4 Студенттің өздік жұмысы
СОӨЖ тапсырмалары және оны орындауға әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:
Әдебиет теориясынан СОӨЖ орындаудың ерекшеліктері – тәжірибелі мектеп мұғалімдерінің әдістемелерін терең талдаудан өткізе отырып, студенттің оған сыни көзқараспен қарау дағдысының қалыптастырылуы.
Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесін оқуы барысында қазақ әдебиеті мұғаліміне тән болуы тиіс деп саналатын іскерліктерді қалыптастырады. Қазақ әдебиеті мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады:
Мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ әдебиетін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай білу іскерлігі;
Әрбір сынып оқушыларының қазақ әдебиетін өз ана тілінің теориялық болмысы ретінде игеру психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясын, физиологиялық, жеке бас ерекшелігін баланың қабілетімен байланыстыра алу қабілеті мен іскерлігі;
Әрбір қазақ әдебиеті сабағының білімділік, тәрбиелік, дамытушылық потенциалын мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану;
Оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, лингвистикалық, дидактикалық, пән мен оның ішіндегі жекелеген тақырыптардың өз ерекшеліктерінен туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі;
Қазақ әдебиетінен берілетін ғылыми материалдың эиприкалық деңгейде қалып қоймай, оның теориялық деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра алу іскерлігі;
Сабақтағы оқу материалының сабақтан тыс жұмыспен байланыстылығын сақтай білу іскерлігі;
Жаңашыл әдістерді сабақтарда қолдана білу іскерігі.
Бұған қоса, студенттер сұрақты дұрыс қоя білу, бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді қолдана білу, оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру, оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, сараптай білу іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.
СОӨЖ орындау барысында студент әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |