Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет63/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85
Байланысты:
кітап 2

Жамбас белдеуі.
Жамбас белдеуі үш пар сүйектен 
қалыптасқан. Сол сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас 
шұңқырын құрайды. Ұзын 
мықын сүйегі
өзінің проксималдық 
ұшымен сегізкөз омыртқасының көлденең өсіндісіне бекінеді. 
Артқа ж
ән
е алға созылған шап сүйек белдеуі бақаларда 
шеміршек күйінде қалады. Оның арт жағында 
шонданай 
сүйегі 
орналасқан. Жамбас белдеуінің элементтерінің мұндай 
болып орналасуы құрлықтағы барлық жануарларға 
тән
қасиет. 
Аяқ скелеттері
. Қос мекенділердің аяқ скелеттері 
құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың аяқ 
скелетіне ұқсайды.. Егерде балықтардың қанаттары жай бір 
мүшелі рычагтар системасы болса, құрлықта тіршілік ететін 
омыртқалылардың аяқтарының құрылысы көп рычагты 
болады. Бес саусақты аяқтары негізінен үш бөлімге бөлінеді: 
І-бөлім, алдыңғы аяқтарында — 
тоқпан жілік
, артқы 
аяқтарында — 
ортан жілік
деген бір сүйектен тұрады. 
Бұлардың проксимальды ұшы белдеулерге, тоқпан жілік — 
иықка, ортан жілік — жамбас белдеуіне жалғасады; ІІ-бөлім, 
алдыңғы аяқтары — к
әр
і жілік, артқы аяқтары — асықты 
жіліктердің сүйектерінен тұрады. Бұл бөлім параллель 
орналасқан екі сүйектен тұрады: к
әр
і жілік — 
шыбық
сүйегі 
мен 
шынтақ 
сүйектерінен құралады, ал асықты жілік үлкен 
асықты жіліктен 
ж
ән
е 
асық жілік шыбығынан
тұрады. ПІ-
бөлім, алдыңғы аяқтарында - қол басы сүйектерінен, артқы 
аяқтарында-табан сүйектерінен тұрады. Бұлардың 
әр
қайсысы
үш бөлімшеге бөлінеді:
1)
алдыңғы аяқтары — 
білезік сүйектерден 
, ал артқы 
аяқтары 
толарсақтан
тұрады. Бұл бөлімше сүйектері үш 
қатар бол-п орналасқан 9—10 ұсақ сүйекшелерден тұрады;
2)
алдыңғы аяқтары — 
алақан
сүйектерінен, артқы 
аяқтары - 
табан
сүйектерінен құралады. Бұл бөлімшенің 


136 
сүйектері бірқатар болып орналасқан бес ұзынша 
сүйекшелерден қалыптасады.
3)
алдыңғы аяқтарында — 
саусақтар 
арткы 
аяқтарында —башпайлары болады. Бұлар бес қатардан 
тұратын бірнеше ұсақ сүйекшелерден құралған. 
Ет системасы
. Балықтардың ет системасымен 
алыстырғанда қос мекенділердің ет системасының негізінен 
екі айырмашылығы бар. Ол айырмашылықтар қос 
мекенділердің бес саусақты аяқтарының көмегімен жер 
бетінде қозғалуына байланысты келіп шықкан. Біріншіден - 
алдыңғы, артқы аяқтарында күрделі ж
ән
е күшті еттер 
дамиды. Екіншіден - өте күрделі қозғалысына байланысты 
дене еттері бірсыпыра жіктелген. Ал балықтардың, 
еттеріндегі сегменттелу амфиби-лерде сақталмаған [60].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет