Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №30 Көктөбе орта мектебі «Жемқорлар бейнесінің әдебиеттегі көрінісі»



Дата29.01.2020
өлшемі162,66 Kb.
#56698
Байланысты:
казақ тілі гылыми жоба




Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

30 Көктөбе орта мектебі




«Жемқорлар бейнесінің әдебиеттегі көрінісі»
(Жыраулар поэзиясы негізінде)

Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық
Секциясы: қазақ әдебиеті
Автор: Бапаев Асланбек
Сыныбы: 11
Жетекшісі: Әбіқай Г.А


2019 ж. Ақпан
Мазмұны
Аннотация 3
Кіріспе 6


  1. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының

басты бағыты 7

1.1. Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті 8

2.Ақын – қоғам тамыршысы, әдебиет - иммунитеті

2.1.Жемқорлар бейнесі – ХІХ ғасыр әдебиетіндегі жаңа бейне 11

3.Өнер-білімдегі жемқорлық – өзекке түскен жегі құрт

3.1. Парақордан бала қор болмасын... 16

Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20

Аннотация
Жас зерттеуші Бапаев Асланбек өзінің «Жемқорлар бейнесінің әдебиеттегі көрінісі» атты ғылыми жұмысында қазіргі заманда белең алып отырған сыбайлас жемқорлықтың өскелең ұрпақтың дамуына тигізер зиянын анықтауға тырысқан. Сондай-ақ жыраулар шығармасындағы жемқорлар бейнесін көрсете білген. Өз сыныптастарының арасында сауалнама жүргізіп, қорытынды шығарған. Бүгінгі күннің өзекті мәселесін көтеріп, қорытынды жасаған.


Аннотация
Молодой исследователь Бапаев Асланбек в своей работе «Образ коррупционера в литературе» старался выявить об отрицательном влиянии коррупции на становление и развитие мировозрения подрастающего поколения. Также показал образы коррупционеров в произведениях жырау. Бапаев Асланбек провёл анкетирование среди свойх одноклассников, сумел сделать выводы.

Работая над актуальной проблемой сегодняшнего дня, ученик произвёл итоги своего исследования.

Annotation

Young researcher AslanbekBapaev in his scientific work after by named “image of a corrupt in literature form” to find out about the detrimental impact of today’s growing corruption in the development of the younger generation.Also he showed images of corrupt in the works of zhyrau. He conducted a survey among his classmates and summed-up today’s pressing issue and made a conclusion



Тақырыптың өзектілігі:Қазіргі таңда әлем елдерінің экономикалық әлеуеті мен дамуына кедергі келтіріп, кері әсерін тигізіп отырған жемқорлық індетінің қазақ даласына қашан және қалай келгендігін, оның жағымсыз салдарларын, жемқорлардың сұмпайы келбетін танытатын өлең-жырларды тақырыптық-идеялық және көркемдік бітімі тұрғысынан талдап-таразылау ғылыми жобаға негіз болады. Өнер-білімдегі жемқорлық – өзекке түскен жегі құрт деп түсіне келіп, оны сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесімен байланыстыру - осы жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Жобаның мақсаты:жалпы жемқорлықтың дамуына себеп болғанХІХ ғасырдағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай және оның әдебиетке әсерін байыптау. Отаршылдық дәуір әдебиетіндегі жемқорлар бейнесі көрініс тапқан өлең-жырлар мен толғаулардың негізгі мән-мазмұнын, идеялық өзегін таныту. Қазіргі заманда белең алып тұрған сыбайлас жемқорлықтың өскелең ұрпақтың жетіліп дамуына тигізер зиянын анықтау.

. Ғылыми болжамы:



  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін проблемаларды шешеді.

  • Сыбайлас жемқорлықтың дамуы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететініне көз жеткізеді.

  • Адамдардың заң мен әділдікке деген сеніміне, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. Әр түрлі кезең әдебиетін, соның ішінде жыраулар поэзиясыноқу арқылы ұлттық мәдениетті сақтап қалуға, ұлттық тілді дамытуға, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болып, Отанын шексіз сүйетін патриоттарды тәрбиелеуге болады.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ғылыми жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды.



Міндеті:


  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау

  • Сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субьектілерін анықтау және пайда болу себептерін айқындау;

  • Қоғам дерті мен жемқорлар бейнесін көрсететін поэтикалық образдар арқылы шығарманың көркемдік бітімін, ақындардың индивидуалды-авторлық шеберлігін таразылау.


4

Зерттеу нысаны:

Осы ғылыми жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибені зерттей, талдай отырып осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.

Сол сияқты жобамызға ХІХ ғасырдағы ұлт әдебиетінің көрнекті тұлғалары:Дулат Бабатайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Шортанбай Қанайұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Абай Құнанбайұлының жемқорлық жайы мен түйені түгімен жұтқан жемқорлар бейнесін арқау еткен бірсыпыра шығармалары зерттеу нысаны ретінде алынды.

5

КІРІСПЕ


Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б.з.д.ХІҮ ғасырдағы мұрағаттарынан көруге болады. Қазақ елінде ХҮІ ғасырдың басында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын Қасым ханның заңы жүргізілді. Оның негізінде әдет-ғұрып, құқығы ХҮІІ ғасырдың соңында Тәуке ханның тұсында біртұтас жинақ түрінде «Жеті жарғы» деген атаумен түпкілікті кодификацияланды және толықтырылды. Сол кезеңде Қазақстанда сот қызметін қазақтың әдет-ғұрып, құқығының негізінде хандар, сұлтандар және билер атқарған. Ханның сот талқылауы, соңғы сот инстанциясы ретінде қарастырылды. Сот талқылау үшін ол «Хандық» деп аталатын сыйақының белгілі сомасын алып отырған. Хан әдет-ғұрып құқығының негізінде соттаған, әдет-ғұрып құқығындағы ақтандақтарды өзінің құқық шығармашылық қызметімен ауыстырып отырды. Осылайша, ханның сот шешімі әдет-ғұрып құқығын толықтырды және құқықтың жаңа нормаларын құруға алып келді. Әдет-ғұрып құқығы бойынша, судьяларға тарту, сыбаға және тағы басқаларды жасауға тыйым салынбады. Сондықтан, феодалдық жоғарғы өкілдер ірі мөлшерде сыйақы алу үшін қылмыстық істерді және басқа да дауларды әдейі ұзартқан, қиындатқан. Міне, осыдан барып жемқорлық деген кесірлі індет пайда болған деп ойлаймын.

Жемқорлық – мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, тағы да басқа жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.



Халық арасында жалын құрт, індет деп аталып кеткен осы дертті жою толықтай жүзеге аспағанымен, оны ауыздықтау шарасы құқық қорғау органы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Алайда, кейде шарасыздықтың да белең алатыны бар. Десек те, біздер тәрізді өсіп келе жатқан ұрпақ тек адал еңбек қана табыстылықтың, білімнің және материалдық жетістіктің басты өлшемі болатынын түсінгені жөн деп ойлаймын. Жемқорлық – сананы улайтын дерт екенін өскелең ұрпақтың миына сіңіріп өскен дұрыс емес пе?!


6
1. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

...Жаңғырудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес.

Алайда бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет.

Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткіліксіз.

Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану, жұртшылықты жемқорлық тәртіп бұзушылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

Демократиялық даму процесін тежеп жатқан себептерді жою жолында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында жауапты міндеттерді жүктеді. Ол қазіргі заманымыздың үлкен қоғамдық дерті болып саналатын мәселенің бірі – жемқорлықпен күрес. Өйткені, жемқорлық – мемлекетіміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіретін дерт болып табылады. Сол себепті Қазақстан мен әлемнің 36 мемлекеті 1989 жылы халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақ елі осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады.Бұл занның қабылдануы жемқорлық дертінің алдын алуда дер кезінде жасалынған қадам болды.[3]. 2015 жылдың 18 қарашасында «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң қабылдандыОсы заң аясында сыбайлас жемқорлықпен жүріп жатқан күрес нәтижесіз де емес.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізетін мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады.Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кешенді және жүйелі сипат алып отыр.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында да,Қауіпсіздік Кеңесі,құқық қорғау органдары басшылары мен «Нұр Отан»партиясы өкілдерімен өткізген әрбір алқалы жиындарында да бұл мәселені басты назарда ұстап келеді.Сондықтан,өзара іс қимылдың жоғары деңгейін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардағы осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру өте өзекті міндет болып табылады.Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мен жоюға бағытталған жүйелі жұмысты жолға қоюдың маңызы зор.


1.1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ
«Жемқорлық» деген ұғым біздің қоғамымызда өз шешеімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл тек біздің елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде де дәрежесі мықты жаһандық мәселелермен тепе-тең тұрғанына көзім жеткендей. Ғаламтор жаңалықтарына сүйенсек, қылмысы дәлелденген жемқорларды Германия 3жылға,Франция 7-10жылға,АҚШ 15жылға дейін бас бостандығынан айырады. Қытай заңы бойынша парақорлық жасаған адам өлім жазасына кесіледі.Үшінші мыңжылдық басталғалы бері бұл елде 10мыңнан аса шенеунік пара алғаны үшін ату жазасына кесілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Швеция, Жаңа Зеландия,Канада,Нидерланды,Норвегия,Швейцария,Австралия,Сингапур,Люксембург,Ирландия,Германия,Ұлыбритания,Израиль,АҚШ,Австрия,Исландия,Жапонияны жатқызуға болады.Жоғарыда аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері осы елдердің үкіметі сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды екен.

Ал,Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесінің бірінші кезеңі Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997жылдың 21қазанындағы "Қазақстан Республикасының жоғарғы тәрбиелік кеңесі туралы"Жарғысынан басталады.Біздің мемлекетіміз ТМД елдері арасында бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекеттің негізгі қағидаларын анықтайтын,сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың түрін,сондай ақ жауапкершіліктің басталу жағдайын белгілейтін"Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы"Заңды шығарып,қабылдағанын айта кету керек. 1995 жылы Ұлыбританияда Новая Комиссиясы жемқорлықтың алдын алатын 7қағида қабылдаған:

1.Риясыздық.Лауазымды қызметкерлер қоғамдық мүддені жоғары ескере отырып бір шешімге келеді.

2.Сатылмастық.Лауазымды қызметкерлердің өздерін басқа бір адамдарға не ұйымдарға қаржылық тəуелсіздікке қоймағаны дұрыс.

3.Əділдік.Жоғары қызметке тағайындау,келісім шарт жасау,марапаттау мәселелері бойынша шешім қабылдағанда лауазымды қызметкерлер үміткердің кәсіби қабілеттерін,іскерлігін ескеруі тиіс.

4.Есептілік.Лауазымды қызметкерлер қоғамның алдында өздерінің істеген ісі,қабылдаған шешімдері бойынша есеп беріп отыруы керек.

5.Ашықтық.Лауазымды қызметкерлердің шешімдері мен істері қоғамға ашық болуы тиіс.Əр шешім дəйектеліп отыруға міндетті.

6.Арды,абыройды сақтаушылық.Лауазымды қызметкер өздерінің мүдделері туралы ашық айтып,егер де осы мүдделері олардың істеген жұмысына қайшылық келтірсе,қоғамның пайдасына əкелетің шешімге келуге тиісті.

8

7.Басшылық.Лауазымды қызметкерлер осы аталған қағидаларды қолдана отырып,басшылықты орындап,өзінің дұрыс істермен,мінез-құлқымен үлгі көрсетіп отыруға міндетті.



Олай болса, 144елдің ішінде Қазақстан 80орында.Елімізде жемқорлықпен күрес қызу жүріп жатыр.Жазаланып жатқандар да аз емес.Осы орайда, «Біздің үкімет сыбайлас жемқорлықпен қаншалықты тиімді күресіп жатыр?»деген сауалға жауап берген қазақстандықтардың (ғаламтор деректері бойынша)25%үкіметтің əрекетіне көңілі толатынын,ал 40%риза еместігін білдіреді.Орта Азия елдері ішінде жемқорлық деңгейі төмен саналатын Грузияда бұл көрсеткіш 54%болса,ал Египет те халықтың 22% ғана жемқорлықпен күреске көңілдері толады екен.

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіріп, қоғамның дертіне айналған да – осы сыбайлас жемқорлық.Жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес мақсатында көптеген шаруалар атқарылып, арнайы заңдар мен бағдарламалардың қабылдануына қарамастан, бүгінде бұл дерттің тамырына балта шабу оңай болмай тұр. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі жыл сайын Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында да айтылып келеді. Сыбайлас жемқорлық – бұл екі жақтың арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекеттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көрсетілген жауапкершіліктен кету үшін пайдаланатын адам. Бұл құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін екен:



  1. Мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.

  2. Белгілі бір адам мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді екен.

Сондықтан да еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізетіндіктен оған жол бермеуге тырысу керек деп ойлаймын. Өйткені жемқорлық белең алған жағдайда еліміз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосыла алмайтыны сөзсіз.

2.АҚЫН – ҚОҒАМ ТАМЫРШЫСЫ, ӘДЕБИЕТ – ИММУНИТЕТІ

Қазақ әдебиетінің тарихында ХІХ және ХХ ғасыр – бұқара басынан өткен қайғылы оқиғалардың өрбіп, олардың бет-бейнесі әдебиетте көрініс тауып, тарихи кезеңнің шындықпен бейнеленуі орын алған дәуір. Әдебиетші-ғалым Х.Сүйіншәлиев ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдері турасында: «Ақын атаулы халық қайғысына үн қосып, әлеуметтік шындықты тайға таңба басқандай бейнелеп, ерлік-күрес шежірелерін жазды»,-деп атап көрсеткен. Бұл кезең үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы тарихтан белгілі. Қазақ елі үшін бұл бір ауыр жылдар болды.

ХІХ ғасырдың басынан бастап, Ресей өзінің отарлау саясатын қатайтып, жеделдете түсті. Басқару тізгінін өз қолына алу үшін патшалық билік 1822 жылы арнаулы заң шығарып, хандықты жойды. Қазақ даласы дуан-округ деп аталатын аумақтық-әкімшілік басқару жүйесіне көшірілді. Қазақтан қойылған әкімдер – аға сұлтан, старшындар отаршылдық тәртіптің жақтаушылары болды. Осы

кезеңде қазақ даласында патшалы Ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би-шешендер ұлттың мұңын, келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады. Сол себепті де болар,сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына дәл келеді. Оған себеп, бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті.

«...Патша үкіметі отаршылдық мүдде тұрғысынан келіп, жабайыларды жабайылардың қолымен тұншықтырып ұстаудың ең ұрымтал құралы деп қарады. Өйткені бір-біріне мүддесі сәйкес келе бермейтін әр түрлі бытыраңқы руларды 10-12 ауылдан біріктіріп, бір болыстыққа кіргізді. Осы ауылдың қай-қайсысы болыстықты жеңіп алса, сонысы үстем болуы себепті араға пара жүрді, партиягершілік науқаны қызды. Ашыққан ұялас иттерге сүйек тастағандай болыстық билікке таластырды. Атқамінер пысықайлардың, таласқа түскен партияшыл топтардың арасында орыс чиновниктері параға бөкті. Кім параны көп берсе, билік соған қарай ауды»

Осы ретте «Жемқорлық деген не?» деген сауалға жауап іздейтін болсам, төмендегідей тұжырымдама тілге тиек болады:

Біріншіден, ол – қоғам дерті, екіншіден – әлеуметтік кесел, үшіншіден – отаршылдықтың кесірлі салдары, төртіншіден – ХІХ ғасыр әдебиетіндегі жаңа бейне.

10


    1. ЖЕМҚОРЛАР БЕЙНЕСІ – ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАҢА БЕЙНЕ

Көркем өнердің қай түрінің де атқарар жүгі ауыр. Өнер атаулының тектісі көркем әдебиет десек, ол есте жоқ ескі замандардан бері қарай адамзатты тек тәрбиелеумен келеді. Ежелгі гректерден қалған «Қарт Гомер күллі Элладаны тәрбиеледі» деген сөзде үлкен өнеге жатыр. Сөз өнерінің нілдей бұзылған заманды да, оны бұзған адамды да тезіне түсіріп, жөнге салып бүгінгі күнге жеткізген, ал бүгінгіні ертеңгіге жеткізе берер аса қуатты да пәрменді құрал ретіндегі қызметі ұшан-теңіз.

Жемқорлар бейнесі – ХІХ ғасыр әдебиетіндегі жаңа бейне. ХІХ ғасырдағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай әдебиетке әсерін тигізіп отырды, қазақ ақындары заманның өзгерісіне сын көзімен қарап, шыншыл шығармалар тудырды. Осы ретте бұл жемқорлық – халықтың басына төнген басты індет – тек бүгінгі заманның қасіреті емес екендігін жыраулар поэзиясынан мысал келтіре отырып дәлелдегім келеді.

Дулат, Сүйінбай, Шортанбай, Майлықожа, Абайдың қоғам дерті мен заман адамын шынайы бейнелеген поэтикалық образдары шығарманың көркемдік бітімін, ақындардың индивидуалды-авторлық шеберлігін танытады. Мысалы,Абайдың«Болыс болдым мінеки,

Бар малымды шығындап.

Түйеде қом, атта жал

Қалмады елге тығындап...» деген өлең жолдарынан-ақ сол кездегі жат қылықтарды болыстың өзі айтқандай қылып әшкерелей сынауы ашық та айқын көрінеді. Осы ретте ғалым Зәки Ахметовтың мына бір сөздерін келтірсем:«Абайдың болыстың кескін-кейпін, мінез-құлқын, іс-әрекеттерін суреттеуі қазақ поэзиясына үлкен жаңалық әкелгенін айта отырып, алдындағы ақындармен жалғастығы да бұл тұста анық байқалатынын атап кеткен жөн. Осы өлеңдеріндегі сыншылдығы, сықақшылдығы жағынан алғанда Абайдың әсіресе Дулатпен үндес шығатын тұстары жоқ емес».Ендеше, ақын Дулат Бабатайұлының мына бір өлең үзінділерін алып көрсек:



Туралыққа көшпеген,

Өркендеп өніп-өспеген,

Қозы бұты, қой саны,

Сабаздардың ақ қаны,

Момындардың ақ малы

Обал болды деспеген,

Іліп салып езілтіп,

Дау түйінін шешпеген,

Параны жұтқан кесектеп,

Түспей жатып төсектен,

Жезден қарғы тағынған,

Кәпірге дінсіз бағынған –

«Би» деп атау бердік-ау

Үйінді тас молаға!–деп күйінсе, енді бір сөзінде:

Қазіргі қазақ ұлығы

Жаман иттен несі кем.

Жемтік көрсе, қан көрсе,

Айырылар мүлде есінен

...Парақор болған төрелер

Қуаңнан шыққан өртпен тең,

...Ыдысысың параның

Қотара құйса толмайтын.

Ашылған әбден араның –

Түйені жұтсаң түгімен,

Биені жұтсаң бүгімен,

Қақалмай-ақ толғайтын

(«Кеңесбайға»)

- деп, Дулат ақын халық қайғысына үн қосып, әлеуметтік шындықты тайға таңба басқандай бейнелеп көрсеткен. Осындай ауыртпалық кезеңдерде де ақындардың сөзі, ақындар үні өз сүрлеуінен жаңылмай, халықтың жоғын жоқтап, мұңына ортақтасып, дем берер күш-қуат болғанын айқын көреміз. Сол сияқты әдебиетте «зар заман ақыны» атанғандардың бірі болған Майлықожа Сұлтанқожаұлының өлеңінде:



Бейбақтардың басына бақ қылып жүр,

Арам жеңіп адалды ақ қылып жүр,

Ақша беріп, билерді антқа салсаң,

Мөрін басып қара істі ақ қылып жүр.

Бек болмағың бес-алты қарада жүр,

Екі даудың бір жеңі арада жүр.

Жаратуы құдайда болғанымен,

Жаман, жақсы сайламақ парада жүр,-деп ашығын көрсетеді. Ал Жетісудың ақыны Сүйінбай Аронұлы өзінің «» атты өлеңінде:

Біреудің көз саласың құзырына,

Мен тұрмын аң-таң болып қызығына.

Аударып ақты арамға пара жейсің,

Не дейін әділетсіз бұзығыңа.



Келдіңдер осы топқа барайын деп,

Бір шайқам май түсе ме, қарайын деп.

Момын малын зұлымға алып беріп,

Нашардың қайтарсыңдар талайын жеп.

Айтамын білгеннен соң, көзім ашық,

Төрелер, кеп отырмын дидарласып.

Тау басына жиналған тазқаралар

Жемей ме қарны ашса, көкей жасық,- деп жырлайды. Міне, осылайша, сол кезде өмір сүрген ақын-жыраулар қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды шығармаларының тақырыбына өзек қылып, аяусыз сынады. Сөйтіп, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда көрінді.


  1. ӨНЕР-БІЛІМДЕГІ ЖЕМҚОРЛЫҚ – ӨЗЕККЕ ТҮСКЕН ЖЕГІ ҚҰРТ

«...Ақша адамды аздырып, ағайынды адастыратын әзәзіл күшке айналды. Сол тұста ғұмыр кешкен ақындар бұл құбылысқа үрке қарады»,-деген екен профессор Бауыржан Омарұлы. Осы сөздердің дәлелі ретінде төмендегідей үзінділер келтірсем:

Дулат:


Параны жұтқан кесектеп,

Түспей жатып төсектен,

деп күйінсе, енді бірде



...Суыңды сенің татты да,

Өтірік-өсек бақты да,

Айырмай қара-ақты да,

Биің болды парақор!

дейді.


Әбубәкір Кердері:

Әуелі қор болғанның бірі билік,

Тұрады қатындар да ақша берсе.

Айтатын жалғыз ауыз ақылы жоқ,

Жүгініп екі кісі қатар келсе.

Ал қазіргі заманда өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»,-деп қара қылды қақ жарып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы емес пе едік?! Ендеше, неге еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізетін жемқорлықтың дамуына жол береміз?

Бүгінгі таңда елімізде әр түрлі көптеген мерекелік іс-шаралар, байқаулар мен сайыстар өткізіліп тұрады. Осындай өнер-білім сайыстарында талантты балалар жайына қалып, таныстары бар немесе қазыларға ақша қыстырып берген адамдардың балалары жүлделі орынға ие болады. Мұндай келеңсіздікті көргеннен кейін сайысқа қатысушы баланың ынтасы жоғалып, бұдан былай еш жарысқа қатысқысы келмейді. Осыдан барып қазақтың ұлттық өнерін қалай дамытамыз? «Нағыз тұлпар бәйгеде шыңдалады» дегендей, байқауға қатысып, әділ бағасын алған бала өз өнерін одан сайын бағалап, келешек жарыста да барын салып, талпынысы күшейеді.Осындай байқаулардың жүлдегерлері тек қана Қазақстан аумағында ғана емес, шет елдерде де қазақтың өнерін паш ететін өнерпаздар ғой. Өз елемізде, өз жерімізде жүріп осындай әділетсіздіктің куәсі болып өскен бала басқа өңірге барып қалай өнер көрсетіп, қазақтың намысын қалай қорғамақ? Әке-шешесі ақша беріп, орын алып берген бала өз талантына, өз қабілетіне емес, ата-анасының ақшасына сеніп өспей ме? Өзімнің таныс ағаларым мен әпкелерімнің «талант бар да, таныс жоқ» деп, қалжың болса да, ащы шындықтың дәлелін айтып жүрген өнерлі достарын көріп жүрмін. Кеңес заманының қатал құрбаны болып, құрып кетуге айналған тілімізді қалпына келтіріп, мәдениетімізді дамытамыз, салт-дәстүрімізді жандандырамыз, өнерімізді ұлықтаймыз, әлемге танытамыз деп жүргенде өзіміздің арамыздағы осындай опасыз жайттардың бетін қалай қайтарамыз? Әлеуметтік жағдайымызды түзеп, экономикамызды тұрақтандырып, ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, аманат еткен осынау ұлан-ғайыр байтақ даламызды, қазына толы шұрайлы топырағымызды, бабаларымыздың тәрбиесі мол мөлдір мәдениетіне дақ түсірмей, қоғам талабына сай дамыта отырып, қалайша келешек ұрпаққа жеткізбекпіз? Егер қоғамымыз жемқорларға, парақорларға, өтірікшілерге, әділетсіздікке толы болса, егер ұрпағымызды осылайша ақшаның буымен тәрбиелесек, сонда ұрпағымызға материалдық жағдайды былай қойып, рухани байлығы жоқ қоғамды табыстамақпыз ба сонда? Міне, бұл – барлық қазақтың атсалыса атқарар міндеті. Сол міндетімізді атқаруға жалындап, өсіп келе жатқан біз секілді жастардың көкірегіндегі патриоттық сезімдерінің шоғын сөндірмесе екен деп ойлаймын.
3.1.ПАРАҚОРДАН БАЛА ҚОР БОЛМАСЫН...»
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңғырулар тұсында тұр. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі әлеуметтік өзгерістермен айқындалады. Тәуелсіздікке ие болған 25 жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа сапалық деңгейге көтерілді деуге боларлықтай.

Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған еліміз бар, оның бүкіл халқы, экономикасы мен әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, ғылымы, білімі қоғамның жаңа даму белесінде. Тәуелсіздікке қол жеткізген кездегі тарихымызға көз жүгіртсек, қоғам мен экономиканың дамуы ашық сипатқа ие болды. Демократиялық бағыт кең өріс алып, адамға жан-жақты экономикалық, саяси, діни таңдау еркіндігі, құқығы, еркін ойлау, еркін сөйлеу құқығы жүзеге асырылды.Осынлай бірлігі мен ынтымағы жарасқан, бүгінгі күні әлем таныған байтақ елімізде«Алтын көрсе періште де жолдан таяды» дегендей,кейде таныс адамды жұмысқа орналастырып, қаржы мәселесін шешуге көмектесуді желеу етіп, пара алатын сәттер жиі болады. Мұны оңай пайда табудың жолына айналдырған адамдар кейде мүлдем құнығып кетеді. Ақыры жемқорлық олар үшін «пайда табудың» көзіне айналады. Алайда жымысқы бұл әрекеттің заңға қайшы келетіндігін ескере бермейді ғой. Зерттеу барысында өзім жоғары сынып оқушысы болғандықтан осы тақырыпта деректерді көп оқып, көп іздендім. Нәтижесінде, сыныптастарыммен де пікір алысып, әр түрлі ойларымызды ортаға салып, жан жақты талдадық. Соның қорытындысы ретінде төмендегідей анонимдік сауалнама жүргіздім:

Сұрақтар:


  1. Біздің үкімет сыбайлас жемқорлықпен қаншалықты тиімді күресіп жатыр?

Жауап: 35% үкіметтің əрекетіне көңілі толатынын, ал 40% риза еместігін білдіреді, 25% жауап берген жоқ.

14


  1. Жоғары оқу орындарында, университеттер мен колледждерде сыбайлас жемқорлық бар ма?

Жауап: 53% – бар, 22% -жоқ, білмеймін – 25%

  1. Осындай қоғам дертімен қалайша күрес жүргізген дұрыс деп ойлайсың?

Жауап: сыбайлас жемқорлықты жасаған адамды қатаң жазаға тарту керек, дереу бұл мәліметті арнайы органдарға хабарлау керек.

  1. Ол қайда және неліктен пайда болады?

Жауап: ақшаға қызығып пайда табуды көздеген адамдарда кездеседі.

  1. Бұрынғы кезде ақын-жыршылар осы тақырыпты ашық айтып жырлады. Ал қазіргі ақындар ашық айта ала ма?

Жауап: ашық айтататын ақындар бар, бірақ өте аз-55%, білмеймін - 45%

  1. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына кімдер кінәлі? Пара бергендер ме, әлде алғандар ма? Қалай ойлайсың?

Жауап: пара алатын адамдар кінәлі 69%, пара беретін адамдар да кінәлі 21%.

  1. Сыбайлас жемқорлық жасаған адам қандай заң бойынша жауапқа тартылатынын білесің бе?

Жауап: білемін – 58%, білмеймін – 42%

  1. Өзің сыбайлас жемқорлықтың құрбаны болдың ба? (сайыстарда, жарыстарда) Жауап: өзім болған жоқпын, бірақ естідім.

Диаграмма 1.


Диаграмма 2.



Диаграмма 3.



Диаграмма 4.

Сауалнамаға барлығы 93 оқушы қатысты (8 – 11 сынып оқушылары). Жалпы оқушылардың сыбайлас жемқорлық жайлы түсініктері бар, жемқорлық заңсыз әрекет екенін балалар түсінеді. Осындай зерттеу жұмысының нәтижесінде менің көзімнің жеткені мынау болды: қазіргі жас ұрпақтың арманы – жемқорлықсыз өмір сүру. Парақорлардың кесірі тиіп, бала қор болмаса екен деп ойлаймын.



ҚОРЫТЫНДЫ

Ойымды қорыта келе айтарым қазіргі әрбір қазақстандық азамат өз құқығын білгені дұрыс деп есептеймін. Егер де жемқорлыққа жол беріліп жатқан жағдайлар кездесіп қалған сәттер болса, дереу бұл мәліметті арнайы органдарға хабарлауымыз керек. Біз де қоғамның бір мүшесі болғандықтан, қоғамдағы айықпас дертке айналған жемқорлықтың жолын кесуге өз үлесімізді қосқанымыз абзал. Осылай бірігіп іс атқарғанда түпкілікті нәтижеге жете аламыз.

Адам баласы өзінің айналасындағыларға, басқа адамдарға деген көзқарасын, ниетін өзгертсе, олардың да бұған деген көзқарасы өзгереді. Адал өмір сүріп, барлық адамдармен шынайы сыйласа білу керек. Адалдық дегеніміз ашық, шыншыл қарым-қатынас. Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды. Өз күшіне сенген жерде ғана адамның қолы жақсылыққа жетеді. Еңбек ете білген адам кедейшіліктен қорықпайды. Нағыз байлық - білім мен өнер, ал мұндай құндылықтар ешқашан саудаланбақ емес.

Сонымен, бұл жоба мені неге үйретті, несімен құнды болды, маңызы мен өзектілігі неде?Біріншіден, мен адалдықпен, мағыналы өмір сүру керектігін ұғындым. Екіншіден, әр адам өзінің, ата-анасының, Отанының алдындағы адамгершілік борышын, міндетін өтеуді есінен шығармау керек екенін түсіндімКелешекте қоғамымызды жемқорлардан, парақорлардан, өтірікшілер мен әділетсіздіктен тазартатын, рухани бай, адамгершілігі зор, білімді ұрпақ боп, егеменді елімізді одан да көркейтіп, гүлдендіруге атсалысатын азамат болуымыз керек. Жырауларымыз жырлағандай жемқорлықты байқаған мезетте жариялап, ата-баба салты мен рухани аманатын ардақтап, өмірдің қиыншылықтары мен сындарына төзе білуге төселдірді. Сондай-ақ, «Адам боп келдің өмірге, адам боп өту парызың»-дегендей, Адам деген ардақты атқа лайық болуға шақырады. Зерттеу барысында алдымызға қойылған міндеттер орындалып, өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.


18

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,№30Көктөбе орта мектебінің

11- сынып оқушысы Бапаев Асланбектің«Жемқорлар бейнесінің әдебиеттегі көрінісі» атты ғылыми жұмысына

ПІКІР

Ізденуші Бапаев Асланбектің «Жемқорлар бейесінің әдебиеттегі көрінісі» атты зерттеу жұмысы өте сәтті шыққан. Қазіргі заманда белең алып тұрған сыбайлас жемқорлықтың өскелең ұрпақтың жетіліп дамуына тигізер зиянын анықтауға тырысуы, жемқорлар бейнесінің әдебиеттегі көрінісі, жыраулар шығармашылығындағы орнын зерттеу нысанына айналдыруының өзіғылыми жұмыстың құндылығын көрсетсе керек.

Қазіргі таңда әлем елдерінің экономикалық әлеуеті мен дамуына кедергі келтіріп, кері әсерін тигізіп отырған жемқорлық індетінің қазақ даласына қашан және қалай келгендігін, оның жағымсыз салдарларын, жемқорлардың сұмпайы келбетін танытатын өлең-жырларды тақырыптық-идеялық және көркемдік бітімі тұрғысынан талдап-таразылауарқылы ізденушінің бойынан өмірге деген оптимистік сарынды байқау қиын емес. Оқушы өмірге деген құлшынысын, оны шексіз сүйетіндігін көрсете біліп, тұщымды ойлар айтқан. Асланбектің жұмысты жазу барысында көп оқып, жинақтап, сауалнама жүргізіп, жүйелі түрде жеткізуге тырысқандығын, талмай ізденгендігін аңғару қиын емес.

Қорыта айтқанда, аталған ғылыми жұмысты бүгінгі күннің өзекті мәселесін көтеріп, үлкендерге ой салар, жаныңдағы жүрген сыныптастарына жемқорлықтың не екенін ұққызып, жыраулар әдебиетінің өкілдерінің жырлары арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіруге игі әсерін тигізер құнды еңбек деп есептеуге болады.




Пікір беруші: Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жетекші

сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты,

доцент Құрманбаев Ұзақбай Төлібайұлы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

  2. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жыл 2 шілдедегі №267-1 заңы. Казахстанская правда.-1998ж.9 шілдедегі-№132

  3. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы 18.11. 2015 ж



  1. «Заң» газеті 2017.№ 28

  2. Тұрсынғалиева С.Ч. Қазақ әдебиеті. 10 - сыныбына арналған оқулық.Астана 2014

  3. Сейдақов А, Егенбаева Б. Ақиқатты тани біл\\ Ана тілі.2001 №12

  4. Сауытбеков С. Тағылым кегі \\ Қазақ әдебиеті.1999.№102

  5. Елемесова А.С. Абай шығармаларындағы рухани-адамгершілік мұралары. Алматы,2000.45-50 б.


20

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет