Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты



Дата05.11.2016
өлшемі66,21 Kb.
#964
Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы
Мақсаты: «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Олай болса Жыр алыбы, жүрегі жүз жыл жырлаған ұлы ақын, жырау, жыршы шығармаларын оқушыларға дәріптеу.
Өткен орны: мектеп мәжіліс залы. Мерзімі: 26.02.2016 жыл.

Көрнекіліктер:«Жыр алыбы-Жамбыл» атты көрме, Ж.Жабаев өмірінен слайд.


Жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Қазақ халық поэзиясының өкілі, жыршы, жырау, ғасыр перзенті Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты көркемсөз байқауына қош келдіңіздер!

Менің пірім – Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай,

Сырлы, сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай... – деп төгілте жырлаған Жамбыл 1861 жылдардан бастап өлең айтуға, домбыра тартуға әуестене бастайды. Өлеңді жақсы көріп, топ жиындарда ақындармен бірге жүреді, бас қосқан жерде ән салып, ол әнін кейіннен өзі ұстазым деп санаған Жетісудағы Шапырашты руынан шыққан ірі айтыс ақыны Сүйінбай Аронұлына сынатқан. Сүйінбай Жамбылдың ақындық қабілеті барлығын айтып бағалаған.

Бұл Жамбыл бір сөйлесе қызып кетер,

Бәтуа-бірлігіңді бұзып кетер.

Ебін тауып ұстамай, өшіктірсең,

Байлап-матап қойсаң да үзіп кетер... – деп өзі айтқандай, ақынның жүйрік жырларына кезек беретін сәт те келіп жетті.

Алдымен Жамбыл Жабаевтың жүріп өткен ғасырлық өмір жолымен таныстыру үшін сахнаға 9 «А» сыныбының оқушысы Ерсұлтан Қордабаевты

щақырамыз...



Ерсұлтан Қордабаев ақынның өмірбаянын оқиды:

  • Жамбыл Жабаев - жүрегі жүз жыл жырлаған ұлы ақын, жырау, жыршы. 1846 жылы 28 ақпанда Шу өзені бойындағы Жамбыл тауының етегінде туған. Ақынның әкесі Жапа Ыстыбайұлы ер мінез батыр адам болыпты. Қоқан хандығына қарсы шыққан Жапанның Жамбыл ортаншы ұлы екен. Ол жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім ? Сүйінбай...» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған. Жамбылдың ақын болып қалыптасуы тек Жетісу ақындық мектебінің ауқымында қалған жоқ. Ол өзіне дейін өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас ақындар мен жыршылардың бай мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгеріп, өз шығармашылығына тұғыр еткен.

Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген Жамбыл - өткен екі ғасырдың куәсі болды, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі аралас, жақсылығы мен жамандығы қатарлас екі түрлі қоғамда ғұмыр кешті.

Жамбылдың шығармашылық өмірі, негізінен, 19 ғасырдың

70-ші жылдарынан басталған. Сол заман халқының бастан кешкен ауыр жағдайының куәгері болған Жамбыл шындықты айтып, замана болмысын суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлайды, мысқылдайды, сынайды, күйініп те, қиналып та сөйлейді. Шыншылдық пен сыншылдық қасиетін Жамбыл ақындармен айтыстарында да сақтап, турашылдығымен ерекшеленеді.

Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан, оның есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына таратқан өнері оның айтыстары. Ақындармен айтыс Жамбылдың суырып салмалық дарынын шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азаматтық өресін өсірді және тақырып аясын кеңейтті. Жамбылдың, Сарбаспен, Құлмамбетпен, Доспамбетпен, Шашубаймен, т.б. ақындармен айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды. Оның айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай-қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді.

Ұлы Отан соғысы тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құрылған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. Оның Украинаны, Мәскеуді, Кавказды, Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербор) қорғаушыларға арнап, солардың рухын көтере, ерлікке шақыра жыр төккені де жыраулықтың үрдісі. Оның шығармаларында нақыл сөз бен ақыл сөз өзара жарыса, қатарласа қолданылады. Ақыл сөзді айтушы да, оны тыңдаушы да шығармада анық, нақты көрініс табады.

Ол ел арасына кең тараған жырлар мен дастандарды көпке дейін орындап жүрген. «Менің өмірім» атты естелігінде Жамбыл былай дейді: «Ел жүдеген үстіне жүдей берді, ел менен жер сұрағанда, кепкен ботаның тұлыбына еміренген маядай, батырларды жырла дейтін болды. Мен де жұрттың тілегіне сәйкес «Өтеген батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр», «Көрұғлы батыр», «Алатай-Жапарқұлдың» жырларын айтатын болдым. Ел естігенде ыңыранып жылайтын. Осындай елді жарыққа шығаратын батырлар да туар-ау әлі, - десетін».

«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин.

Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде-ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.


Жүргізуші: - Бүгінгі жыр додасында бағын сынауға келген

16 өнерпазды сахна төріне шақырамыз. Олар:
5 «Ә» сыныбының оқушылары Амина Омарова мен Назерке Қасенова.

6 «А» сыныбының өнерпаздары Айсұлу Омарова, Жанарыс Амангелді, Ақжол Қанат.
6 «Ә» сыныбынан келген Құндыз Нұрланқызы мен Сабина Байгалмакова.
7 «А» сыныбының оқушылары Саламат Амантай мен Нұржан

Дәріғұлов.

7 «Ә» сыныбының өнерпаздары Әділет Жақанов пен Нұргелді Қайрат.
8 «А» сыныбының оқушылары Алуа Оралбек пен Аяулым Советалы.
8 «Ә» сыныбынан келген Диас Карбозов.
9 «А» сыныбының өнерпазы Қуаныш Мейірқұл.
9 «Ә» сыныбының оқушысы Саламат Жақанов.

Бүгінгі жыр байқауының әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:


Мектеп директорының әдістемелік істер жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің дәріскері Мадина Мұқанқызы.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Серікқызы.
«Жалын» сөз мәнері үйірмесінің жетекшісі Қадыр Баймырзаұлы.

Байқаудың шартын ескерер болсақ, қазылар алқасы үміткерлердің



  • дауыс мәнеріне;

  • тіл тазалығына;

  • сахна мәдениетіне;

  • киім үлгісіне баса назар аударады.

Сонымен қатар, қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын жас ерекшеліктеріне қарай анықтайтын болады.

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы! Байқауға қатысатын өнерпаздарды сахна сыртына шығарып салайық... Сонымен, байқауды бірінші болып бастайтын өнерпазды ортаға шақырамыз.
6 «Ә» сыныбынан келген Құндыз Нұрланқызы. «Кедей күйі».
6 «Ә» сыныбының өнерпазы Сабина Байгалмакова. «Туған жер».
5 «Ә» сыныбының оқушысы Амина Омарова. «Өнердің өсуі».
5 «Ә» сыныбының келесі өнерпазы Назерке Қасенова.

«Халықтың сәлемі».
6 «А» сыныбының оқушысы Айсұлу Омарова. «Жамбылға сәлем».

6 «А» сыныбының келесі өнерпазы Жанарыс Амангелді. «Отанды сүй».
6 «А» сыныбының оқушысы Ақжол Қанат. «Қазақстан тойына».
7 «А» сыныбының оқушысы Саламат Амантай. «Жаныс ақынға».
7 «А» сыныбының келесі өнерпазы Нұржан Дәріғұлов. «Аттандыру».
7 «Ә» сыныбының оқушысы Әділет Жақанов. «Алатау».
7 «Ә» сыныбының келесі үміткері Нұргелді Қайрат.

«Алғадай туралы әрбір ой».
8 «А» сыныбының оқушысы Алуа Оралбек. «Өмір жыры».
8 «А» сыныбының келесі өнерпазы Аяулым Советалы. «Камшат қыз».
8 «Ә» сыныбынан келген Диас Карбозов.
9 «А» сыныбының өнерпазы Қуаныш Мейірқұл. «Жаз».
9 «Ә» сыныбының оқушысы Саламат Жақанов.

«Мен бір биік бәйтерек».

Құрметті жыр сүйер қауым! Қазақ халқының біртуар перзенті, ақын, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты көркемсөз байқауы өз мәресіне жетуге жақын.



Байқаудың қорытындысын шығаратын қазылар алқасын бір сәтке сахна сыртына шығарып саламыз...
(Қазылар алқасы ақылдасу бөлмесіне барады... Алқа мүшелері оралған соң...)
Жүргізуші: - Бүгінгі жыр сайысының қорытындысын жариялап, жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін ұсынамыз...
Қазылар алқасы байқауды қорытындылайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет