Айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан кемел дүние. Ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы. Түркі жұртының, оның ішінде қазақ пен қырғыздың төл өнері болып табылатын сөз сайысының, әсіресе, ұлтымыздың біртұтастығы мен саяси өміріне де зор ықпал еткені анық. Деректерге сүйенсек, тарихтағы қалыпқа түскен, келешекке жеткен алғашқы айтыс Асан Қайғы мен Қотан жыраудың арасында болған екен.
Одан әрі айтыс өнерінің дамуы қарындай түсті. Яғни, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақтың қай аймағын алсаңыз да суырып салмалық (импровизация) сөз саптау үрдісі ақындар деңгейінде жоғары сатыға жетті. Бізге жеткен дерек бойынша екі аралықтағы бір ғасырда айтыс ақындарының жыры сақталмаған немесе жаугершілік қиын заман болғандықтан. Айтыстағы
өзіндік қолтаңбасын қалдырып, айтқаны ауыздан-ауызға көшіп, аты
асқақтаған ақындарға Орынбай, Сүйінбай, Кемпірбай,
Құлмамбет, Шашубай, Омарқұл, Мұрат, Жанақ, Шөже, Балта, Әсет, Рысжан, Тәбия, Ж.Жабаев, Шыбыл, Досмағамбет және т.б. жатқызамыз. Олардың барлық айтыстары сақталмаса да,
халықтың жадында жатталғаны, кейбірінің қағазға түсуінің арқасында бірді-екілісі бізге жетті.
Алашты әлемге паш еткен қазақтың қаранар жазушысы,
көрнекті ғалым, фольклор зерттеушісі Мұхтар Әуезов «Айтыс – сөз барымтасы» деп бекерге айтпаса керек-ті. Ұлтымыздың төл өнерінің бүгінгі жай-жапсарына үңілсек, кешеден сарқыт боп жеткен мұраның күнгей де көлеңкелі жақтары бой көрсетеді. Жалпақ тілге салғанда хан мен қараның арасындағы «алтын көпір» іспетті
.Жаратқан жұртымыздың жалауы болған айтысымызға жар болсын!
(168 сөз)
Манас Қайыртай
1-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.
Тақырыбы Идеясы
[2]
Мәтінді оқып, жанрын анықтаңыз.
әңгіме
роман
мақала
өлең
поэзия
[1]
Ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы туралы берілген ақпаратты анықтап, 2 аргумент жазыңыз.
Ақпарат:
Аргумент:
[2]