Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі


«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет36/72
Дата16.02.2023
өлшемі0,65 Mb.
#168887
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
Байланысты:
7- сынып қазақ тілі Биргожаева Ж

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика
Көшпенділер мәдениеті. Орфография
Денсаулық – зор байлық. Лексика


2-НҰСҚА
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз.
2. Мәтіндегі көтерілген басты мәселеге өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдеңіз. Пікір білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қолданыңыз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе қорымына қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған сармат көсемі мен әйелі қатар жерленген. Олардың жанына екі ат қоса көмілген. Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған. Көсемнің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, темір қылыш пен қанжар, қыш құмыра қойылған. Бұдан басқа шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары кездеседі.
Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениеті бір-біріне ұқсас. Олардың арасында марқұммен бірге аттарын көму салты кең тараған. Адамдар о дүниеде ат пен қару қожасына қажет болады деп ойлаған. Үлкен Берел қорғанында аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.
Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар ата-баба аруағына, көк тәңіріне сиынған. Қабірге мәйтпен бірге оның мүліктерін көмген. Арнаулы рулық зираттар қыстаудың маңында орналасқан.
“Мұртты қорғанның” шығысқа бағытталуы бұл оба-ескерткіштерді салған тайпалардың күнге табынғандығын білдіреді. “Мұртты обалар” ерекше сыйлы, ең қасиетті, ақсүйек адамдардың басына салынған ескерткіштер болып саналады.

2-мәтін
Кеңпейіл қазақ халқының ата-бабасынан қан арқылы ұрпағына беріліп, бар ұлттың ерекше сый-құрметіне бөленіп келе жатқан ізгі дәстүрі, асыл қасиеті – қонақжайлылық. Оны кейбір дінтанушы адамдар әулие адамдардың алтыншы қасиетіне де балайды. «Құдайым, би қылмасаң да би түсетін үй қыл», — деп бабаларымыздың Жаратқан Иемізге жалбарынуы сірә, сол себепті де шығар. Және де халқымыздың қонақжайлылықты қатты қастерлегені соншалықты, ауылға келген бейтаныс қонақтар кез келген үйге түспей, дастарханы мол, пейілі кең, үйі таза, көргенді ұл-қызы бар үйлерге ғана қонақ болған. Оған үй иесі қатты қуанып, ақ батасын берген. Әйтеуір, қазақ халқының салт-дәстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу – үлкен айып болып саналады. Қазақтарда меймандостыққа байланысты салттар: қонақ кірген кезде киіз үйдің есігін –қожайын,ал қонақ шыққан кезде қонақтың өзі ашады.Сырттан үйге кіргенде ауызды малжаңдатып бірдемені шайнай кіру әбестік саналған,ал керісінше үйден дәм татып шығу дастарханды сыйлағандықтың белгісі болған. Қазақ өзі ашықса да,ең дәмдісін құдайы қонаққа сақтаған. Егер үй иесі мейманды жақсы қабылдамаса,мейманның билер сотына жүгінуге де құқығы болған. Әдет бойынша мейман өзі кеткенге дейін үй иесінің толық қорғауында болған.Бұл құқық мейман ошақ иесінің жауы болған жағдайда да қолданылды.Үй иесі мейман өз үйінде болған кезде одан кек қайтара алмады.


3-мәтін
Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40% экологияға, 40% өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20% ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс-жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Шамадан тыс көп тамақтану да ағзамызға зиян. Ал, спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет