Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі


-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет44/66
Дата14.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176699
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
Байланысты:
Æàìáûë îáëûñû ?ê³ìä³ã³ á³ë³ì áàñ?àðìàñûíû? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êàáèí

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Мәдениет: тіл жіне қарым-қатынас. Фонетика
Киіну. Сән. Талғам. Фонетика
Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Лексика


ІІ нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы «Қазағымның дәстүрлері-ай!» әнін тыңдап, көтерілген мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
[10]
«Қазағымның дәстүрлері-ай!»



1. Ақ адал тілек қайсарлы
Намыстан жаралған
Елім бар менің баһәдүр
Қонақжай саналған
Салты бар оның ананың
Сүтімен таралған
Жасанып бүгін жаңарған....
Арғымақ мініп, қамшылап
Аруағын шақырған
Аламан көрсе оқ болып
Қиқулап атылған
Қыз қуу менен теңге алу
Қызыққа батырған
Көп арта бермес тақымнан....
Ақындары жыр ескен,
Палуандары күрескен
Қазағымның осындай
Дәстүрі бар-ей
Қайырмасы:
Мақтанамын, шаттанамын
Елімменен-ай.
Әр қонаққа жүрегімнің
Төрін берем-ай.
Салтымыз бар, даңқымыз бар
Әлем таныған
Ер қазақтан ешқашан да,
Бөлінбеген-ай.

2. Бесікке бөлеп сәбиін


Қызықтап сүйінген
Табиғат билеп тұрады
Ән менен күйімен
Серілер шырқап, беташар
Ақ келін келгенде
Сәлемін салып иілген...
Төс қағысып құдалар
Туыстасып қуанар
Қазағымның осындай
Дәстүрі бар-ей!
(103 сөз)
(https://tekstovoi.ru/)



Оқылым
Тапсырма
Мәтіндердің жанры мен стилін анықтаңыз. Олардың мазмұнын, тақырыбы мен тілдік құралдарын салыстырыңыз.
[10]
А мәтіні
Егер сіз сапалы әрі қолжетімді бағада аяқ киім іздеген болсаңыз, онда Қазақстанда шығарылған отандық таза былғары, қой мен сиырдың терісінен жасалған аяқ киімдерді ұсынамыз. Ерлерге, әйелдерге, мектеп оқушыларына арналған ыңғайлы әрі заманауи үлгідегі аяқ-киімдерді біздің дүкеннен таба аласыз. Барлық аяқ-киімдерге 50 пайыздық маусымдық жеңілдіктер қарастырлған. Отандық былғарыдан жасалған аяқ киімдердің жаңа топтамасын ұсынамыз.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, «FLO» сауда орталығы.
Жұмыс уақыты: 9:00-17:00. Байланыс нөмірі: +7 707 408 1990

Ә мәтіні
Сіз дүние жүзіне саяхат жасайсыз, шетелдіктермен тығыз қарым-қатынаста боласыз, шетелдік компанияларда жұмыс істейсіз, ғаламторда шетелдіктермен еркін хабарласасыз! Сіз үшін шет тілдерін үйрену өте маңызды болып табылады. Ағылшын тілі курстары жеке, топтық, және ұжымдық түрде жүреді. Оқыту бағыттары – бизнес ағылшын тілі, дамушы ағылшын тілі, туристтік ағылшын тілі, ЖОО-на түсуге арналған ағылшын тілі. Ағылшын тілінің толық курсы 4 айды қамтиды, аптасына 3 күн, сабақ уақытың ұзақтығы – 1 сағат 15 минут. Толық курс ішінде студент 72 сағат оқиды. 


Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, «ABC» ағылшын тілін үйрету орталығы.
Байланыс нөмірі: 8 707 121 45 56



А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы





Қысқаша мазмұны





Қандай жанр? Неліктен? Себебін түсіндіріңіз.





Жанрға тән қандай сөздер қолданылған?





Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жарнама жазыңыз. Жарнаманың жанрлық ерекшелігін сақтаңыз, сөздердің орфографиялық нормаға сай жазылуын назарда ұстаңыз.
[10]
1) «Полиглот» қосымша білім беру орталығының оқушысы ретінде көп тілді білудің пайдасы мен қажеттілігіне баса назар аудара отырып, орталықты жарнамалаңыз.
2) Ұлттық бұйымдар көрмесінің ашылуына орай жарнама мәтінін ойластырып жазыңыз.
3) Қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттайтын жарнамалық роликке жарнамалық мәтін жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет