Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет72/84
Дата15.03.2022
өлшемі0,65 Mb.
#135763
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   84
Байланысты:
Æàìáûë îáëûñû ?ê³ìä³ã³ á³ë³ì áàñ?àðìàñûíû? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êàáèí 2

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

Тапсырмалар сипаттамасы

Орындау уақыты, мин

Балл

1



7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Жұпқа 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтін және ортақ бір сұрақ беріледі, оқушылар мәтінді жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).
Мәтінді тыңдау барысында берілген проблемалық сұрақа жауап берулері үшін өздеріне қажетті мәтін деректерін түртіп алып отырады, кезектерімен сұақтарға өз жауаптарын айтады. Сонан соң өзара бір-бірінің жауаптарына кері байланыс береді.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)



10

1



7.2.2.1 публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 4-5 сөйлеммен жазады.

15

10

1

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып,шағын мақала құрастырып жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды.
Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады.

25

10

Барлығы

40 минут

30

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология
Ғылыми фантастика. Пунктуация


Тыңдалым мен айтылым
1-НҰСҚА
Тапсырма

  1. Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңіз.

  2. Жұбыңыздың жауабын тыңдап, өз жауабыңызмен салысытырыңыз. Көзқарастарыңызда ұқсастықтар немесе айырмашылықтар бар ма?

[10]

1-мәтін
Кенет құлақ тұндырған жарылыс пен қып-қылыл от аспанды қақ айырғандай болды. Жер дірілдеп, әуе жаңғырып, қала отқа орана бастады. Ал тұрғындардың көпшілігі киініп те, қаруын алып та үлгермеген еді. Міне, Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Дәл осы күні фашистік Германия сақадай сай тұрған әскерімен Кеңес үкіметінің жеріне басып кірді. Аса дайындықпен баса-көктеп енген неміс әскерінің қаһарына бірінші болып Брест қаласы ілікті. Қаладағы жауынгерлердің жанкешті қарсылығы Белоруссияның бір шетіндегі елеусіз қаланы тарихи қалаға айналдырды.


Сонымен, Ұлы Отан Соғысы туралы таңғаларлық мәліметтерге тоқталсақ:
Жалпы екінші дүниежүзілік соғысқа 34 млн 476 мың адам қатысты. Ресми мәліметтер бойынша, Орта Азия елдерінен соғысқа 3 миллион жауынгер қатысса, оның 1 млн 366 мыңы қазақстандық. Қан майданға Қазақстанның әрбір 5-ші азаматы аттанды. Ал соғысқа аттанған қазақстандық жауынгердің әрбір екіншісі майдан даласында қаза болған. Сондай-ақ, 601 815 жауынгер елге оралған жоқ.
Екінші дүниежүзілік соғыс барлық жанжалдар тарихында ең жойқыны болды. Оған ең көп қаржы жұмсалды, көп мүлік қирады, өте көп адам қаза тапты және тарихтағы кез-келген соғысқа қарағанда ең терең өзгерістер әкелді.
Cұрақ:
Берілген соғыс суреттеуінен адамзатқа маңызды нені атап көрсетер едіңіз?
Неліктен адамзат баласы зұлмат күш «соғысты» өз қолымен жасауға құштар?
Қазақстандықтардың осы соғысқа қатысуына қатысты сіз қандай көзқарастасыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет