Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының



бет36/36
Дата22.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#828
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Шалқар ауданы.

Жұмамұрат ЕСБОЛСЫНҰЛЫ,

еңбек ардагері, зейнеткер
КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ
Облыстық «Ақтөбе» газетінің биылғы 15 наурыздағы санында ағалы-қарындасты Жалғас және Елнұры Назаровтардың «Естелік кітап шығарсақ дейміз» деген тақырыппен хабарламасы жарияланды. Игі ниетті әңгіме өткеніңді еске салады екен. Бір отырыста Шалқар селолық округінің әкімі Қойшыбек Әминовке 1957 жылғы желтоқсан айында Маяқұм деген жерде ардақты ағамыз Сағитжанның үйінде жоғарыдағы хабарламада сөз болған Қонақбай Назаровпен бірге болғанымды айттым. Содан Қойшыбек осы жайды қағазға түсіруімді өтінді.

Ең алдымен өзім туралы. 1940 жылы дүниеге келдім. Әкем Есболсынның арғы тегі Тілеу Айтұлының үшінші баласы Әлдебердіден – Тәңірберген, одан Сәмбет, одан Есенғұл, Битен, Бақыршы, Таңсықбай, одан Есболсын. «Жаңа жол» ұжымшарында басқарма төрағасы Әбукәкім Байсалбаев әкеме Маяқұм деген жерден сиыр қыстағын салуды айтады да оны ферма меңгерушілігіне бекітеді. Неге екені белгісіз, 1957 жылдың күзінде әкем бұл қызметін Сағитжан Әминовке тапсырады.

Ол кезеңде де көшіп келіп, қоныстанушы (переселенец) деген болған. Ортаншы ағам Тағыбек темір жолда тым-тәуір қызмет етіп жүрген жерінен жұмыстан шығып, ұжымшарға мүше болды. Маяқұмда сиыр қыстағы салынды, ағама тиесілі тұрғын үй де пайдалануға беріліп, отбасымен кіріп алды. Осы жерде төрт-бес отбасы қоныстанып, ұжымшар малын бағуды кәсіп етті.

Өзім Шұбарқұдықта ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесінде тракторшы мамандығы бойынша оқып жүрмін. Желтоқсан айында демалысқа келдім. Бірнеше отбасы бір үйдеміз. Сағитжан адамның үйіне қонақ келді. Бейтаныс азамат, қасында әйелі мен екі-үш жас шамасындағы баласы. Қожайынның балалары Алтынбек пен Қойшыбек есейе қоймаған. Содан Сәкең маған мініс атын беріп, жақын маңайдағы Көпмола стансасындағы дүкеннен дастарқанға қоятын тағамдар алып келуді айтты. Келген қонақтар жездесі мен апасы екен.

Өзім атқа құмармын. Қуанышым ерекше – Алла сәтін салып, Сәкеңнің атының шамасын білетін болдым. Маяқұм мен Көпмола арасы – он бес шақырымдай. Көп кідірмей шаруамды бітіріп жеттім-ау.

Дастарқан жайылды. Төрде отырған азамат атағына бұрын сырттай қанық Қонақбай Назаров болып шықты. Бір көргеннен-ақ есте қаларлықтай жан екен, арғы-бергі тарихты білуге құмарлығы бар. Шәйдің үстінде әкем екеуі біраз әңгіменің басын қайырды. Қалманбеттің ұрпақтары Асан, Үсен, Әбдібай, Аманжол, Қазыбек жайлы сұрастырып отырды. Өкініштісі – әлі буынымыз қатпаған біздер: «кейін керек болар-ау, зер салып тыңдайық» демеппіз. Қонағымыз Маяқұмның бір беткейіндегі сиыр суаратын құдығымызды «Төлегеннің жүнді құдығы» деп қалды. Сөйтсек ел ішінде осылай аталады екен. Суы бетіне шығып жататын, ферманың үш жүздей ірілі-ұсақты малын суаруға мол жететін. Қазіргі күнд орны бар, бірақ байлығы кейін қашқан.

Қонекең ауылдағылардың бірінен соң бірі қонақасы ішіп кетуді өтінген әңгімесіне қызмет ретімен бөгеле алмайтынын айтып, ризашылығын білдірді. Ұйқысынан ерте тұрып, серіктерімен жолға шықты. Сол күні Маяқұмның құдығына таяу жерде ата-баба қыстауының орнына баласын аунатты. Риза болғанымыз – есте сақтау қабілеті жақсы, басқа да қыстаулардың орнын көрсетіп, «Мынау – бәленшенің, екіншісі – түгеншенің үйлері еді» деді. Жадымда қалған және бір қасиеті – мені баласындай дастарқанға шақырып, қасына отырғызуы болды. Училищеде оқып жүргенімде айтып ем, мақұлдап, арқамнан қақты. «Мамандықты дұрыс таңдапсың, қазір жаппай тың игеру науқаны жүріп жатыр, енді шаруаны техникамен атқарамыз, өзіңе өмірлік азық қой» деді.

Арада біршама жылдар өткенде Қойшыбек екеуін Шалқарда, аудандық партия комитетінің ғимараты алдында көрдім. Барып, сәлемдесіп ем, қуанып, рахметін айтып жатыр. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді» деген, баяғы 1957 жылғы бекзат қалпынан көп өзгермеген.


Шалқар қаласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет