Жамбыл облысы



бет1/2
Дата12.06.2024
өлшемі1,73 Mb.
#203342
  1   2
Байланысты:
Атаубай Аяжан


БІЛІМГЕРЛЕРДЕ ЭКО-ӘДЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ
БАСҚАРМАСЫ
«№7 БЕТҚАЙНАР КОЛЛЕДЖІ»
Қордай ауданы 2024
Орындаған: Атаубай Аяжан
Ғылыми жетекшісі: Джексембиева Галия Жумабаевна
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының
өндірістік оқыту шебері

Мақалада білімгерлерге эко-әдеттерді қалыптастыру арқылы экологиялық таза өнім өндіру мен тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғауды насихаттауда эко-әдеттердің маңызы мен ғылыми рөлі сипатталған
Зерттеудің мақсаты: Эко-әдеттерге негізделген маркетинг жүйесін қолдану арқылы колледж өндірісінің авторлық өнімдерін жасау
Зерттеудің міндеті:
- эко-әдеттер тақырыбындағы ғылыми жұмыстарға талдау жасау;
білімгерлерде эко-әдеттерді қалыптастыру және насихаттау;
- эко-әдеттерге негізделген колледж өндірісін дамыту.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Эко-әдеттердің ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудегі рөлі мен экологиялық нарықты дамыту жолдары.
Зерттеудің әдістемелік негізі жалпы философиялық әдістерден тұрады: талдау, салыстыру, жалпылау, абстракциялау, аналитикалық әдістер
Зерттеудің нәтижелері: экологиялық әдеттерге негізделген колледж өндірісінің авторлық өнімдері, «Eco-habits» клубы.

Зерттеулер нәтижелері экологиялық әдеттер қоршаған ортаға әсердің төмендеуіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін көрсетті. Зерттеу барысында экологиялық әдеттерді ұстанатын адамдар экологиялық әдеттерді ұстанбағандармен салыстырғанда аз энергия жұмсайды, аз қалдықтар шығаратыны дәлелденді
 
Экологиялық әдеттер экологиялық тұрақты және адам әрекетінің ғаламшарға әсерін азайтуға көмектесетін өмір салтын білдіреді. Осы экологиялық әдеттерді қабылдау арқылы адамдар ғаламшарды қорғауға және келешек ұрпақ үшін тұрақты болашақты қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қоса алады
Экологиялық әдеттерді жақсарту күш-жігерді қажет ететін күрделі үрдіс. Білімгерлерге эко-әдеттерді насихаттау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «№7 Бетқайнар колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында 2022-2023 оқу жылынан бастап «Eco-habits» деп аталатын қоршаған ортаны қорғауға арналған клуб жұмыс жасайды (1 сурет).
1 сурет «Eco-habits» клуб мүшелерінің жұмыс үрдісі
Клуб 25 білімгерден тұрады. Клуб мүшелері басқа білімгерлерге эко-әдеттер қалыптастыратын семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, одан бөлек осы тақырыпта флаерлар таратады, сауалнамалар жүргізеді (2 сурет). Өз жұмыстары туралы әлеуметтік желіде пікірлерімен бөліседі.

2 сурет флаерлар
3 сурет Органикалық материалдан жасалған экоөнімдер
Экологиялық әдеттерді насихаттаудың бір жолы - органикалық өнімдерді пайдалану. Мысалы, қайта пайдалануға болатын эко-шопперлер шығару арқылы колледж өз өнімі арқылы полиэтиленді пакеттердің қалдықтарын азайту және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосады. Эко-шоппер пайдаланудың басты мақсаты бір реттік қолдануға арналған полиэтиленді пакеттердің орнына берік қайта пайдалануға болатын сөмкені қолдану арқылы қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың санын азайту.
3 сурет Органикалық материалдан жасалған экоөнімдер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет