Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі



бет51/84
Дата15.03.2022
өлшемі0,65 Mb.
#135763
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84
Байланысты:
Æàìáûë îáëûñû ?ê³ìä³ã³ á³ë³ì áàñ?àðìàñûíû? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êàáèí 2

Оқылым
1-НҰСҚА.
Тапсырма
Берілген мәтіндерді мұқият оқып шығыңыз. Оларды тақырыбы, мақсатты аудиториясы (кімдерге арналған?), құрылымы тұрғысынан салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз. [10]



А мәтіні

Ә мәтіні

Мәтіндерде не туралы айтылған?







Мәтіндердің құрылымын ажыратып көрсетіңіз.

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім

Мәтіндер кімдерге оқуға арналған? (аудиториясы кімдер?)







Мәтіндердің ұқсас тұстарын атап көрсетіңіз.




Мәтіндердің айырмашылығы неде?







А мәтіні
Сүйіспеншілік - тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп – білгендерін, рухани дүниесіне жиған – терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып – ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.
Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды.
Ә мәтіні
Бір жауынгер өзінің ең жақын досының ауыр жараланып жерге құлағанын көреді. Қызу шайқас кезі. Капитанына жүгіріп келген жауынгер:
– Жолдас капитан, досыма барып оны алып келуге рұқсат беріңіз, – деп өтінеді.
Капитан жынды болдың ба дегендей әскерге қарап:
– Баруға тұрмайтын сияқты ғой! Досың ауыр жаралы, өліп те қалған болар. Өз өміріңді қауіп-қатерге қоюшы болма!
Жауынгер баруым керек деп тұрып алады да, капитан:
– Жарайды, барсаң бар, – деп рұқсат береді.
Жауынгер қатты оқтың астымен жүгіріп барып, досын арқалап торуыл жаққа әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы жауынгердің жүрек соғысын тыңдайды да:
– Саған “өміріңді қауіпке қойып баруға тұрмайды” демедім бе? Досың бәрі–бір өліп қалды, – дейді.
– Жоқ, жолдас капитан, баруға тұрарлық болды, – дейді демін алған жауынгер.
– Қалайша тұрарлық дейсің? Бұл жігіт өлді, көріп тұрсың ба?!
– Бәрі–бір тұрарлық. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі еді. Оның соңғы сөздерін есту мен үшін өте маңызды болды, – деді де жылап жіберіп, досыңның соңғы сөздерін қайталады: – “Келетініңді біліп едім! Келетініңді білдім! Рақмет.”


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет