Сыртқы түрі
. Ланцетник — ұзындығы 5—8 см
болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес,
мөлдір келген ж
ән
дік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның
ұшына немесе ланцетке ұқсас болғандықтан — ланцетник деп
аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан
ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады.
Денесінің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі
метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай
атриальдық тесікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы,
бауыр жағында 10—12 пар қармалағышпен қоршалған, ас
жолы басталатын ауыз алды тесігі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |