Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



бет17/53
Дата16.05.2023
өлшемі1,61 Mb.
#176910
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігіні білім бас армасыны О У- дістемелік ка
Mupac Añn

Балл қою кестесі




Бағалаукритерийі

Тапсы рма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды

1-2

Мазмұны негізінде шығармаға тақырып қояды

1

Өлеңнің идеясын анықтап, 1 сөйлеммен жазады.

1

Мәтіндердегі ақпараттар мен ұлттық сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын ауызша
мәтін құрауда қолданады.

3

Мәтіндегі ақпаратты қолдана алады.

1

Тақырыпқа қатысты өз ойын айтады

1




Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

2

Барлығы

6



«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)


Білім алушыныңаты-жөні






Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Өлеңге тақырып қоюда,
идеясын бір сөйлеммен беруде қиналады.

Өлеңге тақырып қоюда, идеясын бір сөйлеммен беруде қателеседі.

Өлеңге тақырып қояды, идеясын бір сөйлеммен жазады.

Мәтіндердегі ақпараттар мен ұлттық сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын ауызша мәтін құрауда қолданады.

Адамның қуану, шаттану секілді көңіл күйлеріне қатысты сөздерді, айтылымда өлең мәтініндегі ақпараттарды қолдануда,
тақырыпқа қатысты өз ойын білдіруде қиналады.

Адамның қуану, шаттану секілді көңіл күйлеріне қатысты сөздерді, айтылымда өлең мәтініндегі ақпараттарды қолдануда, тақырыпқа қатысты өз ойын білдіруде қателіктержібереді.

Адамның қуану, шаттану секілді көңіл күйлеріне қатысты сөздерді, айтылымда өлең мәтініндегі ақпараттарды қолданады, тақырыпқа қатысты өз ойын білдіреді.

«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» бөлімі бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


2-нұсқа





Оқу мақсаты

8.1.4.1 Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясынталдау;
8.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту.

Бағалау критерийі

Білім алушы
Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдап, тақырыбы мен идеясынталдайды.
Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз
аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айтады.

Ойлау
дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут


  1. Мәтінді мұқият тыңдап, шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.



Егемен Қазақстанның дүниеге келуі қарсаңында болған кезеңнің тарихи ерекшелігі сол, оны аса ірі мемлекеттік құрылым – Кеңестік социалистік республикалар одағының жан тєсілім кезіндегі жағдайымен салыстыруға болатын еді. Мемлекеттік құрылым экономикалық және саяси дағдарыстардан ес-түссіз талмау күйде болды, сол уаќытта бұл ауыр үрдіске қоғамдық ақыл-ой тарихтың қысқаша курсына боямасыз жіті көзбен қарады да, әлеуметтік сана осынау ауыр көріністен біржола сансырап қалды. 1985 жылғы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің сәуір пленумынан басталған «қайта құру» қашан құрдымға кеткенге шейін ел өз тарихының шым-шытырық оқиғаларын ой елегінен өткізді. Миллиондаған саяси қуғын-сүргін құрбандарының бейнесін тірілтіп, тоталитарлық режимнің зауалына ұшыраған зиялы қауым тұлғасына жан бітірді, үлкенді-кішілі халықтардың жадына төл тарихының естеліктері орала бастады. Көбінесе бұрынғы КСРО-ның түрлі аймақтарында бұл үрдіс ұлттық шиеленістер толқуын, саяси тартыстар мен қарулы қақтығыстар тасқынын туғызды. «Аурудың» асқынғаны соншалықты, әлі күнге дейін бұрынғы КСРО- ның кейбір аймақтары осы ауыр жағдайдан шыға алмай, үрейге толы жаңалықтар мәліметтерінде планетаның «шиеленісті нүктесі» ретінде көрініс беруде. Міне, осыған байланысты менің есіме 2005 жылы наурызда Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің Қазақстанға алғаш ресми сапармен келуі барысында бірге өткізген баспасөз конференциясы түседі. Ол сонда журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп, өз елінің тәуелсіздікпен өткен он бес жылын өлім халіндегі жан ағзасына дем сала бастаған жағдайымен салыстырған еді. ТМДның бірқатар елдерінің экономикасы шамамен осындай жағдайда. Бұл дегеніңіз біздің олардан 11-12 жыл алда екенімізді білдіреді. Алайда, аумалы-төкпелі кезеңдегі адамдардың әлеуметтік күйзелісі мен бейжайлығы, психологиялыќ шиеленісі
тәрізді әлеуметтік дерттердің сынағына түскенімізбен – Қазақстан бұл дағдарыстан анағұрлым ерте шықты, ол ол ма, бұл «дерт» бізді кеңестік уақыттың елесінен айықтырды жєне бүтіндей жаңа елді – тєуелсіз де өркенді Қазақстанды құру үшін орынды тазартты. Біз «талмау күйдің» өліара жағдайы соншалықты тұрақсыз және екіжақты болатынын, кез келген кешігу мен теріс шешім қабылдаудың зардабы «өліммен аяқталатынын» түсіндік.

[2]




  1. Берілген шығарма идеясы бойынша өз ойыңызды білдіріп, 2 нақты дәлел келтіріңіз.

[2]




  1. «Еліміздің болашағы жастардың қолында» деген пікір бар. Сіз сол пікірмен келісесіз бе? Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескере отырып, жұбыңызбен сұхбаттасыңыз.

[5]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет