Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің 11 «А» сыныбының жалпы жиналысы болып өтті



бет5/11
Дата08.12.2022
өлшемі57,81 Kb.
#161881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
хаттама9 г

Шығып сөйлеушілер:
Т.Меңдібаев, математика пән мұғалімі: Биылғы мектеп бітірушілер үшін күрделі әрі жауапты кезең болғалы тұр. Математика пәнінен 11А сыныбы қосымша сабақты бастап кетті. Бірдің абыройы мыңның абыройы. Ұқыпты дайындықтың арқасында нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.
Ж.Сисенбай, қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Жылда оқушыларды қазақ тілінен тестілеуге дайындалатын. Бұл бұрынғы шығарма ізі болып тұр ғой. Жоспар құрып түрлі, кең ауқымды тақырыптар бойынша эсселер жаздырып, оқушы сөздік қорын, сауаттылығын арттыру қажет деп ойлаймын.
А.Құрақбаева, ағылшын пәні мұғалімі: Біздің пәнге өте қиын болып тұр.Әрі тілді түсіндірумен қатар аударма деген қиын балаға. Сөздіктермен үзбей жұмыс жасау керектігін айтамын.11А сыныбында бір оқушы таңдап отыр.
А.Шермаханова, орыс тілі пәні мұғалімі: Оқушыларды тестілеуге дайындайтын едік. Біздің пәндегі ерекшелік мәтінмен жұмыс, грамматикалық дайындықты тиянақты дайындаса жемісін көрерміз деп ойлаймын.
Бұдан соң бірнеше мұғалімдердің пікірі тыңдалды.Жиналысқа қатысушылар қаулы қабылдады.
Қаулы:
1.2016-2017 оқу жылында 11- сыныпты бітірушілердің емтиханындағы жаңаша өзгерістермен таныса отырып, үздіксіз дайындық жұмыстарының жүргізілуі пән мұғалімдеріне жүктелсін.
2.11- сынып оқушыларының белгіленген кесте бойынша қосымша сабақтарға түгел қатыстыру сынып жетекшілеріне міндеттелінсін.
3.Мектеп бітіру емтиханының жаңа формасы туралы ата- аналарға таныстырып, жоспарлы жұмыс жүргізу жауапкершілігі сынып жеткешілерінен сұралсын.
Жиналыс төрағасы: Н.Балғараев
Хатшы: Қ.Жолдыбай

ХАТТАМА
3 қараша , 2016 жыл
Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің қазақ тілі мен ағылшын пән бірлестігі арасында дөңгелек үстел болып өтті.
Қатысуға тиісті – 15
Қатысқаны – 15
Күн тәртібінде:
1.Өзіндік білім көтеру жоспарын жоспарлау туралы


Тыңдалды:
Жиналысты қазақ тілі бірлестігі жетекшісі Қ.Жолдыбай ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алды. Өзіндік білім көтерудің мақсаты мен міндеттері Мақсаты Оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену.  Міндеттері:Филологиялық білімді тереңдету.Педагогика ғылымының жетістіктерін, озат тәжірибені оқып-үйрену.Жалпы мәдени деңгейдікөтеру.Маңыздылығы:ҚР «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген. Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімні тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет