«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-нұсқа
Оқылатын шығарма
Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты»
Оқу мақсаты
10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;
10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады;
шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, пікір білдіреді.
Ойлау дағдысының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
1-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы Тұрар Рысқұлов, Ғ.Мүсірепов, Нұрхан бейнелері арқылы дәріптелетін ұлттық құндылықтарды анықтап, шығармадан мысал келтіріңіз.
Драма кейпкерлері
Драмадан мысал
Ұлттық құндылық
Тұрар Рысқұлов
Ғабит Мүсірепов
Нұрхан
2-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы ұлттық құндылықтарды анықтаңыз. Анықтаған құндылықтарды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша жазыңыз.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, драмадағы басты ұлттық құндылық - ... »
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... »
Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен драмадағы ұлттық құндылық ... деген шешімге келдім»
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, құндылықтарға пікір білдіріңіз.