Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебі
«Өзін-өзі тану: Өнер мен Махаббаттың педагогикасы»
атты онкүндік жоспары
02 ақпан -12 ақпан 2015жыл
№
|
тақырыбы
|
Уақыты
|
жауапты
|
1.
|
«Мейірім төгетін ана» кітап көрмесі
|
02.02
|
Өтекеева Т.К
|
2.
|
«Алтын жүректі анамыз» көкемсөз оқу сайысы (2-4 сыныптар)
|
3.02
|
Егізбаева Е.А
|
3.
|
«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» дебат (8-10 сыныптар)
|
4.02
|
Мурзабекова М.А
|
4.
|
«Бал балалық» сурет көрмесі (бастауыш сыныптар)
|
5.02
|
Жакупов А.О
Егізбаева Е.А
|
5.
|
«Ән көңілдің ажары» ән сайысы
(5-7 сыныптар)
|
6.02
|
Жұрмағанбетов С.Ж
Мурзабекова М.А
|
6.
|
«Неболейка еліне саяхат» театрлық қойылым (1-сынып)
|
7.02
|
Фазылова С.М
|
7.
|
«Өнеге -отбасынан» ашық сабақ
(3 «А» сынып)
|
9.02
|
Сатанова Э.Ш
|
8.
|
«Обал мен сауап» ашық сабақ
(3 «Ә» сынып)
|
10.02
|
Ақбасова К.Т
|
9.
|
«Мейірімділік асыл қасиет» іс-шара
|
11.02
|
Егізбаева Е.А
|
10.
|
«Қызығы көп бұл әлем» жабылуы
|
12.02
|
Мурзабекова М.А
|
Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебінде
2- ақпан мен 12- ақпан аралығында «Өзін-өзі тану:Өнер мен Махаббат педагогикасы » атты онкүндік өтті
Алғашқы күні мектеп кітапханашысы Т.К.Өтекееваның ұйымдастыруымен
«Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. «Өзін-өзі тану» оқулығының авторы С.Назарбаеваның өмір жолы мен еңбегі туралы жинақтар мен кітаптар қойылды. Мектеп кітапханашысы бастауыш сынып оқушыларына көрмеге қойылған жинақтар бойынша мағұлымат беріп өтті.
3- ақпан күні жоспар бойынша Е.А. Егізбаеваның ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында «Алтын жүректі анамыз» көкемсөз оқу сайысы өтті. Сайысқа әр сыныптан үш оқушыдан қатысып, мейірімділік тақырыбында өлеңдер оқыды. сайыс жеңімпазы 4 «Ә» оқушысы Елемес Салия болса, 4 «А» сынып оқушысы Мурзабекова Сауле ІІ орын, Талғатұлы Саят ІІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.
4ақпан күні М.А. Мурзабекованың ұйымдастыруымен «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» тақырыбында дебат 8-10 сыныптар арасында жүргізілді. Бұл дебатта 9- сынып құрамасынан құрылған «Болашақ» фракциясы өз тұжырымдамасын дәлелдеп, жеңіске жетті.
5-ақпан күні сурет пәнінің мұғалімі А.О.Жакупотың ұйымдастыруымен «Бал балалық» бастауыш сыныптар арасында сурет көрмесі өткізілді.
6-ақпан С.Ж жұрмағанбетов «Ән көңілдің ажары» ән сайысты 5-7 сыныптар аралығында өткізді. Бас жүлдені Жақсылық Жантөре жеңіп алды. Абдрахманова Маржан мен Нұрмат Жұлдыз 2-ші және 3-орындарды бөлісті.
7-ақпан күні 1 –сыныптармен «Неболейка еліне саяхат» театрлық қойылымы болды. Қойылымда «Бауырсақ» ертегісінің желісі арқылы денсаулық қорғау насихатталып, флешмоб өткізілді. Театырлық қойылымға оқушылар мен бірге ата-аналар да тартылды.
9-10 ақпан күндері бастауыш сыныптарда ашық сабақтар өткізілді.
«Өнеге -отбасынан» ашық сабақ 3 «А» сынып, «Обал мен сауап» ашық сабақ 3 «Ә» сынып.
11- ақпан күні Е.А.Егізбаеваның ұйымдастыруымен «Мейірімділік асыл қасиет» іс-шарасы өз дәрежесінде өтті.
Онкүндік қорытындысы «Қызығы көп бұл әлем» атты қорытынды концертпен тәмәмдалды.
Орындаған: С.М.Фазылова
9-19-41
Достарыңызбен бөлісу: |