5 В 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті 5 В 020500 «Филология» В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
«Жанр теориясы мен поэтикасы» ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2014
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4 Студенттердің өздік жұмысы
5 Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Глоссарий Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен адамзаттық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиеттану ғылымының саласы. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі үш түрлі мәселені қамтиды: қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігін, шығарманың әдеби көркемдік құрылымын, әдеби процесті.
Эстетика – болмысты суреттеудегі әдебиеттің адамның эсетикалық санасын байытып, жан тазалығы, эстетикалық ләззат беретін әдемілікті идея мен мақсатқа сай суреттеу. Эстетиканы анқтаудың үш шарты бар: 1) тұтастық, 2)үйлесім, 3) айқындық.
Әдеби шығармашылық – қаламгердің көркем туындылар тудырудағы еңбек процесі.
Методологиялық мектептер – көркем шығармаларды жазу мен танудағы ғылыми ілімдер.
Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.
Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.
Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.
Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.
Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ.
Архетип – о баста адам қиялында пайда болып, соңында өзіндік мазмұнға ие болған архаикалық рәсімдердегі психологиялық схемаларға тән мотивтер мен әдіс-тәсілдер.
Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер.
Поэтика – көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың көне ғылым саласы.
Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.
Герменевтика – текстерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім.
Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.