Жансыздандыру



бет4/17
Дата09.11.2022
өлшемі55,31 Kb.
#157336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Жансыздандыру

Бірішпі дәрежесі (Ш1): есі толық жоғалады. Ауыру және қозғалу сезімдері болмайды. Көз қарашықтары кішірейеді, бірақ көздің сыртқы қабатының тітіркеніштігі және бұлшық еттердің қатаюы сақталады. Көз алмасының бір тегіс жылжымалы қозғалысы сақталады.
Екінші дәрежесі (ІП2): көз қарашықтары кішірейеді, көздің сыртқы қаба-тының тітіркеніштігі әлсірейді немесе жоғалады. Бұлшық еттер толық бо-саңсымайды. Бұл дәрежеде тілдің таңдайға жабысуы қауып туғызады. Үшінші дәреже (Шз): тамыр соғысы сирейді, қан қысымы төмендейді, дем алуы нашарлайды. Көздің қарашығы үлкейеді, көздін сыртқы қабатының тітіркеніштігі жоғалады, бұлшық еттер толық босайды.
Төртішпі дәреже (IV): дем алуы біраз үстіртін, көз қарашықтары кеңейеді, жарықты сезбейді, сыртқы көз қабығы көмескіленген, тамыры тез соғады, науқас қалсізденеді. Қан қысымы барған сайын төмендейді. Наркозды бұл дәрежеге жеткізуге болмайды, себебі науқасты өлімге алып келуі мүмкін.
Бұлшық еттердің толық босауын талап етпейтұғын операциялар үшін ІІІ1- Ш2 дәрежеде ең қолайлы болады. Іш қуысы мүшелеріне жасалатын опера-цияларда бұлшық еттердің жақсы босауы (релаксация) талап етіледі, осыған байланысты, өте керек болған жағдайда Ш3тің бастапқы кезеңіне дейін қысқа уақытта ұстап, содан кейін наркозды Ш2 дәрежесінін жоғарғы шекарасында беру дұрыс болады. III дәрежесінде ұзақ наркоз беруге болмайтындығын естен шығармау керек. Қазіргі заман анестезиологиясында бұлшық ет ре-лаксанттарын қолдануда III дәрежесі толық жеткілікті болады.
IV саты — ояну сатысы. Наркоздың барлық белгілері кері тәртіпте жоғала-ды. Бұл саты ұйықтау дәрежесіне қарағанда едәуір ұзағырақ болады.
Маскалар және ингаляциялык наркоз үшін арналғая аппараттар
Наркоздың берілу сатысынан бастап көп маскалар және аппараттар бар, олардың сапасы және құрылысы көбінесе наркоздың өтуіне тығыз байла-нысты болады. Олардың көбісі казіргі уақытта хирургиялык практикада қолданылмайды, тек қана тарихи мақсаты бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет