1-мәтін Жаһандану аясындағы Қазақстан
Бүгінгі таңда тарихи уақыттың адам айтқысыз жылдамдықпен жылжып келе жатқаны – дау туғызбайтын шындық. Бұл әсіресе, жаһандық ақпараттық-коммуникация технологияларының өте тез әрі үздіксіз жаңаруынан айқын сезілуде. Осы үрдіс, сонымен қатар, алғашқы индустриялық революцияның қозғаушы күші болған көмір мен будың біртіндеп ығысып, мұнай мен газға, одан соң атом қуатына, енді, міне, үшінші индустриялық революцияның энергия иіріміне айналып үлгерген балама қуат көздеріне орын бере бастағанынан да анық көрінеді. Бұл құбылыс, сонымен қатар, төртінші индустриялық революцияның күре тамыры болып отырған роботтану, биотехнология, информатика және нанотехнология синтездерінен туындап жатқан соны ғылыми нәтижелерден де анық байқалып отыр... жаңа технологиялық деңгейде өндіріліп, жаңаша сақталып, алыс-жақын аймақтарға аса тиімді онлайн тәсілмен тасымалдану мүмкіндігі де бүгінгі адамзат санасына қона бастады. Өйткені мегаөзгерістер толқыны қазірдің өзінде-ақ айқын сыр беріп, планета тынысының болашақ болмысын болжайтын футурист-философтарды да, физиктерді де, экологтар мен биологтарды да, макроэкономистер мен микроэкономистерді де, мемлекет тізгінін ұстаған саясаткерлерді де жаппай ойландыра бастағаны шындықтан алыс емес... Кезінде қол жетпестей болып көрінетін қиял-ғажайып дүниелер бүгінгі Қазақстанның күнделікті болмысына қалай тез еніп кеткенін де байқамай қалдық... Демек, бүгінгі таңда қалыптасып отырған әлемдік геосаясат картасынан біздің еліміз шет қалып отыр деуге ешбір негіз жоқ, себебі, бүкіләлемдік ақпарат мұхитынан сусындау өз еліміздің де шексіз игілігіне айналып кеткені күмәнсіз. Тәуелсіздік тізгініне ие болған ширек ғасыр ішінде Қазақстан әуел баста қолбайлау болған экономикалық қиындықтарды артқа тастап, бүгінде дамудың тұрақты жолына түсіп қана қоймай, бүкіл әлемге танылып, әлемдегі экономикасы қарышты дамып келе жатқан санаулы мемлекеттердің санатына қосылды. Мұны қалайша оң үрдіс деп қабылдамайсың?! (237 сөз). www.elarna.net>koru_kk.
Әділ АХМЕТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
2-мәтін
|