Оқу мақсаты:
|
10.2.2.1.Ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері);
10.3.3.1. Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі).
|
Тапсырма.
Кез келген мемлекеттің өркендеуі сол елдің мәдениеті мен өнеріне байланысты. Аталмыш ұғымдарға айрықша көңіл бөлініп, назар аударылмаса, сол мемлекеттің болашағы бұлыңғыр екені анық. Ал мәдениет пен өнердің өресін өрлеткен еркениетті елдер әрқашан алдыңғы қатардан көрінбек. Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ елінің мәдениеті мен өнері айтарлықтай өрістеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бұл салаға ерекше назар аударып, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді сақтауды, ел мәдениетін дамытуды күн тәртібінен түсірген емес. Аталған саланы өркендету мақсатында «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Сол бойынша қазіргі таңда рухани құндылықтарымыз жаңғырды, ән-күй, әдебиет, сәулет, сурет, кескін өнерлері әлемдік дәрежеге көтерілді. Халық мәдениеті мен өнерін осындай биік белестерге жеткізген ол осы саланың майталман мамандарының еңбегі екені сөзсіз. Табиғи талант пен ерекше дарын иелері ел мәдениетін өркендетіп, оны сақтап, келешекке аманат етіп қалдыруда бар өнерлерін салып жүргендеріне көпшілік куә. Сол үшін де Елбасымыз жылдың бір күнін мәдениет пен өнер қызметкерлерінің құрметіне кәсіби мереке ретінде белгілеп қойды. Олардың мәртебесін асқақтататын бұл күн елімізде кең көлемде аталып өтіледі. Сыр өңірі қашанда қазақ мәдениеті мен өнерінің қара шаңырағы болып қалыптасқан. (165 сөз).
|