Балл
|
Коммуникативтік құзыреттілік
|
Грамматикалық құзыреттілік
|
5
|
Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Фактілік және автор көзқарасын ажыратып, себебін өте жақсы түсіндіреді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты.
|
Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.
|
4
|
Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Фактілік және автор көзқарасын ажыратып, себебін жақсы түсіндіреді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық сұрақтар қояды.
|
Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.
|
3
|
Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Фактілік және автор көзқарасын ажыратуы қанағаттанарлық. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық, жабық сұрақтар қояды.
|
Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.
|
2
|
Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Фактілік және автор көзқарасын шатастырады. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады. Талқылау кезінде қойған сұрақтары жабық сұрақтар шеңберінде болып келеді.
|
Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.
|
1
|
Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Факті мен көзқарасты ажырата алмайды. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз. Жабық сұрақтармен шектеледі.
|
Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.
|