл- Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті) бітірген. 1966-1970 жылдары Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде, 1970-1973 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1973-1989 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор, 1989-1991 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1991-2002 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағьнда аға референт болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде Б. Шахановтың алғашқы әңгімелері «Ақ теке» 1962 жылы «Балдырған» журналында, «Менің ағаларым» 1963 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде жарияланған. Кейін көркемдік сапасы мен шұрайлы тіл, лирикалық иірімдерінің молдылығымен, оқырмандарын адамгерішілікке тәрбиелеген, тазалыққа, жақсылыққа үндеп, иландырып отыратын, иландылығымен ерекшеленетін «Ғашықтың тілі» (1973), «Ақ иірім» (1979), «Қаратаудың самалы» (1984), «Ночь в горах» (орыс тілінде 1987), «Көрген тустен дүние» (1989), «Құса» (1952) атты кітаптары жарық көрді. Шаханов әзірбайжан жазушысы Анардың «Ақ жағалау», нихви жазушысы Владимир Сангидің «Қайырлы маусым» романы мен бірқатар повесть, әңгімелерін қазақ тіліне аударған. 1992 жылы «Қүса» атты повестер мен әңгімелер жинағы үшін Қазақстан жазушылар Одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болған. 2002 жылдан бері Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқаруда.

Әдебиет әлемінің есігін ашқаннан бастап, Берік Шаханов оқушыларына өзіндік үні, өзгеше қолтаңбасы бар прозашы екенін байқатты. Ол бір қарағанда жазылуы оңай көрінетін, бірақ күрмеуі қиын, күрделі әңгіме жанрының тілін тауып, кілтін ашқан жазушы. «Ақ теңгені білесіз бе?» атты әңгімесінде нақты жағдай, айшықты бейнелімдер, ауыз тұшынар дәмді ой бар. Оқып шыккан соң да көкіректі сыздатып түрып алар, ап-ауыр мұң салмағы қалады.

Жазушының өзінің табан тіреген тақырыбы бар. Ол - соғыстан соңғы ауыл өмірі, қаз-қаз қадам басқан ойсыраған шаруашылық, елдің жасампаз тірлігі, өнерпаздық, балалық бал дәуреннің естен кетпес әсерлері, жас отау иелері қалам иесінің жадына түйген өмір елестері. Қай кезеңді бейнелесе де нақтылы сюжет иірімін, түйінді ой табады. Оның кітаптарында басы артық сөз кездеспейді.

Берік Шаханов қоңыр әуенді жазушы.
ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Шаханов Б. Ғашықтың тілі: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1973;

Шаханов Б. Ақ иірім: Әңгімелер мен повесть.- Алматы: Жалын, 1979;

Шаханов Б. Жазылбек ата: Әңгіме,- Алматы: Жалын, 1983;

Шаханов Б. Қаратаудың самалы: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы,1984; Шаханов Б. Құса: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1991; Шаханов Б. Көрген түстей дүние: Таңдамалы әңгімелер. - Алматы: Жалын, 1998.



* * *
Шаханов Б.. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-336б. Шаханов Б. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 547б.

Құмарова Ш. Берік бағындырған белестер //Егемен Қазақстан.-2011.-2қараша.-6б.
Шашкин Зейін

(1912)

Шашкин Зейін Жүнісбекұлы 1912 жылы 31 желтоқсанда, қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туылған. Жазушы 1930-1933 жылдары Москваның тарих, философия және әдебиет институтында оқыған. 1933-37 жылдары Қарағанды қалалық комсомол комитетітң хатшысы, Семей педагогикалық институтында, КазПИ-де (қазіргі Абай атындағы Мемлекеттік университетінде) оқытушы, 1949-55 жылдары Көкшетаудағы Бұрабай санаторийінің (қазіргі «Светлый») пансионатында дәрігер, ал 1955-66 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші.



З.Шашкин баспасөзде алғаш өлеңдері мен зерттеу мақалаларымен 30-шы жылдардан бастап көрінді. 1934 жылы «Абай поэзиясының ерекшелгі» атты еңбегі жарияланды, Е. Ысмаиловпен бірігіп жоғарғы оқу орындарына арналған «Әдебиет теориясының оқулығын (1940) жазды. Кейін Қазан революциясы қарсаңындағы қазақ ауылының тарнхи- әлеуметтік халі әрі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, жеке адамдардың жан-дүниесі, олардың дүние танымы суреттелген «Таң атты» (1955 жылы орыс тілінде), «Ұядан ұшқанда» (1957), сондай-ақ халықтар достығы, замандастарының өмірі, туған жерге деген суйіспеншілігі танымды бейнеленген «Темірқазық» (1959), «Өмір тынысы» (1964), «Ақбота» (1966) повестер мен әңгімелері жинағы, Жетісудағы саяси әлеуметтік өзгерістерді кезең көрінісімен шынайы өрнектеген «Тоқаш Бокин» (1958), қазақ әйелінің қоғамдағы алатын орны, оның өндірісті, өнер-білімді, мәдениетті өрге бастаудағы жанұядағы ролі, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық көзқарасы баяндалатын «Теміртау» (1960), адамдар санасындағы және тұрмыстағы жаңа салт, озық дәстүрлерді таратудағы зиялы қауымның ролі, дәрігедің қоғам алдьндағы парызы, басты қызметкерлердің еңбек адамдарымен қарым-қатынасы, өзара сенім, достық, бірлік рухын қалыптастырудағы өнегесі айшықты кестеленген «Доктор Дарханов» (1962), тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы кезеңіндегі көрген киыншылықтары, ой-арманы, адамгершлік асыл-қасиеттері арқау етілген «Сенім» (1966) романдары жарық көрді. «Заман осылай басталады», «Акын жүрегі» пьесалары республикалық , облыстық драма театрларында қойылды. Оның шығармалары негізінде «Мазасыз таң» атты керкем фильм түсірілді. «Қазіргі қазақ прозасының дамуына, оның биік профессионалдық шептерді алуына үлес қосқан» жазушылардың бірі ретінде бағаланды. Қазіргі дәуір тақырыбын жазу мәселесіне келгенде, біз ең алдымен Шашкин есімін айтамыз. Ол адамдардың ішкі жан дүниесін, оның ішкі дүниесін оның ізгі адамгершілік асыл қасиеттерін бейнелеуде ерекше дарын иесі екендігін таныты Жарық дүниеде не бәрі 54 жыл жасап, оның тәттісі мен ащысын да, ауыры мен жеңілін де, қуаныш-шаттығы мен қайғы-қасіретін де көрген Зейін Шашкин творчествосын зерттеп, арнайы монография шығарған Сапар Байжановтың сөзімен айтқанда «әдебиетте бас-аяғы он жылға толар - толмас уақыт қана еңбек етті. Сол аз ғана уақыттың ішінде төрт роман, үш повестъ, ондаған әңгіме, очерктер, пьеса, киносценарийлер беріп үлгерді» туған әдебиет тарихынан орын аларлықтай елеулі шығармалар жазды. «Заман осылай басталады», «Ақын жүрегі» пьесалары қазақ драма театрының сахналарында қойылды. Оның шығармалары негізінде «Дүбірлі таң» («Тревожное утро») атты кинофильм экранға шықты

Ең алдымен Зейін Шашкин әдебнетке тарихи-революциялық тақырытпы жазудың жаңа үлгісін, жаңа бір сипатын ұсынды. Оған дәлел «Наступило утро» («Ұждан ұшқанда»), «Тоқаш Бокин». Көлемі шағын шығарманың стилі жинақы, сөзі нағыз, оқиғасы қою, композициясы шымыр. Әбден иі қанған, көркемдігі жоғары.

Сонымен, әдебиетімізге Жүніс, Саха Сағатовтарды, атақты революционер Тоқаш Бокинді, оның жан жолдасы Құрышпайды, Асқар, Дәмеш, зерделі Қайыр, сұм Мүсілім, аяр Бикен, аңғал Айша, палсапашыл Нияз, ойлы күрескер Нұрландарды алып келіп, олардың образын қастерлеген Зейін Шашкиннің творчестволық түлғасы тарихтың жарқын беттерінен көріне берері хақ.

ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Шашкин 3. Ұядан ұшқанда: Повесть.-Алматы: Казмемкеркем әдебиет, 1957;

Шашкин 3. Тоқаш Бокин: Роман.-Алматы: Қазмемкөркем әдебиет, 1958;

Шашкин 3. Темірқазық: повесть.-Алматы: Казмемкөркем әдебиет, 1959;

Шашкин 3. Теміртау: Роман.-Алматы: Казмемкөркем әдебиет,1960;

Шашкин 3. Доктор Дарханов: Роман.-Алматы: КМКӘБ, 1962;

Шашкин 3. Өмір таңы: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1964;

Шашкин 3. Ақбота: Әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1966;

Шашкин 3. Сенім: Роман.-Алматы: Жазушы, 1966;

Шашкин 3. Таңдамалы шығармалары: 6 томдық.-Алматы: Жазушы, 1972.-

1.том: Повестер, әңгімелер,1972



2.том: Тоқаш Бокин, 1973

З.том: Теміртау: Роман, 1974

4.том: Доктор Дарханов: Роман, 1975

5.том: Сензм: Роман, 1976

6.том: Пьесалар, киносценарий новеллалар, мақалалар, очерктер, 1979. Шашкин 3. Азаттық таңы.-Алматы: Жалын, 1982.

***

Шашкин Зенін //Қазақстанның көркем әдебиеті 1946-1957 (библиографиялық көрсеткіш.-Алматы, 1958.- 258-259б.

Байжанов С. Жаңа өмірдің жаршысы: (3. Шашкинің өмірі мен творчествосына талдау). Кітапта: Шашкин 3. Таңдамалы шығармалар: Алты томдық. Бірінші том: Повестер мен әңғімелер.-Алматы, 1972.-7-58б.

Сүйіншалиев X. Шешімін тапқан тақырып (3. Шашкиннің Тоқаш Бокин өмірінен жазған шығармалары) // Сүйіншалиев X. ізденіс іздері.-Алматы, 1975.- 111-131б.

Шашкин Зейін //Қазақ совет энциклопедиясы: 12 томдық.-Алматы.-1978.- Т.12.- 203б.

Хасенов М. Тыңға сапар (З.Шашкиннің «Темірқазық » повесінің басты кейіпкерінің прототипі - Хакім Ташмағамбет) //Ердің даңқы еңбекте.- Алматы, 1975.- 51-72б.

Ғабдуллин Н. Жаңашыл жазушы: (3. Шашкиннің творчестволық жолы туралы) //Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. Мақалалар, зерттеулер.-Алматы, 1981.- 116-121б.

Бекхожин Қ. Зердем еді жасынан: Өлең өткелдері, әдебиет хақында ойлар, толғаныстар мен естеліктер.-Алматы, 1986.- 107-119б.

Кәкішев Т. Зейш Шашкин туралы сөз. Кітапта: Кәкішев Т. Дәуір дидары- Алматы, 1985.- 257-276б.

Шашкин Зейін //Советтік Казақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.-Алматы: Жазушы, 1987.- 693б.

Шашкин Зейін Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедиа.-Алматы: 1989 -т.4: Тіл, әдебиет, фольклор, өнер, архитектура.- 627-628б.

Сейтжанов С. «Сенім» романының өмірге келу тарихынан // Ұлағат.-2008.-№2.-34-40б.

Сейтжанов С. «Темиртау» романының жазылу тарихы //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-№4.-111-114б.

Сейтжанов С. Зейін Шашкиннің жазушылық шеберлігі //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-№2.-66-68б.



Әбдірахманов Ө. Дәрігер жазушы //Денсаулық.-2012.-№11.-12-13б.

Шашкин З. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-337б. Шашкин З. // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 548б.

Шашкин З. //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-465б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет