Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі



бет39/73
Дата14.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#172278
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Оқылым
2-НҰСҚА


Оқылым мәтінін оқыңыз да, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. [10]
"Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені", - демекші, халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп, қолдана білген. Солардың бірі – халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Қысы-жазы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай - айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып, ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған.
"Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ",- деген халқымыз ертеден-ақ ауа-райын бақылаудың қарапайым әдіс, тәсілдерін білген. Ауа-райын болжай алатын бұл халық қағидалары қой мінезін жетік меңгерген, қойдың ауа-райы өзгерісін сезу қасиеттерін терең анықтай алған қазақтың өмірлік тәжірибесінен, таным-түсінігінен туындап отыр. Қойдың мінез-құлқы мен әрекетіне қарап, ауа-райын болжау қағидаларының көптеп кездесетініне қарағанда, өзге түліктерден бұрын қой қазақ жерінің климатын тез сезетін, қазақтың жері мен табиғатына әбден бейімделген түлік екенін байқатады. Қой жүні қобырап, дымқыл тартып тұрса, кешікпей жауын-шашын болады. Қой пысқырынса, бұлттанып іле-шала жауын-шашын келеді. Қозы-лақ секеңдеп ойнақшыса, жауын жауады. Егер қойлар сілкініп, сүйкенсе, маңырап, шуылдаса, жауын басылып, күннің көзі шығады.
Жылқы – бір жылдық, қой – жарты жылдық, сиыр 2-3 күндік өзгеріс, құбылыстарды болжай алады. Жыл басы саналған, күн мен түннің теңелген күні, яғни 22-Наурыз Ұлыстың ұлы күніндегі бақылаулар мен болжамдар дәл келіп отырған.

1. Мәтіннің негізгі идеясын 3-4 сөйлеммен жазбаша түсіндіріңіз.


2. Мәтіндегі табиғат туралы нақыл сөздердің бірінің мағынасын ашып түсіндіріңіз.
3. Берілген сөздерді пайдаланып, екі сөйлем құрап жазыңыз.
Жұрт, климат, аймақ ,бес саусағындай білген
4. Ойды 3-4 сөйлеммен аяқтаңыз.
Халқымыз ертеден-ақ ауа-райын бақылаудың қарапайым әдіс-тәсілдерін білген, мысалы...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет