«Қаралды» «Келісемін» «Бекітемін»
ҒЖК жетекшісі: директордың бейін және ғылыми 59 мектеп- гимназия
_______ Сайлауова Г. Е. істер жөніндегі орынбасары: _______ Торғанбеков А.Е. директоры: ________ Касымова А.Т.
_____2020ж ____ 2020ж. _____ 2020ж.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің жылдық жоспары
Білім мазмұнының жаңаруы жағдайында мұғалімдердің жеке тұлғалық-кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы өзін-өзі дамытатын функционалды сауатты тұлға қалыптастыру
Мақсаты:
Мұғалімдер жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының құрылымын, мазмұнын және мақсаттарын біліп түсінумен қатар, жаңартылған білім мазмұны бағдарламасына сәйкес инновациялық технологияны сабақта қолдана білуді меңгеру және оқу мен оқытуда бағалау нысанын нақты критерийлермен жетілдіре отырып, өзін-өзі дамытатын функционалды тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
Әлеуметтік ортада оқушылардың алған білімін орынды қолдана білуге үйрету;
Инновациялық технологияны меңгерту мақсатында мұғалімдерді деңгейлік, тақырыптық, әдістемелік курстардың өтулеріне мүмкіндік жасау;
Пән мұғалімдерінің шеберлігін шыңдауда авторлық бағдарлама жазуға тарту, педагогикалық зерттеулер жүргізіп, оқу жетістіктерін бағалау және жүйелеу әдістерін, жаңа сандық білім беру ресурстарын пайдалану түрлерін жетілдіру;
Шығармашылық топтардың жұмыс жүйесін жандандыру;
Оқытуды жақсартуда жүйелі мектепшілік бақылау жүргізуді жалғастыру;