ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ҚАРАТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Оқытушыларға арналған ZOOM платформасын пайдалану бойынша әдістемелік нұсқау
Қаратау 2020
ZOOM - стриминг платформасын қолданып
бейнеосабақ (онлайн сабақ) ұйымдастыру
ZOOM платформасының көмегімен мұғалім өзі онлайн сабақ ұйымдастыра алады. Ол үшін мына құрылғылармен:
дербес компьютер;
(кең жолақты) сыммен немесе сымсыз (3G немесе 4G / LTE) интернетке қосылған;
динамиктер және микрофон – кіріктірілген немесе USB немесе сымсыз Bluetooth;
веб-камера немесе HD-веб-камера - кіріктірілген немесе USB;
HD-камера немесе видеозахват картасы бар HD-бейнекамера;
интернет желісіне қол жетімділігі бар iOS немесе Android мобильді құрылғымен (смартфон немесе планшет) жабдықталған болу қажет.
Қосымшаны жүктеу кезінде келесі ұсыныстарды ескеру керек:
1) Егер мобильді құрылғыны пайдаланатын болсаңыз, онда қосымшаны жүктеу қажет:
Егер мобильді құрылғыңыз iOS операциялық жүйесінің базасында болса, онда қосымшаны мына сілтемеден жүктейсіз: https://apps.apple.com/us/app/id546505307
Егер мобильді құрылғыңыз Android операциялық жүйесінің базасында болса, онда қосымшаны мына сілтемеден жүктейсіз:
https://play.google.com/store/apps/details?id=us.zoom.videomeetings
Егер дербес компьютерді немесе ноутбукті пайдаланатын болсаңыз, онда https://zoom.us/download сілтемесіне өтіп қосымшаны жүктеңіз.
2) ZOOM программасындағы келесі жұмыс алгоритмін ұстаныңыз:
Жүктелген файлды іске қосыңыз
Оқушылармен конференция ұйымдастыру үшін екінші тұрған «Войти в» пунктін таңдаңыз.
Мұнда өзіңізге ыңғайлы кіру түрін таңдаңыз.
Мысалы, Google есептік жазбасын пайдаланып
«Войти в систему через Google» пунктімен кіруге болады.
Өзіңіздің поштаңыздың адресін және оның паролін енгізіңіз, одан соң қосымша жүктеледі.
Онлайн сабақ жүргізу үшін “Новая конференция” пунктін таңдаңыз,
алдыңызға Сіздің бейнеконференцияңыздың интерфейсі шығады
Экранның төменгі жағында мына құралдар көрінеді:
Бұл функцияның көмегімен өз микрофоныңызды қосып / ажырата аласыз. Конференцияның басқа қатысушылары сөйлеп жатқанда микрофонды ажырату ұсынылады.
Бұл функцияның көмегімен өзіңіздің веб камераңызды қосып / ажырата аласыз.
Осыған байланысты бейнеконференцияның қатысушылары Сізді көре алады немесе көре алмайды.
Бұл функцияның көмегімен оқушыларды өз бейнеконференцияңызға шақыра аласыз. Оған басқан соң экраныңыздан төмендегіні көресіз.
Электрондық пошта арқылы өз оқушыларыңызға жібере аласыз немесе “Копировать URL” батырмасын басып өз конференцияңыздың сілтемесін көшіріп аласыз да өз оқушыларыңызға жібересіз. Ол үшін Kundelik.kz электрондық журналын немесе (WhatsApp) месенджерін пайдалануыңызға болады.
Оқушы осы сілтемемен өткенде оған сабаққа қатысу мүмкіндігі беріледі.
Бұл функцияның көмегімен Сіз конференцияңызға қосылған пайдаланушыларды көре және басқара аласыз.
Бұл функцияның көмегімен өз онлайн сабағыңыздың материалдарын демонстрация жасай аласыз. Мысалы, сабақтың презентациясын алдын ала ашып қойыңыз. Берілген батырманы бассаңыз, оқушыларға көрсететін материалды таңдауға терезе ашылады.
Таңдаған материалды басқан соң ол материал конференция қатысушыларының монитор экранында немесе смартфонында көрінеді.
Чат көмегімен оқушылар сабақ барысында пайда болған сұрақтарын чатқа жазады, мұғалім ол сұрақтарға жауап бере аласыз.
Егер сабағыңызды басқа уақытта балалар қарау үшін жазып алғыңыз келсе, онда «Запись» батырмасы онлайн конференция жүріп жатқанда қосулы болуы қажет.
Сабақ аяқталған соң батырманы басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |