«Жанр теориясы мен поэтикасы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 013 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті



бет6/13
Дата06.02.2022
өлшемі99,31 Kb.
#58869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Әдебиеттер: 1-12,13,14,16,18,21,22,28,33,34,35,36,37,39,43,44,50,51,53,54.

7-дәріс:Көркем әдебиеттегі «образдылық» пен «көркем образ» мәселелері.



  1. Шығарманың көркемдік әлемі.

  2. Уақыт пен кеңістік.

  3. Көркемдік психологизм.

Образ түрлері. Көрнекілік бейнелердің ғылым және көркем публицистикадағы орны. Дәлдік және эмоция. Деректік бейнелер. Көркем бейнеге тән типтендіру әдісі, өмір құбылыстарын қайта сомдау. Көркем образ және таңба. Қиялдау. Шарттылық пен шынайылық. Әдебиеттегі көркем бейнелердің заттық сипаттан адалығы немесе бейзаттығы. Сөздің бейнелік қызметі. Сөздік бейнелердің көзге көрінбеуі. Елес. Сезім. Қиял.
Әдебиеттер: 1-12,16,31,34,35,39,43,47,49,51,52,53,55,57,58.

8-дәріс: Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.



  1. Сюжет пен тартыс.

  2. Сюжет элементтері.

  3. Композиция түрлері.

  4. Лингвистикалық поэтика мен стилистика.

  5. Мәтін және диалогтық қатынас.

  6. Мәтін құрамы.

Теориялық поэтика ғылымы. Нормативті және жалпы поэтика. Теориялық поэтиканың міндеттері. Тарихи поэтика. Көркем шығармашылық әлемінің дискреттілігі. (Үзілмелілігі) Өлең дестелері(цикл). Прозадағы іліктес туындылар. Фрагмент немесе бөліктің дербес сипаты. Музыкадағы сөз мәтіндері, поэма, өлең, әдеби сындағы эпизодтар. Жарияланымдар, ішінара өзгерістер. Форманың үш қыры. Антикалық риторика мен формалистер көзқарасындағы үндестік. Көркем мазмұнға лайық жаңа терминдер, оның синтездік қасиеті.
Шығарма әлемі.
а) Шығарманың көркемдік әлемі қамтитын аялар: предметтік бейнелеу жүйесі, кейіпкер іс-әрекеті, кейіптемесі, психика құбылыстары, қоршаған болмыс фактілері.(заттар, табиғат суреттері, т.б.).
Психологизм. Адамның ішкі өмірін кестелеу.
ә) Қаһарман пішіндемесінің көркемдік қызметі. Тұрақты кескін белгілері. Дәріптей кестелеу.Жанр сипатымен сабақтастық.Статикалық, динамикалық келбет нышандары.
б) Кейіпкер сөздері.Диалог пен монологтың эстетикалық тұрғыдан қажеттілігі.Әр түрлі функционалдық мағыналары.
в) Көркем туындыдағы заттар әлемі.Олардың психологиялық жағдай тудырудағы ролі.Дүние, мүлік, жиһаздың поэтикалық астары, мінез, өмір салтын танытудағы маңызы.
г)Табиғат көріністері.Әдебиеттегі пейзаждың жан-жақты қызметі.Мәселеннің тари-
хы, эстетикалық сипаты.
Әлем және шығарма:
а)Уақыт пен кеңістік. Сөз бейнелілігінің уақытпен сабақтасуы.Физикалық уақыт, перцепуталдық уақыт,концепуталдық уақыт.Фольклор мен әдебиеттегі уақыт пен кеңістік.Автор уақыты, кейіпкер уақыты, сюжеттік уақыт.
ә) Сюжет пен тартыс. Сюжет туралы А.Веселовский, В.Шкловский, Б.Томашев-
ский пікірлері. Фабула ұғымы.Сюжеттің XIX ғасырдағы анықтамасы.Сюжет оқиғалары-
ның өмір құбылыстарымен байланысы. Сюжет табу жолдары.Сюжет түрлері.
б) Композиция.Композицияның шығармадағы реттілік,үйлесім тудырушы қызметі.
Эстетикалық әсері. Айшықтылығы.Қайталаулар.Өзгерте қайталау.Сарын ұғымының сюжеттік жүйедегі ролі.Сөздік сарындар.
Бейнелеудің детальдық түрі.Жасыру тәсілі.Тану тәілі. Ой астары. Ишара.
Монтаж немесе ой арқылы алыстан қиыстыру.Қосымша әңгіме, лирикалық шегі-
ніс, уақыт барысындағы алмастырулар.
Көркем сөз бен мәтін:
а)Стилистика.Лингвистикалық поэтика мен стилистиканың айырмашылығы.В. Виноградов: лингвистикалық және әдебиеттанушылық стилистика тарминдері.
Көркем сөз қабаттары : лексико-фразеологиялық амалдар, сөздік семантика,фоне-
тикалық деңгей.Сөз әуені. Дыбыс мәні. Интонация. Дауыс ырғағы.
Өлең сөз бен қара сөз.Даму жолдары. Құрылымдылық, эмоционалдық ерекшелік-
тері.
ә)Мәтін. Текст ұғымының әр алуан мағыналары.Лингвистика мен әдебиеттану аяларындағы мәтін туралы түсініктер.Текстология ғылымы.
Мәтінді семиотикалық және мәдениеттану тұрғысынан бағалау.Сөзсіз мәтіндер. Текст-толғамдар.
М.Бахтин және Ю.Лотман пікірлері.Мәтіндегі диалогтық қатынас.Текстегі әртілділік.Мәтіннің мәдени әрі қарым-қатынас субъектісі ретіндегі маңызы. Мәтін шексіздігі (Ж.Деррида, Р.Барт.)жайлы постмодернистік тұжырым.
Әдебиеттер: 1-12,13,23,24,28,31,32,35,39,41,42,45,46,47,48,49,52,58,59.
9-дәріс: Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.
1. Әдебиеттің көркемдеу құралдары.
2. Әдеби шығарманың тілі.
Ауызекі, әдеби және поэтикалық тіл мәселесі. Автор сөзі мен персонаж сөзі. Көркем сөздің құрамы. Көркем сөздің ерекшелігі. Көркем сөз. Әдебиет және сөзді есту арқылы қабылдау. Номинация, синонимдеу және антонимдеу образдық салыстырудың, салыстырмаудың тиімді тәсілі. Омоним және оның түрлері. Сөздің морфологиялық вариациясы. Поэтикалық тілдің ерекше лексикалық ресурсы. Сөздің көп мағыналығы. Эпитет пен теңеу. Метафора( тұрақты, күшейткіш т.б.), паралелизм, метонимия, синекдоха, гипербола, литота, кейіптеу, символ. Поэтикалық фигуралар. Әдеби тілдің синтаксисі. Қайталау, амплификация(таралу, кеңею), плеоназм( мөлшерден артық), ретардация. Силлепсис, эллипсис. Градация, антиклимакс анастрофа, анаколуф. Түсіну – герменевтиканың орталық ұғымы. Интерпретация – түсінудің екінші компоненті. Өмірге мағынаның қуаты сіңірілген. Мағына мен мән.
Әдебиеттер:
1-12,14,16,17,21,23,23,25,28,33,34,36,39,41,42,43,45,47,49,51,52,53,55,
57,58,59.

10-дәріс: Өлең сөздің теориясы.


1. Өлең ұғымы мен жүйесі.
2. Өлеңдегі буын мен ұйқас.
3. Өлең айшықтары.
Өлеңтанудың негізгі бөлімшелері. Өлең сөздің ерекшелік мәселесі. Өлеңдегі ырғақ, бунақ, ұйқас мәселесі. Көркем прозаның ритмы. Өлең проза ұғымы Лирикада ( көне гр. lyra – сүйемелденуімен өлең оқылатын музыкалық аспап) бірінші кезекте адамның жеке бастық санасының ахуалы [761]: эмоционалды реңктегі ой толғам, ерік-жігер тынысы, әсер, бейрационалды сезінім мен талпыныс тұрады. Егер де лирикалық туындыда әлдебір оқиғалық қатар таңбалана қалса, онда ол (көп жағдайда) өте сараң, әлдебір ежегейлікпен детальдандырмайды (пушкиндік "Я помню чудное мгновенье..." тармағын еске алайық). "Лирика әрқашанда өздігінен тек белгілі бір ахуалды ғана суреттейді, мысалға, таңқалушылық, ашуға булығу, дерттілік, қуаныш құшағына бөлену және т.с.с., өз алдына жеке тұтастық болып табылмайтын әлдебір бүтіндік. Бұл жерде ең керегі сезімінің біртұтастығы" деп жазды Ф. Шлегель. Лирикалық поэзия тақырыбына деген бұл көзқарасты замана ғылымы мұрагерлікпен иеленіп отыр.
Лирикалық күй кешу сөйлеушіге (сөз өкіліне) тән болып табылады. Ол тек қана сөзбен ғана таңбаланып қоймайды (бұл жеке жағдай), сондай-ақ, бірқатар әлеуеттілікпен көрініс табады. Лирикада (тек сонда ғана) көркемдік құралдары басы бүтін адам жанның қозғалысын ашу үшін бағындырылады.
Лирикалық айшықталған күй кешу кейбірде басымдыққа ие болатын тікелей өмірлік эмоциялы аморфтықтан, айқындықсыздықтан, бейберекетсіздіктен өзгешеленіп тұрады. Лирикалық эмоция дегеніміз – бұл өз кезегінде ұйыспа, адамның жани тәжірибесінің квинтэссенциясы. Лирика туралы Л. Я. Гинзбург: "Басқаларға қарағанда ең субъективті әдеби тек жани өмірді жалпыға ортақтықтағы етіп суреттеуге құлшыныс танытады" деп жазды. Лирикалық туындының өзегінде жатқан күй кешу дегеніміз – бұл өз кезегінде жан-дүние арайлануы. Ол шындық өмірде адамның басынан кешкен күйін шығармашылықпен қайыра түзудің нәтижесі және көркемдікпен қайыра сомдау болып табылады. Пушкин туралы Н. В. Гоголь: "Тіпті ол құштарлықтың қойнына терең дендеп еніп кеткен шағында да ол үшін поэзия ең қастерлі, дәлірек айтсақ, әлдебір ғибадатханадай еді. Ол оған ешқашан ұсқынсыз және талғамсыз енген емес; ол оған өз өміріндегі ойланбастықты, құр елестілікті ешқашан енгізген емес; және болмыс әлемтапырық еткен жалаңаш күйінде бейпіл енбейтін. Оқырман одан тек хош иісті ести алды, осындай хош иіс сіңіру үшін ақынның кеудесі қандай күй кешкені ешкімге естілмейді" деп жазды.
Лирика ең бастысы шағын формада өзін табады. Осылай десек те, лирикалық поэма жанры да (В.В. Маяковскийдің "Ана нәрсе жайында", М.И. Цветаеваның "Тау поэмасы" және "Ақыр соңы поэмасы", А.А Ахматованың "Қаһармансыз поэмасы") бар, бірақ та лирикада сөзсіз шағын көлемді өлеңдер басымдыққа ие болып келеді. Әдебиеттің лирикалық тегінің принципі дегеніміз – бұл "барынша қысқа, барынша толық қамтушылық". Барынша жинақы, біршама "сығымдалушылыққа" тырысқан лирикалық мәтіндер кейбірде мақалдық формуларға, афоризмдерге, сентенцияға жуықтап, олармен бәскелеседі.
Әдебиеттер: 1-12,15,16,20,21,24,25,30,32,34,35,39,42,51,53,54,57,58.

11-дәріс:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет