Жұлын қабының сыртына жіберіп жансыздандыру. Жансыздандырудын бұл түрінде жансыздандырушы зат жұлынның сыртңы қабығының сыртына (перидуральное пространство) жіберіледі. Бұнда дикаин ерітіндісі 3:1000 изотоникалык ерітіндіде (20-30 мл), 1 процент тримекаин ерітіндісі (20-30 мл) немесе 1 процент лидокаин ерітіндісі (20-30 мл) пайдаланьіладьі. Жансыздандырудың бұл түрінің жұлын анестезиясымен салыстырғанда ар-тықшылығы оның азырақ қауіптілігі болып есептеледі, жансыздандыру 4-5 сағатқа созылады, ішектердің операциядан кейінгі шала салдануы болмайды. Қазіргі уақытта ұзақ уақытқа созылатын перидуарльдык жансыздандыру жиі қолданылады. Жансыздандыру тәсілінің бұл түрі катетірді перидуральдық қуыска жіберуде, көкірек қуысындағы операциялардан кейін ауру сезімін бәсеңдету не жою үшін жиі қолданылады. Кемшілігі — оны орындауға көп уақыт керектігі, бұлшық еттердің босауының жеткіліксіздігі болып табылады.
Жұлын анестезиясы. Жансыздандырудың бұл түрінде жансыздандырушы зат жұлынның қатты қабының ішіне жіберіледі. Жұлын сары суымен араласып, (жұлын жүйкелері) оған малынып, жуылып осы арқылы ол ауы-руды сездіртпейді. Аурудың сезімі жансыздандырушы заттьң жіберген жері-нен төменірек жерден бастап жоғалады. Жансыздандыру үшін 5 процент новокаин ерітіндісінің 1-2 мл мөлшері, 1 процент совкаин ерітіндісі 0,5-1 мл, 1-2 мл 2 процент лидокаин ерітіндісі қолданылады. Жансыздандыру бас-талғаннан кейін ауруды сезушіліктің барлығы (ауыру, тактильді, темпера-тура) жоғалады. Жұлыннан берілген жансыздандыру қан қысымын төмен-детуі мүмкін, оны есте сақтау жөн. Жансыздандыруда науқасты отырғызып немесе қапталынан жатқызып, омыртқаларының арасы жақсы ашылу үшін еңкейтіп Бирдің арнаулы инесімен пункция жасалады. Препарат жіберіп болғаннан кейін науқас шалқасынан жатқызылады. Басы шамалы көтеріңкі болады. Жансыздану 10-15 минуттан кейін басталады. Жансыздандыру уақыты новокаинды пайдаланғаңда 1-1½сағат шамасы, ал совкаинды, три-мекаинды, лидокаинды пайдаланғанда 2 '/2 сағат шамасыңа созылады. Жұлын анестезиясымен іш қуысына, кіші жамбас ағзларына және қолдарға әр түрлі операцияларды істеуге болады. Асқынулары төмеңдегілер: 1) пункция кезін-де ине жүйке түбірлеріне тиіп қатты ауыруы; 2) коллапс жағдайы болатын-дай қан тамырының қысымының төмендеуі. Асқынуларды емдеу үшін қан және оның алмастырушыларын күю керек, мезатон, эфедрин, адреналин, жүрек тамыр дәрілері жіберіледі.
Анестезия кеуденің жоғары жағынан істелсе дем алу тоқтап қалуы мүмкін, онда науқасқа жасанды дем беру әдісі қолданылады, лобелин беріледі. Температураның шамалы көтерілуі, жүрек айнып, құсу, басы ауыру, зәр тоқтап қалуы байқалады. Бұндай жағдайларда клиникалық көрініске байланысты ем жүргізіледі.