Наркоздың түрлері. Наркоздык заттарды жіберу жолдарын карап инга-ляциялық және ингаляциялык емесжансыздандыру болып екіге бөлінеді.
Ингаляциялық наркоз жалпы жансыздандырудын бір турі болып, бұңда наркоздык. зат дем алу жолдары арқылыжіберіледі. Ингаляциялык емес наркоздарға көк тамырға, тік ішекке, тері астына жіберу жатады.
Наркоз ұйкысының терендігіне карай наркоз үстіртін наркоз жэне те-рендетек наркоз болады.
Бір наркоздық заттың немесе олардын коспасының жіберілуіне қарай, олар бір зат (азоттын қос тотығы, эфир, фторотан жэне т. б.) жіберілгенде таза наркоз, бұл заттардын қоспасы колданылғанда аралас наркоз тек наркоздык заттар емес, албаскада заттар қолданылып күрастырылған (комби- нацияланған) наркоз, тек наркоздык заттар ғана емес, ал олардың жіберү жолдары да түйдектелген болады. Көбінесе наркоздын бір түрі негізгі (базис) наркоз ретінде жіберіледі. ал ол баска наркоздык затпен әрі карай жүргізіледі.
Ингаляциялык наркоз. Наркоздын бұл түрі әр түрлі наркоздык заттарды (эфирді, фторотанды, хлорэтилді және т. б.) немесе газдарды (азот к.ышқы-лы, циклопропанды және т. б.) дем алу жоддары арқылы жіберу мен іске асырылады. Ингаляция үшін төмендегі наркоздык заттар кеңінен колданы-лып жур.
А. С¥ЙЫҚ НАРКОЗДЫҚ ЗАТТАР Эфир ( Aether pro narcori) өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар, түссіз, мөлдір сүйықтық. Женіл тұтанады. Эфирдің буыньң ауамен қоспасы жа-рылуы мүмкін. Эфирдін сапасын анықтау үшін төмендегі тәсілдер жасалады: 1) фильтрлік қағазда буланғаннан кейін исі қалмауы тиіс; 2) шыныда буы ұшқаннан кейін әсер ететұғын ашқылтым шөгінді қалмауы тиіс (ерігенде көк лакмус қағазының қызаруы пайда болады). Сарғыш түрдегі шыны флакондарда 100 мл бағдарда шығарылады. Жарық жерге қоймай оттан алыс сақталады.
Хлороформ ( Chloroformium) -түссіз мөлдір сүйықтық. Жарықта бұзылады. Көбінесе денеден зәр арқылы шығады. Тазалығын сынау тәсілі: 1) фильтрлік қағазда буы кеткеннен кейін исі калмауы тиіс; 2) көк лакмус қағазынхлораформға салғанда, ол оны қызыл түске өзгертуі тиіс. Сарғыш түрдегі шыны флакондарда 50 мл бағдарда шығарылады. Салқын, жарық түспейтін жерде сақталады.
Хлорэтил ( Atylicum chloratum) - өзіне тән исі бар, өте ұшқыш түссіз сүйықтық. Жылдам тұтанады, 20 мл шыны ампулаларда шығарылады. Салқын, жарық түспейтін жерде сақталынады.
Фторотан (флюетан, наркотан) (Phtorotanum) — жақсы исі бар түссіз сүйықтық. Жанбайды және жарылмайды. Эфирден едәуір күштірек, бірақ улырақ. 1—2 минуттан. кейін науқас есін жоғалтып, тез наркоз басталады. Көбінесе азоттын қос тотығымен бірге қолданылалы. Сарғыш түсті шыны флакондарда шығарылады.
Пентран (Pentran). метоксифлуран, ингалан — жанбайтұғын және жа-рылмайтұғын, өзіне тән көкөніс иісті, мөлдір, түссіз сүйықтық. Наркоздық әсері жағынан эфир және хлороформнан күштірек. 0.5—0.8 көлем процентін иіскеткенде едәуір ауырсынбау пайда болады. Наркоздық аппараттардың резенке детальдарьна сіңіп және соңынан кері, сіңу қасиеті бар, сондықтан операция бітерден 10—20 мин. бұрын анестетикті беру тоқтатылады. қара, тығыз етіп жабылған ыдыста сақталады.
Трихлорэтилен (Trihlorethylenum) – трилен, наркоген — өзіне тән исі бар түссіз, мөлдір жылдам ұшқьш сүйықтық. Күшті наркоздық зат, 0.4—0.7 көлем процент шоғырлығы аналгезия, 2—3 көлем процент шоғырлығы нар-коздык нәтижеге жетуге болады. Қысқа уакытқа созылатын операцияларда жансыздану үшін қолданылады. Тығыз қақпақты ыдыста, салқын, жарық түспейтін жерде сақталады.
Винетен (Wineten) — бензин исі бар. мөлдір, ұшқыш сүйықтық. Күшті анестетик. Дем алу араласпасының 0.2 көлем процент шоғырлығында ол
ауырсынбау, 2—5 көлем процент шоғырлығындаесін жоғалту, 4 көлем про-
цент шоғырлықга наркоздың хирургпялық сатысын береді. Төменгі темпе-
ратурада жарық түспейтін ыдыста сақталады.