«Жанр теориясы мен поэтикасы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 013 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті



бет9/13
Дата06.02.2022
өлшемі99,31 Kb.
#58869
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны


1 модуль. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы
1 Тәжірибелік саба Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар әдебиеттану ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлеледеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз.


1-семинар.Әдебиет теориясы пәнінің ерекшелігі.
1.Әдебиет теориясының зерттеу аялары мен проблемалары.
2.Әдебиет теориясы және фольклортану.
3.Әдебиет теориясының пәнаралық байланысты.
Әдебиеттер: 1-59.


2-семинар.Әдебиет теориясының пәнаралық байланысы.
1.Әдебиеттану ғылымының салалары.
2.Әдебиет теориясының және мәдениеттану.
3.Әдебиет теориясы және тарих.
Әдебиеттер: 1-59.


3-семинар.Әдебиет теориясыжәне өнертану мен тіл.
1.Әдебиеттану мен өнертану ұстанымдары.
2.Тіл білімі және әдебиеттану.
3.Әдебиеттану және стилистика.
Әдебиеттер: 1-59.


4-семинар.Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі.
1.Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар.
2.Көне үнді,шумер елдерінің мәдени ескерткіштері.
3.Пифогоршылардың эстетикасы.
Әдебиеттер: 1-59.

5-семинар.Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі.


1.Гераклит және қарама-қарсылықтардың бірлігі.
2.Демокрит мәңгілік қозғалыс туралы.
3.Сократ сұлулық пен сана туралы.
Әдебиеттер: 1-59.


6-семинар.Әдебиет теориясы және эстетиканың ерте кезеңі.
1.Платонның эстетикасы.
2.Аристотель және табиғатқа еліктеу ілімі.
3.Гораций Флакк эстетикасының ерекшелігі.
Әдебиеттер: 1-59.


7-семинар.Орта ғасыр және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы.
1.Аврелий Августин және абсолюттік сұлулық.
2.Фома Аквинский және әсемдіктің объективті сипаты.
3.Ұлттық эстетиканың көне дәуірдегі және орта ғасырдағы белгілері.
Әдебиеттер: 1-59.


8-семинар.Орта ғасыр және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы.
1.әл-Фараби және өнер түрлері.
2.Ояну дәуірінің эстетикалық мұраты.
3.Ояну дәуіріндегі поэтика ұғымы
Әдебиеттер: 1-59.


9-семинар.Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңі.
1.Классицизм эстетикасы.
2.Дидро мен Лессингтің идеялары.
3.И.Гердердің эстетикасындағы бағалау өлшемдері.
Әдебиеттер: 1-59.


10-семинар.Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңі
1. «Дауыл мен қысым» эстетикасы.
2.И.Кант эстетикалық талғам туралы.
3.Романтиктер және ағартушылық идея.
Әдебиеттер: 1-59.


11-семинар.Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңі.
1.Г.В.Гегельдің диалектикасы.
2.Г.В.Гегель және абсолюттік идея.
3.Г.В.Гегель және өнердің даму кезеңдері.
Әдебиеттер: 1-59.


12-семинар. Әдебиет теориясының қалыптасу кезеңі
1.А.Шопенгауэрдің өмір философиясы.
2.С.Къеркегор және эстетикалық экзистенция.
3.Ф.Ницше және «құдіретке еріктілік»эстетикасы.
Әдебиеттер: 1-59.


13-семинар.Халықшылдық эстетикасы.
1.Материалистік эстетика ұстанымдары.
2.Орыс ойшыл-демократтарының эстетикалық көзқарасы.
3.В.Плеханов пенА.Луначарский өнер,әдебиеттің мәні туралы.
Әдебиеттер: 1-59.


14-семинар. Ғылыми-методологиялық мектептер
1.Әдебиеттанудағы мифологиялық мектеп.
2.Тарихи –мәдени мектеп.
3. Компративизм мектебі.
Әдебиеттер: 1-59.


15-семинар. Ғылыми-методологиялық мектептер
1.Әдебиеттанудағы психологиялық мектеп.
2.Интуитивизм мектебі.
3.Әдебиеттану және фрейдизм.
Әдебиеттер: 1-59.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет