1-Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тереңдету. Есепті ауызша, жазбаша сурет бойынша құрастыру,шығару .
2-Оқушылардың есеп шығару барысында толық жауап беру арқылы байланыстырып сойлеу қабілеттерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін, байқағыштарын арттыру.
3- Салауатты өмір салтын тәрбиелеу. Спортшы бейнесін елестету арқылы
Сабақ барысында спортшы бойындағы бар қасиеттерге ( жылдамдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, зеректікке) еліктеуге ұмтылдыру.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
«11- ден 20- ға дейінгі сандардың ондық құрамы»
Балалар, былтыр Қазақстанда қандай әлемдік , спорттық іс шара өтті?
Қысқы Азиада ойыны.
Ал Азиада дегеніміз не?
қысқы Азия ойындары , Қазақстанның екі қаласында Астанада және Алматыда өтті.
Азиада еліне саяхат жасай отырып, жарыс өткіземіз. Өте жақсы орындалған тапсырмаларға қызыл смайликтер, ал жақсы орындалған жасыл смайликтер беріледі.
Ал, енді жарысты бастаймыз. Осы топтардың ішінде кім Азиада ойындардың жеңімпазы болады екен?
Үш топқа бөлінеді : «Жылдамдар», «Жүйріктер», «Мықтылар».
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Тиісті сандарды қой Қызықтыру
.
13- 4 + * = 14 6+ 2 + * = 15 4 + 8 + * = 7
3 + 5 + * = 12 5 + 1 + * = 14 16 – 8 + * = 14
7 + 5 + * = 15 7 + 3 + * = 15 17 – 9 + * = 11
13 – 6 + * = 11 17- 9 + * = 12 15 – 8 + * = 14
1-5 тапсырмаларды орындау.
Сергіту сәті
Орманның бiз емшiсiмiз,
Тоқ, тоқ, тоқ (партаны үш рет ұрады).
Құрт бiткендi жоқ етемiз,
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi).
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Ойын «Тізбек» ауызша есептеу
9 + 9 – 10 + 6 – 14 +20 = 20
8+ 5 – 3 + 6 – 8 + 12 =20
5 + 10 – 7 +4 – 5 + 13=20
«Танграм» ойыны
Танграм – шамамен 4000 жылдық тарихы бар қытай ойыны. Белгілі бір қатынаста кесілген 7 әртүрлі фигуралар арқылы алдын ала білетін немесе жаңадан ойлап қалаған бейненің кескінін келтіру.
Ойын шарты
Әрбір құрастырылатын бейне ойының барлық жеті фигурасымен құрастырылуы тиіс, яғни жетіден аз таспен құрастырылған бейне Танграм ойыны болып есептелмейді.
Фигуралар бірінің үстіне бірі шығып кетпеу керек, бір жазақтықтың бойымен ғана орналасады.
Фигуралар бір – біріне толықтай немесе белгілі бір бөлігі тиіп тұрады. Ең болмағанда бір нүктеде жанасып тұруы тиіс . Яғни , қандай да бір фигура қалғандарына алшақта тұра алмайды. Бұлай болса ойын шарты бұзылмайды.