Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ әдебиеті



бет39/39
Дата31.10.2022
өлшемі349,93 Kb.
#155812
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
6- сынып қазақ әдебиеті

Балл қою кестесі
Түсіну және жауап беру





Жауап

Балл

Қосымша ақпараттар

1.

Р.Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» үзіндісі бойынша «Екі жақты күнделік» кестесін толтырады.
1-Туған жерге деген махаббат
2-Туған жерді туған анасымен барабар көру.

2




Анализ және интерпретация



Жауап

Балл

Қосымша ақпараттар

1.

Берілген үзіндіден автордың бейнесін сипаттап жазады. (3-4 сөйлем) Ақынның ана тіліне, Отанына деген махаббатын жоғары қоюынан патриот ақын екенін аңғаруға болады. Өзіне жоғары талап қоятыны байқалады.

2

Оқушы жауабы ескеріледі.

2.

Берілген өлең жолдарынан автор бейнесін анықтайтын тұстарды табады.

1




3.

Метафораны - Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!!!

1




Метонимияны - Ұлы қорғандардың күйреуін көрген жүрегім

1

Кейіптеу - Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім.

1

Литота - Бір тамшы суға байланып

1

4.

Берілген үзіндіге негіздеме жазыңыз. (3-4сөйлем)

2

Оқушы жауабы ескеріледі.

5.

Концептуалдық кестені толтырады

3






Бағалау және салыстыру



Балл

Сипаттамасы

Қосымша ақпарат

5

Жазба жұмысының (эссе) құрылымын сақтаған. Жазба жұмысын орындауда шығармашылық танытады. Көркемдегіш құралдарды орынды қолданған. Өз ойын еркін жеткізе алған. Келісу/келіспеу себептерін нақты көрсеткен. Жұмыс сауатты жазылған.




3-4

Жазба жұмысының (эссе) құрылымын сақтаған. Жазба жұмысын орындауда шығармашылық танытады. Көркемдегіш құралдарды орынды қолданған. Келісу/келіспеу себептерін жазған. Өз ойын еркін жеткізгенімен, мазмұн жағынан қайталанатын сөздер мен сөйлемдер кездеседі.




1-2

Жазба жұмысының (эссе) құрылымы дұрыс сақталмаған. Тақырып ашылмаған. Шығармашылық танытуда қателеседі. Стильдік, орфографиялық қателер жіберген.














Қорытынды

6-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша дайындалған «Жиынтық бағалау тапсырмалары» атты әдістемелік құрал білім алушылардың қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.


Жиынтық бағалау тапсырмалары оқу бағдарламасындағы стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне сүйеніп жасалынған. Өзгерістер жүйесі қолжетімді. Жұмыс мақсаттары мен міндеттері білім алушылардың жалпы үлгерімін арттыруды, талап етілетін дағдыларды дамытуды, тапсырмалар арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды көздейді.
Жиынтық бағалау тапсырмалары мектеп бағдарламасындағы 6-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша өткен материалдарды еске түсіріп, тиімді тәсілдері меңгеруге қажет біліктері мен бейімдерін арттырады. Білім алушылардың қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыратын тапсырмалар берілген. Жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік дағдыларды анықтауға бағытталған.
Сонымен қатар, оқушылар көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қарулана отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білуге дағдыланады, ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Көркем шығарманы бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, өз ойларын еркін жаза білуге үйренеді.Дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау дағдылары қалыптасады, әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылық ізденіске қадам басады.
Тапсырма түрлері көп таңдауды қажет ететін сұрақтар, қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін сұрақтар арқылы мұғалім білім алушылардың мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалай алады.

Жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылды.






















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. «Қазақ әдебиеті» жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық/ С.Ч.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова – Астана: «Арман-ПВ», 2018.

  2. Қ.Жұмалиев. Әдебиет теориясы.-Орал, 2010

  3. З.Қабдолов Сөз өнері.-Алматы: Санат,2002

  4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы,2005

  5. Қазақ әдебиетінің тарихы.-Алматы,2006

  6. А.Тоқтарбай. Қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиетінің тарихы-Алматы,2003

  7. Н.Келімбетов. «Ежелгі дәуір әдебиеті».-Алматы,2003

  8. www.kk..wikipedia.org/wiki

  9. http://www.ikitap.kz

  10. http://bilimdiler.kz

  11. www.kitaphana.kz

  12. http://www.kazakhadebieti.kz

  13. http://shuak.kz

  14. https://bilimland.kz/kk

  15. https://adebiportal.kz

  16. https://www.balakai.kz

  17. https://kitap.kz






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет