Жансыздандыру



бет13/17
Дата09.11.2022
өлшемі55,31 Kb.
#157336
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жансыздандыру

Жасанды суыну (гипотермия) Жасаншыл суынуда заттар алмасуының едәуір бәсеңдеуі байқалады, бұл жүректің қысқа уақытқа (3-4 мин) тоқтап қалуына және көп қан ағуға байланысты істелінетін операцияларда қолдалынады. Температураның төмендеу дәрежесіне қарап сәл төмендеу (34-32º С-ға дейін), өте тқмен (27-28º С гипотермия ) болып бөлінеді.
Беру әдісі организмдегі жылылықты ұстау процесін тоқтату үшін дәрілер (2мл 2,5 процент амизин ерітіндісі, 4 мл 0,5 процент этизин ерітіндісі. 2 мл 2 процент промедол ерітіндісі ) берәлгенне ксйін құрастырылған наркоз беріледі, соңынан науқас мұздай суы бар ваннаға салынады немесе музы бар қалташалар науқастың денесіне қойылады. Операциядан соң науқас ыссы (судың температурасы 40-45") ваннада немесе қыздырғышпен жылы-тылады. Айырым жағдайларда тек жергілікті гипотермиясы ғана ( басты арнаулы аппаратта суыту --краниогипотермия) қолданылады.
Жасанды қан айналысы. Журекке істелінетін операцияларда оны 15-20 минут тоқтату керек.онда жасанды қан айналысы аппараты пайдаланылады. Бұл үшін АИК деп аталатын жасанды қан айналысы аппараты қолданылады. Бұл аппараттардың жұмыс істеуі үшін организмдегі қанның жасанды циркуляциялану принцпі алынады ( насостардың жәрдемінде) жүрек бөлек ажыратылады және жасанды екпелер ( оксигенатор ) жәрдемінде айналған жоттегімен толық араластырылады. Айырықша қиын операцияларда жүректі бір уақыт ажыратып қою керек болады, онда жасанды қан айналысы гипотермиямен аралас пайдаланылады.
Жергілікті жансыздандыру және оның түрлері.


Жергілікті жансыздандыру деп науқастың есін жоғалтпай тек операпия жасайтын жерді ғана ауыру сезімін болдырмауын айтады. Қазіргі уақытта хиургиялық тәжірибеде жергілікті жансыздандыру төмендегі түрлерде қол-данылады: 1) жағу анестезиясы; 2) сіңіру (инфильтрациялық анестезия); 3) қорабтық (футляр анестезиясы); 4) өткізгіштік (регионар анестезиясы); 5) көк және қызыл тамыр арқылы; 6) сүйекке; 7) мұздату; 8) жұлын қабы-ның сыртына (перидуральдық анестезия); 9) жұлынға (спинномозговая ане-
стезия).
Жергілікті жансыздандыру өзінің қауіпсіздігіне байланысты хирургияда кең қолданылады. Жансыздандырудың бұл түрі негізінен алғанда онша үлкен емес операцияларға пайдаланылады (аплеидэктомияда,жарық(грыжа) опе-рациясында және т.б,), дегенмен тәжірибесі мол хирургтар жергілікті жан-сыздандырумен үлкен операцияларды да жасайды. Операшшлык жүмыс-• 80 проиентке жуығы жергілікті жансыздағшыру тосілімен орындалады.Операциялық жұмыстың 80 процентке жуығы жергілікті тәсілмен орындалады, Жергілікті жансыздандыру үшін салыстырмалы түрде қауіпсіз аз уландырғыш препарат ретінде новокаин кеңінен қолданылады. Новокаин 0.25-0.5 процент ерітіндісі түрінде және кемірек өткізгіштік жансыздандыру үшін едәуір жоғары шоғырлығы (1 -2 процент ерітіндісі) пайдаланылады, бір рет берілетін жоғарғы мөлшері 1,5 гр. Залалсыздандырылған ерітінді операция жасайтын бөлменің алдыңғы бөлмесінде сақталады. Новокаин бар флаконга "новокаин ерітіндісі" жазуы бар қағаз жабыстырылады, оның шоғырлығы және даярлаған күні көрсетіледі. Новокаинды пайдалануда операция мейіркеші және дәрігер қағазьн тексеріп көру және қандайда бір басқа зат емес, ал новокаин ерітіндіснің өзі екеніне күмән болмау керек.
Жергілікті жансыздандыру үшін шприцтер, инелер және новокаин үшін арнаулы ыдыстар керек. Шприцтер және инелер басқа саймандардан өз ал-дына бөлек қоспасынан арылған суда залалсыздандырылған — қайнатып, бұнда сода ерітіндісі қосылмайды, ол новокаинның күшін азайтады.
Жергілікті жансыздандыруда асқынулар сирек кездеседі. Новокаинға сезімтал науқастарда мына төмендегідей клиникалық белгілер болады: ба-сының айналуы, жалпы әлсіздік, жүрегі айну, терінің және көздің былжыр қабаттарының сұрлануы, тамыр соғысының нашарлауы, жиі соғуы. Ауыр улануларда қозғалу, есіру әсерлестігі. қорқыныш сезімі, галлюцинациялар, құсу байқалады. Бұндай жағдайда жансыздатуды тоқтату, науқасқа дем алуға амилнитрит буымен (мақтаға 5 тамшы тамызып) дем алдыру, 1-2 мл 20 процент кофеин ерітіндісін, 1 мл 1 процент димедрол ертіндісін беру керек. Барбитура қышқылының препараттарынығ біреуін 5-10 мл 2 процент нат-рий тиопенталы ерітіндісін көк тамырына немесе, 2-3 мл 10 процент натрий барбиталы ерігіңдісіне 0.1 г шоминалды ішкізуге, немесе 5-10 мл 5 процент барбамил ерітіндісін тері астына. немесе 5-10 мл 5 процент натрий этминалы ерітіндісі көк тамырына жіберіледі. Оттегі мен дем алдырады. Новокаиннан басқа жергілікті жансыздандыруға бенкаин 0,5,1 және 2 процент ерітінді түрінде (стоматологиялык практикада), тримекаин (0,25-0.5 -1 процент ерітіндісі сіңіру жансыздандыру түрі үшін және 2 процент
ерітіндісі өткізгіштік және жұлын анестезиясы үшін), лидокаин (0,25—0,5 процент ерітіндісі сіңіру жансыздандыруы үшін 1-2 процент ерітіндісі өткізгіштік және жұлыннан жансыздандыру үшін), дикаин (0.3 процент ерітіндісі жұлын қабының сыртына, 2-3 процент ерітіндісі жағу, шаю жан-сыздандыру үшін) пайдаланылады.
Сақталуы: А тізімінде (совкаин, дикаин), Б тізімінде қалған анестетиктер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет